Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектеп:                      Мерзімі:         .10. 2017 жыл.

Мұғалім:                   Сынып: 1 «         »

Оқушылар саны:           Тақырып: №4сабақ  « Тәртіп  пен парыз»

Құндылық: Дұрыс әрекет.

Қасиеттер: Шындықты айту,уәдені орындау,  батылдық.

Сабақтың мазмұны: Ресурстар:
Сабақтың мақсаты:  Дұрыс әрекет  құндылығының мәнін ашып, өзін-өзі тану пәні нені  үйрететінін ұғындыру.

Міндеттері:

Білімділік: Оқушыларды шындықты айтуға қалыптастыру.

Дамытушылық:Оқушыларды уәдені орындауға қалыптастыру

Тәрбиелік : Батылдыққа  тәрбиелеу.

Оқулық, дәптер стикер, в идеопроектор дискілер, бояуышар, плакат
Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Тыныштық сәті: Әуен   ойналады. Нұрға бөлену.

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды  шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің  қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз  нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз  тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша  түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын… Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын… Нұр менің ішімде… Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде  отыра тұрыңыз…

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем  сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.

2. Үй тапсырмасын  тексеру.

«Алғыс» әнгіме

-Неліктен барлыгы алғысты басқаларға айту керек деп шешті?

-Балалар бұл оқиғадан кандай сабақ алды?

-Сендер кімдерге және нелерге алғыс білдірер едіңдер?

-Адам неліктен парызын дурыс орындауы керек?

Тәртіп,талап,тыныштық тазалық, татулық
3. Дәйексөз.

                   «Жақсы тәріп көрсе бала күнінде,

                        үлгісімен қуантады түбінде»       Ж.Баласағұни

1.Жақсы тәртіп дегеніміз не?

2.Үлгілі дегеніміз нені білдіреді?

3.Үлгілі баланы тәртіпті деуге болама?

4.Сен өзіңді үлгілі баламын деп ойлайсың ба?

Осы сұрақтар айналасында дәйек сөзді талқылаймыз.

 
4. Әңгімелеу. Мұғалімнің сыйы. «Маймақ қаз» ертегісі бейне фильм.

—          Маймақ қаз неліктен басқа қаздарға жақпады?

—          Әкесі маймақ қазыға неге мейірім төкпеді?

—          Қаз қиындықтан қалай шықты?

—          Асырап алған қаздар маймақ қазды бауырына қалай басты?

Басқалардың жауаптарын тыңдаймыз.

 
5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

    23-беттегі  тапсырмаларды орындау.

 Әр топ шығармашылықпен жұмыс жасап,  қорытынды жасайды.

І  топ    Білім

ІІ топ   Қамқорлық

ІІІ топ  Әдептілік

IV топ  Денсаулық

 
6. Топпен өлең айту.

                                      Ризашылық әні                 Сөзі: Л. Хей

                                                                                    Әні:  Л. Хей

           Ризамыз бүгінге,

Ризамыз бүгінге!

Ризамыз бүгінге,

Ризамыз қазірге!

Ризамын, ризамын,

ризамын бүгінге!

Ризамын, ризамын,

ризамын қазірге!

 
7. Үй тапсырмасы.

5сабақ «әйнек адам» әңгімесін оқып келу.

Қорытынды: Тәртіп –орындалуға міндетті барлығымызға ортақ ереже.Тәртіптілік -дұрыс әрекетке бастайды. Нағыз тәртіптілік ойың,сөзің мен ісіңнің жақсы болуы.Тәртіп –адамды жетістікке жеткізеді. Ақиқат жолы ешкімді адастырмайды. Ақиқат жолымен жүрген адам адал өмір сүреді. Адалдық – адам бойындағы таза ниет.

 
8. Соңғы тыныштық сәті. Баяу музыка қойылады.

  Дұрыс әрекет, Дұрыс әрекет , Дұрыс әрекет бар жерде, Дұрыс әрекет бүкіл әлемде.

—          Бүгінгі  сабақта алған жақсы қасиеттерді бойларыңызға  сіңіріп,  жүректеріңізге түйіп алыңыздар.

—          Сау болыңыздар!!!