Мүліктік жəне əлеуметтік жіктелудің ұлғаюы

 

Мүліктік жəне əлеуметтік жіктелудің ұлғаюы

Шаруашылықтыңқолөнердіңсауданың дамуы, басқыншылық соғыстар құлдық пен мүліктік жіктелудің одан əрі ұлғаюын тудырды. Соғыс жорықтары мен сауда кездерінде қолға түскен əртүрлі байлықтар: малдарқұлдар, əшекей бұйымдары, жер жəне басқа да олжалар халық арасында бірдей, тең бөлінбеген. Түскен олжа мен байлықтың басым көпшілігі перғауынның жəне құлиеленуші ақсүйактердің қолдарына жиналды. Сонымен бірге құлиеленуші шонжарлар патша сыйлықтарының арқасында байи түскен. Перғауындарға жақын əкімдер құнарлы ірі қоныстарға ие болған. Қарапайым халықтың жағдайы күннен-күнге төмендей бастаған. Көпшілігі соғыс жорықтарынан мүгедек болып оралған, сондықтан олар ешбір еңбекке жарамсыз болды. Соның нəтижесінде кедейшілік пен қайыршылық жағдайда өмір сүрді. Бұл мүліктік жəне əлеуметтік жіктелудің тереңдеуіне əсер еткен. Яғни ежелгі Египетте бай жəне кедей адамдар тобы бөлінді. Ежелгі Египеттегі еңбекшілерге құлдар, қолөнершілер жəне тау-кен жұмысшылары жатты.

Шонжарлар

Ежелгі Египетте шонжарлар тобына сарай қызметкерлері, қазылар, əкімдер, жазғыштар, сақшылар мен шабармандар жатты Шонжарлар патшаның туыстары, достары болды. Сондықтан оларға перғауын əртүрлі сый-сияпаттар жасады. Шонжарлар үлкен де əсем үйлерде тұрып, жақсы тамақтанды. Музыканттар мен сұлу мүсінді бишілер шонжарлардың көңілін көтеру үшін би билеп, əн салатын болған. Олар үйдегі барлық жұмыстарды бұлжытпай орындайтын қызметшілер ұстаған. Соынмен бірге құлдар шонжарларды жаяу жүрмеу үшін арнаулы зəмбілдерге салып, көтеріп жүретін. Шонжарларға көзі тірісінде-ақ тастан мазар тұрғызылған.

Көрші елдерге тонаушылық жəне басқыншылық жорықтар

Ежелгі Египеттің жорықары басқыншылық соғыс бағытында жүргізілді. Египет перғауындары өз биліктерін күшейтуге, өз иелігіндегі жерлерді кеңейтіп, шикізат шығатын жаңа жерлерді басып алуға, сөйтіп, байлығын молайтуға күш салып отырды. Сонымен бірге ірі сауда жолдарына билік етуді жəне сыртқы сауданың бұдан əрі өркендеуіне жол ашуды мақсат етті. Египет əскерінің негізгі бөлігі жаяу жауынгерлер болды. Атты əскерлер арасынан екі дөңгелекті арбамен жүретін жауынгерлер ерекше көзге түсетін.

Б.з.б. 1500 жылдар шамасында III Тутмос перғауын өз əскерлерімен Алдыңғы Азияға аттанды. Осы жорықтардың нəтижесінде Египет əскерлері зор жеңіске жеткен. Бұл басқыншылық жорықтар Египеттің Азиядағы ықпалын, беделін күшейтті. Жаулау жорықтары нəтижесінде ВавилонАссирия жəне Хетт патшалары Египетке алым төлеп отырды. Перғауын II «Рамзес» билік еткен б.з.б. XIV ғасырдың ақыры — XIII ғасырдың орта шенінде ежелгі Египет едəуір қуатты елге айналды. II Рамзес хеттерге Кадеш қаласы түбінде ойсырата соққы беріп, Палестина мен Сирияның оңтүстігін басып алды.

Шаруалардың жағдайы

Ежелгі Египет шаруалары егіншілікпен айналысты. Шаруаның азырақ жері, малы жəне жеміс ағаштары болды. Егіншілік кəсібі қыруар еңбекті керек етті.

Ніл аңғарында егін салу үшін жерді кұмнан, батпақ пен бұталардан тазартып алған. Олар бұталарды шауып, ол жерге қамыс пен сазбалшықты араластырып, бөгеттер жасаған. Бөгеттерге қақпалар орнатып, жеткілікті мөлшерде су жіберген. Ал бау-бақшаларды арнайы жасаған шадуфтардың (құдық) көмегімен суарған.

     Қолөнершілердің еңбегі мен халі

Ежелгі Египет суреттерінен қолөнердің барлық түрінің дамығанын көреміз. Олар өзінің қолынан жасап шығарған затына қарай бөлінген. Мысалы: мыс қорытушылар, тоқымашылар, балташылар, тері илеушілер, кеме жасаушылар, құмырашылар жəне зеогерлер.

Мемлекет күшейіп , нығайған сайын қолөнершілерді қанау да күшейген. Олардың көпшілігі перғауындар мен бекзадалврдың шеберханаларында жұмыс жасаған. Көбінесе əскерге қажетті қару-жарақтар əзірленген. Қолөнершілер күндіз де, түнде де, жұмыс істеді. Олардың жұмыстарын бақылаушылар үнемі қадағалап отырған.

Тас қалаушылар мен тау-кен жұмысшыларының еңбегі

Египеттің негізгі табиғи байлығы тас болды. Əсіресе, Ніл аңғарларының батыс жəне шығыс бъліктерінде неше түрлі тастардвң түрі болған. Египеттіктердің əктастар, қиыршықтар, гранит, диорит, базальт, порфир, малахит жəне бирюза тастарын қазып алған. Тау-кен жұмысшылары тасты қазып алып, оны өңдеп, ұқсату үшін əртүрлі аспаптарды (ағаш, тоқпақ, қайла, шапқы, бұрғы) қолданды. Бұл тастарды құрылыс матриалдары ретінде, мүсіндер жасауға, тастан бағалы ыдыстар, қымбат зергерлік бұйымдарды əшекейлеуге пайдаланды. Мұның өзі тас өңдеу қолөнерінің жоғары дəрежеде дамығандығын көрсетеді