«Ғажайып жаңбыр» «Шоколадтан салынған жол»
Күні | |
Пәні | Ана тілі 4-сынып |
Сабақтың тақырыбы | Д.Родари «Ғажайып жаңбыр»
«Шоколадтан салынған жол» |
Дерек көзі | Оқулық, слайд. |
Жалпы мақсат | Топтық әрекетте диалогтық тәсілді пайдалана отырып,мәтіннің мазмұнын ашу.Ой өрістерін , сөйлеу дағдыларын дамыту. Өз беттерімен мәтін мазмұнын түсініп, сұрақтар қоя білу дағдыларын, өз көзқарастарын айту, қорғау дағдыларын жетілдіру |
Оқыту нәтижесі | · Мәтін мазмұнына сай сұрақтар қоюға, ойланып жауап беруге дағдыланады.
· Өз пікірін қорғайды, көзқарасын білдіреді. · Өз өзін бағалауға үйренеді. |
Негізгі идеялар | Ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту. |
Тапсырмалар | 1. Ассоцация құру
2. Топтық тапсырмалар. 3. Шығармашылық тапсырмалар. |
Кейінгі тапсырма | Оқулықпен жұмыс.
|
Мұғалімнің жазбасы:
Әдіс тәсілдер: СТО, топтық жұмыс, ойын, диалог,сұрақ жауап, шығармашылық жұмыс,АКТ өзін өзі бағалау, ЖИГСО стратегиясы.
I.Ұйымдастыру.
Күлімдеп күн бүгін ,
Қарады маған да.
Күлімдеп күн бүгін ,
Қарады саған да.
Күлімдеп күн бүгін ,
Қарады баршаға.
- Үй тапсырмасы:
- Мазмұнын айту.
- «Жұлдызды сәт» ойыны. /тақырып бойынша сұрақтар қою/
дұрыс жауап берген оқушыға жұлдыз беріліп отырады.
Сұрақтары:
- Бір апта өткен соң қайда келіп жетті?/Италияға/
- Қай теңізде шомылды?/Жерорта/
- Не үшін балықтың аузына еркімен кіруге тырысты?/айырдай тісіне ілікпеу үшін/
- Ол өзін өандаймын деп санады?/ ақылдымын/
- Балық іші қандай екен?/тастай қараңғы/
- Балықтың ішінде неістеді?/қыдырды/
- Бұл жүріс балыққа қалай әсер етті?/ұнамады/
- Бұл жағдай болған соң, ол не істеді?/аттай тулап, есектей мөңкіді/
- Балық не істеді?/ойбай салып, астаудай басын судан шығарды/
- Бұл жағдайды кімдер көрді?/Италия кемесінің адамдары/
- Матростар не істеді?/балықты атып алып кемеге шығарды/
- Балықтың ішінде ол қалай отырды?/зәресі ұшып/
- Не деп ойлады?/балықпен бірге бөліп тастамас па екен?/
- Балтамен бөліп жатқанда ол не деді?/Италянша рахмет деп айтып жатты/
- Матростар адам дауысын естігенде неістеді?/состиып тұрып ұалды/
- Ол балықтан шыққан соң, не істеді?/ ілтипатпен иіліп сәлем берді/
- Бұл оқиға кімнің басынан өткен?/Мюнхаузеннің/
III. Жаңа сабаққа дайындық./Қызығушылықтарын ояту/
Сөзжұмбақ сұрақтары:/автордың аты жөнін шығару, таныстыру./
- Аттың жартысы қай жерде жайылып жүр?/көгалда/
- «Балама хат» өлеңін жазған кім?/Жамбыл/
- «Жарты ат», «Балық құрсағында» деп аталатынәзілкеш оқиғаларды кім жазған?/Энрих Распе/
- Ол қай халықтың жазушысы?/неміс/
- «Үш жігіт туралы хикая» атты шығарманы жазған жазушы./Назым Хикмет/
- «Атадан қалған тұяқ» әңгімесіндегі Әлеубектің шешесінің аты кім?/Жиһангүл/
- «Жарты ат» ертегісіндегі соғыс кімдермен болды?/түріктермен/
- «Акула» әңгімесін жазған жазушы кім?/Л.Толстой/
- «Ісініп» деген сөзді басқаша қалай айтуға болады?/домбығып/
- Артиллерист, зеңбірек, қайық деген сөздер қай мәтінде кездеседі?/Акула/
- Кемені суда ұстап тұратын тетік./зәкір/
- «Шығыс шынары» кімне арналған мәтін?/Әлия/
- Ой қозғау.
Түстерге байланысты екі топқа бөліну. Топ бойынша тапсырма беру.
1 – топ: Ғажайып жаңбыр қандай болады?
Ғажайып жаңбыр жауса не істер едің?
2 – топ: Жол неден салынады?
Шоколадтан салынса не істер едің?
Топпен жұмыс істеу./ассосация құру, сурет салу/
Топ ішінен бір оқушы шығып қорғайды.
- Мағынаны тану.
«Оқы , оқығанды көңілге тоқы!» ЖИГСО стр. бойынша оқушылар өз бетімен оқып, бір біріне түсіндіреді.
«Жүйрік болсаң шауып көр»
Топ ішінен екі оқушы шығып. Мәтінді талдайды. Басқа оқушылар сұрақ қояды.
- Сергіту сәті: «Кім шапшаң?»
Кітапханада 3 бөлме,
Әр бөлмеде 10 шкаф.
Әр шкафта 5 сөре,
Санай алсаң егерде
Айтып берші анықтап. /105/ Сәйкес қимыл жасау.
YII.Сабақты қорытындылау.
«Ойлы болсаң, озып көр» Дебат әңгіме.
- – топ: Ғажайып жаңбыр жаууы мүмкін.
- — топ: Ғажайып жаңбыр жаууы мүмкін емес.
«Ой қорыту»
- Бүгінгі сабақта көңіл күйіміз қалай болды? /смайликтермен белгілеу/
- Неге жақсы өтті?
- Неге жақсы өтпеді?
YIII. Үйге:Ертегіні оқу, мазмұны
Мәтін соңындағы шығармашылық тапсырма.
- IX. Бағалау.
Бағалау парағы бойынша өз- өздерін бағалайды.
Күні | |
Пәні | Ана тілі 1-сынып |
Сабақтың тақырыбы |
«Құстарым, келіңдер!» |
Дерек көзі | Оқулық, суреттер, дидактикалық материалдар, буклеттер, кітаптар. |
Жалпы мақсат | Заттың атын білдіретінсөздер туралы түсініктерінжетілдіру, сөздерге сұрақ қойып, сөздерден сөйлем құрап жазуға үйрету. Құстар туралы білімдерін кеңейту.Ой -өрістерін, ойлау және сөйлеу қабілеттерін, танымдық қабілеттерін дамыту.Құстарды қорғауға,танып білуге деген қызығушылықтарын ояту. |
Оқыту нәтижесі | · Заттың атынбілдіретін сөздер туралы білімдерін жетілдіреді.
· Оқу барысында сұрақтар қоюға, ойланып жауап беруге дағдыланады. · Өз ойын айта білуге үйренеді. · Оқушылардың шығармашылықтарын арттыру; · Құстар туралы танымдық қабілеттері арта түседі. · Бір- бірін бағалап үйренеді. |
Негізгі идеялар | Заттың атын білдіретін сөздер, оларға қойылатын сұрақтарды еске сақтау. Құстарды қорғауды түсіну. |
Тапсырма
лар |
1. «Ойлан ,тап»/жұптық тапсырмалар/
2. Суретпен жұмыс; 3. «Кім жалғастырады?» 4. «Ғажайып құстар әлемі» саяхатындағы құстар тапсырмалары. |
Кейінгі тапсырма | 1. Оқулықпен жұмыс.
2. Дәптермен жұмыс. 3. Бірін- бірі бағалау.
|
Мұғалімнің жазбасы:
Әдіс – тәсілдері: түсіндіру, сұрақ – жауап, ойын, әңгімелесу ,шығармашылық тапсырма, топтастыру, топтық тапсырмалар, жұптық тапсырмалар, бірін- бірі бағалау.
Түрі: саяхат сабақ.
Пәнаралық байланыс:дүниетану
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру:
Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау.
Біз әдепті баламыз,
Біз ерекше баламыз.
Қонақтарды көргенде,
Сәлеметсіздер ме — деп,
Сәлемдесіп аламыз.
-Балалар, қолымыздан ұстайық, шаттық шеңберін құрайық. /жақсы тілектер айту/
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
-Сабағымызды бастауға дайынбыз ба? Ендеше, үйге не берілді?
-«Жазғытұрым» өлеңін жатқа айту.
ІІI. Өткенді пысықтау.
Өткен сабақты пысықтау арқылы, жаңа сабақтың тақырыбын ашу.
- «Ойлан, тап» ойыны арқылы жұппен жұмыс. /Кім? Кімдер? Не? Нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздерді топтастырып жазу, бір-бірін тексеру./
2.Сабағымыз не туралы болады деп ойлайсыңдар?
3.Ал, мына бір суретке қарайықшы.
-Қай мезгіл? Көктем мезгілінің ерекшеліктерін айту.
— Сабағымыз тағы не жайлы өтеді? Мақсатымыз қандай деп ойлайсыңдар?
VII. Жаңа сабақ.
1) Оқулықпен жұмыс.
-Жаттығуларды орындау. Дәптермен жұмыс.
- 85 – жаттығу. 1) тапсырмаларды оқу
2) ауысқан сөздерден сөйлем құрау.
3) Не ? сұрағына жауап беретін сөздерді табу.
- 86 – жаттығу. 1) өлеңді оқу;
2) Мамандықты білдіретін сөздерді тауып, оларға сұрақ қою.
3) «Кім жалғастырады?» деп, өлеңді ауызша жалғастырып айту.
- Ережен құрастырып көру /жаттығулар негізінде/
- Оқулықтағы берілген ережені оқып ,өздері алдын ала айтқан ережемен сәйкестігін салыстыру.
- «Келіңдер, құстар!» атты өлеңді оқу.
1)Іштей оқу;
2)Дауыстап, тізбектей оқу.
3) талдау ./сұрақ-жауап арқылы/
— Неге өкпелеп кетті деп ойлайсыңдар?
-Жаңа «үйге» деп нені айтып тұр?
-Құстардың қандай түрлерін білесіңдер?
4) Топпен жұмыс. «Отырықшы құстар», «Жыл құстары» топтастыру. /құстар суреттері бойынша /Тақта алдына шығып қорғау.
ІІI. Сергіту сәті.
- Сабақты бекіту.
-Құстың қандай пайдасы бар?
-Ағаштарды қорғайды, зиянды құрт -құмырсқаны , жәндіктерді құртады.
-Құстар туралы мақал мәтелдер, тыйым сөздер білесіңдер ме?
- Сабақты қорытындылау.
—Сонымен, бүгінгі сабағымыз бойынша қандай қорытындыға келдік.
-Рефлексия. «Менің көңіл күйім» / Смайиликтер арқылы білдіру және не үшін көңілді немесе көңілсіз болған себептерін сұрау.2-3оқушыдан./
- Үйге тапсырма: «Келіңдер, құстар» мәнерлеп оқу.
Ережені жаттау.
VII.Бағалау. /бірін -бірі бағалау парағына қорытынды баға қойып, айту/
Күні | |
Пәні | математика 2-сынып |
Сабақтың тақырыбы | Қайталау. |
Дерек көзі | Оқулық, суреттер, |
Жалпы мақсат | Топтық әрекетте сайыса отырып, шапшаң есептеу дағдыларын, кестелік қосу мен азайтуды бекіту.Білуге , үйренуге, пәнге қызығушылықтарын арттыру, есте сақтауға баулу. |
Оқыту нәтижесі | · Ізденіс жұмыстарын топпен шешуге үйрену;
· Бірін бірі қорғайды, көзқарасын білдіреді; · Топпен бағалауға үйренеді; · Лидерлікке ұмтылады. |
Негізгі идеялар | Ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту. Өз беттерімен, топпен жұмыс істеу дағдыларын дамыту. |
Тапсырмалар | 1. топтық тапсырмалар
2. Шығармашылық тапсырмалар
|
Кейінгі тапсырма | Оқулықпен жұмыс.
|
Мұғалімнің жазбалары:
Сабақтың көрнекілігі:бағалау парақтары, қима қағаздар, суреттер
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: Психологиялық дайындық, сұрақ-жауап, талқылау,топпен жұмыс,сайыс, ойын, тапсырмалар
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру:
- Психологиялық дайындық сәті өткізіледі.
Ой арманын кешеміз,
Ақылды боп өсеміз.
Есепке тұнған әлемнің
Жұмбақ сырын шешеміз.
- Оқушыларды топқа бөлу ./фигура арқылы/
Бағалау парағын тарату,түсіндіру.
Ұпайларын фигуралар арқылы жинау.
II.Үй тапсырмасы:
- «Сұқ саусақ» стратегиясы бойынша № 6 тапсырманың шешуін айтатын топты анықтау.
II.Жаңа сабаққа дайындық
«Гном» ойыны
Санды разрядтық қосылғыштардың қосындысына алмастыр:
84= 80+4 65=60+5 10=10+0
87=80+7 54=50+4 99=90+9
27=20+7 23=20+3 69=60+9
55=50+5 12=10+2 36=30+5
III.Қайталау
- Оқулықпен жұмыс.
№1, 2 есептерді оқушылар топпен шығарып, өзара тексеріп, топ басшылары шешуін қорғайды. «Кім тапқыр?» тапсырмасы:
№1 №2
Б-32 Қатысты- 16
Қ-10 Қобыз-2
Ұ-20 Сырнай-4
Келмегені-? Домбыра-?
Шешуі: 1) 32-( 10+20)=2 Шешуі: 1) 16-(2+4)=10
2)(32-10)-20=2 2)(16-2)-4=10
3)(32-20)-10=2 3)(16-4)-2=10
Жауабы: 2оқушы келмеді Жауабы: домбыраға 10 оқушы қатысады.
«Кім жылдам?» тапсырмасы:
Тиісті жақшаны қой. /тақтада орындау/
13+6-2=17 17-2+3=18 19-9+2=8
17-2+3=12 16-2+2=12 15-1+1=13
50+40-20=70 96-40+6=50 75+4-30=49
30+3+60=93 20-10+80=90 78-50-10=18
IV .Сергіту сәті.
Қағып қалып қолыңды,
Бір, екі, деп санайық.
V.Сабақты бекіту.
«Тездет, бірақ қателеспе!» тапсырмасы:
№5
15 15 14 13 12
9 8
Қосу амалын құрып, тиесінше азайту амалын құрастыру. Мәнін табу.
«Бәрімізге бір өрнек» тапсырмасы:
№5 Амалдардың орындалу тәртібіне есептер шығару.
«Математикалық жекпе- жек» тапсырмасы:
Бұл кезеңде топ басшылары сандармен берілген мақал -мәтелдер айтып жарысады.
- Қорытындылау.
Әр топ өз ұпайларын есептеп шығарады.
Жеңген топты анықтау.
- Сонымен бүгін не істедік?
- Нелерді қайталап, нелерді еске түсірдік?
- Сабақ қалай өтті ?
- Не ұнады?
- Не ұнаған жоқ?
VII.Үйге тапсырма:
№6
YIII. Бағалау.
Топ басшылары бағалау парағы бойынша қорытындысын шығарады.