Кеше мен бүгін тақпақ

Кеше мен бүгін

Ен даланың ерке өскен қызымын,

Еркіндікке айналғанда қызығым.

Кешегімен бүгінгі ойланып,

Терең ойдың  толғайыншы үзігін.

Кеше қазақ кім еді,

Бүгін қандай?!

Көкейіме ащщы өксік

Тығылғандай.

Үш жүз болып Ресейге қосылғанда,

Шұбарламапты бабалар

Тілін балдай!

Қайран,қазақ,рухың неткен күшті еді?!

Зарлы үніңді тыңдайды кім іштегі.

Ал,бүгінгі  жасөспірім жастардың,

Шұбарлы тіл,рэп тыңдау істері.

Ұмытқан төл әріпті

Бүгін бала.

Қазіргі қазақтықтың

Түрін қара.

Әлемде қанша керім тіл болса да

Қазақ дейтін жалғыз-ақ

Тілің дара!

 

Арай Амантай Абзалқызы