«Экономикалық білім негіздерінен»

«Экономикалық білім негіздерінен»

5-сыныпқа арналған тест-тапсырмалары

І.Экономика

1.Адамның қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған заттардың жиынтығын не деп атайды?

а)игілік

б)көлік

в)шаштараз

2.Үй,бақша,саяжай,жиһаз,ыдыс-аяқ және әр түрлі мүліктер шаруашылықтың қай түріне жатады?

а)үй шаруашылығына

б)халық шаруашылығына

в)кәсіпорын шаруашылығына

3.Шаруашылық іс-әрекетке жататындар?

а)сату,сатып алу,демалу,тамақ ішу

б)сату, сатып алу,өндіріс, тұтыну

в)сату,сатып алу,ұйықтау,оқу

4.Экономика дегеніміз не?

а)отбасының шаруашылық іс-әрекеті

б)мемлекеттің,кәсіпорынның,адамныңжанұяның,шаруашылық іс-әрекеті

в)жеке фирманың шаруашылқ іс-әрекеті

5.Экономикада басты рөлді атқаратын:

а)мемлекет

б)отбасы

в)адамдар

6.Шаруашылық түрлеріне жататындар:

а)үй шаруашылығы,кәсіпорын шаруашылығы

б)кәсіпорын шаруашылығы,халық шаруашылығы

в) үй шаруашылығы,кәсіпорын шаруашылығы,халық шаруашылығы

7.кәсіпорын шаруашылығын құрайтындар:

а)ғимараттар,құрал-жабдықтар,машиналар

б)үй,бау-бақша,жиһаз,ыдыс-аяқ

в)жер байлығы,егіс даласы және орман

8.Үй шаруашылығына жататындар:

а)ғимараттар,құрал-жабдықтар,машиналар

б)үй,бау-бақша,жиһаз,ыдыс-аяқ

в)зауыт,фабрика,шахта

9.Халық шаруашылығына жататындар:

а)ғимараттар,құрал-жабдықтар,машиналар

б)үй,жиһаз,ыдыс-аяқ

в)жер байлығы,зауыт,фабрика,шахта

10.Адамдар барлық игіліктерді өндіру үшін қандай қорларды пайдаланады

а)табиғат қорларын,еңбек қорларын

б)еңбек қорларын,капитал қорларын

в) табиғат қорларын,еңбек қорларын,капитал қорларын

11.Шектеулі қорларды тиімді пайдаланып, адамдардың шексіз қажеттіліктерін қанағатандыру мәселелерін қарастыратын ғылым

а)экономика

б)табиғаттану

в)география

 

 

ІІ.Қажеттілік және шектеулік

1.Қажеттілік неден туындайды?

а)бір нәрсенің жетіспеушілігінен

б)бір нәрсенің шектеулігінен

в)бір нәрсеге мұқтаждықтан

2)Қажеттіліктің қандай түрі бар?

а)материялдық,әлеуметтік,рухани

б)материялдық,өндірістік,әлеуметтік

в)қоғамдық,әлеуьеттік,рухани

3.Үй құралдары,мәдени-шаруашылық құралдары қажеттіліктің қай тобына?

жатады

а)материялдық

б)әлеуметтік

в)рухани

4.материялдық қажеттіліке жататындар:

а)үй шаруашылықтары,мәдени-шаруашылық құралдыры

б)адамдардың бірлесіп еңбектенуі,оқуы

в)адамдардық кітапқа,театрға,көркемөнер галереясына,киноға,ғылымға деген қажеттілігі

5.Адамдардың шаруашылық іс-әрекетінің  себебі мен нақты бағыты?

а)қажеттілік болып табылады

б)шектеулік болып табылады

в)мұқтаждық болып табылады

6.Көрсетілетын қызмет пен материалдық игіліктерді пайдалану?

а)тұтыну болып табылады

б)қанағаттандыру болып табылады

в)қажеттілік болып табылады

7.Тұтынудың түрлеріне жататындар?

а)әлеуметтік,материалдық,қоғамдық

б)өндірістік,қоғамдық,рухани

в)өндірістік,жеке,қоғамдық

8.өндірістік тұтынуға жататындар?

а)шикізат,электр тогы,тамақ,аяқ киім

б) шикізат,электр тогы,компьютер

в) шикізат,электр тогы,құрал-жабдық

9.Қоғамдық тұтынуға не жатады?

а)мектеп, үй,машина,тоңазытқыш,телефон

б)мектеп,аурухана,стадион,жолдар,

в)мектеп,почта,теледидар,автокөлік

10.Жеке тұтынуға не жатады?

а)жол

б)автокөлік

в)емхана

11.Адамдардың өмірлік қажетті затарына жататындар?

а)тамақ,киім,баспана

б)автокөлік,ұшақ,кеме

в)зергерлік бұйымдар

12.күнделікті өмірде өте қажет және жиі пайдаланатын

тауар мен қызмет көрсету?

а)өмірлік қажеттілік дейміз

б)өндірісьік қажеттілік дейміз

в)әлеуметтік қажеттілік дейміз

 

13.Материалдық игіліктерге не жатады?

а)тамақ

б)дәрігерлік көмек көрсету

в)шашты кестіру

14.Адамның шексіз қажеттілігі қоғамның ресурс шектеулілігі жағдайында қалай шешіледі.

а)ол үшін таңдай жасалады

б)ол үшін тауарларды көптеп өндіреді

в)ол үшін ресурстаркөптеп тартылады

15.Таңдау жасау не үшін қажет?

а)адамның шексіз қажеттілігін қанағаттандыру үшін

б)адамның бірінші кезектегі қажеттілігін қанағатандыру үшін

в)адамдардың күнкөріс шамасын қамтамасызету үшін

16.Кім тұтынушы болып табылады ?

а)мұгалім,дәрігер,жүргізуші

б)экономист,инженер,бухгалтер

в)біз,бәріміз

17.Тұтынушының таңдауына?

а)тұтынушының тілегі мен қызығушылығына әсер етеді

б)тауар бағасы мен табыс деңгейі ықпал етеді

в)  тұтынушының тілегі мен қызығушылығына,тауар бағасы мен табыс деңгейі ықпал етеді

18.Жанұяның табыстары неден құралады ?

а)жалақы,зейнетақы,шәкірт ақыдан

б)жалақы,қосалқы шаруашылықтан түскен ақшадан

в) жалақы,зейнетақы,шәкірт ақыдан,қосалқы шаруашылықтан түскен ақшадан жәрдем ақыдан

19.несие үшін төленетін ақы ….деп аталады.

а)пайыз

б)рента

в)дивидент

20.Банктен алған ақшаны:

а)несие дейді

б)жалақы дейді

в)жәрдем ақы дейді

21.Сақтандырудың түрлері?

а)мүлікті,денсайлықты сақтандыру

б)өмірді,мүлікті,көлікті сақтандыру

в)денсаулықты,өмірді,мүлікті,көлікті сақтандыру

22.Бюджет дегеніміз…

а)табыстарды реттеу жоспары

б)шығындарды реттеу жоспары

в)тыбыс пен шығындард реттейтін қаржы жоспары

23.бюджет тапшылығ қандай жағдайда болады ?

а)кіріс шығыннан асып кеткен жағдайда

б)шығын кірістен асып кеткен жағдайда

в)шығын мен кіріс теңескен жағдайда

24.Нақты табыс дегеніміз:

а)номиналды табысқа сатып алуға болатын тауар мен қызмет көрсетуге төленген құн

б) номиналды табысқа сатып алуға болатын тек қана тауарлардың құны

в) номиналды табысқа сатып алуға болатын тек қана қызмет көрсетугетөленетін құн

 

25.Инфляция деген не ?

а)бағанның төмендеуі,сұрамның өсуі

б)бағаның өсуі,ұсыныстың өсуі

в)ақшаның құнсыздануы,тауар бағынның өсуі

 

ІІІ.Тұтынушы құқығын қорғау

1.Орындай үшін міндетті болып саналатын тәртіпті не деп атайды?

а)ереже

б)бұйрық

в)қаулы

2.мемлекет бекіткен,жалпыға бірдей тәртіп ережесінің жинағы не ?

а)шарт

б)келісім

в)құқ

3.Даулы мәселерді шешудің нақтылы құралы не?

а)заң

б)нүсқау

в)қаулы

4.Қзақстанда заңдык кім қабылдайды ?

а)парламент

б)Үкімет

в)жоғары сот алқасы

5.Қазақстан Ресбупликасының Ата Заңы?

а)Конституция

б)Азаматтық заңдар жинағы

в)еңбек жайлы заң жинағы

  1. Қазақстан Ресбупликасының алғашқы Ата Заңы қашан қабылданды Қазақстан РесбупликасыныңАта Заңы?

а)1996 жылы 17 желтоқсанда

б)1995 жылы 30 тамызда

в)1993 жылы 28 қаңтарды

7.Кімдердің құқығы заңдармен қорғалады

а)тұтынынушылардың,қатардағы қызметкерлердің

б)өндірушілердің,жетекшінің

в)барлық Қзақстан азаматтарының

IV.Өндіріс және еңбек

1.Экономиканың ең маңызды мақсаты

а)адамдардың шексіз қажеттіліктерін қанағаттандыру

б)адамдарды жұмыспен қамту

в)адамдарды киім-кешекпен,үй,пәтермен қамтамасыз ету

2.Баға тұрақтылығы деп нені айтады

а)тауар бағасының жиі дәне күрт өзгермеуін

б)қызмет көрсетулер бағасының жиі және күрт өзгермеуін

в)тауарлар мен қызмет көрсетулер бағаларының жиі және күрт өзгермеуін

3.Өндіріс факторлары деп нені айтамыз

а)материалдық игіліктерді жасауға қатысатын қорларды

б)тұтыну қорларын

в)ақша қорларын

4.Қызмет көрсету мен материалдық игілікті өндіру процесі дегеніміз не

а)өндіріс

б)мектеп

в)емхана

5.Кәсіпкер өзі өндірісті

а)адамның өз еркі

б)ұйымдастырушы

в)басқарады және ұйымдастырады

6.Адамның еңбекке деген қабілеттілігі не

а)адамның өз еркі

б)адамның саналығы

в)адамның жұмыс күші

7.Арнайы білімді талап ететін еңбекті :

а)күрделі еңбек дейді

б)жай еңбек дейді

в)жеңіл еңбек деййді

8.Дене еңбегі:

а)Адамның қара күшін талап етеді

б)адамның білімін,шеберлігін,жұмыс дағдыларын талап етеді

в)адамның белгілі бір іскерлігі мен шеберлігін талап етеді

9.Ақыл-ой еңбегі:

а)Адамның қара күшін талап етеді

б)адамның білімін,шеберлігін,жұмыс дағдыларын талап етеді

в)адамның белгілі бір іскерлігі мен шеберлігін талап етеді

10.Адамдар табысың көзі:

а)еңбекақы

б)зейнетақы

в)жәрдем ақы

11.төменде берілгендердің қайсысы өндірістің ең негіщгі көрсеткіші болып табылады

а)еңбек өнімділігі

б)еңбек нәтижесі

в)өндіріс нәтижесі

12.Зейнеткерлер жасқа жеткен жағдайда төленетін ақшалай төлем

а)еңбекақы

б)зейнетақы

в)жәрдем ақы

13.Басқардарға қарағанда өз ісіне шебер адам кім

а)маман

б)жұмыскер

в)еңбекқор

 

 

V.Айырбас

1.Кез келген тауарға қызметкөрсетуге,айырбастауға берілетін тауарларға төленетін төлем

а)ссуда

б)ақша

в)пайыз

2.Ақшасыз айырбасты не деп айтады

а)сауда

б)бартер

в)аукцион

3.белгілі бір мерзім ішінде еңбекке төленетін ақша не деп аталынады

а)жәрдем ақы

б)зейнетақы

в)жалақы

4.Нақты бір адам иелік ететін мүлікті меншіктің қай түріне жатқызамыз

а)Қоғамдық меншікке

б)мемлекеттік меншікке

в)жеке меншікке

5.Адамдар мен кәсіпорындар арасында жасалғын шартты…

а)келісім дейді

б)бұйрық дейді

в)жоспар дейді

6.Белгілі бір кәсіпкерлік іс-әрекетің нәтижесінде түскен пайданы:

а)кіріс дейді

б)пайыз дейді

в)өнім дейді

 

«Экономикалық білім негіздерінен»

6-сыныпқа арналған тест-тапсырмалары

І.Өндіріс факторлары

1.Жер,көл,теңіз,су,ауа,балық,мұнай қандай қор түріне жатады

а)табиға қорларға

б)еңбек қорларына

в)капитал қорларына

2.Еңбек ресурстарына адамдардың қандай топтары жатады

а)жоғары білімі бар,бірақ жүмысқа жарамайтын адамдар тобы

б)зейнет жасындағы адамдар тобы

в)14 жастан зейнет жасына дейінгі ,жұмысқа деген қабілеті бар адамдар тобы

3.Адамдардың материалдық игіліктерді өндіру барысында қорлардың толық жтіспеушілігін:

а)шектеулік дейді

б)зардапшылық дейді

в)тапшылық дейді

 

ІІ.Табиғи қорлар

1.Экономика қазынасы не?

а)табиғат

б)жұмыс күші

в)ақша

2.Қазақстанда қай жылы қоршаған ортаны қорғау туралы заңқабылданды?

а)1991 жылы 18 маусымда

б)1991 жылы 9 маусымда

в)1991 жылы 11маусымда

3.Қазақстан Республикасының Министрлер кабинеті қай жылы «Қазақстан экология және табиғатты пайдалану жөніндегі мемлекеттік комитеті туралы»Ереже қашан бекітілді?

а)1998 жылы 8 қыркүйекте

б)1996 жылы 11 қыркүйекте

в)1999 жылы 5 қыркүйекте

4.Табиғат байлығын құрайтындар:

а)пайдалы қазбалар,ғимарат,тұрғын үйлер

б)жан-жануарлар,құрал жабдықтар

в)су,ауа,жер оның қойнауындағы пайдалы қазбалар ,өсімдіктер әлемі.

5)Табиғат қорларын тиімді пайдалану және орнын толтыруға қамқорлық жасаудың себебі неде.

а)олар шектеулі болғандықтан

б)олар тапшы болғандықтан

в)олар қымбат болғандықтан

6.Қоршаған ортаға әсер ететін қауіпті қалдықтарды азайту үшін :

а)халықтың санын көбейту қажет

б)өндіру орнын көбейту қажет

в)арнайы тазарту қондығылары мен зиянды қалдықтарды қайта өңдеу зауыттарын салу, экологияға таза өндірістерді дамыту қажет.

7.Мемлекет қоршаған ортаны қорғау мақсатында ластайтын кәсіпорындарға:

а)салық мөлшерін өсіреді

б)салықтарды азайтады

в)салық салуды қатаңдатады

8.Табиғат байлығын сақтау және қалпына келтіру ісімен араласатын халықаралық қоғамдық ұйымдар:

а)Халықарылық БҰҰ

б)Қазақстанның қоршаған ортаны қорғау комитеті

в)Қазақстанда Қоршаған ортаны қорғау қоғамы

9.Адам денсаулығына пайда келтіретін табиғат көздеріне:

а)миниралды сулар,емдік қасиеті бар балшықтар,дәрілік өсімдіктер

б)жер астындағы қазба байлықтары,дәрілік өсімдіктер

в)ядролық сынақтар,қазба байлықтары жатады

ІІІ.Еңбек қорлары

1.Жұмыс күшіне не жатады?

а)адамның жұмысқа деген құқы

б)адамның жұмысқа деген қабілеті

в)адамның жұмысқа деген жауапкершілігі

2.Өндіріс процесінде тікелей тұтынуға арналған дайын өнімдер шығаратын адамдарды:

а)өндіріс персоналын деп айтады

б)Қызмет етуші персоналды деп атайды

в)қызметкерлер деп атайды

3.Менеджердің міндеті не?

а)Оқушыларға білім беру

б)Өндірісті және мекемені басқару

в)өнімдерді сату

4.Жалақының қандай түрлері бар?

а)мерзімді,уақытша,келсімді

б)мерзімді,кесімді,қысқа мерзімді

в)мерзімді,мерзімсіз,келсімді

5.Жұмыскер белгілі уақыт ішінде істеген жұмысы үшін жалақының қай түрін алады?

а)мерзімді

б)кесімді

в)келсімді

6.Жалақының ең ьөмен мөлшері…

а)күнкөріс шамасымен анықталады

б)жұмысшының белгілі бір уақыт ішінде істеген жұмысымен аынқталады

в)жұмыcшының өндірген өнімдерінің санына қарай анықталады

7.Шығарылған өнімнің мен сапасына қарай алатын жалақыны…

а)мерзімді

б)кесімді

в)келсімді деп атайды

8.Зейнетақы:

а)арнаулы қорлардан төленеді

б)мемлекеттік ақша қорынан

в)ұлттық мұнай қорынан

9.Жұмыссыздық деп нені айтамыз?

а)еңбекке қабілетті адамдардың жұмыспен қамтылуы

б)денсаулығының болмауына байланысты адамдардың жұмыспен қамтылуы

в)еңбекке қабілетті,жұмыс істегісі істегісі келетін тұрғындардың жұмыспен қамтылуы

10.Жұмыссыздар қатарына кімдер жатады?

а)өз мамандығы бойынша жұмысы жоқ адамдар

б)жоғары білімі жоқтығына байланыста жұмысы жоқ адамдар

в)жұмысқа қабілетті бар,жұмыс істегісі келетін және еңбек биржасында тіркелген адамдар

11.Еңбек биржасы…

а)жұмыссыздарға жұмыс істейтін орын

б)жұмыс тапқанша жұмыссыздық жөнінде жәрждем ақы төлейтін орын

в)жұмысыздарға жұмыс іздейтін,кәсіптік қайта даярлауға жағдай жасайтын.жұмыссыздарды қажетті мәліметпен қамтамасыз ететін орын

12.Еңбек келсімі…

а)жұмыс берушінің міндеттемелері жөніндегі келісім

б)Жалданған жұмыскердің алатын жалақы мөлшері жөніндегі келісім

в)жұмыс беруші мен жаданған жұмыскердің арасындағы еңбек мазмұны жөніндегі келісім

13.Ұжымдық келісім:

а)жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы келісімшарт

б)жұмыскерлер мен кәсіподақарасындағы келісімшарт

в)жұмыс беруші мен жұмысшылар атынан мекеменің кәсіподақ ұйымы арасындағы келісімшарт

 

IV.Капитал

1.Өндіріске салынатын капитал,ол:

а)инвестиция

б)қаржы

в)несие

2.Өндірістік қорларға жұмсалатын шығындарды

а)өндіріс шығындары дейді

б)тұрақты шығындар дейді

в)айнымалы шығындар дейді

3.Тұрақты шығын….

а)шығарылған өнім көлеміне байланыста емес шығындар

б) шығарылған өнім көлеміне тікелей байланысты

в)шығарылған өнімнің санына байланысты шығындар

4.Пайда дегеніміз не?

а)жалпы шығындардан жалпы табыстарды шегеріп тастау

б) жалпы шығындардан пайданы алып тастау

в)жалпы табыстардан жалпы шығындар нәтижесін шегеру

5.Тауар бағасының құрамына:

а)жалпы шығындардан минус пайда кіреді

б) жалпы шығындардан плюс пайда кіреді

в)шығындар минус пайда кіреді

6.Өндірістік капитал:

а)материялдық өндіріс саласында пайдалынады

б)сауда саласын пайдаланыды

в)қызмет көрсету саласында пайдалынады

7.Сауда капиталы:

а)айналыс саласында пайдалынады

б)өндіріс  саласында пайдалынады

в) қызмет саласында пайдалынады

8.Негізгі капиталға :

а)ғимараттар,құрал-жабдықтаржатады

б)шикізат,отын,электр қуаты жатады

в)жұмыс күші жатады

9.Айнымалы капиталға:

а)Ғимарат,құрал-жабдықтар

б)шикізат,отын,электр қуаты

в)жұмыс күші жатады

10.Өндірістік қорлардың тозуы деп:

а)өндірістік қорлрадың техникалық тозуы

б) өндірістік қорлрадың физикалықтозуы

в)ғылым мен ғылыми-техникалық прогрестің нәтижесіндегі өндірістік қорлардың тозуын айтамыз

11.Өндірістік қорлардың физикалық тозуы деп:

а)өндірістік қорлардың моральдық тозуын айтамыз

б)өндірістік қорлардың ғылыми-техникалық прогрестің нәтижесіндегі өндірістік қорлардың тозуын айтамыз

в)өндірістік қорлардың техникалық тозуы

V.Кәсіпкерлік

1.тәуекелге бел байлайтын білімді.кәсіби шеберлігі жоғары ,жайапкершілікті адамды:

а)мұғалім

б)дәрігер

в)кәсіпкер дейді

2.кәсіпкердің қандай түрі бар?

а)өндірістік,комерциялық,қаржылық ,шаруашылық

б) өндірістік,комерциялық ,қаржылық , дүниежүзілік

в) өндірістік,комерциялық ,қаржылық ,кеңестік

3.Коммерциялық кәсіп дегеніміз…

а)дайын тауарды көтерме бағамен сату

б)ақша және құнды қағазды сату

в)қаржы қорларын сату

4.кәсіпкерлік дегеніміз?

а)қызмет көрсету және тауарларды өндірумен шұғылданатын пайда алуға мақсаттанған іс-әрекет

б)тауарлармен қызметтерді сатып алу бағасынан жоғары бағаға сату арқылы пайда табуды көздейтін іс-әрекет

в)ақша,валюта,бағалы қағаздарды сату сатып алу арқыла пайда табатын іс-әрекет

5.Қаржылық кәсіпкерлік дегеніміз…

а)қызмет көрсету және тауарларды өндірумен шұғылданатын пайда лауға мақсаттанған іс-әрекет

б)тауарлармен қызметтерді сатып алу бағасынан жоғары бағаға сату арқылы пайда табуды көздейтін іс-әрекет

в)ақша,валюта,бағалы қағаздарды сату сатып алу арқыла пайда табатын іс-әрекет

VI.Меншік

1.Меншік дегеніміз не?

а)біз иелік ететін баспана

б)біз иелік ететін автокөлік

в)біз иелік ететін нәрселердің барлығы

2.Меншік нысандары:

а)жер ,адамдар,құрал-жабдықтар

б) жер ,адамдар,өндіріс,құрал-жабдықтар

в) жер ,көліктер,өндіріс,құрал-жабдықтар

3.Меншік тұлғалары:

а)адамдар,отбасы

б)ақша,валюта

в)автобус,көлік

4.Кең байлықтары,әкімшілік ғимараттар ,электр қуаты қай меншіккежатады ?

а)жеке меншік

б)мемлекеттік меншік

в)ұльық меншік

5.Мемлекет меншігінен жеке қолға ауысу  процесін не деп атайды?

а)аукцион

б)жекшелендіру

в)жәрмеңке

Экономикалық терминдерге тест

1.болашақ төлем есебінен алдын ала берілетін ақшаны:

а)аванс

б)несие

в)пайыз

2.Адамдарға кез келген тауарларды сатып алуға мүмкіндікберетін-..

а)ақша

б)обликация

в)акция

3.Көрсетілген өқиғаның шынында да болғаны дәлелдейтін құжат-…

а)акт

б)түсініктеме

в)түсінік хат

4.Акциоенрлік қоғамның мүлкінің белгілі бөлігіне иелікті куәландыратын ,иесіне түскен пайданың белгілі бөлігіналуға мүмкіндік беретін қағаз түрі-…

а)акция

б)облигация

в)вексель

5.Қлома-қол ақшаларды қабылдайтын және беретін адам-…

а)бухгалтер

б)кассир

в)сатушы

6.Адамдар немесе кәсіпорындар арасында жасалған шарт-…

а)ереже

б)құжат

в)келісім

7.кәсіпкердің не кәсіпорынның өндіріс нәтижесінен алатын ақшалар сомасы…

а)пайда

б)кіріс

в)табыс

8.Қайтарыммен алынған ақша не болып табылады?

а)қарыз

б)несие

в)кепіл

9.Тауар өндірушісіне тауардың қанша тұратындығынкөрсететін-…

а)мөлшер

б)баға

в)құн

10.кәсіпкердің немесе кәсіпорынның негізгі мақсаты

а)халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту

б)пайыз лау

в)үстеме пайда алу

11.Жеке адамның,кәсіпорынның,мемлекеттің қандай да бір мүлікке иелік етуі не болып табылады?

а)меншік

б)жеке меншік

в)мемлекетік меншік

12.мемлекетік меншікті жеке меншікке беру процесіне не деп атайды?

а)мемлекеттік меншікті мемлекет иелігне алу

б)жекешелендіру

в)мемлекеттік меншіктегі оюъектілерді экономиканың басқа тұлғаларына уақытша басқару беру

13.Қандай да бір істі орындай кезінде түскен таза табыс-…

а)табыс

б)пайда

в)дивидент

14.Кәсіпкер немесе кәсіпорынның табыстарынан мемлекет төлейтін бөлігін

а) салық

б)табыс салығы

в)қор дейді

15.Таурларды сату және сатып алу саласы-

а)өндіріс саласы

б)әлеуметтік сала

в)сауда саласы