Қанайналым жүйелері мен шеңберлері

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8.2А – Заттардың тасымалдануы

Мектеп: №23 Тескентоған ЖББМ.
Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Ниязбекова А
Сынып: 8 Қатысушылар саны: Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы Қанайналым жүйелері мен шеңберлері
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары 8.1.3.10 жануарлардың қантамырлар жүйесі түрлерін сипаттау

 

Сабақтың мақсаттары 1)       Ашық және тұйық қанайналым жүйелерін салыстыру

2)      Үлкен және кіші қанайналым шеңберлерін сипаттау

Бағалау критерийлері 1)       Ашық және  тұйық қанайналым жүйелерінің айырмашылықтары мен ұқсастықтарын анықтайды;

2)      Үлкен кіші қанайналым шеңберлерін сипаттайды.

Тілдік мақсаттар Оқушылар:

Ашық және  тұйық қанайналым жүйелерінің айырмашылықтары мен ұқсастықтарын тиісті терминологияны қолдана отырып, ауызша жазбаша сипаттай алады

Үлкен және кіші қанайналым шеңберлерінің ерекшеліктерін  үлгілерде тиісті терминологияны пайдаланып сипаттап түсіндіре алады.

 

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Ашық қанайналым жүйесі, тұйық қанайналым жүйесі, бір қанайналым шеңбері, екі қанайналым шеңбері, гемолимфа,  дене қуысы (гемоцель).

Диалог құруға /жазылымға қажетті  сөздер топтамасы:

Ашық қан айналым жүейсінде…болмайды.

Тұйық қанайналым жүйесі…арқылы тұйықталады.

Ашық қанайналым жүйесі тән ағзаларда диффузия…арасында жүреді.

Тұйық қанайналымы бар ағзаларда диффузия … жүреді.

Үлкен және кіші қанайналым шеңберінің айырмашылығы…

Екі қанайналым шеңбері …,…,…,… тән.

Бір қанайналым шеңбер…,…,…,…тән.

Пәнаралық байланыс Қан қысымы, қанның жылдамдығы, диффузия ұғымдары қарастырылғанда физика пәнімен,  оксигенді дезоксигенді қан   түсініктері арқылы  химия пәнімен байланысады
Алдыңғы білім   Жануарлар мен өсімдіктердегі заттар тасымалына қатысатын мүшелер туралы 7-сыныптан біледі.  Қанайналым жүйесінің маңызы,   жануарлардың қан тамырларының түрлері мен айырмашылықтары, жүректерінің ерекшеліктері, сүтқоректілердің жүректері туралы 8-сыныптан біледі.
Сабақ барысы
Сабақ қезеңдері Жоспарланған іс-әрекеттер Оқыту көздері мен ресурстар
  Сабақтың басы
 

 

 

 

3 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 мин

 

 

2 мин

 

 

 

 

7 мин

Сәлемдесу.

Оқушыларды 3 топқа бөлу

1.«Миға шабуыл» әдісі арқылы үй тапсырмасын пысықтау.

«Миға шабуыл» әдісі.

1.Артерия дегеніміз ?

2.Вена дегеніміз?

3.Капиллярлар ?

4.Адам мен сүтқоректілердің жүрегі неше бөліктен тұрады?

5.Жүрек неше қабаттан тұрады оларды ата?

6.Қантамырлар қабырғасы неше қабаттан тұрады?

 

2. «Ыстық орындық» әдісі арқылы білімдерін жан-жақты тексеру.

3.Тест

4.Оқушылармен ширату жаттығуын жасату,слайдтан  бүгінгі сабаққа байланысты суреттер көрсету, сол суреттерді суреттеу арқылы сабақтың тақыры мен мақсаты ашылады. Мүшелер жүйелерін атаған кезде осылардың ішінен қай жүйені өтіп жатырмыз? Қандай мүшелерін қарастырдық деп сұрай келе ендеше оның түрлерін білеміз бе? Қандай қанайналым жүйелері болады деп сұрау арқылы сабақтың мақсаттарын анықтау қажет.

 

Жаңа сабаққа байланысты «білім ленд » видеолар көрсетіледі.

 Стикер арқылы

2 —  слайд

 

 

 

 

 

 

 

2 —  слайд

 

3-4 слайд

5,6,7 слайд

 

 

 

 

 

 

«Білім ленд»,электрондық оқулық.

Сабақтың ортасы
   10

мин

 

Оқушылар топтарына ашық және тұйық қанайналым жүйелерінің сызба суреттері беріледі. Оқушылардан осы қанайналым жүйелерін салыстырып, айырмашылықтары мен ұқсастықтарын анықтау сұралады.

Критерийлер:

3)      Ашық және  тұйық қанайналым жүйелерінің айырмашылықтары мен ұқсастықтарын анықтайды;

4)      Үлкен кіші қанайналым шеңберлерін сипаттайды.

1 топ – ашық қанайналым жүйесі.

2 топ – тұйық қанайналым жүйесі (1 шеңбер).

3 топ —  тұйық қанайналым жүйесі (2 шеңбер).

1 —  2,3 қосымша

суреттер

 

 

 

 

3-11 слайдтар

5мин

мин

Әр топ өздерінің талдаған қанайналым жүйесінің түрін басқа топ оқушыларына сипаттап түсіндіреді. Қалған оқушылар түсіндірме барысында жазбалар жасайды.

 

Мұғалім сұрақтар қоя отырып, оқушылардың түсінгендігін анықтайды.

 

 

 

 

3 мин

3мин

2 мин

  1. «Сәйкестендіру тесті»
  2. «Қанайналым жүйесі»
  3. «Тест»
қосымша

үлестірме қағаздар

«білім ленд»

Сабақтың соңы
2мин Кері байланыс

Бүгінгі сабақтан менің білгенім …

Мені қызықтырды …

Менің есімде жақсы сақталғаны…   

 14 слайд

стикер

Қосымша ақпарат
Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары  оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз? «Миға шабуыл», «Ыстық орындық »әдісі барысында оқушылар бір-біріне сұрақтар қою арқылы білімдерін тереңдете алады.

Түсіндірме кезінде оқушылардың әрқайсысы өз деңгейінде қабылдаған білімін көрсетуге мүмкіндік алады.

Топтық жұмыс кезінде әр топ қанайналым жүйелерінің типтерін сипаттау барысында  оқушылардың сын тұрғысынан ойлана отырып, қабілеттеріне сай жауап табуына ықпал етеді.

Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз? Топтық жұмыс кезінде оқушылардың талқылаулары арқылы

Түсіндірме кезіндегі сұрақ қою, жауап бере білулері арқылы

«Сәйкестендіру тесті»,«Қанайналым жүйесі»,«Тест» әдісімен қанайналым жүйелерінің типтерін сипаттау тапсырмасы арқылы бүгінгі сабақты қалай меңгергендігін көруге болады.

Денсаулықты сақтау және қауіпсіздік ережелері Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Топтық жұмыс кезінде белсенді қозғалыс жасайды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-тапсырма. Сипаттамаларды сәйкес торкөзге жазып жіктеңіз.

 

Ашық қанайналым Тұйық  қанайналым
Сипаттамалардың рет саны
   

 

  1. Жәндіктерде және ұлу, асшаяны сияқты омыртқасыздарда кездеседі.
  2. Қан қантамырларының бойымен ағады
  3. Қан өте баяу ағады
  4. Қанның ағуы реттеледі
  5. Заттар қуыспен қан арасында алмасады
  6. Қан мен ұлпа арасындағы зат алмасуы капилляр арқылы жүріледі
  7. Қан ішкі мүшелерді шая отырып ағады
  8. Қанның ағуы реттелу мүмкін емес
  9. Қан өте жылдам ағады
  10. Қан ашық қуысқа құйылады
  11. Жауынқұртында және омыртқалыларда кездеседі
  12. Заттардың тасымалдануы өте баяу жүріледі
  13. Гемоцель болмайды
  14. Заттардың тасымалдануы жылдам
  15. Дене қуысы (гемоцель) гемолимфамен толтырылған
  16. Қан жүректен ағып шығып жүрекке қайтадан құйылады

Дескрипторлар:

  1. Ашық қанайналым жүйесінің ерекшеліктерін түсіндіреді.
  2. Тұйық қанайналым типінің ерекшеліктерін түсіндіреді.

Жауабы:

1-тапсырма. Сипаттамаларды сәйкес торкөзге жазып жіктеңіз.

Сипаттамалардың рет саны
1, 3, 5, 7, 8, 10, 12, 15 2, 4, 6, 9, 11, 13, 14, 16

 

2-тапсырма. «Қанайналым жүйесі»

Жануарлар Қанайналым  жүйесінің типі Қанайналым  шеңберінің саны
Шұбалшаң тұйық 1
Ұл ашық
Бал арасы ашық
Балық тұйық 1
Бақа тұйық 2
Кесіртке тұйық 2
Құс тұйық 2
Ит тұйық 2