1 ҚЫРКҮЙЕК БІЛІМ КҮНІНЕ орай сынып сағаты.

«С. Бекбосынов атындағы орта мектебі» КММ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 ҚЫРКҮЙЕК БІЛІМ КҮНІНЕ орай сынып сағаты.

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы:

 

 

«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – БАРЛЫҚ  ЖАҢҒЫРУДЫҢ ӨЗЕГІ»

 

 

 

 

 

 

5 сынып жетекшісі: Қойбасарова Н. Б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2018-2019 оқу жылы

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: «Рухани жаңғыру – барлық жаңғырудың өзегі»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды Отанды сүюге, өз елін, тарихын білуге, жалпыадамзаттық құндылықтар мен терең көзқарастарды сіңіру, мәдениетаралық білімдері мен сыни ойлау, зерттеушілік дағдылары дамыған, отансүйгіш тұлға қалыптастыру, әлемді дамытуға өз үлесін қоса алатын тұлға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: 1. Интерактивті тақта, бейне баян, түрлі-түсті парақшалар

Сабақтың түрі: аралас

Әдіс – тәсілдері: іздену, сұрақ-жауап, сызба.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

А) Сәлемдесу. Сәлеметсіндер ме балалар?! Балалар бүгін сендерді 1қыркүйек білім күнімен құттықтаймын. Әрқайсыларың оқуда озат, мектеп мақтанышы болуларыңа тілектеспін. Мен өзеріңмен әсем, жарық, кең, таза бөлмеде жолыққаныма өте қуаныштымын.

Психологиялық дайындық:

Балалар, сабағымызды бастамас бұрын біз бір-бірімізді жаздай көрген жоқпыз сондықтан сәлемдесіп алайық. «Сәлемдесу» ойыны: Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен.

Топқа бөлу.

  • Қазақстан.
  • Тәуелсіздік.
  • Н.Назарбаев

суреттері арқылы топқа бөлу. Оқушылар Қорапшадан қағаз алады, сол қағаздағы сурет бойынша топтарға бөлінеді.

Негізгі бөлім:

Мұғалімнің сөзі: «Мәңгілік ел» патриоттық актісі. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында білім беру жүйесі жаңғыртылуда. Отандық білім беруді жетілдіру қажеттілігі басым мемлекеттік міндеттер қатарына шықты. Осы мақсатта 2016 жылғы 26 сәуірдегі Қазақстан халқы Ассамблеясының «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» XXIV сессиясында «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі әзірленіп, қабылданды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев ««Мәңгілік Ел» патриоттық актісі Құжатында – Қазақстан халқының тарихи тағдыры мен жалпы мүдделері, біздің елімізді дамытудың базалық құндылықтары көрінетін «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының жеті мызғымас тұғыры, жеті құндылық ұсынылған:

— Қазақстанның тәуелсіздігі мен Астанасы;

— Қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім;

— Зайырлы қоғам және жоғары руханият;

— Индустрияландыру мен иновацияларға негізделген экономикалық өнім;

— Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы;

— Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы;

— Еліміздің ұлттық қауіпсіздігі, бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы және басты құндылықтар толық нұсқада 2014 жылғы 14 қаңтардағы «Қазақстандық жол-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Елбасының халқына Жолдауында және 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауында айтылды.

«Бүгінде әлем Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік сала­ларда­ғы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келеді.

Жаңа технологиялық қалып біздің қалай жұмыс істей­тінімізді, азаматтық құқықтарымызды қалай іске асы­ратынымызды, балаларымызды қалай тәрбиелейтінімізді түбегейлі өзгертуде.

Біз жаһандық өзгерістер мен сын-қатерлерге дайын болу қажеттігін ескеріп, «Қазақстан – 2050» даму стратегиясын қабылдадық.

Алдымызға озық дамыған отыз елдің қатарына кіру мақсатын қойдық.

100 нақты қадам – Ұлт жоспары жүзеге асырылуда. Оның 60 қадамы қазірдің өзінде орындалып қойды. Қалғандары, негізінен, ұзақ мерзімге арналған және жоспарлы түрде іске асырылуда.

Өткен жылы Қазақстанның Үшінші жаңғыруы бастау алды.
Индустрияландыру бағдарламасы табысты іске асуда.

«Цифрлық Қазақстан» кешенді бағдарламасы қабыл­данды.
Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі дамуы­ның кешенді стратегиялық жоспары жасалды.

Біздің ұзақ мерзімді мақсаттарымыз өзгеріссіз қала береді.
Қажетті бағдарламалардың барлығы бар.

Бұл Жолдау жаңа әлемге, яғни Төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу мен жетістікке жету жолын табу үшін не істеу қажеттігін айқындайды»- деп атап айтты Н.Ә. Назарбаев 2018 жылғы қаңтар айындағы жолдауында.  (бейне үзік тамашалайды)

Сергіту сәті:

«Сантики, Фантики, Лимпопо».

Барлығы шеңбер бойымен тұрып, бір баланы таңдайды да бөлменің сыртына шығарады. Шеңбердегі балалардың ішінен бір баланы жүргізуші етіп сайлайды, ол шеңбердегі балаларға қозғалыстарды көрсетіп тұрады. Барлық ойыншылар жүргізушінің артынан көрсеткен қимылдарды қайталау керек. Қимылдарды қайталаған кезде жүргізушіге қарамай, білтіртпей жасау керек. Шеңбердегі балалар шапалақ ұрып, «САНТИКИ, ФАНТИКИ, ЛИМПОПО» деп айтып ойынды бастайды. Бөлме сыртында тұрған бала ойыншылардың дауыстарын естіп, бөлмеге кіреді де шеңбердің ортасына тұрып, кім жүргізуші екенін табу керек. Егер жүргізушіні тапса, жүргізуші есіктің сыртына шығады. Ойын сол ретімен жалғасып отырады.

Топтық жұмыс Постер дайындау және қорғау:

1-топ. Патриот адам кім? Ол өзін қалай көрсетуі керек?

2-топ. Қандай патриот адамды білесіңдер? Олар кімдер? Не үшін ол кісіні партриот деп ойлайсыңдар?

3-топ: Қазіргі заманның патриоты қандай болуы керек? (мінезі, ерекше қасиеттері, ұстанымы, ұраны).

Кері байланыс:

 

Қорытынды бөлім:

Мұғалімнің қорытынды сөзі: Алда әлі ұзақ жол, үлкен асулар бар . Сол асулар мен қиындықты жеңу үшін білектің күші мен найзаның ұшы керек емес. Оған тек жүрек пен білім , талант пен талап керек. Қазақ елінің абыройын асырып , мерейін үстем етер , әлем таңғалар , талай-талай жаңалық ашар білімділер керек . Осы Тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын , бүгінімізді ертеңіне жалғайтын , қазақ елінің ертеңі , болашағы үшін жауап беретін бүгінгі ұрпақ екенімізді сезінейік. “Сен де бір кірпіш дүниеге , Кетігін тап та бар қалан!”- деп Ұлы ақын Абай атамыздың сөзімен сабағымды аяқтаймын.