§ 9 Центрге тартқыш үдеу
«Бекітемін»
Күні:
Сыныбы: 9
Пәні:физика
Сабақтың аты | § 9 Центрге тартқыш үдеу |
Сілтеме | Жоспар |
Жалпы мақсаты | Ø Центрге тартқыш үдеу жайлы мағлұмат беру
Ø Центрге тартқыш үдеу формулаларын есеп шығаруда қолдана білуге үйрету Ø Өзін-өзі бағалауға баулу |
Күтілетін нәтиже | Ø Центрге тартқыш үдеу жайлы мағлұмат алады
Ø Центрге тартқыш үдеу формулаларын есеп шығаруда қолдана білуге үйренеді Ø Өзін-өзі бағалай алатын болады |
Негізгі идеялар | Шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалатын дененің үдеуі шеңбердің кез келген нүктесінде радиус бойымен оның центріне қарай бағытталады. Сондықтан оны центрге тартқыш үдеу деп атайды.
|
Тапсырмалар | Топтық жұмыс «Жигсо» |
Тапсырмалар | Жұптық жұмыс «Пилот — Штурман» |
Тапсырмалар | Жеке жұмыс «Блум таксономиясы» |
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)
І.Ұйымдастыру (2 минут)
- Сәлемдесу
- Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу
- Түгелдеу
1.2. Топқа бөлу (1,2,3 сандарына байланысты 3 топқа бөлінеді)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (4 минут)
- Жылдамдық дегеніміз не?
- Жылдамдықтың қандай түрлерін білесіңдер?
- Бұрыштық жылдамдық дегенді қалай түсінесіңдер?
ІІІ. Талқылау үшін сұрақтар беріледі (3 минут)
- Үдеудің қандай түрлерін білеміз?
- Дененің шеңбер бойымен қозғалысы барысында центрге тартқыш үдеу болады деп ойлайсыңдар ма?
- Олай болса центрге тартқыш үдеу дегенді қалай түсінесіңдер?
ІҮ. Топтық жұмыс «Жигсо» (15 минут)
Сіздің тобыңызда 5 рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:
Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.
Бақылаушының бағалау парағы
№ | Бағалау өлшемдері | Көш
басшы |
Хатшы | Баяндамашы | Уақыт сақшысы |
1 | Тақырыптың ашылуына үлес қосу | ||||
2 | Міндетін атқару | ||||
3 | Топтық жұмысқа атсалысуы |
Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады.
Топ пікірлерін тыңдау.
Ү. Жұптық жұмыс «Пилот — Штурман» (5 минут)
(Штурман – басқарушы, пилот – орындаушы)
Берілген суретті түсіндіру, яғни штурман айтып отырады, пилот қағаз бетіне түсіріп отырады.
1) 2)
Жұптың пікірлерін тыңдау,барлық айтылған ой-пікірлерді бағалаудың мақсатына сәйкестендіру
VІ. Жеке жұмыс «Блум таксономиясы» (13 минут)
1 | Білу | Центрге тартқыш үдеу дегеніміз не? | |
2 | Түсіну | Центрге тартқыш үдеу формуласын жаз? | |
3 | Қолдану | Радиусы 40 м айналма жолмен автомобиль 20 м/с жылдамдықпен жүреді.Осы кезде центрге тартқыш үдеу неге тең болды? |
|
4 | Талдау | Дененің түзусызықты қозғалыс кезіндегі үдеуі мен центрге тартқыш үдеуді салыстыр? |
|
5 | Жинақтау | Центрге тартқыш үдеуге мысал келтір?
|
|
6 | Бағалау | Дененің шеңбер бойымен қозғалысы кезінде центрге тартқыш үдеудің маңыздылығы қаншама? |
|
Жасаған жұмыстарын 2 жұлдыз, 1 ұсыныспен бағалау.
ҮІ. Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ.) (3 минут)
Кейінгі тапсырмалар | №7,1 |
Кейінгі оқу | §9 центрге тартқыш үдеу |