Туған жер тақпақ

Туған жер

Ана құмда мен ойнап жалындағам,

Лағыл құмда дем алып дамылдағам.

Сары құм,сағынышым,сағым далам,

Қаншама үміт жатыр арылмаған?!

Сары құм,сағынышым,балалық шақ.

Көп іске мән бермейтін даралық шақ,

Сол құмнан үй соғып-ап ойнаушы едік,

Ешқашан оралмайтын даралық шақ!

Ол мекенде анам алғаш сүйген жер,

Ең алғашқы әріп сонда үйренгем.

Жақсылардың жақсы ісіне ұмтылып,

Алғаш рет жамандықтан жиренгем.

Қаладағы тар бөлмеден тұншығам,

Кең далаға ,сары құмға үйренгем.

Қалайша мен сағынышты тоқтатам,

Арыламын сағынышты күйден мен?!

Еркіндікке,бостандыққа бас иіп,

Бабаларым туып түзде,үйде өлген!

 

Арай Амантай Абзалқызы.