Өлең,  мен  сені  аялап  өтем  

  Өнеге сағаты                                                          

Қосаман  Дархан Қосаманқызы

Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Байғанин орта мектебінің

қазақ  тілі мен әдебиеті пәнінің  мұғалімі

                                   Өлең,  мен  сені  аялап  өтем

Фариза Оңғарсынова

Мақсаты:       білімділік – ақынның  өмірімен, шығармашылығымен танысу, оның сыршыл,

шыншыл өлеңдерінен рухани нәр алу;

тәрбиелік – эстетикалық талғамын ояту, адамгершілікке, шыншылдыққа тәрбиелеу;

дамытушылық: — ой өрісін, тіл мәдениетін, өзіндік көзқарасын дамыту.

Түрі:              поэзия кеші

Әдісі:             мәнерлеп өлең оқу

Көрнекілігі:  ақынның портреті, буклеттер, кітаптар көрмесі, ақын жайлы естеліктер.

Барысы:

1.Ұйымдастыру. Оқушыларды тақта алдындағы дөңгелене қойылған орындарына отырғызу,

жүргізушілерді таныстыру.

2.Кіріспе сөз. Қазақстан халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты ақын Фариза

Оңғарсынова биылғы 25 желтоқсан күні 70 жасқа толады.Ақының мерей тойы

кең байтақ  Қазақстанның түкпір-түкпірінде аталып өтілуде. Біз де осы дүрбелеңге

өзімізше үн қостық.. Ендеше бәріміз бірге Қазақтың Фаризасының жыр әлеміне

аттанайық.

Кешті жүргізетіндер 10 «А» сынып оқушылары:

Мәшібаева Сандуғаш  пен Отарбеков Наурызбек

1-жүргізуші:          Қазақ поэзиясы – шын мәнінде ауыз ашқызып, көз жұмғызатын ғажап қазына.

Өлең жырларымыздағы әсем өрімдерге,  сөз саздылығына, ырғақ әуенділігіне,

ұйқас байлығына, теңеулер сұлулығына қайран қалмау мүмкін емес.

Қазақ жырының бағын жайнатып жіберген алуан дауысты тамаша ақындар-дың арасында ақын Фариза Оңғарсынованвң үні үнемі бөлекше, айырықша айшық-талып тұратын.

2-жүргізуші:         Жігітінен қазақтың дос таба алмай

Қыз да болсаң менсаған мұң шағамын, —

деп қазақ поэзиясының Хан Тәңірі Мұқағали мұңын шаққан Фариза Оңғарсынова

1939 жылы 25 желтоқсанда Атырау облысы Новобогат ауданында туған. Әкесі

Оңғарсын ескіше сауатты, орысша да білген. Оңғарсынның Бақтығұл, Махиз атты ұлдары, Рәбила, Фариза аттықыздары болған. Үйдің кенжесі Фаризаны үй іші ерке-летіп Фәру, Фәри деп атаған.Фаризанвң 2 жасында әкесі Оңғарсын қайтыс болады.

9-сыныпта оқып жүргенде ағасы Бақтығос 2-3 күндей ауырып қайтыс болады.2 жыл өткенде мұғалім болып істейтін апасы Рәбила бір жұмадай ауырып ол да дүниеден өтеді. Ендігі анасы Халиманың бар жұбанышы да, сүйеніші де ағасы Махиз бен Фариза болды.

1-жүргізуші:          Кішкентай Фариза мектеп табалдырығын аттамай жатып-ақ «Алпамыс», «Қобланды» жырларын,  «Біржан мен Сара айтысын»,  Ығылман Шөрековтің  «Исатай-Махамбет» поэмасы сияқты шығармаларды оқи берген.

2-жүргізуші:          Фаризаның ақындық қабілеті 4-сыныпта оқып жүргенде байқалады.Өзі тыр-нақалды өлеңдерін «Пионер» журналы мен «Қазақстан пионері» газетіне жолдап отырған. Алғашқы өлеңдері 7-сынып оқып жүргенде облыстық газетке жарияланады. Өлеңдеріне алғаш баға берген ақын Сырбай Мәуленов.

1-жүргізуші:          Фариза Оңғарсынова Атырау пединститутын бітірген. Атырау облыстық газет редакциясында , одан кейін Алматыдағы «Жас алаш» газетінде жұмыс жасады. Қазір

«Ақ желкен» журналының редакторы болып қызмет істеді.

2-жүргізуші:          Ақынның «Сандуғаш», «Маңғыстау маржандары», «Мазасыз шақ»,  «Дауа»

«Асау толқын», «Мен сенің жүрегіңдемін», Жүрек күнделігі», «Шашы ағарған қыз» атты кітаптары мен  «Біздің Кәмшат» атты деректі повесі , «Биіктік» атты көркем очерктері жарық көрді.

1-жүргізуші:          Павло Неруданың «Жүректің 4 мезгілі» кітабын, Евгений Евтушенконың өлеңдерін ана тілінде сөйлетті.

2-жүргізуші:          Фариза Оңғарсынова поэзиясы қазақ жырындағы қыз-келіншектер өлеңдеріне ғана емес, жалпы ұлттық рухқа, халықтық болмысқа қатысты көптеген қасаң қалып-тарды қақыратып өткен қасиетімен қымбат танылады. Біз қай заманда да халқымыз-дың әйел-анаға, сүйген жарға, қыз балаға құрметі бөлекше болды десек, қазақ қызды жасытпай, жарқылдатып өсірді десек, олардан батыр да , ақын да, көсем де, шешен де шықты десек, соның бәріне даусыз дәлелді Фариза жырларынан табамыз. Фариза өлеңдері қазақ поэзиясына өзіндік үн ала келді дей салу аздық етеді. Фариза – қазақ  рухына әсер еткен ақын.

 

 

Қозыбайұлы Шерхан:             Мен революцияны жасамадым ,

Мезгіл деген межеден аса алар кім?

Бірақ, бірақ жасқанып, жалтақтамай,

Болашақтардың есігін аша аламын.

 

Соғысты да көргем жоқ. Өкінбедім

(мүмкін онда мен жайлы оқыр ма едің!)

Бірақ сол бір жылдардың  жарақаты

Көкірегімді сыздатып отыр менің.

 

Қиял қуып жүргем жоқ даңққа еріп,

(тарих куә — біз ондай халық па едік!)

мен жүремін ақ жүрек сәбилерге

жұлдыздарды уыстап алып беріп!

 

Сен көктемгі көк айдын сағым ба едің,

Селт еткіздің-ау, даладай сабырлы едім.

Қасіретіңді де қасқайып қарсы аламын,

Қайталанбайтын мазасыз шағым менің.

 

Көне көкірек , ей, менің жыршы далам!

Күдіктенсең, өзімді бір сынап ал!

Менің жастық швғымның белгісі деп

Бозаң белестеріңе гүл шығарам!

 

Қатерді ойлап көңілі тыншымаған,

гүлге оранып сонда бір жүрсін адам.

Айшықты іздер — өмірім. Мен қалайша

Болашақтардың алдында күрсіне алам?!

 

Көңіл күйін көз ілмей сан бұрадым,

Талай күлдім, сан рет қалжырадым.

Мен өзімнің мазасыз жастығымды

Ұрпақтарға мұра етіп қалдырамын.

Қалдыбаева Рысты

 

Жұрт мені қатал дейді,                                                        Жастар жара түспаген жанына әлі

Найзағайдай мінезі шатырлаған,                                        түсінгендей жанымды табынады;

Біреулері айтады ақыл маған:                                             менің асқақ әм мұңды жырларымды

өр көкірек, тәккәппар, менменсіген…                                іздеуі қақ солардың сағынары…

ұнатпайды дәл мұндай ақынды адам                                 Мен кешпенген дүние жоқ екенін

(одан сайын мен шіркін қатуланам).                                 сезеді олар , сезеді бәрі-бәрі.

 

Біреулер қиялдайды:                                                           Мен солай көрінемін,

Мұндай адам ешкімді сүйе алмайды:                               Жер секілді құбылтқан өмір өңін.

өтірік өлең жазады талықсыған,                                        Міз бақпайтын адамдай жүре берем

қайдан ғана бал сезім таныс бұған?                                   күйіп-жанып жатса да төңірегім.

(Түсініксіз қалпыммен байғұстарды                               Білмейді жұрт (білмесін көңіл емін)

Ойларымен өздерін алыстырам).                                     мені барлық бал қылық, нәзіктігім

сенің ғана алдыңда төгілерін!

Біреудің жаны ашиды:

Ол ақын ғой өзгнше, дара, сыйлы:

Ал ақындар сезеді барлығын да,

Ақылды да болады, данасиды.

 

Аманқосқызы Ұлболсын:

Арман деген елесті қуып келем,

Алып-ұшқан жастықтың тұлпарымен.

Бірде ысиды, біресе суып денем,

Алған сайын әр белес, қырқаны мен.

 

Ей, жастығым, маужырап қалғымағын,

Бала қаздай қияға түлет мені.

Көктеменің мүлгіген таңғы бағын

Менің жаным жүрген жоқ тілеп тегі.

 

Болсын мейлі асқар тау, алдым ағын,

Мүмкін емес жасытып жүдетпегі.

Сенетінім – құс қанат арғымағым,

Сонсын алау жалыным жүректегі.

 

Мен осылай  арманды қуып келем

Алып-ұшқан жастықтың тұлпарымен

Тоқтамайтын шығармын жуықта мен –

Алыс самғау қашанғы іңкәрім ең!

Қалдыбаева Рысты:

 

1-жүргізуші:        Дала бейнесі – ақын шығарм аларында халықтың, Отанның символы. Дала –

Қазақтың бабасы, анасы, бесігі.Дала – қазақ мейірбандылығының, сезім байлығының, көңіл дархандығының бейнесі.

Мәмбет Мұқағали:

Жүрдім жалғыз көктеменің

жанға жайлы түнінде.

Салқын самал өпкен едің

мені, дала гүлін де.

 

Сол бір гүлдер құлпырды да,

самал, оны тербеттің.

Жүрегіме жыртұнды да,

гүлді аралап мен кеттім.

 

Дала гүлі тамаша ғой:

гүл бағындай бар маңың.

Қиял өрлеп, таласады ой,

елестейді арманың.

 

Қиялыма күбірледім,

гүл шоқтарын жинадым.

Жүрек жарған жырым менің –

дала, саған сыйларым!

Есетов Наурызбек:

Сен барда бұл өмірде

жасытпас дұшпан-мұңым.

Бір сезім жүрегімде,

ол – саған құштарлығым.

 

Толғандай дала жырға

Толқиды жанымда ағын.

Мұң тұнса жанарымда,

Ол – сені сағынғаным.

 

Шашатын барша әлемге

сездім Күн шапағатын.

Бір үміт қалса менде,

Ол – сенің махаббатың.

 

Сәуледей түнектегі

мен үшін шешім, үнің.

Бір тірек қалса менде.

ол – сенің кешірімің.

 

Қайғырсам құлап, талып,

булықсам жасқа демде,

ол – сенен жырақталып

күн көру басқа жерде.

Мәмбет Досхан:

Күш алып санам, денем,

өмірге құлшынарым,

ол – сенің маған деген

мейірім, нұр-шуағың.

 

Сенсіз жоқ жақұт шырай,

қуаныш, күлкі де елес.

Өзіңсіз бақыттыдай

жүруім мүмкін емес.

 

Әкем боп бұлаңдатып,

Анам боп аймалаған,

Мен үшін – жыр, ән, бақыт

өзіңсің, жайдары анам!

 

Шырқайын ән-жырың боп,

өмірдің бұла таңын.

Өзіңсіз тағдырым жоқ.

о, менің ұлы Отаным!

Болатқызы Көркем:

Астыма алып-ұшқан бір ат мініп,

онсыз да бітпес істі лақтырып,

алдымнан ескен желдің екпінінен

жанардан жас құйылып, құлақ тұнып.

 

Шоқытып шоқылар мен белдер асып

(қашаннан менің жанам елге ғашық!)

түсе қап ара-тұра, аңсары ауған

кеудемді көк жусанды жерге басып.

 

Жүйрік ат жүрегіммен жағаласып,

ізіне ілесе алмай шаң адасып,

күңкілсіз көкжиекке сіңіп кетсем,

қырдағы қыз-сағыммен араласып;

 

Сүйтіп бір кең далаға шығындасам,

япыр-ай, жетер екем бұған қашан?!

Құдықтан кәусар суға қанып алып,

баяғы күміс құмға бір аунасам!

 

Сырласып қырда кербез кештерменен

(қадірін құлын кезде ескермеген),

туған жер топырағының жылу күшін

қайта бір жүрегіммен сезсем деп ем,

осы бір арманыма жетсем деп ем.

 

Аңсаумен оралуды гүл шағына

басылар емес жанның сусауы да.

Сонан соң өкінбес ем жетсем мәңгі

айналып боз даланың жусанына!

Әлібай әулеті  Жангелді:

Арғымақтары қайда екен бұл даланың,

Бәйге алаңын көргенде шыдамадым.

Аңсап келген ауылда сәйгүлікке

тақым салмай мен қалай тұра аламын?!

 

Ағатай!

Маған арнап бір жүйрік баптадың ба?

Ендеше мен ойнайын ат жалында!

Бір көтеріп тастаңдар сөйтіп мені

шаршаңқырап келген бұл шақтарымда.

 

Құйысқанды тарттырып күмістеген,

оюлаңдар тоқымды пүлішпенен.

Арғымақ ат астымда ойнақтаса,

жалығарым жоқ, сірә, жүріске мен.

 

Бір жасайын мен бүгін

кетпей қойған бәйге ғой көкейімнен,

жете алмаған жігітті төпейін мен.

Жорғаңды қой, қайда әлгі бәйге торы –

не де болса бір зулап өтейін мен!

2-жүргізуші:       Кез келген ірі тұлға секілді Фаризаның да қыры көп. Ең бағалы қырларының

бірі оның болмысына жасандылық жат.  Ақынның жыры – оның жан сыры , мінез

көрінісі деп мойындасақ, онда азаматтық лирикасын – ақынның азаматтық  болмыс-

бітімі, азаматтық афтопортреті деп таныған жөн.

Ақын небір айшықты теңеулерді қолдана отырып, кейбіреулердің көңіл соқыр-

лығына қорланады. Ақынның бүкіл шығармашылығына тән ең басты қасиеті – шын-

дыққа бас ию мен соған шыншылдықпен қызмет ету.

Оңдаштегі Қарылғаш:                           Шындық

Ақылсыз басшы – сор елге,

Тылсымда жұрты тал қармар.

Маңырап халқы көгенде,

Тақсыр боп өзі талтаңдар.

 

Жайы жоқ елдің жақ ашпақ  —

Жалпақ жалғанды тарылтар.

Ақылдыларды аластап,

Жалпаң қаққанды жарылқар.

 

Сан жұрттың сүртіп мекенін,

Патшалар құртқан құлқы мал.

Кім қара, кім ақ екенін

жылдар өткесін жұрт ұғар.

 

Бақыты тайған сорлы елге

бұйырмас басшы бір туар.

Кісіліктің құны жоқ жерде

әкімдікке адам ұмтылар.

Бақтыбаев Қанат:                                      Дисгармония

Жақсылар жаман болып шықты бүгін.

Тұнжырап тұрып алды бұлтты күнім.

Әулие дегендерім арамза екен.

Салды ма екен елге жұт құрығын?

 

Айналды жын-ойнаққа құт тұғырым.

Менің де жалған екен мықтылығым.

Қарақшы болып шықты көсемдерім,

Берін де киелімнің жұтты жылым..

 

Айналды ақтың бәрі шойқараға,

Бұл жайлы ешкім бірақ ойлана ма.

Сүттен ақ болып кетті қап-қаралар.

Қойшылар – жиналыста, қой – далада .

Жарылғасын Нұртілек:

Білмен бұл аш ғасыр ма, тоқ ғасыр ма –

Дүкен бос , жұрт жегенін мақтасыда.

Әйелі халықаралық кеңес құрып,

Күйеуі пысылдайды от басында.

 

Екі адам басын қосса, у ішері.

Музейде әкеміздің күміс ері.

Келін мен ұл қатарлы қонақ келсе,

Ата-ана бір бұрышта бүріседі.

 

Ұл өссе, өмір кешпес ана жайлы –

Жеткесін қолы аузына  бала – қайғы.

Телміріп жаутаңдаса алушылар,

Сатушы қасқыр иттей абалайды.

 

Келін – би, қалмай ата-анада айбын,

Бірдей ғып нұр шашуға сараң Ай, Күн.

Сұңқарлар шалшық суды шалпылдатып,

Шортандар басында отыр қарағайдың.

Әлібекқызы Тоғжан:

Баптадық, ақ сұңқарға тауық теліп,

Мақтадық, сауысқанға сауыт беріп.

Түбінде ымыраға келмейді деп,

Жақсыны қолдамаймыз қауіптеніп.

 

Адамдар апақ, адал іс, арманы

әйтеуір өмірде бір күш алмады.

Естімен, есермен де тіл тапқанды

Мақтаймыз бар деп мұның кісі алдары.

 

Қосылып қылмысыңа құлдық дейтін,

Сонда да өзгертпейтін мұңлық кейпін,

Реті келгенде айтқан өтірігіңді

Көз-көре шімірікпей шындық дейтін.

 

Адамдар – біздің елде сырттан бүгін,

Сырттандар арасында шыққан ба үнің.

Ой айтып камзол менен кебіс жайлы

Шалқайып шешкенсиміз жұрт тағдырын.

Әбіш Асхат:

Сөйлейміз сөйте тұра бірлік, ел деп

Естуге жоқпыз бірақ үнді кермек.

Әділін тура айтқанды көрмегенсіп,

Маңайға жуытпаймыз бүлдірер деп.

 

Жақсы да жалтақ болар сенім кемде,

Жалтақ күй ойлы жанды семіртер ме.

Тұрса да іші біліп, не бір мықтың

Қарсы сөз айта алмайды шені үлкенге .

 

Ұрынса тамырды үзер жерің селге,

 

Бұрылып кете алмайсың шегінсең де.

Ыдырап мәңгі мұздар, тағдыр жолы

Беймәлім бара жатыр елім сеңде.

Оразалыұлы Досхан:

Босағада

Келдім таға. Келіп ем бұрындарда  —

Бұл заманда  бастықсыз күнің бар ма?

Салмағы соған түскендей жер, халқының,

Кердеңдейді күзетті , жын ұрған ба?

«Төртінші рет кеп тұрмын, ей, жарқыным,

Бастығыңа кіргізші, құныңды ал да!»

«Бастық қабылдамайды, барыңыздар!

Уақыты жоқ !» —

Түрінен қарап ызғар,

босағаны баққаны ырылдады.

Шықтық ілбіп, шықпаған жанымыз бар.

Жақсы еді одан маңдайдан бір ұрғаны.

…Биліксізге әкімдік жол ашқан ба –

өзі  — тақтың үстінде, көзі аспанда.

1-жүргізуші:

Махаббат — өмір өзегі, өнердің мәңгілік тақырыбы. Фаризаның махаббат тақы-

рыбына жазған өлеңдері поэтикалық ырғағымен де, шыңғырғын шындығымен де, сы-

датар сыршылдығымен де, ғажайып шеберлігімен де қайран қалдырады.

2-жүргізуші :

«Қазақ  қыздар поэзиясы» деген сөз тіркесі пайда болған 80-жылдарда студент-

тердің думанды кештері Фаризаның өлеңдерінсіз өтпейтін. Әсіресе қыздар қауымы ақынның сыршыл өлеңдерін қойын дәптерлеріне жазып алып, жаттап жүретін.

Әйелдің әлсіз әлемінен шыққан  Фариза жырларының табиғаты нәзік, тіпті қор-ғансыз болып келеді. Ақын жырының күші де соләлсіздігінде.

 

Айтжан Шаттық:

Көрінбей кетсең, сені мен

Көруге тіпті құштармын

Жаныма жақын келіпең —

келмеді бірақ тіс жарғым.

 

Жүрегім талай алқынды-ақ,

Бір саған арнап мұң-әнін.

Жиында жұртқа жарқылдап,

Көзге ілмей сені тұрамын.

 

Құдыққа барсам, қарадым,

ат суғаруға келгей деп.

Түңілтіп кетіп қаламын

түсімнен жылу бермей көп.

 

Жанымда арман, мақсат көп

екеуміз ғана ұғысар.

Сонда да саған асқақ  боп

көрінуге мен тырысам.

 

Қыздардан өрлік қалған ба –

қалай сүйсе де шектелген:

Сен алғаш сүйіп алғанда,

Ашуланған боп кеткем мен…

Ерсайынқызы Айзада:

Ақ боз атты жолаушы

Біздің үйдің сыртына қырындады;

Көрмеген боп көрсем де үңілмедім.

Маған қарап жеңешем жымыңдады,

Қызырып күлімдедім.

 

«Құдық жаққа кетсемші…» —

деген ойды қайталап жиі ішімнен,

Өзің үйге кіргенде өкінгем көп.

Көрінуге тырыстым үй ішіне

елемей отырған боп.

 

Мен бірақ та абдырап,

Қолымдағы кестемнен жаңылдым ба,

қырық үзілді жіп деген құрып кеткір.

Өз өзімнен тынысым тарылды да,

ақыры шығып кеттім.

 

Мен сол күні өзгердім.

Әншейінде еркелеу, батылдау да ем…

Сезбеппін де сол күні түс ауғанын.

Дастарханның шетіне отырғанмен,

Шайымды іше алмадым.

 

Аттандырды жеңешем,

Арпалыстым көңілдің толқынымен,

Қайдам, сонда жан күйін қалай жеңдім.

Неге екенін білмеймін, сол күні мен

Сенің кеткен жағыңа қарай бердім.

Төлекбаева Жаннұр:

Кеттің. Енді жаныма жанашыр кім?

(Мен сорлы да өрліктен шарасызбын).

Содан бері жанарым мұңға толы,

Содан бері әйтеуір мазасызбын!

 

Сен кеткелі тау жақтан жел еспеді,

Гүл де солып қалғандай белестегі.

Екеумізді бір арман матастырып,,

Екеумізде мұң да бір емес пе еді?!

 

Түңілгендей өмірдің ақ таңынан;

Жанарымды сен келер жаққа бұрам.

Енді кіммен қосылып ән саламын,

Енді кімге сонда мен ақтарылам?

 

Қайтсем екен:

Қасіретіңді сенделіп шексем бе екен,

Әлде өзіңе тап қазір жетсем бе екен?

Тұрғызып-ап төсектен жеті түнде

Жаныма ертіп бір жаққа кетсем бе екен?..

1-жүргізуші:

Фариза Оңғарсынова өлеңдері қазақ қызының біз айырықша ардақтайтын асыл

қасиеттерін – жан тазалығын, ар тазалығын, шыншылдығын, сыршылдығын, батыл-

дығын, ақылдылығын, аяулы сезімі мен қаяулы көңілін кір шалдырмай ұстауға ұм-

тылатын асқақ аңсарын айырықша көркем күйде ақ қағазға төгілте түсіріп бергенімен

қымбат.

2-жүргізуші:

Онсыз да қыз баланы бөлекше қастерлейтін халқымыз  Фариза өлеңдері арқылы

әйел затының қадір-қасиетін бұрынғыдан да биік бағалай түсті деудің ешқандай артық-

тығы жоқ.

 

Түйебаева Сая:

Дара күндерімнің ,                                    Ажалмен айқасқан сәтте,

Нала түндерімнің                                       Қыршын жас көз ілгенін көріп,

Серігі болғаның үшін,                                Өткінші сезімдерді көріп,

Сенімі болғаның үшін                                Кешегі доспын дегеннің

Мен сені аялаймын.                                    Минутта жерінгенін көріп,

Кімнен өшімді аларымды білмей,

Біреудің пасықтығынан,                            Кімдерге кінә тағарымды білмей,

Біреудің жасып мұңынан                           Алдыңа лапылдап келем,

Жүрегім сыздаған кезде,                           Жарылуға жақындап келем.

Жаным мұздаған кезде

Мен сені саялаймын.                                 Өмірдің өткелдерінен

Қиындық көп көргеніммен

Өртеніп от басқаныммен,

Біреудің күлкісін көріп,                            өзіңмен қоштаспадым мен.

Бақытының түр-түсін көріп,                     күлкімді , жайлы күнімді,

Шаттанып қалған шағымда                      Азапты қайғы-мұңымды

Жеткендей арман-сағымға,                       Өзіммен бөліскенің үшін

Қуаныштан дірілдеп денем,                      Қатем мен жеңістерім үшін,

Алдыңа күлімдеп келем.                            Менің мынау қиындау тағдырым болып

О баста көріскенің үшін,

Өлең мен сені аялап өтем!

1-жүргізуші:

Фариза Оңғарсынова поэзиясы өткен ғасырдың соңғы ширегіндегі қазақ әдеби

етінің  бөлекше құбылысы болды, сондықтан да Мұқағали «жігітінен қазақтың дос

таба алмай»  қиналғанда,  жүрегін жегідей жеген жан сырын Фаризаға айтты, сон-

дықтан да Фариза жырларының рухы нәзік өрліктің, сыршыл ерліктің бейнелі ба-

ламасына айналды. Қазақ өзінің Фаризасын, аяулы ақын қызын сол үшін де қадір-

лейді, қастерлейді.

М:Мақатаев «Фариза, Фаризажан, Фариза қыз»

Орындайтын Есетов  (домбырамен)

2-жүргізуші:    Осымен жыр әлеміндегі дара тұлға Қазақстанның халық жазушысы,

ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ақын Фариза Оңғарсынованың 70 жыл-

дық мерей тойына арналған жыр кеші аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға

рахмет! Хош-сау болыңыздар!