Үй жануарлары 26-САБАҚ

Бекітемін:

Тақырыбы: Үй жануарлары 26-САБАҚ

Мектебі: 173  Пәні: Қазақ тілі
Күні,айы:29/11 Мұғалімнің аты-жөні:  Есекеева М.К
1 Ж сынып Сабаққа қатысқан оқушылар саны: Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты 1.1.1.1. Сөздік қорын қалыптастыру. Оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым түрлерін қолдану, тілдесім әрекетін жетелеу.үй жануарлары туралы толық мәлімет беру

1.1.2.1 Сабақтың  мағынасын түсінеді, байланыстырып сөйлеу тілін, ақыл-ойын дамытуға пайдаланады

1.2.3.1.Сұхбаттасуының не туралы айтқанын түсіну және тілдік нормаларды сақтай отырып,түрлі тәсілдермен жауап беру.

1.2.3.1.Сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік нормаларды сақтай отырып,түрлі тәсілдермен жауап беру.

1.3.3.1Мәтіннің жанрын(өлең, ертегі,жұмбақ,әңгі-межәне т.б)ажырату.

Сабақ мақсаты Барлық оқушылар:

Топта жұмыс істеу арқылы ізденеді, біледі, түсінеді және мәтінмен жұмыс істеу арқылы  пәнге қызығушылығы артады

 

Оқушылардың басым бөлігі:

Тақырыпты  меңгереді анықтамаларды қолдану арқылы мәтінге арналған тапсырмаларды  пайдаланады

 

Кейбір оқушылар:

—          Сабаққа қызығушылығы артып, өз ойын жүйелі түрде жеткізеді. Оқушылар сыни тұрғыдан ойлауға

Бағалау критерийлері тақырып бойынша жұмыс істей алады;

-сыныптастарын тыңдай алады;

-өз ойын мүмкіндігінше  жеткізеді;

-қолжетімді сұрақтарға  жауап береді;

Тілдік мақсат

 

Мәтіндер жазу және оқу барысында оқушылардың сөздік қорлары молаяды. Үзіліс-перемена-turn, ойын-игра-game, дәліз-корридор-corridor, мәтін-текст-text, жазу-письмо-letter сөздерін үш тілде айтып үйренеді.
Құндылықтарға баулу

 

Үзіліс кезіндегі іс-әрекетті бақылау барысында мектеп ішінде тәртіпті сақтау керектігін түсінеді, ойын барысында пәнге деген қызығушылықтары артады, жұмыс барысында өзара көмекке ұмтылады.
Пәнаралық байланыстар Сергіту жаттығуларын жасау кезінде дене шынықтыру және музыкамен байланыс болады. Фотосуретке түсіру кезінде өнер пәнімен байланыс жүзеге асады.
Алдыңғы меңгерілген білім «Үзілісте» тақырыбы бойынша әңгімелеп және сөйлем түрлерін ажырата отырып, шағын мәтіндер жазды.
                                                                      Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңдері Жоспарланған жұмыс Ресурстар
Сабақтың басы(2-5 минут) (МК) Оқушылармен амандасу.Сыныпты түгендеу. Сабаққа

дайындау, оқу құралдарын алу.

 

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Сөздікпен жұмыс.

Түйе – верблюд

Жылқы – лошадь

Сиыр – корова

Қой – овца

Ешкі – коза

Сөздерді мұғалімнен кейін қайталап, сөз тіркестерін құрау (ауызша)

М: ақ ешкі, қара сйыр, үлкен түйе т.б.

— Ал , енді олардың төлдерімен таныс болайық.

Бота – верблюжонок

Құлын – жеребенок

Бұзау – теленок

Қозы – ягненок

Лақ — козленок

Сөздерді мұғалімнен кейін қайталап, сөз тіркестерін құрау (ауызша)

 
Сабақтың ортасы (6-40 минут) (МК,Ұ)

 

Үй жануарлары

.Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқушылармен пікір алмасу

 

(сөйлесу).

 

Сұрақтар:

 

-Бұл не?

 

-Қандай аңдар бар?

 

-Қандай жануарлар бар?

 

Сөздікпен жұмыс: жылқы,түйе,сиыр,қой,ешкі,есек,шошқа.

 

1-тапсырма.Суреттегі жануарларды атау.                                                                                 

 

Айтылым.2-тапсырма.Сурет бойынша жұмыс.

 

  Т Ү Й Е  
Қ О Й    
  Ж Ы Л Қ Ы  
Б О Т
н

А

 
Қ О Я  
Т А У Ы Қ    
Б Ұ З А У    
Қ О Р А З  
    Л А Қ  
Қ А З    
С И Ы Р    
  М Ы С Ы Қ  

 

1.      Маң-маң басып келеді,

Топырақтап желеді

Мойны-ұзын үсті – тау

Ертеден елге бел еді

2.      Кішкентай ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар

3.      Тай құлынды кім білмейді?

Бие, байтал тағы бар

Айғыр, тұлпар, дүл-дүлдердің

Жалпы атауын табыңдар

4.      Түйе баласын не деп атаймыз?

5.      Жол үстінде қу қазық,

Мергеншіге жол азық

6.      Күн бата қонақтап қалқыған,

Таң ата жерден жем аңдыған

7.      Сиырдың баласын не деп атаймыз?

8.      Ертеде тұрады жар шақырады

9.      Ешкі баласын не деп атаймыз?

10.  Жүргенде — байпаң,

Тұрғанда — маңғаз

Кеудесі — қайқаң,

Мен болам паң

11.  Жем, шөптенде тартынбайды,

Сабасы да сарқылмайды

12.  Мұрты бар, иегінде сақалы жоқ,

Тоны бар киеріне шапаны жоқ.

Пайдасы үй — ішінен табылған соң

Далаға кіріп — шығар сапары жоқ

Мал деген не? Табиғатта еркін жүрген аңдарды, жануарлар дейтінін білесіңдер? Адам ертеде сол жануарлардың етін жеп, сүтін ішу ішін және басқада қажетіне жарату үшін қолға үйреткен.  Қолға үйір болған жануарларды «Мал» деп атаған

«Түлік» деген не? Адамдардың өте жақсы көріп, ерекше қамқорлықпен бағып күткен малдары.

Малдың төрт түрі:

Түйе, сиыр, жылқы және қой ешкі «төрт түлік» деп аталған. Қолға үйретілген басқа жануарлар ит, есек, шошқа, мысық, қаз, үйрек, тауық үй хайуанаттары деп аталады. Халық оларды қажетіне жаратса да, түлік деп атамаған. Төрт түлікті екі топқа бөліп, «ірі қара және ұсақ мал»дейді. Түйе, сиыр, жылқы ірі қара, ал, қой ешкі ұсақ мал болып аталады.

Төрт түліктің ішіндегі ең ірісі және жер бетінде денесі едәуір үлкен, ауыр салмақты жануарлардың бірі – түйе. Түйе арқасына май жинайды. Оны өркеш деп атайды. Қазақстанда бір өркешті және екі өркеші түйелер өсіреледі. Бір өркешті түйе – «нар» деп, екі өркештісі «айыр» өркешті деп аталады.

Қазақ халқы жылқыны жеті қазынаның бірі санайды. Ер қанаты ат деп жылқы түлегін қастерлейді. Жылқы туралы қазақ ақындары Абай атамыз тамаша жырлар ұсынған. Қазақстан шығарылған сиыр тұқымдары бар. Қазақтың ақбас сиыры. Нағыз етті бағыттағы отандық сиыр. Сиырды көктемде туған жас төлі бұзау деп аталады. Қой – момақаң түлік, аңғал және үркек. Ешкі – теңтек, сергекте елпек. Қазақ халқы маңыраған малы болса да, қойға ерекше назар аударған. Өйкені қой – күн көріс көзі. Бүкіл тұрмыс тіршілігінің арқауы.

«Ешкі бақтым, еңіреп бақтым» дейді халқымыз. Ешкілер ыстыққа да суыққа да төзімді. Сондықтан терілері қалың болады да, одан сапалы былғары дайындайды.

Сөздік жұмысы.

 

1.      Жаңа сөздермен таныстыру. Сөздерді мұғалім оқиды, оқушылар қайталайды.

 

2.      Оқушылар жаңа сөздерді тізбектеп айтып шығады.

 

3.      Әр түрлі әдістер арқылы жаңа сөздерді  пысықтау.

 

а) Мұғалім сөздік бойынша сөздің орысшасын айтып, допты бір оқушыға лақтырады, оқушы допты қағып алып, сөздің қазақшасын айтып, допты мұғалімге қайтарады. Осылай барлық  сөздермен жұмыс жасалады. Көп сөз меңгерген оқушы алғыр атанады.

 

ә) тақтаға бір оқушы шығып, жаңа сөздерді қазақ тілінде жазып тұрады, ал сол сөздің аудармасы дұрыс тапқан оқушы тақтаға келіп, аудармасын жазады.

 

б) Жаңа сөздер деректі заттар болса, оларды мұғалім көрсетіп отырады, басқа оқушылар сол заттың атауын дәптерлеріне жазып отырады. Кейін оқушылар кезек- кезек тақта алдына шақырылып, сөздердің сауатты жазылуы тексеріледі.

 

Топтық жұмыс

 

1-тапсырма. «Үй жануарлары» тақырыбы бойынша жұмыс. Бейнелеу өнері арқылы жұмысты жандандыру.

 

2-тапсырма. Сөз тіркесін жасап сөйлеу қабілетін дамыту, тапсырманы жеке тапсырма ретінде орындату. Жеке жеке жұмыс жасау.

 

3-тапсырма. «жылқы» атты өленді мәнерлеп оқу. Мәнерлеп оқудың сайысын ұйымдасты

 

Оқулық

 

 

Аудидиск:

1.3.1; 1.3.2; 1.3.3;

 

 

 

 

Доп,текше кітап,дәптер,қалам,қарындаш.

 

№1Жұмыс дәптері

Сабақтың соңы( 36-40мин) Шығармашылық жұмыс.

1.      Мақал – мәтел айту

2.      Жұмбақ шешу

3.      Төрт түлік туралы өлеңдерін оқушылардан сұрау.

1. Сөздерді сәйкестендір.

Ақ түйе

Бір құлын

Қоңыр қой

Үлкен сиыр

Кішкентай бота

2.Үй жануарларының төлдерін жазу.

Сиырдың төлі – бұзау.

Жылқының төлі – құлын.

Түйенің төлі – бота.

Қойдың төлі – қозы.

Ешкінің төлі – лақ.

3. Ойын ойнау.

Сыныптағы балаларды үш топқа бөліп жарыстыру. Сурет арқылы үй жануарларының аттарын қайталау негізінде ойналады. Әр дұрыс жауапқа жұлдызша беріледі.

Жазылым.Жазу дәптермен жұмыс.

І,ң,ғ,қ,ә,  дыбыстары мен

әріптерін  қайталау.

Тілдесім.3-тапсырма.Үлгі бойынша сөйлеу.

-Мынау сиыр ма?

-Иә,бұл-сиыр.

-Мынау жылқы ма?

-Жоқ,бүл жылқы емес,түйе.

тапсырма.Үлгі бойнша сөйле.

Кеспелермен жұмыс. Нүктенің орнына «і» әрпін қою.

К…рп…,…лг…ш,к…тап,…лмек,…р…мш…к,кер…к,к…с….

«ң» әрпін қою.

А…,ша…,та…,жа…а,ша…ғы,а…шы,со…ы.

«ғ» әрпін қою.

А…а,шаң…ы,…арышкер,…ылым,…аламшар.

Сабақты қорытындылау. Жаңа тақырыпты бекіту

Сұрақ-жауап:

1).Мынау қандай жануарлар?

2).Олардың қандай пайдасы бар ?

. Қорытындылау.

— Үй жануарларына нелер жатады?

— Олардың төлдерін атап беріңдерші.

— Олардың бізге берер пайдасы не?

( Тақтаға шығып жазады)

(Қ)Сабақты қортындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады.Оқушылар сабақ барысында нені білгенін, қалай жұмыс істегенін ,не қызықты әрі жеңіл болғанын, не киындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдір

 
                                                                Қосымша ақпарат
Қорытындылау Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз.Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.
1.Сабақ барысында өзгертулер енгіздіңіз бе?

2.Жүргізген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?

 

 
Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе?

1.

2.