Кел,танысайық! Осы менің туған елім! Сөйлем.

Күні: 04.09.2018 ж.

Сынып: 1 А

Қатысқандар саны: 25                       Мұғалімі: Р.Турганова

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы Кел,танысайық! Осы менің туған елім! Сөйлем.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту

1.8 Берілген тақырыпқа  әңгіме құрап айту

1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту

Сабақтың мақсаттары Барлығы: сөйлем туралы жаңа білімді меңгереді.

Көбі: анық сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді. Оқиғаларды тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

Кейбірі: алған білімді өмірде қолдана алады.

Жетістік критерийлері  Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.

Құндылықтарды дарыту Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс Өнер, әдебиеттік оқу сабағы
АКТ қолдану дағдылары Аудиожазба , таныстырылым.
Тілдік құзыреттілік Туған жер, родина,  Birthplace.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы

2 минут

Ертеңгілік шеңбері

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

 

 

Шаттық шеңбері

 

 

 

 

 

 

Сабақтың ортасы

5 минут

 

        7 минут

 

3 минут

 

 

 

 

 

16 минут

 

 

«Осы менің Туған елім!» — сурет бойынша әңгімелесу.

№1 Тыңдалым.  Суретке мұқият қарап, Әлидің өзі туралы  айтқан әңгімесін тыңда. Түсінгеніңді өз сөзіңмен айтып көр.

№2 Өздерің тұратын мекенді, сызбаның көмегімен әңгімелеп көріңдер.

СЕРГІТУ СӘТІ.

Орманда кірпі келеді,

Саңырауқұлақ тереді.

Кездесті, міне, керегі:

Екеуі қайың астынан.

Біреуі терек қасынан.

Қанша олар болмақ есепте,

Тоқылған салса себетке?

 

«Кел, танысайық!»

Оқушылар қол ұстасып шеңберге тұрады. Әр оқушы өз есімін мақтан етіп, дауыстап айтады. Достары естеріне сақтап қалуға тырысады.

Аудиожазба

 

 

Қазақстан картасы.

Сергіту сәті

Тренинг

Сабақтың соңы

2 минут

 

Рефлексия

Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді  бас бармақ салынған суреттер  арқылы бағалау.

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін  тексеру жоспарыңыз?

Оқушыларға бір-бірімен танысу үлгісін көрсетеді. Өзара танысу барысында қандай сұрақтар қоюға болатынын талқалайды.

— Сенің атың кім?

—  Сен неше жастасың?

—  Саған қандай ойындар ұнайды?

— Сенің сүйікті  ойыншығың/затың?

 Берілген бөлімді өзіңізге ұнайтын бір затты көрсетіп, оның сізге несімен ұнайтынын, біршама дәлдікпен  жан-жақты сипаттаудан бастаңыз.

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

АКТ
құндылықтар-

мен байланыс (тәрбие)

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Оқушылар өздері жасаған  бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)

 

Өнер, ана тілі сабағы

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.