«Күй» повесіндегі « Мәңгүрттік-ұлт қасіреті»

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ  МИНИСТРЛІГІ

МАҢҒЫСТАУ   ОБЛЫСТЫҚ  БІЛІМ  БАСҚАРМАСЫ

ҚАРАҚИЯ АУДАНДЫҚ  БІЛІМ БӨЛІМІ
Қ.КҮРЖІМАНҰЛЫ АТЫНДАҒЫ ОРТА  МЕКТЕБІ

 

 

 

          ТАҚЫРЫБЫ        «Күй» повесіндегі « Мәңгүрттік-ұлт қасіреті»

 

 

 

орындаған:    Амангелді  Әсет Тәжадинұлы

 

 

СЫНЫБЫ:   11

 

 

БАЙҚАУДЫҢ  АТЫ:  «Әбіш  оқулары»

 

 

БАҒЫТЫ:      Шығармашылық жұмыс

 

ЖЕТЕКШІСІ:         Қанатова  Ақмарал  Баймурзақызы

 

Ақтау  қаласы   2018 жыл

 

 

 

Тақырыбы:  Әбіш Кекілбаевтың

«Күй» повесіндегі « Мәңгүрттік-ұлт қасіреті»

атты   ғылыми зерттеу жұмысына

ПІКІР

Зерттеу  жұмысының  тақырыбының  өзі  тың,   аз  зертелген тақырып.

Жұмыстың  барысында қойылған  мақсатының өзі айқын. Ә.Кекілбайұлының «Күй» шығармасындағы деректерді арқау етіп, мәңгүрттік  ұғымына, оның ұлт пен ұлттық құндылықтардың  бірден-бір жою құралы бола алатынын түсіндіру,  арқылы дәлелдеп, тарихи оқиғаға  баға берген.  Тақырып  барысында сол  кездегі қоғамдық  жүйенің дағдарысын ашық  көрсеткен. Қазіргі  заманды тарихи оқиғамен байланыстыра  отырып  ой-түйіндеуге  ұмтылады. Зерттеу жұмысында жерлес кемеңгер жазушы  Ә.Кекілбаевтың  «Күй»  повесіндегі   рухани  ұлттық  құндылыққа терең  үңіле отырып, талдаулар жасап  өз зерттеу  болжамын  ұсынған.    Шығарманың  түпкі астарлы мағынасын өз ойымен  астастырып,бүгінгі замана шындығымен  байланыстыра білген.

Шәкірт өте құнды,салмақты тақырыпты   «қазақ»  деген халқын  құрмет тұтуды , оны қазіргі   жастарға  насихаттауды  қолға алған.

Оқушының айтқан пікірі салмақты.

Әсеттің бұл   жұмысын жоғары бағалаймын   және үлкен үміт артамын.

Қазіргі кезеңде  жастарға   ұлттық рух беру мақсатында орынды  пікір қозғап отыр.

Әсет — өте ізденімпаз, талантты, жауапкершілікті сезінетін шәкірт. Сондықтан мен  ардагер ұстаз ретінде шәкіртімнен үлкен жетістіктер күтемін

                           Ардагер,ақын,ұстаз

                                                                   ҚР «Білім беру ісінің құрметті                   

                                                                   азаматы,

                                                                  «Халық ағарту ісінің үздігі»

       Пікір беруші:                                 Бегенішұлы Бесінба

                                             Аннотация

Зерттеудің  мақсаты:. Қазақ әдебиетінің алып тұлғаларының бірі, жазушы, мемлекет қайраткері  Ә.Кекілбайұлының «Күй» шығармасындағы деректерді арқау етіп, мәңгүрттік  ұғымына, оның ұлт пен ұлттық құндылықтардың  бірден-бір жою құралы бола алатынын түсіндіру, адам баласының мұраты жауыздық емес, ізгілік екеніне  көздерін жеткізу;  өз елін, Отанын, тілін, дінін сүюге құрметтеуге, қорғауға, рухани мәңгүрттіктен сақтануға тәрбиелеу.

Қойылған мақсатқа сүйене отырып, зерттеу міндеттерін қарастырдым:

Зерттеудің міндеттері: интернет желісін және әдебиеттерден әңгімелерін тауып оқып, мәлімет жинастыру. Қазіргі уақытта Әбіш  атамыздың әңгімелерінің тәрбиелік мәні зор екенін көрсету.

Зерттеудің болжамы: Әбіш шығармаларын оқу, оны қарау, тамсану өз алдына, жазушының әр еңбегіндегі әр әңгіменің әр сөзін, әр сөйлемін, әр азат жолын жеке-жеке оқып қарап, ой жүгіртсеңіз, қаншама өмір тарихы, қаншама қолөнері, қаншама сөз байлығының көркемдігі  суреттелгенін ғылыми тұрғыдан зерттеуге болатынын түсіндім. Қаншама ғылыми зерттеуге жұмыс жүргізуге бағыттап тұрғандай.

Зерттеу объектісі:Әбіш Кекілбаевтың  «Күй» повесі

Зерттеу жұмысының құрылымы: кіріспе, негізгі бөлім, зерттеу бөлімі, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер.

Зерттеудің өзектілігі: Еліміздегі болашақ жастар үшін Ә.Кекілбаев шығармаларының тәрбиелік мәні өте зор. Көбінесе ұлттық құндылық тақырыбындағы   шығармаларын көп оқыту керек. «Күй»  шығармасында  айтылған  «мәңгүрттік»  сөзінің бүгінгі күнде өзектілігі зор екенін жан-жақты түсіндіру.

Зерттеу әдістері:жинақтау, талдау, салыстыру, зерттеу, суреттеу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                 І.Кіріспе

Көкемнің бармағынан бал саулады.
Осы ауыл талай тыңдап тауыса алмады.
Көп болды сол көкемді көрмегелі,
Күйіне біздің ауыл тамсанғалы.
Соқтырған қыр өкпегін тау самалы,
Мен де іздеп ерке күйді тамсанамын.
Қаңсыраған домбыра да сездіртіпті,
Бал бармақ күйші иесін аңсағанын… -деп  жырлағандай  ел ағасы, өмірге адамгершілік көзқарасты көркем оймен жеткізген жазушы Әбіш Кекілбайұлының биыл 80 жасқа толуына орай бүгінгі   «Әбіш  оқулары»  сайысына сол кісінің «Күй» шығармасындағы мәңгүрттік аңызын арқау етіп алдым.

«Өз елі өз ұлдарын ескермесе,ел тегі қайдан алсын кемеңгерді»- деп үш бәйтеректің бірі –І.Жансүгіров айтқандай, мен өз еліміздің,яғни Маңғыстау өңірінің кемеңгер жазушысы Ә.Кекілбаевтың  «Күй» шығармасы қандай кезеңде,қандай жағдайларда орын алып, қалай басталғанын білгім келіп асыға оқып жаттым?

Осы шығарманы жазуда бұл қаламгер елеусіз нәрседен терең ой тудыратын өзіндік шеберлігін таныта білген. Ол қазақ халқының енжарлыққа қарай ығысқан пенделерді мінеуде қолданылатын «Мәңгүрт» сөзін түсінген адамын түпсіз тебіреніске түсіріп, мән-мағынасы дүние жұртшылығының таңдайын қақтырып, терең ойға батыратын символға айналдырды және әлем әдебиетінде бұрын-соңды есітілмеген мәңгүрт символын қалыптастырды. Шыңғыс Айтматовтың «Боранды бекет» романындағы Сәбит те осыған ұқсас. Қазір бұл қазақ сөзі төрткүл дүние халықтарының мыңдаған жылдар бойы сұрыптап, сусындап жасаған типтік бейнені танытатын образды сөздер қатарына қосылды, тіпті одан асып, символдық бейнеге айналып барады

ІІ.Негізгі  бөлім.

2.1 Мәнгүрттік-ұлт қасіреті.

Бұл оқиға  XVIII ғасырдың ортасында Айладыр мен Қақпақтының дөңі, қазіргі Оңтүстік Маңғыстау жерінде болған. Бұл  жер ежелден түрікмендер мен адайлардың бітпес дауының басы, мал мен жер еді, арты ушығып адам өліміне ұласып жататын көрші екі елдің арасындағы шиеленістің ушыққан кезеңі болатын.  Осы уақыттағы шиеленістердің бірінде орын алған тағдыр мен адамның  теке-тіресі, достықты яки дұшпандықты, өнерді не өлімді, дала заңын  шығармаға арқау қылған жазушы түрікмендердің қолына түскен қазақ күйшісінің аруағына арнап жазған екен.

«Күй» повесіндегі күйші Маңғыстауда туып өскен Абыл Тарақұлының протипі сияқты: «Күйшінің шыққан тегі Кіші жүз ішіндегі он екі ата Байұлының бір бұтағы – Адай. Адайдан Құдайке, одан Қосай тарағанда, Қосайдан Шалбар, Жаман Адай, Түрікмен Адай деп аталатын үш ата өрбіген.

Соның түрікмен Адайынан Абыл күйші шыққан» [9, 270], – делінеді күй тарихын зерттеуші ғалым А.Сейдімбектің «Күй шежіре» атты еңбегінде

Жазушы повестегі күйшінің атын атап, түсін түстеп жатудан әдейі бас тартқан сияқты.

«Күй» повесінің оқиғасы өткен жерлер:Қақпақтының өткен жері,Тамды,Астау ой,Көкбөрі,Ожабай,Кендірлі,Темірбаба,Қараман ата,Қаратүлей.

Повестің оқиғасы өтетін Маңғыстау облысындағы бұл өңірлер Түрікменстанмен шектеседі. Повестің негізгі  кейіпкерлері санаулы ғана.

Бұл повесте суреттелген басты оқиға – дұшпандық жазаның ең ауыр, сұмдық түрі – мәңгүрт жасау аңызы.

Жауласқан елдер тарихында, мәңгүрттік немесе мәңгүрт жасау – ежелден бар нәрсе

Төл әдебиетімізге Мәңгүрт сөзін алғаш 28 жасында алып келген Қазақстан жазушысы – Әбіш Кекілбайұлы.

—    Мен мәңгүрттік туралы аңызды бірнеше адамнан естідім.Бұл – өзі түрікмендермен арадағы шапқыншылықта көп болған жағдай. Маған ол әңгімені айтқан  — Қазақстан жазушысы Ә.Нұрпейісов,-дейді жазушы.

Мәңгүрт сөзінің арғы түбі мәңгіруден шыққан.

Мәңгүрт жасау  оқиғасы шығармада  былай суреттелген.

«…… Көзді ашып жұмғанша, алты тұтқынның шашы алынды. Шаш алғыштар қанжарларын сүртіп, қындарына салды.Жаңа ғана шашы алынған көк құйқа бастар айнадай жалтырайды, жазғы күннің жылы шуағы шекелерін қыздырып, маужыратып  алып барады… Алты тұтқынның көздері ақ тайлақтың терісіне үймелеген көп түрікменде. Күнге шағылысқан ақ қанжарлар сыр-сыр етеді, жаңа ғана көлдей боп жайрап жатқан ақ теріні үзім-үзім қып турап жатыр. Қанжары жалақтаған жас жігіттер кесіп алған терілерін анадайда жер тізерлеп, тұқшыңдасып, әлденені малшылап отырған екі шалдың алдына тастайды. Манадан бері білектерін сыбанып, әзер тұрған мосқал еркектер алты баланы құлақтан тартып шөкелетіп жерді бұқтырды. Алты жігіттің қолындағы теріні алып, тұтқындардың басына жапты.Әлі ылғалы кеппеген жып-жылы тері жаңа ғана шашы алынған жылтар басқа жабыса кетті…Қолдары жып-жып еткен мосқал еркектер терінің жиегін шыр айнала бүрмелеп қойған көн тартпаны шірене тартып, сықситып таңып тастады.Жаңа ғана дені жайылып отырған бастар қайтадан зіл тартты. Жылы тері шекелерін солқылдатып сорып ала жөнелді. » деп бейнелесе,мына жолдарда;

«..Адай батырының қолынан қаза тапқан інісінің кегін Жөнейіт «қанға қан, жанға жан» емес, одан әлдеқайда еселей асырып тұтқын әкетті, оның үстіне, адам баласының құлағына шалынбаған тірілей азаптаудың ауыр түрін ойлап тауып, бір ауылдағы өрімдей жастардың ішінен таңдап жүріп

он екі ұл мен қызды тұтқиылда алып кетіп мәңгілік күң мен құлға айналдырды. Анау шығарманың басынан-ақ алға тартылған мәңгүрт қазақтар нақ солар. Осылай өш алуда Жөнейіт айналасындағы елдерге өзін айбынды батыр етіп көрсеткісі келді. Оның түпкі ниеті де жаугершілікпен даңқын шығару. Ол шапқыншылық талабын мүлтіксіз орындау ниетінде жаңа сойған ақ тайлақтың терісін алты бөлік етіп кескізіп, алты тұтқынның пәкімен айнадай етіп қырылған басына кигіздірді. Жалын ескен ыстықта күнге күйіп кеткен түйенің терісі бас сүйекті қазір-ақ ұнтап жіберердей сытырлата сыға бастады. Тұтқындардың шыбын жаны жанарынан жас болып сорғалап, жарық дүние теріс төңкеріліп кетті. Арада шамалы уақыт өткенде олардың басына шаш шықты. Тықыр бастар бұрынғыдан да өрескіл бебеу қақты. Тұтқындар шашы түйе терісін тесіп өте алмай, адам басының құйқасына кіріп ішке қарай өсті. «Алты тұтқын елі қайда, жері қайда екенін білмейтін мәңгүртке айналды. Жүре-жүре тілден да айрылды. Түйемен бірге өрді, түйемен бірге келді. Тезек теріп қайтқан мәңгүрт қазақтар ауылға келіп, ошақтың басына қаптарын төгіп жатыр» (75-бет.).

Жер дауы, жесір дауы, барымта, құл, күң иемденуге ашқарақтана ұмтылудың және тосыннан тыныш ауылға қаптай кіріп, хайуандықпен қыз-келіншектерді өңгеріп әкету сияқты дарақы, жабайы әрекеттердің салдарынан адай мен түрікмендер арасы тыйылмайтын дау, жанжалға, күш көрсету, кек қайтаруға жалғасып, бірте-бірте өмірі ымыраға көнбейтін өшпенділікке ұласып, залымдық пен зұлымдық, қатыгездік шырқау биікке көтерілді. Есінен мәңгі айрылған тірі өлік адамдар қатары қалыптасты. Бұлар қас жауыздар қолдан жасаған мәңгүрттер болатын.

Мынау көне заманда өшпенделікке өлермендене ұмтылғандардың жасаған апатты әрекеті. Қазір ше?

 

Ә.Кекілбайұлының «Күй» атты туындысындағы осы аталған мәңгүрт образымен жарыса, тайталаса қатар шығып, күмбезді көкке көтерілген, символдық бейнеге айналған күйші образы. Себебі, күйшінің дүниені өзіне тәнті етер дара тұлғасы – барлық өнер атаулының бейнесі. Талдай түссек, шығармада бір-бірімен үйлесе, егіздің сыңарындай болып айналасындағы тас қараңғылықтың ұңғыл-шұңғылына дейін жарық шапағын төгуге ұмтылған қос күйші келбеті көрінеді. Екеуінің де мақсат, ниеті бір арнаға құйылған. Оған түрікмен қолбасшысы Жөнейіттің «Мынау жалба-жұлба тұтқын баяғыда Дәулетжаны тартқан салқын сазды қайдан біледі? О да тап осындай әлдекімді ақылға иліктіре алмай таусыла күңіренбеуші ме еді, талмаусырап егілмеуші ме еді? Апырау, Жөнейіт мықты еді ғой. Тап осы қазір бұл осынша неге жасып, неге жуасып отыр?», – деген сөзі дәлел ( 102-б.).

Күй құдіреті тас жүректі іштей егілтті. Қараңғы көңілге нұр шашқандардың біріншісі – тұтқын қазақ күйші, келесісі – түрікменнің дутаршысы Дәулет. Әрине, тұтқын күйші жаулаушы қолбасшы Жөнейітті қаһарынан алжастырып, қылышы мен найзасын сындыруға мәжбүр еткен асқақ тұлға. Әлбетте, қолбасшының ондай әрекетке баруына оның кенже ұлы, күйші Дәулеттің де ықпалы едәуір. Қолбасшыны жаугершілік жолынан жаңылыстыру күй өнерінің құдіреті. Жазушының олай жасауына маңызды себептер бар сияқты. Турасын білдірсек, әр ұлттың рухани зор байлығы – бекем қалыптасқан салиқалы өнері бар.

Екіншіден, мәңгүрттік қасіретті қолдан жасап отырған түрікмен билеуші, батырларының бәрі және сарбаздары көзін ашқалы қылыш, найза асынып,шапқыншылықты жауынгерлік дәстүріне айналдырған. Елін уысында ұстаған қартаң батыр Жөнейіт те, оның көрші елдерде Көкбөрі атанған інісі де тек қана жауға шабуды біледі, қан төгуге құмар. Бұл олардың басты арманына айналып кеткен.

Жөнейіттің барлық балалары сондай. Ішінде кенже ұлы Дәулетке ғана өнер қонған.

Бұл мәселе жайлы «Күй» шығармасында: «Көкбөріге Дәулеттің тұла бойынан ештеңе ұнамайды. Әсіресе оның әр немеге құмартатын әуейілігіне ызасы келеді. Еркекке найза мен қылыштан басқа не өнер керек. Қолыңнан келеді екен – қол баста, жау шап, келмейді екен – ақ таяқ ұстап қой бақ. Ал Дәулет кішкентайынан бақшы, дутаршы десе есі кететін, жасы он бестен асысымен-ақ көшелі күйші болып алды. Бұл өңірде онан асқан дутаршы жоқ», – деп жазылған (Ә.Кекілбаев, 2-том. Алматы: Өлке, 1999, 76-б.). Иә, жаманшылықтың қатары қалың, ал түбінде, шындық, әділдік жеңіске жетеді.

“Мәңгүрттік- ұлт трагедиясы”

Бұл  шығармада  дүниедегі жаза біткеннің сұмдығы адамды ақыл-есінен айыру  – мәңгүрт ету  технологиясы қолданылады.

Адам баласы табиғатынан ерекше бір жаратылыс. Бұл өмірдегі заттар мен құбылыстарды саралап қажетіне қарай таңдай білу үшін оған ерекше рухани құндылық – ақыл берілген. Ақыл-ой адам өле-өлгенше өзімен бірге болатын жалғыз қазына ғой. Біреудің қолында бар байлық бақада да бар болар, ақыл-ой тек саған ғана тән, басқалардікінен бөлек жалғыз асылың.

Ақыл ұғымы «әр адамның білім деңгейіне, өмір тәжірибесіне, жүйке-жүйесінің ерекшеліктеріне, жеке-дара өзгешеліктеріне орай түрлі деңгейде көрінеді. Адам болмысы ақылын қару етіп, болашақты игеретін ғылымды дамытып келеді. Алайда адам ақылының түрлі деңгейі небір қиянат, небір зұлмат ойлап тапқанын кешегі тарих іздерінен көре аламыз. Мәңгүрттік — өзінің кім екенін, ел-жұрты, руының кім екенін, өз атының кім екенін білмес. балалық шағы, әке- шешесі мүлде есінде қалмаған мылқау адам. Ол да бір, тілсіз мақұлық малда бір, сондықтан ол қауіпсіз де, иесіне шексіз бағынған құлақ кесті құл. Бар тілері қу тамақ, далада үсіп өлмес үшін ескі-құсқы қомыт киім, басқа ештеңенің керегі жоқ.

Осындай  бейбіт заманда мәңгүрттер бар ма, жоқ па?

Қазіргі заманда дүние жүзінде жеті миллиард халық өмір сүріп, олар сегіз мыңға тарта тілде сөйлейді. Әрқай­сы­сының өз болмысы, өз ерекшелігі бар. Оның әрқайсысы бүкіләлемдік, бүкіл­адамзаттық құндылық, құбылыс, болмыс болып табылады. Ешқайсысы да, еш жерде, еш заманда, еш жағдайда жойылуға тиіс емес. Бұл – барша адамзатқа аманат-парыз.Халқының  жанына жалау болуды, кәдесіне жарауды арман етіп, келешек елдің иесіміз деп белін буған жас­тар бұл мұраларға иелік етпесе, кім иелік етпек?

Дегенмен де  тарих соқпағынан, ата-баба даңғылынан басқа жол іздеп, хал­қымыздың сүйегіне, жаны мен қа­нына сіңген қасиеттен басқаға ұмты­лып,  тарихи  тегін, ата-бабасын біле тұра, білгісі келмейтін, кешегісі мен бүгінгісі, болашағы туралы ойланбайтын, тілін, ділін, дінін ұмыта бастаған жастарымыз  — мәңгүрттіктің  Қоғамдық, ұлттық трагедиясына соқтыратын рухани мәңгүрттік қолдан жасалған мәңгүрттіктің жанында  жолда қалады.

Мәңгүрттікке жетелейтін жолдар:

Тіл – ұлы Ана, өз анасын менсінбеудің мұңы бар,

Кінәлілер сөзсіз оның кие-күшін ұғынар…
Қаптап кетті өлкемізді әңгүдіктер — әңгүрттер,
Тілін, рухын сүймегеннің барлығы да мәңгүрттер.
Бұл бағытпен мүмкін бе ертең ұлттың ұлт боп қалмағы?

Мәңгүрттік-төл мәдениетті ұмыту. Ұлттық әні, күйі, домбырасы мен қобызының, сырнайы мен сыбызғысының үнін естіп, одан  зәредей де ләззат ала алмайтын жастар көбейіп келеді. Қазақ әнінің оның орнына шет елдің әуенін қойып берсең, жүзіне қан жүгіріп, көзінде жылт еткен ұшқын пайда бола бастайды. Шет елдің даңғыра әуендерінен  кесірінен төл өнерге, төл мәдениетке деген талғамнан айрылған, рухани мәңгүрт ұлтқа  айналып баратқанымызды да байқаудан қалдық.

 

Жастайынан  Құрманғазының «Сарыарқасын», «Көбік шашқаны» мен Динаның «Әсем қоңырын», Қазанғаптың «Домалатпай», «Көкіл», «Құс қайтаруын», Абайдың «Айттым сәлем, Қаламқасын» тыңдап, содан жас жанына ләззат алып, солармен бірге қуанып, солармен бірге мұңайып өспеген адам төл мәдениетті қайдан түсінсін?  Осы  әуен  көршілес Өзбекстанда, не Түркіменстанда, не Әзірбайжанда, не Тәжікстанда неге жоқ? Себебі, олар әп дегеннен шетелден ақпараттық тәуелсіздік алуды жолға қойды. Олардың бүкіл баспасөзі, бүкіл телеарналары тек өз ұлтының тілінде ең алдымен өз ұлтының қам-қарекетін қаужайды.

Ал біздің мұндай күйге түсуіміздің себебі не?

Осысұрақтарға жауап іздей бастадым.

Сонау байырғы түркі дәуірінде  мәңгүрт жай ғана ел жұртын танымайтын,тңлңнен айырылған,ертеден қара кешке дейін қожайынының бұйрығын орындау ең басты міндеті  санайтын ақыл есінен айырылған адам болса, ХХ ғасырдағы мәңгүрт ата жұртының тарихын білмейтін,оның мәдени-рухани мұрасынан бейхабар,шыққан тегін,төл мәдениетін білмейтін  тұлға болды.ХХІ ғасырда да жаңа мәңгүрттердің пайда болу қаупі бар екенін біріміз білсек біріміз білмейміз.

Мәңгүрттік-ақылсыз бағдарламаларға қызығу.

Ақпараттық әлем мен жаңа технологияның дамыған дәуірінде күн санап жетіліп келе жатқан ақылды құрылғылардағы (смартфон,планшеттер) ақылсыз бағдарламалар жастарымыздың өткенін ұмыттырып,бүгініне көңіл бөлмей,ертеңі үшін алаңдамауына әкеп соғуы мүмкін.Себебі  күнделікті тіршілікте адамдар бір-бірімен жанды түрде араласу,алыс-жақынын түгендеу,айналасындағыларға көңіл бөліп жаны ашу деген сияқты қарапайым  қарым- қатынас түрлері  жоғалып бара жатқандай.Қорыта айтқанда сана сезімі мен болмыс-бітімін,ұлттық келбетін жоғалтқан мәңгүрт адамдар үшін ұлттық мәдениет,ана тілі маңызды  құндылық болмайды. Қоғам өмірінде мәңгүрттік орын алуы ұлттың өркендеуіне қауіпті.Мәңгүрттік елдің әлеуметтік-мәдени дамуына кері әсер етіп,мемлекетіміздің дәстүрлі жүйесіне нұқсан келтірмеуіне кім кепіл?

Мәңгүрттік – адам бойындағы  имансыздық. Иманы жоқ адам – қуыс кеуде, санасы сайтанға құл болған, ар-намысы өлген, тектілігін жойған жан.

Атаны билеп ұл кетті,
Қожаны билеп құл кетті,
Баласы келсе он беске,
Ата-анадан күн кетті,
Білмеді бала құрметті,–дегенде күндердің күні болғанда туған ата-анасынан, баласынан безініп, мүлдем ажырап, мәңгүртке айналатын ұрпақ көбейіп кететінін дәл болжады ма, кім білсін?!

Мәңгүрттік-діннен безіну. Қазіргі уақытта 11 пайыз қандасымыз өз дінінен безініп, бөтен пиғылдың шылауында кетіп отыр. Жат діннің құрбанына айналған көген көздерімізді сара жолдан адастырып, азғырушы 500-ге жуық шетелдік миссионердің жұмыс салдары осындай. Бүгін сол дінін сат­қан жастарымыздың күні ертең Отанын да сатпасына кім кепіл?

«Байығың келсе, жаңадан дін ойлап тап» деген сөзді қасиетті кітапта «аса алдаушы» деп аталған адамзаттың жауы – сайтан лағынның пенделерді алдап, азғындыққа салу үшін ойлап тапқан амал-айласының бір парасы десе болады. Мәселен, бүгінгі күні елімізде әр 5 жыл сайын бір жаңа діни ағым пайда болады екен. Олардың арасында кімдер жоқ дейсіз. Жылтыр сөзбен адамдарды арбап, құлдыққа түсіретін «бейкүнә» секталардан бастап, ашықтан-ашық сайтанға табынуды уағыздайтын, азғындықты басты бағдары етіп алған анайы секталар да жетіп артылады.

Мәңгүрттік-есірткіқұмарлық.  Есірткі-грек тілінде «ұйқы” мағынасын білдіретін «narke” сөзі, ағылшын тілінде «narkotik” деген сөзге айналып, ұйықтату, жансыздандыру, сезімсіздендіру деген мағынаны береді.. Есірткі дегеніміз адамның орталық жүйке жүйесіне әсер етіп, рухани және физикалық тепе-теңдікті бұзатын, рухани және физикалық тәуелділікке жол ашатын, жеке адам және қоғамдық жағынан экономикалық және әлеуметтік құлдырауға әкеліп соғатын заттар. Есірткі қару контрабандасында, тыңшылықта, бір мемлекеттің басқа мемлекет жастарын аздыруда, заңсыз жолдармен табыс табуда ең әсерлі және ең көп пайдаланылатын құрал.

Сол заманда қазақтың батыр жігіттерін қорлап, мәңгүрттікке душар етсе, қазіргі бейбіт заманда тілін, дінін, дәстүрін мойындағысы келмейтін, рухани мәңгүрт жастар кездеседі. Ендеше, рухани мәңгүрттік- қазіргі қоғам дерті.

 

Адам тағдырының терең философияға толы бір көрінісін көрнекті жазушымыз Әбіш Кекілбаевтың «Күй» повесінен алғаш танып,болашағымыздаа ешқашан мәңгүрттікке жол жоқ дегім келеді..

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                    ІІІ.Қорытынды

 

Әлемдік әдебиетте мәңгүрттік мәселесін алғаш Әбіш Кекілбайұлы көтерген, қазақтың жан берісіп, жан алысқан тарихын перзенттік көңілмен есті құлақ естіген жаны бар аңыздың қызметі көркем туындыға ниет құлатады. Әлем жаһандануды бастан кешіп жатса да, жақын мыңжылдықтарда мемлекеттердің этностық белгіден ажырамайтыны айқын. Осындайда зорлықшының тағдыры көз алдымызға осы «Күй» арқылы еріксіз оралатын болады. Өз халқының өткен-кеткен тарихын білетін әр оқырман осылайша жауыздықтың қайталанбауын тілейді. Солайша әр халықтың өкілі қазақ орнына өзін қойып көрсе, әлемдік ауқымдылыққа бойлайды.
Бұл шығармадағы күйші еріксіз мәңгүрттікке түскенімен, ойлау қабілетінен түпкілікті ажырамаған. Тұтқын болған қазақ жігіт түрікмендер аулының берекесі кеткенін сана-түйсігі сау адамға тән ақылмен түйсіне білді. Оның сондай жағдайда да күй тартқанын ойласақ, мұны екі тұрғыда бағалауға болады.

Біріншіден, жау оны мәңгүрт жасағысы келсе де, ол, шын мәнінде, мәңгүртке айналмаған. Мәңгүрт күй тарта ала ма?! Демек, жазушы шығармасында халық бейнесі жинақты түрде осы жазықсыз күйші арқылы көрінеді. Жазушы өткен тарихты айтып, «бізді мәңгүрт жасады» дегенді айтумен шектелмейді. Қазақтық идеяны кең ауқымда суреттеген. Сондықтан мәңгүрт-кейіпкер қазақы санадан ажырамай, бөтеннің де жанын тебіренткен күй тартады. Ал, күй – халықтың рухы. Халықтың рухы өлмеген жерде ғана күй тартылады. Жазушы ұлттық рухтың өлмегенін жеткізу үшін күйді музыкалық сарын ретінде ғана емес, өзекті идея үшін мақсатты түрде қолданған.

«Күй» тозығы жеткен рулық қоғамның бір ащы сабағын көрсетеді. Жалған намыстың құрбаны Жөнейіттің аянышты тағдырын айта отырып, өткеннен сабақ алуға шақырады, басқада айтары бар.
Ал, күйшінің санадан толық ажырамай, күй тартқаны бұл оқиғадан қазақтың аман шыққанын айғақтайды. Күйші монологы арқылы автор «Тәңірінің тегін жері мен тегін ауасына таласып, қырылып бара жатқан мынау жұмыр басты пенделердің босқа арамтер болып жүргенін де айт» деп, адами құндылықтарды алға шығарады. Қоғамның дамуы ма, тозуы ма, қалай болса да, адай мен айладыр болып, немесе қазақ пен түрікмен болып, бір кезде қырғи-қабақ болғанымызбен, ежелден түбіміз бір, бұл күнде Құранымыз бір дегенді мойындатып, ақсақалдар арқылы бітімнің болғанын да айтып, татулыққа үндейді. Жазушының қазақ тарихына қатысты аңызды Түрікменстанның Қособа деген аулының адамы Құрбан арқылы айтқызуының да өзіндік мәнісі − сол. Әлемдік әдебиетте мәңгүрттік мәселесін алғаш Әбіш Кекілбайұлы көтерген, қазақтың жан берісіп, жан алысқан тарихын перзенттік көңілмен есті құлақ естіген жаны бар аңыздың қызметі көркем туындыға ниет құлатады. Әлем жаһандануды бастан кешіп жатса да, жақын мыңжылдықтарда мемлекеттердің этностық белгіден ажырамайтыны айқын. Осындайда зорлықшының тағдыры көз алдымызға осы «Күй» арқылы еріксіз оралатын болады. Өз халқының өткен-кеткен тарихын білетін әр жас ұрпақ  осылайша жауыздықтың қайталанбауын тілейді.

Ә.Кекілбайұлының небәрі 28 жасында көрінуі елдік сананың жемісі.
«Күй»   аңызы  қалай жазылды деген сауалға берген жауабында жазушы 1953 жылы жеке адамға табынушылықты жоямыз деген ұранның шыққанын, артынша қайтадан сол мәселе өрістегенін айта келіп: «Қоғамның көптеген тағдыры билікте, биліктің ізеттілігі, биліктің адамгершілікке сүйенетін мәдениеті жетіспей жатыр. Соған байланысты би­ліктің қоғамға зорлығы, адамға зор­­­лығы мәселесін ашу керек болды. Оны тек қана жеке билік пен қоғам дейтін мәселе емес, мықтап адамдардың жа­нына тиетіндей саласынан алып көр­сету керек болды. Сондықтан билік пен өнер дейтін тақырыптың төңірегінде шығарма жазуды ойладым» (Дүйсенбаева Ж. Әбіш Кекілбаев шығармаларындағы тарих тағылымы. 2007, 13-б.), − депті. Тілге тиек болып отырған  «Күй» повесімен  небәрі 28 жасында қоғамның сұранысына сол кезде-ақ жауап бере білген.

Күні кешегі Елбасының жариялаған  ұлы даламыздың жеті қырын терең таразылаған мақаласын оқып шығып, керемет көңіл күйге бөлендім. Халық көкейінде жүрген талай-талай дүниелерді дөп басып айтқан, тарихи туындысы үшін Президентімізге шексіз алғысымды білдіргім келеді.

Дүниежүзілік мәдениетке, ғылымға, жалпы қоғамдық дамуға өзінің зор үлесін қосқан өлкеде туып, өсіп-өну, оның тарихын жалғастыру әрбір санасы ояу қазақ үшін үлкен мәртебе және мақтаныш. Мақалада қазақтың тарихы арқылы ұлттық ерекшелігі,мәдениеті,өркениеті,даму дәуірі тереңде екені терең қамтылған. Ұлы даланың тарихымен, дүрбелең дүбірімен бірге өрілген тұлғаларымыздың есімдері тек мақтанышымыз ғана емес, Ұлы даламызды әлемге танытушы,дәріптеуші. Елбасы мақаласындағы «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты оқу-ағарту энциклопедиялық саябағы ашылса, жастардың патриоттық сезімінің, елжандылық қасиеттерінің нығаюына, ынтасының артуына септігі тиері сөзсіз.

Дәлелді құндылық. Кеше ғана жарық жұлдызымыз Димаштың Лондон төрінде Құрманғазының «Адайын» дүркірете тартуы, қос пернеден төгілген аттың дүбірі арқылы өршіл бейнені, намысты тұлғаны танытты. Өнер сүйгіш қырық үш елден келген көрермендерді күй арқылы қазақи мінезді мойындатты. «Ұлы даланың жеті қыры» қазақи мінезбен жіксіз астарлас.

 

“Мәңгүртке айналудан сақтанайық!”

Мәңгүрттікті жою жолдары:

  • тілге деген құрметті арттыру, тиянақты меңгерту;
  • ата-баба дәстүрін, қазақи тәрбиені бойымызға сіңіру;
  • дінді уағыздау: адамгершілік, имандылыққа тәрбиелену;
  • ел тарихынан толық хабардар болу;
  • дені сау, салауатты өмір салтын ұстанған ұрпақ болуға ұмтылу;
  • өз еліміздің мәртебесін көтеруге біліммен, адал еңбекпен үлес қосу;
  • ел, әлем жаңалықтарынан толық хабардар болу;
  • Жастарды мәдениетке баулитын мәдени ошақтарды көбейту.

 

Жаман әдеттен аулақ болып, өз еліміздің туын асқақтатып, мәртебесін көтеретін,рухани адамгершілігі мол,қайырымды да мейірімді азаматтар мен азаматшалар болуларыңызға шын жүректен тілектеспін.

Сау болыңыздар.