Отбасым-алтын қазығым
Отбасым-алтын қазығым
Отбасы-шағын мемлекет. Біздің шағын мемлекетіміздің басшысы-әкеміз. Әкеміз-асқар тауымыз болса, анамыз-мөлдір бұлағымыз.
Ағам екеуміз ата-анамыздың айтқанын бұлжытпай орындаймыз. Біздің отбасымыз салт-дәстүрді берік ұстанады. Татулық пен адамгершілік қасиеттерді жоғары қояды.
Ер азаматтың алдын кесіп өтпеу керектігін анам үнемі айтып отырады. Үлкендерді құрметтеп, кішілерге ізет көрсету-отбасылық қағидамыз. Әкем болса “Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің” деген нақыл сөзді жадымызға сіңіріп отырады. Мен күн сайын отбасымның амандығын тілеп отырамын.
Жанерке Жоламан
№73 жалпы білім беретін орта мектептің 1 а сынып оқушысы
Жетекшсі Ерлепесова Ақмұнар