Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз

«Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз»

«М. Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп-гимназиясы мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік  мекемесінде Қазақстан Республикасының 27 жылдық мерекесіне байланысты ата-бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген  Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз»  атты салтанатты жиын өтті. Мектеп директоры Қ.Т. Сарқытов салтанатты жиынға жиналған оқушыларды, мектеп ұстаздарын, ата-аналарды  мерекемен құттықтап, Отанымыздың мемлекеттілігін нығайтудағы қажырлы еңбектері үшін ұстаздарға  алғыс айта отырып, жиын барысында ұстаздарды марапаттады. Мерекелік жиында жылдағы қалыптасқан дәстүр бойынша, жыл басынан бері атқарылған жұмыстардың нәтижесі қорытындыланып, «Тәуелсіздік күніне»  орай  Олимпиада, спорт түрлерінен түрлі жетістікке жеткен оқушылар да марапатталды.  Сондай-ақ мектебіміздің өнерлі шәкірттері патриоттық әндер шырқап, жиынның сәнін келтірді.