«Әсем гүлдер»

ҰОҚ конспектісі

Күні:10.04.2019 жыл

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Қүрастыру

Тақырыбы: «Әсем гүлдер»

Мақсаты:

Білімділік: Гүлдердің түрлерімен таныстыру. Гүлдердің түр – түстерін ажырата білуге баулу. Өсімдіктерді күту ережелерімен таныстыру. Түстер туралы ұғымын бекіту, түстердің атын білуге машықтандыру.
Дамытушылық: Сөздік қорын молайту, тілдік белсенділік қызметін арттыру. Гүлдердің түр–түстерін есте сақтау, қабылдау, ойлау сезімдерін дамыту.
Тәрбиелік: Адамгершілікке,мейірімділікке,ізгілікке,адамдарды құрметтей білуге тәрбиелеу.

Қостілділік компонет: Гүлдер − цветы

Сөздік жұмыс: гүлдер, қызғалдақ, күнбағыс, раушангүл, түймедақ, лалагүл, бәйшешек, бақытгүл

Қызмет кезеңдері

 

Тәрбиешінің қызметі
Мотивациялық −

қозғаушылық

Ш.ш: Салем аспан

Салем жер

Салем балабақшам

Салем мен

Ұйымдастыру −

іздестіру

Түсіндіру, сұрақ−жауап:

−       Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

−       Иа. Көктем  мезгілі.

−       Көктем мезгілінде ауа – райы қандай болады?

−       Балалар біз бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметінде Гүл туралы өтеміз.

Гүл бізге не үшін керек?

Дұрыс айтасындар, гүл бізге таза ауа, айналамызға әсемдік береді

Гүлдер тірі табиғатқа жатады. Олар тамыры арқылы қоректенеді. Гүлдерді өсіру үшін топырақ, күннің көзі, су қажет. Гүлдер 3 – ке бөлінеді: дала гүлі, бақша гүлі және бөлме гүлдері.Дала гүлдеріне бәшешек, қызғалдақ, жауқазын гүлдері жатады.Қызғалдақ гүлімен танысайық,ендеше танысу үшін қызғалдақ гүлін құрастырайық ол үшін бізге желім қызғалдақ гүлінің мазайкасы керек.  Осы мозайкадан гүл құрастырып, қызғалдақ гүліне көрсетейік. Гүлдер сабағынан өсіп шығады екен. Алдымен мозайканың ортасынан, төменнен жоғарыға қарай гүлдің сабағын қоямыз. Гүлдің сабағы ұзын жіңішке болады. Содан кейін сабағынан жапырақ өсіп шығады. Енді жапырағын қоямыз. Жапырақтың пішіні сопақша болады. Сабағының жоғарғы жағынан гүлдің күлтелерін орналастырамыз.
— Ал, енді балалар гүлді құрастыруды бастайық.

Сергіту сәті:

Жайқалады  ағаштар

Бетімізге  жел  еседі,

Кіп- кішкентай  балалар,

Үп- үлкен  болып  өседі.

Рефлексиялық − түзетушілік Қорытындылау.

— Балалар бүгін бізде қандай іс – әрекет болды?

− біз бүгін қандай гүлді құрастырдық?

−Қызғалдақ гүлі қайда өседі екен?