«Музыкалық әңгіме» ойыны

 

«Музыкалық әңгіме» ойыны

         I нұсқа                                                             II нұсқа
Мұғалім Оқушылар Мұғалім Оқушылар
Жаңбыр жауды       далаға, Жаңбыр жауды        қалаға,
Жаңбыр жауды        қалаға. Жаңбыр жауды        ауылға.
Жаңбыр жауды      ауылға, Жаңбыр жауды   бауға да,
Жаңбыр жауды      бауға да. Жаңбыр жауды        далаға.

 

Қандай мезгіл тамаша?

                        I нұсқа                                     II нұсқа
Мұғалім Оқушылар Мұғалім Оқушылар
Көктемгі кез            көрікті, Көктемгі кез          тамаша,
Жазғы мезгіл           жаңаша. Жазғы мезгіл           әдемі.
Күзде бәрі                    әдемі, Күзде бәрі                көрікті,
Қыста бәрі                тамаша. Қыста бәрі               жаңаша.

 

 

«Адасқан әріптер» ойыны.

Ойын шарты: Берілген әріптердің орнын ауыстыра отырып, сөз құрау.

Қ,у,о,ы,ш-оқушы

Т,п,і,к,а-…………………..

І,і,б,л,м-……………………

М,м,ғ,ұ,а,л,і-……………..

 

 

 

«Шашылған дыбыстар» ойыны.

Ойын шарты: Сыныпты бірнеше топтарға бөліп ойынды жарыс түрінде өткізуге болады.

Шашылған дыбыстардан бірнеше сөздер құрау.

Мысалы: а,л,к,л,й,ү,н дыбыстарынан мынандай сөздер құрауға болады:ай, …………

Ойын шарты: Тор көздің ішіндегі шашыраңқы әріптердің басын қоса отырып, тор көздердің ішінен қала атауларын тапқызу.

С З Ы Л А Е У А Т
Қ Ы П А Р Д А Н А
А Р А В А Қ Т А Р
О Р Ғ Л О Д С Т А
Л А А П Д Ы А Р З

 

   

 

 

 

    «Сын есімдер ұясы» ойыны.

Ойын шарты: Оқушыларды топқа бөліп орындарында отырып жұмыс істетуге болады.

Аты Түсі Дәмі Көлемі Қимылы
Алма Қызыл Тәтті Домалақ Піседі
Көмір қара Жоқ Ұсақ, ірі Жанады
Жұлдыз        
Бұрыш        

 

 

«Жалғасын тап» ойын

Ойын шарты: Мақал екі қатарға жазылады. Бірінші қатарда басы, екінші қатарда соңы жазылады.Мақал басы мен соңының орындары ауыстырылып жазылады. Оқушының міндеті тілдік сызықшамен қосу арқылы әр мақалдың толық мағынасын шығару.

А) Ердің сыншысы                                      бітеді

Ә) Жақсы болсаң,                                        жүректе

Б) Ерлік білекте емес,                                 ашу-дұшпан

В) Жері байдың                                           ел

Г) Ақыл дос,                                                ардақты ат,

Ғ) Кім еңбек етсе                                         жақын көп

Д) Мал баққанға                                          сол тоқ

Е) Адам деген-                                             елі бай

 

 

 

    «Кім көп біледі?» ойыны.

Мақсаты: Сөздердің мағынасын ажырату.(омоним-көп мағыналы сөздердің мағынасын табу)

Ойын шарты: Берілген сөздердің мағынасын ажырату.

Мысалы:

Сайман

Ара                                                                                  Сабақ

Жәндік                                                              …………..

 

…………..                                                                         …………..

Алма                                                                                  Қал                  

                         …………..                                                                              …………..

 

…………..                                                                               …………..

Қыс                                                                                     Жаз

                        …………..                                                                                …………..

 

 

 

 

 

 

 

 

    «Бәйге» ойыны.

Ойын шарты: Бұл ойынның әр қатардан бір-бірден шабандоз шығады.Ойын белгілі бір тақырыпты өткеннен кейін бекіту мақсатында жургізуге болады. Мұғалім тақырыпқа сай сұрақтарды айтады, шабандозшылар тез әрі дұрыс жауап беру қажет.  Әрбір дұрыс жауап- бір қадам алға жылжу.

Мысалы: «Сөз құрамы» тақырыбынан кейін мынандай сауалдар қоюға болады.

  1. Сөз дегеніміз не?
  2. Сөз құрамына не жатады?
  3. Түбір дегеніміз не?
  4. Қосымша дегеніміз не?
  5. Жұрнақ дегеніміз не?
  6. Жалғау дегеніміз не?
  7. Түбірлес сөз дегеніміз не?
  8. Туынды сөз дегеніміз не?
  9. Көптік жалғауларын тап?

«Тапқыш» ойыны.

Ойын шарты: Әр топқа берілген кестеден әр сөз таптарына қажетті сөздерді теріп жазу.

Қ Ы Б Е С О Қ Ы
А Й Д Ы І Ш К Д
Л С Ы Н Д Ы Ө Ы
А А Р Ы П П К С
Ж А З Б И І К Н
Қ Т А Й С Е Г І
О Қ Р Ә П К Е З
Н А А Т Ы Р Н А

Зат есім : қонақ, …

Етістік: оқыды, …

Сан есім: он,…

Сын есім: көк,….

 

 

    «Қ» мен «К» ойыны.

Ойын шарты: Оңнан солға қарай оқылса да, солдан оңға қарай оқылса да өзгермейтін «Қ» әріпінен басталып, «Қ» әріпінен аяқталатын бес әріптен тұратын жеті сөз ойлап жазу. К әрпіненде басталып, к әрпінен аяқталатын сөздер жаса

Қ а з а Қ
Қ       Қ
Қ       Қ
Қ       Қ
К       К
К       К
К       К

 

    «Күрделі сөздер» ойыны.

Мақсаты: Күрделі сөз жасау, сөз мағынасын түсіндіру .

Ойын шарты: Екі бөліктегі сөздерді қосу арқылы, күрделі сөз жасау.

Бел                                                              құлақ

Қырық                                                        аяқ

Саңырау                                                     қазық

Кемпір                                                       қазық

Темір                                                             қосақ

Тас                                                                 бақа

«Қызық сөздер» ойыны.

Мақсаты: логикалық ойлау деңгейін жетілдіру, сөз мағынасын түсіндіру .

Ойын шарты: Мына сөздердің ішінен солдан оңға қарай оқығанда жаңа сөз шығатын сөздердің теріп жазу. Сөз мағынасын тусіндіру.

Қолқанат                              Ішік                                                         Есек

Тымақ                                   Қыран                                                     Балта

Нағашы                                Шұлық                                                    Қысым

Түс                                        Балта                                                       Ұршық

мысалы: Ішік – кіші

 

 

 

«Бақытты сәт» ойыны.

Мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін тексеру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Ойын шарты: викторина түрінде өткізу, болады. Жарыса отырып, сауалдарға дұрыс, әрі шапшаң жауап  беру қажет. Дұрыс жауап берген балаға фишка беріледі. Фишканы көп жинаған бала ойын жеңімпазы аталады.

  1. Сөйлеудің түрлерін ата?
  2. Қай ай үйдегі тұрмыстық заты білдіреді?
  3. Волганның ортасында не бар?
  4. Дауысты және дауыссыз дыбысқа жататын әріп ата?
  5. Дастарханның сәні не?
  6. Құрғақ тасты қайдан таба алмаймыз?
  7. Пілдің баласы неге ұқсас?
  8. 16 желтоқсан қандай мереке?
  9. Тұрлаулы мүшелерді ата?
  10. Күләш Байсейітова кім?
  11. Анамның анасы кім болады маған?
  12. Екі дыбыстан тұратын әріптерді ата?
  13. Абай Құнанбаевтің туған жерін ата?
  14. Ұшпайтын құстарды ата?

 

    «Сандар әлемі» ойыны.

Мақсаты: сөз құрамында сан есімдері бар сөздерді жазу арқылы еске түсіру қабілеттерін жетілдіру. Сөзді қорларын кеңейту.

Ойын шарты: ойынды жұптық жұмыс ретінде өткізуге болады. Қай жұп құрамында сан есімдері бар сөздерді көп жазса, сол жұп жеңімпаз атанады.

Мысалы: 2+бастұз, к+3+ік, тағы басқа.

Тү+1                      7+ген

К+2+лік

1+лік

9+құмалақ

 

 

 

 

 

 

 

 

1.Берілген сөздерге тұсындағы қосымшалардың тиістісін қосып жазыңдар.
Бала     = ге, ға     есік     = ты, ті
Түрі     = ның, нің     қала     = лік, лық

2.Түбір сөзге жақша ішіндегі қосымшалардың тиістісін қосып, сөйлемдерді көшіріп жазыңдар.
Марат ауыл /= де, = да/ тұрады. Ауылдағы мектеп /= тің, = тың / жанында бақ бар. Бақта әр түрлі жеміс ағаш / =тары, = тері / өседі. Балалар ағаштар / = ді, = ды / суар / =ды, = ді /.
2    Қосымшалардың бірінші дыбысы түбір сөздің соңғы дыбысына сай болып жазылады. Бұл дағдыны меңгерту үшін төмендегідей жаттығу үлгісін орындатуға болады.

3.Берілген түбір сөздерге тұсындағы қосымшалардың тиістісін қосып, сөздерді көшіріп жазыңдар.
тақта = ның, = тың, =дың, ат = ға, = ге, = қа, = ке
құс = лар, = дар, =тар орын = лық, = тық, =дық

4.Асты сызылған түбірлі сөздерді құрамындағы қате қосылған қосымшаларды өзгертіп, сөйлемдерді көшіріп жаз.
Алысдан жарық көрінеді. Жолаушыдар шаршады. Аттар да баяу аяңтайты.

Қосымша қосылған кезде түбір сөздердің соңғы дыбыстарының өзгеріске түсетінін байқату.
5.Жақшаны ашып, сөйлемдерді көшіріп жазыңдар.
Кітабымның қап /ы/ тозды. Асанның әдемі доп /ы/ бар. Дүкен жап /ық/ тұр. Мен қаламымды тап/а/ алмадым.

6.Қатар берілген түбір сөздерді қосымшалар арқылы бір-бірімен байланыстырып, көшіріп жаз.
тақта     жаз
кітап     бет
дәптер     аш
дала     ойна
шаңғы     теп

7.Берліген түбір сөзге қосымша қосып, екінші бағанадағы сөздермен байланыстыр.
Аула     шықтым    Автобус     келдім
жүр     міндім
көрдім         түстім
көрдім

8.Бірінші жолдағы сөздерге – жуан, екінші жолдағы сөздерге жіңішке қосымшалар жалғап, сөздерді көшіріп жаз.
өнерпаз, ұста, жұлдыз, шолпы, орақ
өрегер, киіз, күміс, шегіртке, білезік

9.Көп нүктенің орнына – лар, — лер, -тар, -тер, -дар, -дер жалғауының тиістісін қойып, сөздерді көшіріп жаз.
Қуыршақ…    шағала…        кітап…
өсімдік…        өрмекші…        жидек…
құлын…        қыз…            жүзім…

10.Сөздерге ы, і әріптерінің тиістісін жалғап, көшіріп жаз.
Астық, қонақ, бөбек, өрнек, құрақ, бұлақ, көлік, білек, жүрек, жарық, одақ, терек.