Негізгі және туынды зат есім

 

Пәні: қазақ тілі

Күні:22.01.2019ж

Сынып: 3 «Б»

Мектеп: Т.Рысқұлов атындағы жом

Мұғалімнің аты-жөні:  Әліпбек Ләззат

Қатысқандар:                                 Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы  Негізгі және туынды зат есім
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары 3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру;

3.4.2.4 негізгі, туынды зат есім/сын есім/етістікті анықтау;

3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету;

3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, тілдік нормаларды сақтап сөйлеу

Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар жасай алады:Негізгі және туынды зат есімді анықтай алады. Жаңа білімді меңгереді. Сауатты, көркем жазады.

Оқушылардың көбі жасай алады:Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтай алады.

Оқушылардың кейбірі жасай алады:Берілген тапсырмалар бойынша ой қорыту жасай алады.

Бағалау критерийлері — тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілейді

— ашық және жабық сұрақтарға жауап береді;

— сөйлемнен зат есімді табады, олардың түрлерін ажырата алады

— диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтай алады.

— берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады

Тірек сөздер Пәндік терминология мен тірек сөздер:

 Көгал,шебер,кестелеген

Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл:

Талқылау үшін сұрақтар:

Зат есім дегеніміз не?

Сын есім дегеніміз не?

Сын есім дегеніміз не?

Етістік дегеніміз не?

Құндылықтарды дарыту Отанын, елін, жерін сүюге, Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыстар Бейнелеу өнері, көркем еңбек.
АКТ қолдану дағдылары  
Алдыңғы меңгерілген білім Зат есім туралы 2-сыныпта игерген білімдеріне негізделіп меңгертіледі.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақта жоспарланған іс-әрекет 

 

Ресурстар
Сабақтың басы

 

Ұйымдастыру кезеңі.

Жаңа сабақты ұйымдастыру. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Оқушылар шеңбер құрып тұрады. «Гүл сыйлау» ойыны арқылы бір-біріне жылы лебіз айтады

 

Миға шабуыл

Жаңа сабаққа кіріспе. Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы өткен сабақтардан игерген білімдерін пысықтайды:

–   Зат есім дегеніміз не?

–   Зат есімдерге қандай сұрақтар қойылады?

–   Дара зат есем дегеніміз не?

–   Күрделі зат есім дегеніміз не?

–   Жалпы есім дегеніміз не?

Жалқы есім дегеніміз не?

Көңілді әуен қосып қою

 

 

 

 

Сабақтың ортасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  

Мәтінді тыңдау.

21-жаттығу. Оқушыларға «Ананың асыл арманы» мәтіні тыңдатылады. Түсіндірме сөздікпен жұмыс ұйымдастырылады.

 

Мәтін бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтарды

жалғастырып көр:

1) Әйел барлық ақшасына әдемі суретті сатып алу

себебі неде деп ойлайсың?

2) Әйел-ананың орнында болсаң, сен не істер едің?

3)…

4)….

 

Дескриптор:

Мәтін мазмұны бойынша сұрақ қойып жауап береді.

Мәтін бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтарды

жалғастырады.

 

22-жаттығу. Оқушылардың сыни ойлауын, оқу рефлексиясын дамытуға бағытталған «Детектив»  стратегиясы бойынша іздену жұмысы ұйымдастырылады. Оқушылардың назары мақалға аударылады.

Дескриптор:

Мақалдың қатесін тауып,қайта құрастырып жазады.

Мақалдың мағынасын түсіндіреді.

 

23-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқиды. Күн кілем тоқи ала ма? сұрағына жауап беру арқылы өз ойларын білдіреді. Өлеңнің алғашқы шумағында неліктен солай айтылғанын топта талқылайды.Өз кілеміне қандай өрнектер салатынын айтады

 

Өлеңдегі қай сөзге -ше, -ші жұрнақтарын жалғау арқылы

туынды зат есімдер жасауға болады?

Дескриптор:

Өлеңді мәнерлеп оқиды.

Өлең мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.

 

Жасырынған мақалды табу.                                                                            

Мағынасын талдау.                                                                                                        

Құпия жазылған мақалды сағат тіліне қарсы бағытта оқиды.

Шешуі: Өнерлінің өрісі кең.

Жұппен жұмыс ұйымдастырылады. Мақалдың мағынасына талдау жасайды. Бір-бірінің қатесін тауып, түзетіп, орындалған жұмысты мұғалімнің басшылығымен бағалайды

 

 

Оқулық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дәптермен жұмыс

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

дәптермен

жұмыс

Сабақтың соңы

 

Кері байланыс жасау.

                             

–   Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

–   Сабақтан не үйрендіңдер?

–   Саған не ерекше қызықты болды? –

сұрақтарына жауап береді.

Егер оқушыларға сабақта

бәрі түсінікті болса – ,

түсінбеген жерлері болса – ,

бәрі түсініксіз болса,  көтереді.

 

 
Қосымша ақпарат
Саралау – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
 

 

 

   
Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылар оқу мақсаттарына қол жеткізді ме?

Оқу мақсаттарына қол жеткізілмесе себебі неде?

Ынтымақтастыққа қол жеткізілді ме?

Саралау бойынша жұмыстар дұрыс жүргізілді ме?

Уақыт кезеңдері дұрыс сақталды ма?

Жоспардан ауытқулар орын алды ма? Неліктен?