Қазақстанның ХIV – XV  ғасырлардағы қалалық сәулет өнері, кесенелер, сәндік қолданбалы өнер

«Б.Жұмалиев атындағы орта мектеп» ММ

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы:  Қазақстанның ХIV – XV  ғасырлардағы қалалық сәулет өнері, кесенелер, сәндік қолданбалы өнер

 

 

 

 

Дайындаған: Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Тарих факультеті

Тарих мамандығының

тәжірибеден өтуші студенті

Камидуллаева М.Е

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Қалалық сәулет өнері, кесенелер, сәндік қолданбалы өнер

 Сабақтың мақсаты: Қазақстанның ХIV – XV  ғасырлардағы сәулет өнерін, қолданбалы өнер, архитектуралық құрылыс жүйелері туралы білімдерін арттыру.Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру, ойлау, іскерлік қабілеттерін дамыту.

Сабақтың әдісі: «Көш», «Балықшылар», «Сырлы ауыл», «Қазыналы әлем» әдістері арқылы сұрақ – жауап, баяндау, түсінік беру.

Сабақтың көрнекілігі: түсті қағаздар, карта, интерактивті тақта.

Пән аралық байланыс: Қазақ тілі мен әдебиеті, география, бейнелеу.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру. «Көш» ойыны.

Оқушыларды топқа бөлу. (IV топқа, төрт көш Оңтүстік Қазақстан жеріне саясахатқа шығамыз. Жолда бірнеше кедергілерге кезігіп, солардан сұрақ жауап арқылы жол тауып өтеміз.Бұл…)

  1. Өткен сабақты жүйелеу. «Балықшылар» ойыны.

1.               Топпен үйге берілген тапсырманы сұрақ жауап арқылы орындау. (Бұл ойын барысында топтық жұмыс, яғни көш кезіндегі кедергілердің бірі, жолдан азық алу, Арал теңізінен балық аулаймыз. Әрбір көшке үш сұрақтан. Дұрыс жауап(балық беріледі) барысында көшке ілесіп отырады.)

2. «Сырлы ауыл» ойыны. (Көш бір ауылға келіп тоқтап,мәдениетіне ерекше көңіл бөледі… Суреттер беріледі.)

 

   ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру. (Көшпен Оңтүстік Қазақстан жеріне келіп, біраз аялдаймыз.Сол жердің қалалық сәулет өнерімен танысамыз.)

     IV.Бекіту, жинақтау. «Қазыналы әлем» ойыны. (топтарға жаңа тақырып бойынша тапсырмалар беру)

  1. Қорытындылау, бағалау
  2. Үйге тапсырма беру

 

 

 Үй тапсырмасын сұрау:

Балалар біз өткен сабақта Отандық тарихтың ең негізгі тарауларының бірі Қазақстанның ХIV-ХV ғасырлардағы мәдениеті тақырыбын өткенбіз, сол тақырыпты қарай меңгергендерінді білу үшін мына сұрақтарға жауап беріп көрейік.

«Балықшылар» ойыны.

2.               Топпен үйге берілген тапсырманы сұрақ жауап арқылы орындау. (Бұл ойын барысында топтық жұмыс, яғни көш кезіндегі кедергілердің бірі, жолдан азық алу, Арал теңізінен балық аулаймыз. Әрбір көшке үш сұрақтан. Дұрыс жауап(балық беріледі) барысында көшке ілесіп отырады.)

  1. 1. Материалдық мәдениет дегеніміз не?

2.ХІҮ-ХҮ ғ. материалдық мәдениетке нені жатқызуға болады?

Ж:Материалдық мәдениетке-киім-кешек,еңбек құралдары,құрал-сайман,ыдыс-аяқ.

3.Киіз үйдің қандай түрлерін білесің?

Ж:6 қанатты үй, 12 қанатты, 36 қанатты

4.Қазақтың киім кешектері негізінен неден жасалған?

Ж:Жүн мен теріден,матадан жасалған. Сол сияқтытеріден және жүннен аяқ киімдер тіккен.

5.Қандай тағам түрлерін білесіңдер?

Ж:Негізгі тамақтары сүттен, еттен,дәнді-дақылдардан жасалған.

 

Сүт тағамдары-айран, май, ірімшік, қатық шұбат, қымыз т.б

6.Қандай құрал-сайман түрлерін білесіңдер?

Ж:Ер-тұрман, жүген құрық, арқан, желі, көген сияқты құрал-жабдықтарды пайдаланған. Қар-жарақтың садақ, найза,қылыш,шоқпар сияқты түрлерін соғыс жағдайында қолданған.

Рухани мәдениет бойынша сұрақтар:

1.Рухани мәдениет дегеніміз не?

Ж: Белгілі бір кезеңде өмір сүрген халықтың жан-дүниесінің көрінісі. Халықтың әдет-ғұрпы, салт-санасы, ауыз-әдебиеті, аңыз,қиял-ғажайып әңгімелері, діни наным-сенімдері жатады.

2.Фольклор дегеніміз не?

Ж: Ел ішінде айтылып жүрген ертегілер, аңыз әңгімелер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар эпостық жырлар жатады.

3.Қандай ертегілерді білесіңдер?

Ж: «Ер төстік», «Жоямерген», «Керқұла атты Кендебай», «Құламерген» т.б.

4.Қандай эпостық жырды білесің?

Ж: «Қобылынды батыр» жыры.

5.Алтын Орда ыдыраған кезде пайда болған тарихи батырлық жырлар?

Ж: «Ер тарғын», «Орақ-Мамай», «Ер Қосай», жырлары елін-жерін жаудан қорғаған батырлар бейнесін жырлайды.

6.ХІҮ-ХҮ ғасырлардағы қыпшақ тілінде жазылған туындылар?

Ж: «Кодекс-Куманикус», «Оғызнама», «Жүсіп — зылиха», т.б.

7.Қандай күйлерді білесіңдер?

Ж: «Ескендір», «Қамбар батыр», «Шора батыр» тәрізді күйлер.Алтын Орда дәуірінен келе жатқан «Жошы ханның жортуы», «Ақсақ құлан», «Ел айырылған», «Сағыныш» сияқты  күй аңыздар  халқымыздың  музыка өнеріндегі  асыл қазыналары.

8.Адамдар ислам дінін қабылдағанға дейін неге сенген?

Ж: Отқа, суға, көкке, пұтқа, тылсым күштерге табынған.

9.ХІҮ ғасырда  қандай хандардың  тұсында ислам дінінің таралуына көңіл бөлінген?

Ж: Өзбек хан, Тоғылық Темір хан (Моңғолдардың тұсында)

10.Дін дегеніміз не?

Ж: Адамдарды ізгілік пен шындыққа жеткізген заңдар жиынтығы.

11.“Ислам діні” атты мақаланы кім жазды?

Ж: Шоқан Уәлиханов

12.Тасаттықты не үшін берген?

Ж: Қуаңшылық жылдырда тәңірге сиынып, «тасаттық» ырымы жасалған. Қасиетті бұлақ басына ақ құйып және мал сойып, қанын суға ағызған, көктен жаңбыр сұрау да әлі күнге дейін ел арасында  орын алған.

13.“Бойтұмар” дегеніміз не?

Ж:Тіл көзден сақтайтын белгі зат. Ол негізінен киелі аң құстың тісі, тырнағы,қауырсыны түрінде болып келеді.

Сырлы ауыл: Киіз үйдің баулары: таңғыш, бас арқан, шалма, желбау, басқұр,үзік бау, бел бау. Киіз үйдің сыртқы жабдықтары: туырлық, түндік, үзік және киіз есік.

Жаңа сабақ: (Көшпен Оңтүстік Қазақстан жеріне келіп, біраз аялдаймыз.Сол жердің қалалық сәулет өнерімен танысамыз.)

Жоспары:

  1. Арыстан-баб кесенесі.
  2. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі.
  3. Көккесене күмбезі.
  4. Алаша хан кесенесі.
  5. Рабиға Сұлтан Бегімнің кесенесі.

 

 

Миға шабуыл:

1) Сәулет өнері жайлы не білесіңдер?

2) Кесене туралы түсінігіміз қандай?

 

 

— Сәулет (архитектура)- латын сөзі.Жобасы күрделі, биік, әсем салынған сәулеттік ғимарат;

— Кесене— белгілі адамдардың құрметіне қабір басына тұрғызылған діни құрылыс;

 

Кіріспе сөз

Сәулет өнері Қазақстанда Х-ХІІ ғасырларда  Қарахан мемлекетінің кезінде өркендей бастаған еді. Оның басты себебі Тараз қаласының маңындағы Айша бибі, Бабаджа қатын сияқты сәулет өнерінің тамаша туындыларына ХІІІ ғасырдағы Моңғол шапқыншылығы үлкен нұқсан келтірді.ХІІІ-ХІҮ ғасырларға дейін жерімізде айтарлықтай ірі құрылыстар салынбаған.

ХІІІ ғасырдың екінші жартысынан бастап қалалық отырықшылық мәдениеттің жандануы нәтижесінде  ХІҮ-ХҮ ғасырларда  ірі сәулет құрылысы басталды.

Қане, балалар, сәулет өнеріндегі қандай кесене, мазарларды білесіңдер? 

Мысалы бізге жеткен тамаша сәулет өнері Арыстан баб Қ.А.Иасауи, Көккесене, Алаша хан т.б. кесенелер жатады.

1.     Арыстан баб кесенесі

Арыстан баб кесенесі Отырар қаласының батыс  жағында 3 шақырым қашықтықта  Сырдария өзеніне жақын жерде орналасқан.Арыстан баб ҮІІ-ҮІІІ ғасырларда өмір сүрген.Қожа Ахметтің рухани ұстазы болған.Ол Отырар, Сайрам, Иассы өңіріндегі сопылардың рухани ұстазы.

Кесене дәлізхана,мешіт,құжырхана,азан шақыратын мұнара сияқты жеке  бөлмелерден құралған. ХІІ ғасырда (1327жылы арабша) салынған.

Ол әулие Ислам дінін уағыздаған. Онда дүние мен мансап, қиянат атаулының бәрінен  қаш деген уағыз айтылып, талапкерге хақ жолынан  айныма деген уағыз айтады.

Мұғалім: Арыстан баб кесенесі ХХ ғасырдың басында  жергілікті  халықтың қаражатымен  Меккеге қараған есігі Түркістанға әзірет сұлтанға бағытталып қайта жөнделді.

Ал,енді келесі кесенеге тоқталамыз.

 

  1. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі  туралы деректер

Қожа Ахмет Яссауи – Түркістандық. Сайрам (Исфиджаб) қаласында дүниеге келген. Оның әкесі Исфиджабта атақ-даңққа бөленген әулие Әзірет Әлінің ұрпағы – Шейх Ибраһим. Анасы Мұса Шейхтың қызы Айша (қазақтар оны Қарашаш ана дейді)

Қожа Ахмет Яссауидің ұстазы – Арыстан баб.Ұстазы қайтыс болғаннан кейін Бұқараға барып  Орта Азияда атақты  сопылықты уағыздаушы шейх Юсуф Хамадамиден білім алады. Ол Ислам дінін таратқан.

Қожа Ахмет Яссауи  Тәжік-парсы әдебиетінің  үлгісін тастап, түркі тілінде күрделі шығарма жазған.

Ол «Диуани Хикмет» кітабында қатыгездік, сараңдық, дүниеқұмарлыққа қарсы шығады. Сопылық ілім жолымен ол баюға,жеке бас  мүддесінің құлы болуға ұмтылатын діни қызметкерлерге қарсы шықты.Ахметтің ойы бойынша шындықтың жолы – құдай жолы.

Қожа Ахмет Яссауидің «Көңіл айнасы» атты шығармасы Швецияның Упсала қаласындағы Университет кітапханасының ескі жазбалар  қорында сақтаулы.Көлемі  534  парақтан тұрады.

Қожа Ахмет Яссауи кесенесін Түркістан қаласында 1397жылы Самарқан әмірі Темір тұрғызды. Ақсақ Темір көшпелі түркі тайпаларының   ислам дініне үндеген  әмірі болғандықтан, Яссауи кесенесін салуға үлкен мән берген.Кесенені Иран елінен алдырған сәулетші Мәулен Ғұбайдолла Садыр деген кісі салған. Бұл өте күрделі кешенді ғимарат.Кесене жалпы 35 бөлмеден тұрады.

Кесененің ішкі құрылымы:

— Негізгі бөлігінде –Тайқазан;

— Ахмет Яссауи жатқан көрхана;

— Үлкен ақ сарай;

— Кіші ақ сарай;

— Мешіт;

— Кітапханадан тұрады.

Биіктігі 37, 5метр. Қабырғаларының қалыңдығы – 3 метр, ені – 46,5метр, ұзындығы —  65 метр.Кесененің сырт қабырғалары  геометриалық бейнедегі  өрнектермен және қасиетті Құран аяттары жазылған тақталардан тұрады.

Мұғалім:ХҮІ ғасырдан бастап кесененің жекеленген бөлмелеріне әйгілі адамдардың сүйегі қойыла бастады. Онда Жолбарыс хан, Есім хан, Абылай хан, Әмір Темірдің шөбересі Бабыр хан, Қаз дауысты Қазыбек би, Жәнібек батыр, тағы басқа белгілі адамдар жерленген. Кесене ЮНЕСКО-ның қызыл кітабына енгізілген.

Кесенеде Тайқазан бар.Бұл қазанды 1399жылы Тербиз (Иран) шаһарының ұстасы Әбділ Әзиз ибн Саруараддин Қарнақта құйған.7 түрлі металдан жасалған.

Бұл Тайқазанда жұма күндері намазға келген  діндарларға тәтті  су және жетім – жесірлерге,қаріптерге арнап ас берген.

Бүкіл халықтың басын қосып адамдықты,адамгершілікті уағыздаған.

 

  1. Көккесене туралы деректер

Көккесене Сығанақ қаласының маңында орналасқан. Төменарық кентінің солтүстік-батысында 8 шақырым жерде орналасқан. Кіре беріс арқасы сүйірленіп, өте сәнді жасалған.Кесене ХІҮ ғасырдың орта шенінде тұрғызылған. Бұл күмбезден жабылған Әбілқайыр ханның салтанатты қабірі. Кесене 8 қырлы, 16 қырлы барабан және сүйір шатырлы күмбезден жасалған.

Сыртқы жағы геометриялық өрнек жасайтын ақ,көк және  көгілдір түсті  кірпіштермен қапталған.Кесененің құрылыс жүйесіндегі өрнек  үлгілері Орта Азия  сәулет өнерінде кездеспейді. Өкінішке орай бүгінгі күні тек жұрнағы ғана қалған.

 

  1. Алаша хан туралы деректер

Күмбез Ұлытау ауданындағы Қаракеңгір өзенінің жағасына  салынған.Қазіргі Жезқазған облысында.

Алаша хан кесенесі далалық сәулет өнерінің үлгісінде жасалды.Оның іргетасы текшеленіп қаланып, төбесі күмбезделген. Кіре беріс маңдай алды киіз үйдің қос қанатты  сықырлауық есігі тәрізді. Күмбездің екі жақтауы мен маңдайшасы  өрнекті кірпіштермен қос сызықша етіп қатар өрілген.

Сыртында кереге көзді кілем тәрәзді өрнегі бар. Кесененің құрылыс жүйесіндегі  үлгілер Орта Азия  сәулет өнерінде кездеспейді.

Бұл ғимараттың ерекшелігі үстіңгі барабанды айналып өтетін екінші қабаты болады. Оған үйдің ішімен шығатын басқышпен көтеріледі. Аңызға қарағанда осы күмбезді салушылар оны атына лайықтап алаша -кілем түрімен нақыштаған. Мұнда таңдай қиықша, үшкіл, жұлдыз, гүл, түкті кілемнің түріндей  өрнектелген.

 

  1. Рабиға Сұлтан Бегімнің кесенесі  туралы деректер

Рабиға Сұлтан Бегімнің кесенесі  ХІҮ-ХҮ ғасырларда салынған.Қазіргі Түркістан қаласында.Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің оңтүстік шығысында 60 метр жерде орналасқан.

Рабиға Сұлтан Бегім 1485жылы қаза болған. Ол Әмір Темірдің ұлы Ұлықбектің қызы. Әбілқайырдың  (Шайбани хан тұқымы) әйелі. Әбілқайыр қайтыс болғаннан кейін 16 жыл қаза тұтқан, кейін Түркістанда қайтыс болған.

Кесене 5 бөлмеден тұрады. Кесененің қас беті сүйір ұшты биік арка түрінде жасалған. Үйдің дөңгелек  пішінді ортақ бөлігі күмбездеп жабылған. Сағананың ала күмбезін сүсір ұшты аласа 8 арка тіреп тұр.

 

 

Жаңа сабақты бекіту.

  1. Қожа Ахметтің рухани ұстазы — …(Арыстан баб)
  2. Әмір Темірдің бұйрығымен салынған кешенді кесене — …

(Қожа Ахмет Яссауи )

  1. Сығанақ қаласының маңында орналасқан кесене — …

(Көккесене)

  1. Қаракеңгір өзенінің жағасында орналасқан кесене — …

(Алаша хан)

  1. Ішінде кітапхана салынған кесене — …

(Қожа Ахмет Яссауи)

  1. Алаша хан кесенесіне ұқсас кесене — …

(Көккесене)

  1. Атақты адамдар жерленген кесене — …

(Қожа Ахмет Яссауи)

  1. Орта Азияның сәулет өнерінде кездесетін  ерекше өрнекті кесене — … (Алаша хан)
  2. Далалық сәулет өнерінің үлгісінде жасалған кесене — …

(Алаша хан)

  1. Қожа Ахмет Яссауи ғимаратының шығыс жағында орналасқан кесене — …

(Рабиға Сұлтан Бегім)

  1. Көпшілікке арналған сәулет құрылысы — …

(монша)

  1. Ұлықбектің қызы — …

(Рабиға Сұлтан Бегім)

  1. ХІІ ғасырда салынған кесене — …

(Арыстан баб)

 

Дұрыс жауабы:
— Сәулет өнері Қазақстанда Х-ХІІ ғасырда Қарахан мемлекетінің кезінде өркендеген.
— XIV-XV ғасырлардағы сәулет өнерінің үлгілеріне Арыстан баб, Қожа Ахмет Иассауи, Көккесене,

Алашахан кесенелері жатады.
— Бөлмелердің ішіндегі негізгісі – кітапхана.
— Кесененің өрнек үлгілері Орта Азия сәулет өнерінде кездеспейді.

Қорытынды.

ХІҮ-ХҮ ғасырлардағы  сәулет өнеріндегі ескерткіштердің тарихымен таныстық. Қазақстан Республикасы Конституциясының  37- бабында айтылғандай, әр азамат тарихи және мәдени мұралардың сақталуына қамқорлық жасауға, тарих пен мәдениет ескерткіштерін қорғауға міндетті.

Президентіміз Н.Ә.Назарбаев «Мәдени — мұра» бағдарламасы бойынша тарихи ескерткіштерді, мәдени мұраларды зерттеуге тапсырмалар берілді. Қазіргі таңда  әлем деңгейінде зерттеу жұмыстары қызу жүріп жатыр.

 

Оқушыларды бағалау.

Оқушының қабілетіне қарай берген жауаптарын бағалау.

 

Үйге тапсырма.

  • 34. Қазақстанның ХIV – XV ғасырлардағы сәулет өнері.

Әрбір топқа кесенелер туралы реферат жазу.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Қазақстан тарихы анықтамасы 5-11 сынып, 2005 жыл
  2. Қожа Ахмет Иасауи. Байниетова Сәуле 2007 жыл
  3. Батырлар жыры. Көптомдық А. 1986-1990 жыл
  4. Қазақстан архитектурасы А. 1959 жыл
  5. Қазақ халқының қолөнері А.1995 жыл

 

 

Монша туралы мұғалім мәлімет береді

ХІҮ-ХҮ ғасырларда Түркістанда, Отырарда,Таразда монша табылған.

Отырардағы монша.ХІІІ ғасырдың соңғы ширегі-ХҮ ғасырдың  басындағы монша қазылып табылды.Моншаның жалпы көлемі – 163.5 шаршы метр, 10 бөлмеден тұрған. Олардың ішінде шешінетін жер, буға түсіп массаж жасайтын 2 бөлмесі бар.Залдың жуынуға арналған бөлмесінде «ыстыққана» мен «суыққана» кіретін бөлме болған.Құдық суын пайдаланған,ыстық өткізетін құбырлармен қыздырылған. Суға шомылған кезде қолданатын бірнеше ерітінді пайдаланған. Ол өсімдіктерді, күкіртті, күлді қайнату арқылы алынған.Онымен қатар темір, кварц, тотияйын да пайдаланылған.

Монша оттықпен жылытылған. Лас сулар су құбырлары арқылы сыртқы шұңқырға құйылатын болған. Монша күйдірілген кірпіштен салынған.

Отырардағы монша үлгісіне ұқсастырып Түркістандағы, Тараздағы монша салынды.

Моншаның жобалануы Орта Азияның, Кавказдың, Таяу және Орта Шығыстың моншаларына ұқсас.Қазақстанда 500-ге  жуық монша болған. Осы монша үлгісінде Алматыдағы «Арасан» моншасы салынған.