Отбасы-тәрбиенің басты ұясы

 

 

Отбасы-тәрбиенің басты ұясы

 

  Мақсаты: ата-аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып халықтық педагогика негізінде салт-дәстүріміз туралы білімдерін байқау; ұлттық ән, би, қолөнер тәрізді халықтық өнерден хабардарлығын анықтау; отбасы Отанның бір бөлшегі екенін ұғындырып, оқушыларды ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұжымдылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: 1) Сайыс өтетін орын түрлі түсті шарлармен безендіріледі.

2) Атадан қалған асыл мұра, көне жәдігерлер және оқушылардың еңбек сабағында жасаған бұйымдарынан көрме ұйымдастырылады.

Нақыл сөздер:

  • Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.

Нұрсұлтан Назарбаев.

  • Ата-ананың еңбегін сіңірген бала өмір бойы ақтап бола алмайды. Балаға деген махаббатқа ешбір махаббат теңдесе алмайды. Ол өле-өлгенше суынбайтын махаббат.

Ғабиден Мұстафин.

  • Қызы анадан үйренбей өнеге алмас,

Ұлы атадан үйренбей сапар шекпес.

 

  • Ата — асқар тау,

Ана — бауырындағы бұлақ,

Бала — жағасындағы құрақ.

 

  • Әкеге қарап ұл өсер,

Шешеге қарап  қыз өсер.

 

Барысы:

  1-жүргізуші: Құрметті ата-аналар, ұстаздар , оқушылар! Бүгінгі 6а сыныбындағы «Отбасы-тәрбиенің басты ұясы» атты отбасылық сайысқа қош келдіңіздер!

  Қазақта «Бала – адамның бауыр еті», «Балалы үй базар» дейді. Өйткені бала — өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі.

Отбасы – бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі, жан-жақты тәрбиелі болуы отбасына берілетін ұлттық тәрбиеге тікелей байланысты. Бүгінгі сайысқа бес отбасы балаларымен қатысып отыр. Олар мынадай отауларға бөлінеді.

 

1)

2)

3)

4)

5)

 

2- жүргізуші: Әділдікпен баға берер сайысқа,

Әділдікпен қара қылды жаруға

Әділқазы алқаларын сайлайық,

Нақ отбасылар бүгін таңдап алуға, — деп қазылар алқасын сайлап алайық.

Жоспар

  1. Таныстыру
  2. Өнерлі отбасы
  3. Ситуациялық жағдай
  4. «Анадан өнеге көрмеген қыз жаман,

Атадан тағылым алмаған ұл жаман» (Отбасының іскерлік шеберліктері, қолөнері бағаланады)

  1. Эрудиттер байқауы
  2. Біздің жаңалық (реклама)
  3. Жұмбақ кейіпкер
  4. Аспаздар отбасы

 

1-жүргізуші: Бәйгенің аттарындай шабыстары,

Білімнің ұшқыр болсын табыстары.

Қол соғып қошеметтеп отырайық,

Отбасылар міне бүгін сайысады.

Сайысқа қош келдіңіздер!

 

2-жүргізуші: Анаға арнап ақ тілектер айтар күн,

Әкеге арнап басшы сөздер бастар күн.

Бүгінгі күн мәңгі есте сақтар күн,

Олай болса сайысымыз басталды.

 

  • жүргізуші: Армысыздар, айналайын дана халқым,

Сақтаған ұлтымыздың берік салтын.

Ата-баба шежіресін жіктеп,

Таныстыру – парызы әрбір жастың.

Өнерлерін паш етер отбасылар,

Сәт те келіп қалғандай таныстыратын.

 

 

 

І бөлім «Таныстыру»

(Әр топ ортаға шығып, өздерін таныстырады.Соңында әділқазылармен бағаланады.)

 

ІІ бөлім «Өнерлі отбасы»

(Отбасылар өз өнерлерін көрсетеді, сайыста ән, жыр, би, мәнерлеп оқу, т.б..)

Қазақ халқы өнегелі бай ел екен,

Өнер деген мол қазына, кең екен.

Домбыра тартып, ән айтып жырламайтын

Өнерсіз қазақ кемде –кем.

Шуақ төгіп мерейлі көңілдерге,

Ұйытқы болсын тыңдаған қауымға.

Сынға түскен енді қазір

Өнерлерін көрсетеді сіздерге.

 

ІІІ бөлім «Ситуациялық жағдай»

1-жағ,даят. Алақай, мен «бес» алдым! Мұғалім бізге не айтқанын білесің бе?  — деп сынып оқушысы өзіңің алғашқы жетістіктері жайында қуанышы қойнына сыймай анасына айтып жатыр. Бірақ күндер өте береді. «Алақай, бес алдым» деген баланың қуанышты сөздері сирек естілетін боды. Сіздің ойыңыз қандай?

 

2-жағдаят. Қызы мектептен келіп анасына: «Сізге маңызды бір нәрсе айтқым келеді» десе анасы: «сенсіз де басым ауырып тұр, мазамды алма» депті. Сіз не деп жауап берер едіңіз?

 

3-жағдаят. Менің қызым озат оқушы, үй шаруашылығымен айналысқаннан гөрі бос отырғанды жақсы көреді, ештеңе істегісі келмейді. Оны қалай қызықтыруға болады?

 

4-жағдаят. Сіз балаңызға дүкенге барып келуін өтіндіңіз. Ол «Ән тыңдап отырмын» деп барудан бас тартты. Не істер едіңіз?

 

5-жағдаят. Балаңыз сабақты 4 пен 5-ке оқиды. Бір күні сабақтан 2-лік баға алып қалды. 2-лік баға алған күнделік бетін жыртып тастаған. Сіз көрдіңіз, не істейсіз?

 

Балаларға арналған ситуациялық жағдаят

  • Сен өте асығыссың, себебі сабаққа үлгеруің қажет. Көшеде бала жетектеп келе жатқан қарияны қағып кеттің. Ол кісі құлап түсті, немересі қорыққанан жылап жіберді. Сен не істейсің?
  • Саған анаң өзі жұмыстан келгенше үйді жинастырып қоюды тапсырды. Сен достарыңмен ойнап жүріп бұл істі ұмытып кеттің. Анаң жұмыстан келіп, өзі жинап, сыпырып қойды. Сен келгенде анаң ренжулі. Сенің әрекетің.
  • Үйде ешкім жоқ. Тек сен ғана. Есіктің қоңырауы соғылды. Сен барып қарасаң қаладан келген туысқаның. Сенің анаң ешкімге есікті ашпауды тапсырған. Сенің әрекетің.
  • Бүгін анаң жақсы көретін тамағыңды жасап берді. Сен отыра қалып іні-қарындастарыңмен қосыла жедің де, даладағы ойынға қарай жүгірдің. Сен нені ұмыттың?
  • Сен ата-анаң бақытты болсын десең, не істейсің?

 

ІV бөлім ««Анадан өнеге көрмеген қыз жаман,

                   Атадан тағылым алмаған ұл жаман»

(Отбасының іскерлік шеберліктері, қолөнері бағаланады)

 

Шеберлердің өнер тамып қолынан,

Жаңылмаған атабаба жолынан.

Шебер қолдар өз өнерін көрсетсін,

Атадан қалған асыл мұра бұл,- деп ұлттық салт-дәстүрімізге сай шеберліктері байқалады.

(Бұйымдардың қалай жасалғаны түсіндіріледі.)

 

 

V бөлім Эрудиттер байқауы

1-жүргізуші: О,ата-ана!

Таянышы, тірегі!

Бар бақытты бір басыңа тіледі.

Балаларым жақсы болсын деп қашанда

Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің, — деп ұлттық салт – дәстүрге байланысты сұрақтар береміз. Сұрақтарға ойлануға бір минут уақыт беріледі.

 

  • Атты салт мінгенде қандай ат әбзелдері пайдаланылады? (жүген, ноқта, шылбыр, тізгін, ертоқым, терлік, төстартпа, құйысқан, өмілдірік, аткөрпе, қамшы)
  • Ертеден ата-бабаларымыз қолданған ыдыс-аяқтар (күбі, елеуіш, қазан, табақ, тостақ, кесе, қыш ыдыстар, ағаш тостақ (тостаған), ағаш қасық, ағаш аяқ (астау), ағаш ожау (шөміш)
  • Атты шанаға немесе арбаға жеккенде қандай әбзелдер пайдаланылады? (қамыт, доға, ершік, белкөтерме, делбе)
  • Ұлттық тағамдар мен сусындар (ет асу, бауырсақ, ірімшік, құрт, талқан, айран, жент, қымыз, қаймақ,, қазы-қарта, жал-жая, шұбат)
  • Киіз үйдің жабдықтары (шаңырақ, уық, кереге, түндік, үзік, туырлық, басқұр, белдеу, ши, тоқыма бау).
  • Төсенетін бұйымдар (алаша, киіз, текемет, сырмақ, бірсалар, құрақ көрпе, тулақ, бөстек.)
  • Бесіктің құралдарын ата (түбек, жастық, шүмек, теру, тізе бастыра, аяқ бау).
  • Ерлер мен әйелдер киімі (ерлер киімі – айырқалпақ, байпақ, бөрік, малақай, мәсі, саптама етік, тақия, тон, шекпен, түлкі тымақ, қолғап, ішік; әйелдер киімі- жаулық,, күрте, желетке, кәмзол, сәукеле, кимешек, тақия, бөрік).
  • Жеті күн (бүгін, ертең, бүрсігүні, арғы күні, ауыр күн, соңғы күн, азына (дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі).
  • Жеті қазына (ер жігіт, сұлу әйел, ақыл (білім), жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, жүйрік тазы (ит).

 

 

VІ бөлім Біздің жаңалық

(Әр топ өз жаңалықтарымен бөліседі)

 

VІІ бөлім «Жұмбақ кейіпкер»

(Бұл тур 2 бөлімнен тұрады. 1 бөлімге ата-ана қатысады, ал 2-ші бөлімге оқушы қатысады. 1 бөлімде ата-ана жұмбақ кейіпкердің бастан кешкен жағдайына ата-аналар өз ойын білдіреді.)

Жұмбақ кейіпкер.

Мен 15 жастамын. Мен өзімді мазалаған ойларымды сіздермен бөліскелі келіп отырмын. Мен үйде жалғыз баламын. Ата-анам жұмысбасты адамдар. Жұмыс деп жүріп, маған көңіл бөлуге, менімен әңгімелесуге де уақыттары жоқ. Үнемі жалғызсырап жүремін. Сұраған ақшамды береді. Барам деген жеріме жібереді. Маған ақшаның, байлықтың еш қажеті жоқ. Маған тек ата-анамның аялы алақаны, мені еркелетіп бауырына басқаны керек. Ал менің ата-анам маған еш алаңдамайды. Өйткені олар жұмыстан басқа ештеңе ойламайды. Бірде мынадай жағдай болды. Мен досымның үйіне барып, түнгі сағат 10-ға дейін досыммен әңгімелесіп отырып қалдым. Үйге келсем ата-анам алаңдап отыр екен. Мен ата-анамның өзіме назар аударғанына іштей қуанып, осы жағдайды тағы қайталадым. Сондағы ойым ата-анамның көңілін өзіме осы тәсілмен аудару, бірақ бұл жолы ата-анам маған дауыс көтеріп, айқайлады. Мен мұнда ата-анамды жамандайын деп келгенім жоқ. Ата-анасына кім жамандық ойласын.  Мен ата-анамның өзіме деген жылы сезімдерін қалай оята аламын? Маған осы жағынан көмек берсеңіздер екен. (Ата-аналар, бұл жағдайға не айтасыздар? Балаға ата-анасына қандай кеңес айтар едіңіздер?)

Оқушыларға берілген тапсырма. (Дұрыс жауабын сызба нұсқа арқылы көрсету керек).

 

Отбасының қорғаны кім? Ана
Үйдегі алтын қазық кім? Ұстаз, ата-ана
Жоқты бар, ашты тоқ ететін кім? Қонақ, қарт адам, бала
Үйде кімдер қадірлі? Ата-ана, ұстаз, дос
Қоғамда кімдер қадірлі? Әке
Адамға ақыл беретін кім? Ана

 

Дұрыс жауаптар: 1) әке  2) ана 3) ана 4) қонақ, қарт адам, бала 5) ұстаз, ата-ана  6) ата-ана, ұстаз, дос

 

 

VІІ бөлім. Аспаздар отбасы

 

 

VІІІ бөлім. Қорытынды

 

Туған соң адам боп,

Білімсізден жаман жоқ.

Ел дәстүрін білмесең,

Сауатсыз деп жазғырған.

Ата-баба ардақты

Жамандыққа бармапты.

Ардақ тұтып үлкенді,

Ата жолын жалғапты.

Бауырласқан жанымыз,

Бұзылмаған салтымыз.

Кең даланың ежелгі

Қазақ деген халқымыз.

Өзге ұлттай біздің де

Сақталды міне дәстүр, салтымыз, — деп бүгінгі «Отбасы-тәрбиенің басты ұясы» атты отбасылар сайысын аяқтай келе әділқазылар алқасынан әділ бағасын сұраймыз.

«Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер»  дегендей ата-баба дәстүрін сақтап ұл-қыздарымызды ұлттық салт-дәстүрімізге сай тәрбиелеу – ата-ананың парызы. Бүгінгі сайыста жеті атаны жіктей білуі, бәйтеректі түсіндіре білуі, көне де қастерлі мұраларды шеберлікпен тиянақты түрде айта білуі, психологиялық сауалдарға орынды жауаптар қайтаруы және өнерлерінің сәттілікпен шығуын бағалап «Өнерпаз» отауына «Иманды» отбасы, «Зеректер» отауына «Алғыр» отбасы, «Шебер» отауына «Ынтымақты» отбасы атақтары мен мақтау қағаздары тапсырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Отбасының қорғаны кім?   Ана
Үйдегі алтын қазық кім? Ұстаз, ата-ана
Жоқты бар, ашты тоқ ететін кім? Қонақ, қарт адам, бала
Үйде кімдер қадірлі? Ата-ана, ұстаз, дос
Қоғамда кімдер қадірлі? Әке
Адамға ақыл беретін кім? Ана

 

 

 

Отбасының қорғаны кім?   Ана
Үйдегі алтын қазық кім? Ұстаз, ата-ана
Жоқты бар, ашты тоқ ететін кім? Қонақ, қарт адам, бала
Үйде кімдер қадірлі? Ата-ана, ұстаз, дос
Қоғамда кімдер қадірлі? Әке
Адамға ақыл беретін кім? Ана

 

 

 

Отбасының қорғаны кім?   Ана
Үйдегі алтын қазық кім? Ұстаз, ата-ана
Жоқты бар, ашты тоқ ететін кім? Қонақ, қарт адам, бала
Үйде кімдер қадірлі? Ата-ана, ұстаз, дос
Қоғамда кімдер қадірлі? Әке
Адамға ақыл беретін кім? Ана

 

 

 

Отбасының қорғаны кім?   Ана
Үйдегі алтын қазық кім? Ұстаз, ата-ана
Жоқты бар, ашты тоқ ететін кім? Қонақ, қарт адам, бала
Үйде кімдер қадірлі? Ата-ана, ұстаз, дос
Қоғамда кімдер қадірлі? Әке
Адамға ақыл беретін кім? Ана

 

 

Отбасының қорғаны кім?   Ана
Үйдегі алтын қазық кім? Ұстаз, ата-ана
Жоқты бар, ашты тоқ ететін кім? Қонақ, қарт адам, бала
Үйде кімдер қадірлі? Ата-ана, ұстаз, дос
Қоғамда кімдер қадірлі? Әке
Адамға ақыл беретін кім? Ана

 

 

1-жағдаят. Алақай, мен «бес» алдым! Мұғалім бізге не айтқанын білесің бе?  — деп сынып оқушысы өзіңің алғашқы жетістіктері жайында қуанышы қойнына сыймай анасына айтып жатыр. Бірақ күндер өте береді. «Алақай, бес алдым» деген баланың қуанышты сөздері сирек естілетін боды. Сіздің ойыңыз қандай?

 

 

 

 

2-жағдаят. Қызы мектептен келіп анасына: «Сізге маңызды бір нәрсе айтқым келеді» десе анасы: «сенсіз де басым ауырып тұр, мазамды алма» депті. Сіз не деп жауап берер едіңіз?

 

 

 

 

3-жағдаят. Менің қызым озат оқушы, үй шаруашылығымен айналысқаннан гөрі бос отырғанды жақсы көреді, ештеңе істегісі келмейді. Оны қалай қызықтыруға болады?

 

 

 

 

 

 

 

4-жағдаят. Сіз балаңызға дүкенге барып келуін өтіндіңіз. Ол «Ән тыңдап отырмын» деп барудан бас тартты. Не істер едіңіз?

 

 

 

 

 

 

 

5-жағдаят. Балаңыз сабақты 4 пен 5-ке оқиды. Бір күні сабақтан 2-лік баға алып қалды. 2-лік баға алған күнделік бетін жыртып тастаған. Сіз көрдіңіз, не істейсіз?

 

 

 

 

 

  • Сен өте асығыссың, себебі сабаққа үлгеруің қажет. Көшеде бала жетектеп келе жатқан қарияны қағып кеттің. Ол кісі құлап түсті, немересі қорыққанан жылап жіберді. Сен не істейсің?

 

  • Саған анаң өзі жұмыстан келгенше үйді жинастырып қоюды тапсырды. Сен достарыңмен ойнап жүріп бұл істі ұмытып кеттің. Анаң жұмыстан келіп, өзі жинап, сыпырып қойды. Сен келгенде анаң ренжулі. Сенің әрекетің.

 

  • Үйде ешкім жоқ. Тек сен ғана. Есіктің қоңырауы соғылды. Сен барып қарасаң қаладан келген туысқаның. Сенің анаң ешкімге есікті ашпауды тапсырған. Сенің әрекетің.

 

  • Бүгін анаң жақсы көретін тамағыңды жасап берді. Сен отыра қалып іні-қарындастарыңмен қосыла жедің де, даладағы ойынға қарай жүгірдің. Сен нені ұмыттың?

 

  • Сен ата-анаң бақытты болсын десең, не істейсің?

 

 

 

  • Атты салт мінгенде қандай ат әбзелдері пайдаланылады?
  • Ертеден ата-бабаларымыз қолданған ыдыс-аяқтар

 

 

  • Атты шанаға немесе арбаға жеккенде қандай әбзелдер

пайдаланылады?

  • Ұлттық тағамдар мен сусындар

 

 

  • Киіз үйдің жабдықтары
  • Төсенетін бұйымдар

 

  • Бесіктің құралдарын ата
  • Ерлер мен әйелдер киімі

 

 

  • Жеті күн
  • Жеті қазына