География пәнінен ОЖСБ-ға дайындық жоспары

«Келісілді»:                                                                           «Бекітілді»:    

Директордың оқу                                                                 Мектеп директоры:

жөніндегі орынбасары:                                                       Д.Ж.Батенов_______________

А.К.Садбекова ______________                                           «    » __________2017/18 о.ж

«    » __________2017/18 о.ж

 

География пәнінен ОЖСБ-ға дайындық жоспары

Мақсаты: оқушыларды сапалы дайындаудың арқасында ОЖСБ-ны жақсы тапсыруға  ықпал ету.
Міндеті: География пәні бойынша 6-9 сыныптарда өткен тақырыптарды қайталау, еске түсіру.

Тақырыбы Сағат саны Мерзімі
1 Географияның шығу тарихы 1  
2 Жер ғаламшары 1  
3 План және карта 1  
4 Жер қабықтары 1  
5 Қорытынды тест 1  
6 Еуразия 1  
7 Солтүстік Америка 1  
8 Оңтүстік Америка 1  
9 Африка 1  
10 Аустралия 1  
11 Антарктида 1  
Қорытынды тест
12 Қазақстанның жер бедері 1  
13 Қазақстанның климаты 1  
14 Қазақстанның ішкі сулары 1  
15 Қазақстанның зерттелуі 1  
16 Қазақстанның табиғат зоналары және топырағы 1  
17 Геохронологиялық кесте 1  
18 Қазақстанның қорықтары 1  
19 Қазақстан демографиясы 1  
20 Қазақстанның табиғат ресурстары 1  
21 Қорытынды тест 1  
22 Қазақстан өнеркәсібі 1  
23 Қазақстанның ауыл шаруашылығы 1  
24 Қазақстанның металлургиясы 1  
25 Қазақстанның отын-энергетика кешені 1  
26 Шығыс Еуропа жазығы 1  
27 Тұран жазығы 1  
28 Солтүстік Қазақ жазығы 1  
29 Сарыарқа, 1  
30 Орал 1  
31 Алтай, Жетісу Алатауы, Сауыр-Тарбағатай, Тянь-Шань 1  
32 Аласа таулар 1  
33 Қорытынды ТЕСТ 1  
34 Қорытынды тест 1  
 

 

 

9-сынып оқушыларын  ОЖСБ бойынша дайындау жоспары

 

Атқарылатын жұмыстары Мерзімі Жауапты
1 ОЖСБ-ды өткізу мен ұйымдастыру сұрақтары бойынша нормативті-құқықты, құжаттармен танысу. Білім және ғылым министрлігінің, облыстық білім департаментінің, аудандық білім бөлімінің, мектептіңбұйрықтарымен таныстыру:

а) оқушыларды

б) ата — аналарды

Қыркүйек Сынып жетекші
2 Оқушылар, ата-аналар үшін ақпараттық

Қабырға үлгісін жасау

Қазан Сыныпжетекші
3 ОЖСБ – ғадайындық кестесін оқушыларға тарату Қазан Сыныпжетекші
4 Психологиялық тұрғыдан қолдау (тренинг өткізу) Қазан
Наурыз
Психолог
5 Оқушылардың қосымшаға келуін қадағалау Қазан

Наурыз

Сынып жетекші
6 Жіберілген қателер бойынша мониторинг жүргізу Әрбір тестік бақылаудан кейін Сынып жетекші
7 Жіберілген қате бойынша түзету жұмыстарын жүргізу Қыркүйек
Наурыз
Сынып жетекші
8 Ата – анаға баласының жағдайынан хабардар етіп отыру Қыркүйек
Наурыз
Сыныпжетекші
9 Жауап парағымен жұмыс істеуге дағдыландыру Қыркүйек
Наурыз
Сыныпжетекші
10 ОЖСБ — ға қатысатын оқушыларды анықтау, тізімін алу, қатыспайтын оқушылардың анықтамаларын жинақтау кезінде Сынып жетекші

 

 

 

Сынып жетекшісі:   М.К.Каримова

 

 

ОЖСБ-ға ата-ана көзімен

 

ОЖСБ — ға ата — ана көзімен ата — аналарға арналған семинар — тренинг

Мақсаты: ата — аналарға ОЖСБ туралы түсінік беріп, маңыздылығын баяндау, олардың ойларын білу. Пән мұғалімдерімен және дайындық күндерімен таныстырып өту. Және былтырғы оқу жылындағы ОЖСБ нәтижелерімен хабардар ету.
Түрі: семинар — тренинг
Әдісі: топтық жұмыс, сұрақ — жауап

Барысы:
І. Амандасу
Сәттіліктен бастау алып күніміз
Қуанышпен аяқталсын күніміз
Істеріңіз оңынан
Жегендеріңіз молынан
Жүретін жерлеріңіз
Алланың ақ жолынан
Алла қолдап
Жамандықтан қорғап
Жақсылықты жолдап
Бүгінгі күндеріңіз сәтті болсын!- деп бүгінгі «ОЖСБ — ға ата — ана көзімен» тақырыбындағы семинарымызды ашық деп жариялаймыз. Қош келдіңіздер, құрметті 9 сынып оқушыларының ата — аналары.

ІІ. Топқа бөлу
Алдын ала дайындалған парақшаларды суырып, берілген жануардың қимылын көрсету арқылы ата — аналарды үш топқа біріктіреміз. Берілетін сөздер: қоян, аю, балық

ІІІ. Сауалнама
Мектеп психологы ата — аналарға баласының болашақ мамандығы, мектептегі ұстаздары туралы сауалнама таратып, толтыртады. Осы арқылы ата — анамен бала арасындағы қарым — қатынастың деңгейін анықтайды. Себебі, оқушыларға алдын ала сауалнама жүргізіліп алынды. Екеуін сәйкестендіреді.

ІҮ. Интервью әдісі
Үш топқа алдын ала сұрақтар дайындалып беріледі. Әр топтан бір ата — ана шығып екінші топқа сұрақты микрофон арқылы қояды және жауап алады.
Осы сұрақтардың жауабын толықтырып, ОЖСБ туралы түсінік беру үшін сөз кезегі оқу ісінің меңгерушісіне беріледі.

Сергіту сәті «Сағат тілі»

Ата — аналарға таратылған ақ бетке сағаттың 12 тілін салып, әр қайсысының қасына семинарға қатысып отырғандардың бірінің атын жазады. Және төмендегі тапсырмаларды орындайды.
1. Амандасу
2. Иық қағыстыру
3. Мұрын тарту
4. Бетінен сүю
5. Тізе айқастыру
6. Жауырын түйістіру
7. Басқа массаж жасау
8. Құлағына барып құпия айту
9. Қатты етіп құшақтау
10. Табан тіреу
11. Жұдырық түю
12. Көз қысу

Ү. Постер қорғау.
1 топ: ОЖСБ тиімділігі
2 топ: ОЖСБ тиімсіздігі
3 топ: Ата — ананың қолдауы
Постер қорғалғаннан кейін, психолог сауалнаманың нәтижесімен ата — аналарды таныстырады.

Қорытынды

Семинарды қорытындыларда, ата — аналарға допты ұсыну арқылы сұрақтар қойылады. Тез жауап беру тапсырылады.
— 1 оқу күні бірінші сабақ
— 2 оқу күні ОЖСБ дайындығы қай пәндерден болады
— Балаңыздың мектептегі досы
— Қызыңыздың туған күні
— Балаңыздың парталас көршісі, т. б.
Ата — аналарға стикерлер таратылып, «ұсыныс», «қостым», «сұрағым» бөлімдерінен тұратын «Құс» кері байланысы жасалады.
— Құрметті ата — аналар мен ұстаздар. ОЖСБ — ға ата — ана көзімен тақырыбындағы семинарымыз өз мәресіне жетті. Уақыт бөліп келгендеріңізге үлкен рахмет! Сау болыңыздар!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тренинг-сабақтың тақырыбы: Мамандық таңдауда қателесуге болмайды!

  •  

Мақсаты: Мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру. Оқушының кәсіби бағдарының табандылығын анықтау, психологиялық дайындығы мен қиындықтан шығу шеберлігін шыңдау.
Күтілетін нәтиже: тренинг соңында оқушылар мамандық таңдау кезінде нақты шешім қабылдауы. Өзіне лайықты, ұнайтын мамандық таңдап, сол мамандықтың қыр — сырын ұғынуы, ең бастысы қателеспеудің жолын таңдау керек.
Көрнекілігі: инербелсенді тақта, батман, маркер, жекелеген карточкалар.
Жоспары:

1. «Мен таңдаған мамандық» .
2.  «Мамандармен  кеңес»
3.  «Мамандықты тап» ойыны.
4.  «Белсенді волонтер»
5.   Қорытынды.
Барысы:
Кіріспе сөз:

Ісім оңсын десеңіз,
Сол істің маманы болыңыз.
Даңқым шықсын десеңіз,
Көпшіліктің адамы болыңыз
Әл — Фараби

Мектеп оқушыларының мамандық таңдауда дұрыс бағыт алу мәселесі мектептің психологиялық қызмет аясында жүргізілетін аса жауапты да маңызды жұмыстарының бірі болып отыр. Бала үшін болашақ мамандықты таңдау өмірлік жолын дұрыс таңдаумен бірдей. Өкінішке орай, біз, балалардың таңдауының ақылмен емес, біреудің сөзіне ере отырып, немесе ата — анасының ықпалымен «қай жерге оқуға түсу оңай» деген көзқарастармен болып жатқанын байқаймыз. Ақпараттың көптігі де, өзін — өзі танудың әліппесі де, оларды қалай пайдалану керектігін білмегендіктен кейде қателесетін жағдайлар жиі кездеседі. Жалпы айтқанда, бүгінгі күні жасөспірімдердің өзін — өзі тану арқылы мамандық таңдауда дұрыс бағыт алуы және оған бейімделу мәселесі туындауда. Яғни, мамандық таңдауда оқушыға өз ақыл — ойымен, дұрыс шешім қабылдау үшін психолог маманның да көмегі керек. Сондықтан бүгін «Мамандық таңдауда қателесуге боламайды» атты тақырыпта тренинг — сабағын ұйымдастырып отырмыз.

  1. «Мен таңдаған  мамандық» бөлімі. Оқушылар өздерінің таңдаған мамандығы туралы айтады.

Мысалы: Бұл өмірде адамның тағдырын айқындайтын екі нәрсе бар: бірі – өмірлік жолдасы жары болса, екіншісі – мамандық. Мен өз мамандығымды және түсетін жоғары оқу орнымды 8-сыныпта таңдадым. Қазақстан–Британ Техникалық Университетіне түсуге үмітімді оятқан: Қазақстанда ең алғаш өткен ұлттық бірыңғай тестілеуде мүмкін 120 ұпайдың барлығын жинаған Нұржан атты бала еді. Ол Қазақстан–Британ Техникалық Университетті таңдады. Сол кезден бастап менің балаң көңілім ҚБТУ-ға ауды, Қазақстандағы ең білгіш бала таңдаған университет менің де университетім атану керек деген мақсат жадымда жаңғырды. Қазір сол бала арманым бастап келген университетте, жүрегіммен және ата-анаммен кеңесіп таңдаған сүйікті мамандығым органикалық заттардың химиялық технологиясы факультетінде оқып жатырмын.

2.«Мамандардан кеңес»

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» жолдауында жаңа кезеңнің негізгі міндеттерінің бірі «осы заманғы білім беру, парасатты экономиканың негіздерін қалыптастыру, жаңа технологияларды пайдалану мамандарды дайындау сапасын көтеруге басты себеп болатын, инновациялық экономиканы дамыту»,-деп көрсеткен. Қазақстан Республикасының болашағы, сыртқы саяси және сыртқы экономикалық қызметіндегі басымдықтары мен ұлттық мүдделерінің жүзеге асырылуы, халықаралық аренадағы беделінің өсуі, ұлттық қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуі, мемлекет алдындағы жоғарғы азаматтық жауапкершілікке ие мамандарға байланысты.

 

3.«Мамандықты тап» ойыны.

Тренингке қатысушыларға карточкаларға жазылған мамандықтар таратылады, ал олар сол мамандықтарды ыммен көрсетуге тырысу керек. Қалғандары мамандықты табу керек.
Дәрігер
Фабрика басшысы
Хатшы
Кітапханашы
Банк қызметкері
Сатушы
Мұғалім
Бухгалтер
Сварщик

 

Биылғы жылы 30- қараша күні елбасы Н.Назарбаев өзінің халыққа ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА:ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ атты  жолдауын  жолдады.

Қазақстанның жас азаматтары!

Білімді, еңбекқор, бастамашыл, белсенді болуға қазірден бастап дағдыланыңдар. Жұмыс пен сұраныс бар өңірге батыл барыңдар.   Шеберліктің шыңына жете білсеңдер  мамандықтың бәрі жақсы. Қазір техникалық мамандықтардың, ғылым мен инновацияның күні туған заман. Ерінбей еңбек еткен, талмай ғылым іздеген, жалықпай техника меңгерген адам озады.  Тұрмысы жақсы, абыройы асқақ болады. Біз жүзеге асырып жатқан түбегейлі реформалар мен атқарып жатқан қыруар істердің бәрі сендер үшін, болашақ үшін жасалуда.

Мен жастарымызды жұмысшы мамандығын белсенді меңгеруге шақырамын. Жұмысшы мамандықтарын меңгеру керек. Кезінде мен де жұмысшы киімін киюден бастадым, домна пеші от-жалынының жанында тұрдым. Үлгі алыңдар! Жылдар өтеді, бірақ, осы өмірлік тәжірибелерің, сендер қандай өмір жолын таңдап алсаңдар да, міндетті түрде кәделеріңе жарайды.

Мен 2017 жылдан бастап жаңа жоба – «Баршаға арналған тегін кәсіби-техникалық білім» бағдарламасы басталатынын жариялаймын. Үкіметке оны жасауға кірісуді тапсырамын.

  1. «Белсенді волонтер» . Қатысушылар тренингке келген ата-аналарғаа өздеріне берілген тапсырма  бойынша аты аталған мамандықтарға жарнама жасайды.. балаларын мамандық таңдауда кеңес беріп, өз көз қарарстарымен бөлісіп, дұрыс таңдауға үлестерін қосады.

Француз тілінен  алғанда ерікті қызметкер.

5.Қорытынды:

Қатысушылар екі топ болып таңдаған мамандықтарын байланыстырып плакатқа сурет салады.Салған суреттерін қорғайды.

Көрермендерге сұрақтар:Сіздің ең алғаш еңбек    күніңіз есіңізде ме?Өз тәжірибеңіздегі  кездескен қиын жағдай туралы айтып беріңіз.

Ж. Аймауытов айтқандай: «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе».
Мамандық — қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.
Мамандық таңдау — тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау.. Бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық  — өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?», «Қалай өмір сүремін?» деген сұрақ қоя отырып, жауап таба білу керек. Өз ісіне сенімді дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді.
Осымен бүгінгі тренинг — сабағымыз өз шегіне жетті, қатысқандарыңызға, тыңдағандарыңызға, рахмет!