Гидравликалық машиналар

Физика                                                          Тексерілді:                                М.Қамбаров

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мектеп: №56Т.Белгібаев
Күні:. Мұғалімнің аты-жөні: Ергешбаев Н
Сынып: 7 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақ тақыр. Гидравликалық машиналар    
оқу мақсаты 7.3.1.7. Гидравликалық машиналардың жұмыс істеу  принципін сипаттау;    7.3.1.8. Гидравликалық машиналарды қолдану кеэіндегі күштен ұтысты есептеу
Сабақ мақсаттар Гидравликалық машиналардың не екенін білу; Паскаль заңын білу

Гидравликалық машиналардың жұмыс істеу  принципін түсіну;

Гидравликалық машиналарды қолдану кеэіндегі күштен ұтысты есептеу;

Жетістік критерийлері Гидравликалық машиналардың не екенін біледі;

Гидравликалық машиналардың жұмыс істеу  принципін түсінеді;

Гидравликалық машиналарды қолдану кеэіндегі күштен ұтысты есептейді;

Тілдік 

мақсаттар

 

Оқушылар өздерінің түсініктерін көрсететін жаңа сөздерді пайдаланулары керек.

Олар терминдерді түсіну және қолдану керек.

Арнайы пәндік лексика мен терминология:

Сөздік

Қазақша Орысша Ағылшынша
Қысым Давление Pressure
Беттің ауданы площадь поверхности the area of the surface
Гидравликалық машиналарды Гидравлические машинаы  
Құндылықтарды дарыту Оқушыларды адамгершілікке,  патриоттық сезімді бойларына сіңдіру.
Пәнаралық байланыстар Математикамен байланыс арқылы математикалық есептеулерді дұрыс жүргізуді, график салуда масштаб сақтауды жүзеге асыру
АКТ Презентация және  http://www.bilimland.kz/index.php/kz/ сілтемесін       АКТ көмегімен ұсыну
Бастапқы білім Қысым. Паскаль заңы. Сұйықтың қысым
Сабақтың жоспары Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет   Ресурстар
Сабақтың басы

 

Мұғалім: Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылар: Үй тапсырмасына жауап беру.

Қатты дене қысымды қалай жеткізеді?

Оны қалай түсіндіруге болады?

Сұйықтар мен газдар неліктен қысымды барлық жаққа бірдей жеткізеді?

Автомашинаға ауыр жүк тиегенде қысым қалай қарай беріледі?

Қысымның формуласы?

Қысымның өлшем бірлігі?

 
Сабақтың ортасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Топтық жұмыс

 

Жаңа сабақты түсіндіру.

Паскаль шары деп аталатын құралмен тәжірибе жасап көрейік. Ол бір жазықтық бойында орналасқан саңылаулары бар шардан және поршеньді цилиндрден тұрады. Егер шарға су немесе түтін толтырып, поршеньді бассақ, шардың саңылауларынан су немес түтін барлық бағытқа бірдей ұзындықта шапшып немесе будақтап шығатынын байқаймыз. Бұдан қысымның барлық бағытқа таралып қана қоймай, оның мәнінің де бірдей болатыны көрінеді. Бұл сұйықтар мен газдардың өзіне түсірілген қысымды барлық бағытқа бірдей жеткізетінінің дәлелі.

Көптеген бақылауларға сүйене отырып, француз ғалымы Блез Паскаль сұйықтар мен газдардың қысымды барлық жаққа бірдей жеткізетінін дәлелдеді.

Сұйыққа немесе газға түсірілген қысым осы сұйықтың немесе газдың әрбір нүктесіне өзгеріссіз беріледі. Бұл қағидаПаскаль заңы деп аталады.

Техникада іс – әрекеті сұйықтардың тепе – теңдігі мен қозғалыс заңдарына негізделген машиналардың алуан түрі пайдаланылады. Бұлар гидравликалық машиналар (грекше гидор – су, аулос – түтік) деп аталады. Мыс: автомобильдер, жүк машиналары мен автобустардағы гидравликалық тежегіштер; тракторлардағы ауыр жүкті көтеруге арналған гидравликалық көтергіштер; гидравликалық түрде көтерілетінорындықтар және тағы да басқа қарапайым түрдегі тетіктер гидравликалық машиналар болып табылады. Өйткені, бұлардың барлығында да сұйықтардың қысым күші пайдаланылады.

Қарапайым гидравликалық машинаға көлденең қимасының ауданы әр түрлі болып келген екі жылжымалы поршеньдер орналастырылады. Бір – бірімен жалғастырылған цилиндрлерге сұйық (май) толтырылады. Мұнда кіші поршеньнің көлденең қимасының ауданы S1, ал үлкен поршеньдікі S2  болсын. Паскаль заңы бойынша сұйық бұл қысымды үлкен поршеньге береді. Сол себепті үлкен поршеньге Ғкүш әсер етеді. Ендігі осы күшті есептейік:,  олай болса,

 

яғни үлкен поршеньнің көлденең қимасының ауданы кішісінен қанша есе үлкен болса, үлкен поршеньге сонша есе үлкен күш әрекет етеді.  Престеуге жаныштауға арналған гидравликалық машина гидравликалық пресс деп аталады.

Гидравликалық машиналар — механикалық энергияны қабылдау және қайтару немесе түрлендіру үшін қолданылатын машиналар. Гидравликалық машиналар сорғылар, гидравликалық қозғалтқыштаргидравликалық берілістергидравликалық қозғауыштар болып сараланады.[1]

Техникада іс – әрекеті сұйықтардың тепе – теңдігі мен қозғалыс заңдарына негізделген машиналардың алуан түрі пайдаланылады. Автомобильдер, жүк машиналары мен автобустардағы гидравликалық тежегіштер; тракторлардағы ауыр жүкті көтеруге арналған гидравликалық көтергіштер; гидравликалық түрде көтерілетін орындықтар және тағы да басқа қарапайым түрдегі тетіктер гидравликалық машиналар болып табылады. Өйткені, бұлардың барлығында да сұйықтардың қысым күші пайдаланылады. Қарапайым гидравликалық машинаға көлденең қимасының ауданы әр түрлі болып келген екі жылжымалы поршеньдер орналастырылады. Бір – бірімен жалғастырылған цилиндрлерге сұйық (май) толтырылады.

Қолданылуы: Қазіргі қуатты гидравликалық престер 700000КН-ға күш өндіруге мүмкіндік береді. Мұндай престер зауыттарда металл бұйымдарға қажетті пішін мен өлшем беру үшін қолданылады.

Жаңа сабақты бекіту.

1. Паскаль шары дегеніміз не?

2. Гидравликалық машиналар дегеніміз не?

3. Гидравликалық престің құрылғысы қандай?

4. Гидравликалық машиналар құрылысында қандай заң пайдаланылады?

5. Гидравликалық машинаға қандай зат пайдаланылады?

6. Паскаль заңын қатты денелерге қолдануға бола ма?

Есептер шығару           

Гидравликалық машиналар тақырыбы бойынша қалыптастырушы бағалау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

соңы Сабақты қорытындылау  Үйге тапсырма: §34 – 35. 21-жаттығу №3.  
Саралау – оқушыларға қалай  көбірек қолдау көрсетуді  жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық  оқушылар: Бүгінгі игерген материалдар келесі сабақтардың негізі болатындықтан, тақырып бойынша теориялық білімдерін  барлық оқушыда қалыптастыру.

Оқушылардың басым бөлігі: үйкеліс және оның түрлерін біледі және ажырата алады. алады. Үйкеліс күшіннің формуласын пайдаланып есеп шығара алады.

(1) Алдағы тақырыптың түсінуін.

(2) Үй жұмысының орындалуын.

(3) Жаңа тақырыпты меңгеруде пікірталастарға қатысып отыруын.

(5) Сыни ойлау дағдыларын дамытуға бағыттал,ан есептерде ойлау операцияларын қолдануы.

Оқушы құрал-жабдықтар мен жұмыс жасағанда өздерінің және басқалардың денсаулығына, мектеп мүлкіне жауапкершілікпен қарау.

Алынған нәтижені талқылау барысында креативті, сыни тұрғыдан талқылау. Оқушылардың жұппен, топпен жұмыс  жасауы, мұғаліммен біріге отырып  жаңа білім алуға әрекет етуі олардың өзара , және мұғаліммен қарым қатынасын нығайтады,Олар өз пікірін айтуға дағдыланады.Тілдік дағдылары қалыптасады.

Сабақ бойынша рефлексия

 2 минут

 

1. Мен сабақ  қызықты _____________ қызықсыз болды деп ойлаймын.
2. Мен сабақта: үйрендім    көп нәрсені _____________ үйренгенім аз болды.
3. Мен басқаларды         мұқият ______________ зейінсіз         тыңдадым.
Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: : Оқушылар белсенді сұрақтарға жауап беріп отырды.

2: Тақырыпты оқушылар белсенді түрде ойларын айтып, аша білді.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Оқушылардың қызығушылығын оятатындай жұмыстардың жасалуы.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

1: Жұптық тапсырма  кезінде оқушылардың деңгейлеріне байланысты бөлу.