Жамбыл облысындағы «Жаңажамбыл фосфор»  зауытының атмосфераға тигізетін әсері

ӘОЖ.332.33:6360.83.314(574)

№ 72  жалпы білім беретін мектептің география пән мұғалімі Ш.Б.Сыдық

 

Жамбыл облысындағы «Жаңажамбыл фосфор»  зауытының атмосфераға тигізетін әсері

 

Жамбыл облысы-Қазақстан Республикасының оңтүстігінде орналасқан. Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарыман және Қырғызстанның Талас пен Шу облыстарымен көршілес жатыр. Облыс тереториясы Бетпақдаладан Тянь-Шаньға дейін, Шудан Қаратауға дейін созылып жатыр. Жер аумағы-144,2 мың км². Оңтүстік Қазақстан әкімшілік аумағына кіреді 1939 жылы құрылған обылыс аумағына 3 қала, 10 аудан, 367 ауыл енеді. Халық саны 2011 жылғы  мәлімет бойынша 1 043 617 адам.

Жамбыл облысы республикадағы өнеркәсібі жан-жақты дамыған ірі аймақтың бірі болып табылады. Халық шаруашылығының барлық дерлік салаларының өркендеуіне облыстың табиғи географиялық жағынын қолайлы орналасуы мүмкіндік береді. Қаратауда теңдесі жоқ бай фосфорит кені жинақталған. Мұндағы барлық өндіріс өнеркәсібінде жетекші орын алады. Сонымен қатар облыста қоңыр көмір, алтын, мыс т.б. түсті металдар, табиғи газ, құрлыс материалдары өндіріледі.

Облыс өнеркәсібінің негізгі саласы-химия өнекәсібі. Химия кәсіпорындарының қуаты жыл сайын 80 мың тоннаға дейін сары фосфор, 150 мың тонна минералды тыңайтқыштар, 120 мың тонна натрий триполифосфаты, отрафосфорлық қышқылдар өндіруді қамтамасыз ете алады. Облыста қант шығаратын республика бойынша  аса ірі «Қант» АҚ-ы, 5 ірі ұн тарту кәсіп орындардың өнімдері республикадан тыс жерлерге де кеңінен мәлім. «Ақбақай» кен байту камбинаты акционерлік қоғамы жыл сайын құрамында алтын бар 25 мың тоннаға жуық концентрат, 1000 кг-нан астам таза алтын, 300 кг жуық күміс өндіреді.

Облыста фосфорит Қаратау, Жаңатас қалаларында, барит Мойынқұм ауданында, мыс Шу ауданында шоғырланған. «Имсталькон» ААҚ, «Қосалқы бөлшектер» ААҚ, «Коммунмаш» ААҚ, «№2 рельс құю пойезы» сияқты металл өңдеу кәсіпорындары металл құрылымдарын, тракторлар мен ауылшаруашылығына қажетті бөлщектер, кір жуу жабдықтарын, көліктерді айдап кетуге қарсы қолданатын құралдар шығаратын ірі өндіріс орталықтары жұмыс жасауда. «Южный-3» ААҚ –ың Жамбыл филиалында жыл сайын   800 мыңнан астам шөлмек шығарылады. «Еңбек-гранит» кәсіпорнында гранит пен мәрмәрдан жасалатын қаптамалардың 10 мыңнан астам түрі шығарылады.

Амангелді газ кен орнын іске қосу үлкен жеңіс болғаны баршаға аян. Бұл кен орны Талас ауданына қарасты, Амангелді елді-мекені маңында орналасқан. «КазТрансГаз»  компаниясы дайындаған техникалық-экономикалық жоба бойынша 132 млн доллар қаржы жұмсау  нәтежиесінде  екі жылдам сәл-ақ аса уақытта бес ұңғыма қазылып , 193 км газ   құбыры тартылды. Қазіргі таңда бұл кен орыны тек Жамбыл болысын ғана емес, Қазақстанның  оңтүстік өңірін қамтамасыз етуге дайын болып отыр.

Денгенмен, облыс аумағының атмосфералық күйі айтарлықтай мәз емес. Яғни ірі өндіріс орындары қоршарған ортаға зиян келтіруде. Облыс  өңірінің ластануы ұзақ уақыт бойы химия өндірісімен тікелей байланыстылығы мәселесі өз маңызын жойған жоқ. Облысыта ластандырушы күштерге қарсы тұратын қуатты табиғи факторлар жоқ. Оның  биоценозы жеткілікті дәрежде тұрақта емес және ластануға оңай берілетінімен ерекшеленеді. Атап айтқанда, ол су  ресурстарына  және флораға кедей, қуаттылығы аз, топырық қабаты жел және су эрозиясына ұшырауға бейім.Осыған байланысты обылыс аймағында орналасқан фосфор өндіруші кәсіпорындардың  қоршаған ортаның ластануына аймақтық метеорологиялық жағдайларын зерттеу өте маңызды болды.

Жамбыл облысы атмосферасына келіп түсетін зиянды қалдықтардың мөлшері 1-кестеде пайыз есебімен көрсетілген.

 

 

 

 

Зиянды қалдықтар

 

Пайызбен есептелген жалпы бөлігі
Бөлініп шығарылған Атмосфераға шығарылған
Қатты бөлігі 70,35 42,07
Газ тәріздес бөлігі 7,14 5,4
Күкірт диоксиді 15,8 5,9
Көміртек тотығы 2,6 3,6
Көмірсутек 2,3 2,3
Барлығы 100 59,77

1-кесте. Жамбыл облысы атмосферасына келіп түсетін  зиянды қалдықтардың құрамы.

 

Облыста  химия өнеркәсібінің қарқынды дамып келе жатқан саласы фосфор өндірісі болғандықтан, «Казфосфат» ЖШС-нің Жамбыл филиалы-Жаңажамбыл фосфор заутына жеке тоқталғанды жөн көрдім.

Жаңажамбыл фосфор зауты — өндірістік кәсіпорын, «Казфосфат»ЖШС-нің Жамбыл филиалы, Тараз қаласынан батысқа қарай 20 км жерде, Үлкен Бурлытау етегеінде орналасқан. Кәсіпорын XX ғасырдың 80 жылдарынан іске қосылды. «Нодфос» АҚ негізінде құрылды. Аумағы 645 га алып жатыр. Кәсіпорын құрамында негізгі өндірістер : сары фосфор өндіретін цех, термиялық фосфор қышқылын өндіретін цех, үшполифосфат натрий өндіретін цех жұмы жасайды. Кәсіпорында әлемдік тәжірибеде тұңғыш рет сары фосфорды фосфориттің агломереттық майда шикізатынан алу технологиясы енгізілген [1]. Дерек көзіне сүйенсек, зауыт құрылғалы бері екі рет, жаңару мен тоқырау кезеңдерін бастан өткеріп үлгеріпті. Он жыл бойы тұралап келген зауыт 1999 жылы қайта түлеген.Инвестор табылып, өнеркәсіптін өн бойына қан жүріпті. Қиын-қыстау кезінде зауыт бар болғаны 5-6 мың тонна фосфор өндірсе, қазіргі уақытта 84 мың тонна сары фосфор шикізатын экспортқа шығарып отыр. Фосфордан күнделікті тұрмысқа қажетті тауарлар шығарылады. Негізгі тұтынушы елдерге: Гемания, Венгрия, Чехия, Ресей, Польша,  Украина мен Молдова жатады. Қысқасы, шойын жолдарымызбен жылына 60 мың тоннадай сары фосфор экспортқа жөнелтіліп отыр. Бюджетке жап-жақсы қаржат құя бастаған зауытта 2585 адам жұмыс істейді [2].

Бірақ кәсіпорын қаншалықты  пайда түсіргенімен, қоршаған ортаға, яғни атмосфераға айтарлықтай зиян клтіруде.

Қаралып  отырған аймақтың климаттық жағыдайының ерекшелігі оның қуаңшылығы және оның континенттік сипатында болып табылады. Жалпы алғанда ылғал аз түседі,  жыл мезгілдері бойынша алып қарағанда ылғалдық түсу біркелкі емес деншілігі қыс-көктем мезгілінде келеді.

Жел режимінің қалыптасуына аймақтың орогафиясы күшті әсерін тигізеді. Аймақта оңтүстік-шығыс және солтүстік бағыттағы соғатын желдер басымырақ. Желсіздік жыл боынша болатын  жағдайлардың 20% құрайды.

Осы кәсіпорында қоршаған ортаны ластандырушы көз ретінде үдемелі қарқындылық әлеуетпен жұмыс істейтін термиялық фосфор қышқылын өндіретін, сары фосфор, минералды тыңайтқыштар өндіретін негізгі цехтардан басқа, өндіріс қалдықтарын жинақтаушылар мен  қоймалар, үйінділер де толып жатып.

ЖЖФЗ зауты тәулігіне  шаң-тозаң, күкіртті газ,  фторсутегі, фосфор оксидінің және басқа қоспалардың  біршама мөлшерін ауаға шығарып отырады.  Дегенмен, Тараз қаласы ауа ортасының құрамында  ластаушы заттардың артық концентрациясы үнемі байқала бермейді. Бұл кәсіпорын шығарған газ түріндегі  шығындары ауа ағынымен  қаладан алып кететінімен себептенеді.

Гидрометтің мәліметтері бойнша желдің бағытына байланысты атмосфераның күкірт диоксидімен ластанады екен(1-сурет). Суретте күкірт диоксидінің концетрациясы концентрацияның мүмкін шегінің (КМШ) орташа тәуліктік мәнінен асып кеткен жағдайда жел бағытының румбалары байқалып тұр. КМШ-нен артып кету желдің солтүстік бағытында концентрациясының мәні 0,09мг/м³ тең. Бұл мән тәуліктік КМШ-дан 1,6 есе жоғары. Күкірт диоксидінің белгілі мөлшенрі желдің оңтүстік бағытына тарайды және оның концентрациясы 0,01 мг/м³-ден 0,03 мг/м³ дейін өзгеріп тұрады. Тараз қаласының ауасын ұшырататын солтүстік және солтүстік-батыс желдерінің бағыттарына SO-нің көтеріңкі концентрациясы байқалады (0,004-0,045мг/м³), бұл КМШ-жақын (0,05мг\м³).

Концентрация, мг/м³

Желдің бағыты, градустар

1-сурет. Желдің бағытына байланысты атмосфераның күкірт диоксидімен ластануының тәуелділігі

Облыс тұрғындарының басым көпшілігі тұратын Тараз қаласының ауасы қоршаған ортаның негізгі компоненті ретінде адамдардың денсаулығына тікелей әсер етеді. Қала ауасын ластаушы негізгі компоненттерге логаникалықт шаң-тозаң, күл, CO, NO, NO2, SO2 жататыны анықталды. Бұл жағдай ескерген қондырғылар мен технологиялар таза емес отын түрін жағу,жылыту жүйесінің децентрализатциялануы және шығарылатын ластықтарды бақылау жұмысынң жеткіліксіз екендігі себебін деп түсіну керек.

Желдің жылдамдығы тымық күннен жылдамдығы 2 м/с-ке  дейін болғандығы күкірт  диаксидінің үш тәулік ішіндегі концентрациясының өзгерісі . Келтірілген мәліметтер байқалады(2-сурет).  Мұнда, тымық күнде қаланың ластану дәрежесіөте жоғары-SO2 концентрациясы 0,04 мг/м³-ті құрайды(0,015-0,025 мг/м³). Желдің жылдадығы 1м/с болғанда күкірт диоксидінің мөлшері 2 есе азаяды. Ал желдің жылдамдығы қалада тіпті төмен болады (0,007мг/м³). Сонымен желдің жылдамды жоғарлағанда атммосфераның жер бетіндегі қабатының зиянда заттармен алмасу азаяды[3].

 

Концентрация, мг/м³

Қашықтық, шқ

2-сурет. Желдің әр түрлі жылдамдығында 0 м/с , 1м/с және 2 м/с щығындарының көзінедейінгі арақашықтықтағы күкірт газдың концентрациясының тәуелділігі.

Қорта келгенде, Тараз қаласының ауасының солтүстік-батыс солтүстік бағыттағы желде ластануы  туралы пікір дұрыс шықта. Атмосфераға газ түріндегі қоспаларды шығаратын көздердің орналасуын зерттеп, логика боынша мынадай қортында жасасақ болады: қаланың ластануы негізінде  жел батыс жіне солтүстік батыс бағыттарда болу керек. Жамбыл ауасының ластану мөлшері қала тұрғындарына түсетін негізгі экологиялық салмақ болып табылады және олардың денсаулығына, жұмыс істеу қабілетіне, әлеуметтік жағдайына тікелей әсер етеді.

Тараз қаласынығң өндіріс орындарының соның ішінде ЖЖФЗ өндіріс орының ластаушы көзі және оның атмосфераға кері әсері туралы мәліметтер берілген. Сонымен осы мекеменің еңбек аймағындағы ауаны шаң-тозаңмен ластаудағы үлестері анықталып, талданған.

Ұсыныс: Зауыт аймағының ауа бассейні, ағын және жерасты су көздері мен жер қыртысы экологиялық бақылау нысаны ретінде жиі зерттеліп, зауыт аймағы тазалық жағынан қатаң сұрыптаудан өтіп тұру керек. Зауыттың  экологиялық талартарға сай екендігін қатаң бақылау қажет. Жергілікті салықты көбейту керек. Зауыттын түтін шығатын мұржаларын  биік салу қажет. Жоғарыда ұсынған ұсыныстарым орындалса, экологиялық қауіп жоқ болар еді.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Энциклопедия, «Жамбыл облысы» 41-47 бет, 262 бет. Алматы, 2003 жыл
  2. «Егемен Қазақстан» Республикалық газеті ААҚ, 2006 жыл
  3. Р.Х.Тұрғынбаева Фосфор кәсіпорындарының шығындары менатмосфераның төменгі қабатының ластануында кейбір метеорологиялық көрсеткіштердің рөлі. Гография және табиғат.№3  14-17 бет.2008 жыл