Шығайық білім шыңына

Тақырыбы:  Шығайық білім шыңына

 

Мақсаты:а) оқушыларды қазіргі заман талабына сай терең білім алуға ынталандыру.Ойы жүйрік,танымдық деңгейі жоғары,интеллектуалды оқушылардың дарынын ашу,білімдерін көтеру;

ә) жас ұрпақтың ұлттық сана-сезімін,қоғамдық-саяси ой-өрісін дамыту;

б) ойлау,сөйлеу қабілеттерін шыңдау,туған жеріне,еліне деген суйіспеншіліктерін арттыру.

 

Көрнекілігі: интерактивті тақта,билборд

 

Барысы:Ұйымдастыру.

Жүргізуші: Қош келдіңіздер қадірлі ұстаздар,әділқазылар және оқушылар.Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп,есте сақтау қабілетін шыңдайтын,білімді жастарды анықтайтын,білімге қызығушылықтарын арттыратын  «Білім – өмір шырағы» атты білгірлер мен тапқырлар білім сайысын бастауға рұқсат етіңіздер! Сайысымызды бастамас бұрын  ортаға А. Құнанбаевың   «Адам болам десеңіз» өлеңін тыңдайық.

Жүргізуші: Енді көпшілік қауым, күш жігері шалқыған, бұл жеңіс менікі деп деп артынған оқушыларымызды ортаға шақырайық.

(Байқауға қатысушылар ортаға шығады)

 

                       Сәлеметсіздер оқушылар!

Нақты ғылымдарға қызығушылар

Естігенін естіп тұрып

Оқығанын миға тоқушылар.

Бүгінгі «Шығайық білім шыңына » атты сайысымызға қош келдіңіздер!

 

Сайысымызға  сынып оқушыларының арасынан 7 оқушы қатысып отыр.     Қатысушы  білімпаз оқушылырды  таныстырып өтсек.

1 – ойыншы  өскенде халқына адал қызмет ететін полиция қызметкері болуды армандайды.
2 – ойыншы заң қызметкері боламын деген ойы бар.
3 – ойыншы  болашақта сәулетші болуды армандайды.
4 – ойыншы  болашақта ұстаз болуды армандайды
5 – ойыншы    болашақта адам жанының арашашысы дәрігер болғысы келеді

6-ойыншы  Қазақстанның даңқын әлемге асқақтатар спортшы болуды армандайды.

7-ойыншымыз  болашакта банк кызметкерi болуды армандайды

Сайыскерлерімізбен таныстық, енді сайысымызды бастайық.

Жүргізуші:  Шын жүйріктер сыналады жарыста

Әділқазы бағалайды сіздерді

Жеңіс-мәре жақын ба,әлде алыс па?-демекші сайысымыздын сарапшысымен таныс болыныздар :

Жүргізуші:  Олай болса сайыс ережесімен таныстырып өтейін.Сайыста  сен дерге әр түрлі қызықты сұрақтар мен тапсырмалар ұсынылады.Сайыста жеңу үшін  белсенділік танытып,берілген сұрақтарға өзгелерден тезірек ойланып, жауап берулерің керек және тапсырмаларды дұрыс орындауларың қажет.

 

Сайысымыз алты кезеңнен тұрады.

 

1.Бәйге                         2.Полиглот                 3.Жеті жұмбақ

4.Сөзмерген                5.Дода                            6.Жорға

Ендеше 1-кезеңді бастаймыз.

“Бәйге” кезеңінде сұрақтар берілген.Оған бірінші болып қол көтерген оқушы жауап береді.Егер де жауап бере алмаса келесі болып қол көтерген оқушы жауап бере алады, дұрыс жауапқа 3 ұпайдан қойылады.

1-кезеңнің соңында ең аз ұпай жинаған 1 оқушы сайыстан шығарылады.

 

1.Мәтін түрлерін ата.         (Әңгімелеу, сипаттау, пайымдау)

2.Өлшем бірліктерді ата.      (Уақыт,ұзындық,масса)

3.Бірінші кітапта 151 бет, ал  екінші кітапта одан 2 есе артық бет бар. Екінші кітапта неше бет бар? (302)

4.Температураны немен өлшейді?  (Термометр)

  1. 5. Рейхстагқа ту тіккен кім? (Рақымжан Қошқарбаев)
    Мотоцикл жүргізушісі ауылға келе жатқанда оны жеңіл машина басып озды. Ауылға неше көлік бара жатыр? (екі)

7.Сөз мағынасын өзгертетін қосымша  (Жұрнақ)

  1. Абылай ханның шын есімі? (Әбілмансұр)

9.Суға қай кезде қолды кесіп алуға болады? (Егер оны мұз етіп қатырса)

10.Қазақстанда қанша қорық бар?   (10)

  1. Жер бетінің қағазға кішірейтілген бейнесі қалай аталады? /карта/

12.Алғаш рет қазақ даласында мектеп ашқан ұстаз (Ы.Алтынсарин)

13.Ұлттық аспап?        (домбыра)

14.“жануар” сөзін ағылшын тілінде айт?     (animal)

15.Сирек кездесетін және жойылып кету қауіпі бар жануарлар мен өсімдіктердің тізімі?       (Қызыл кітап)

16.Түбір дегеніміз не? (Сөздің одан әрі бөл/н мағ бөлігі)

17.Екі адам қалаға бара жатыр еді,жолда бір танысы қарсы шықты.Қанша адам қалаға барады?       (2)

  1. 6*4+15 (39)
  2. 27/9+27 (30)
  3. «Ол ақын болар ма еді?» әңгі-де кім жайлы баян-ды. (Қ. Рысқұлбеков)

21.с,ф,ш,қ,т,к қандай дыбыстар?  (қатаң)

22.Тіктөртбұрыштың ауданын қалай табады? (Ұзын мен енін қосып 2 ге көбі)

  1. Шәкәрім Құдайбердіұлының ұстазы?    (Абай Құнанбайұлы)
  2. Ғарыш кемесі қай қаладан ұшырылады? (Байқоңыр)

25.Мағналары қарама-қарсы сөздер қалай аталады? (Антоним)

26.Жіңішке дауысты дыбыстарды ата? (ә,ө,ү,і,е)

  1. Омыртқа жотасында неше омыртқа бар? (33-35)

28.Қай өңірді «Сыр» деп атайды? (Қызылорда)

29.Термометр аяз болғасын – үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді?  (Үш)

30.Сан есім дегеніміз не?    (Заттың санын білдіретін сөз табы)

Жүргізуші : 1-ші кезеңде аяқталды.Ұпай саны аз 1 оқушыны сайыстан шығарамыз.Қазылар алқасы ұпайы аз оқушылардың есімін атайды .

Жүргізуші: Ғылымның сырын ұғына

Шығыңдар білім шыңына

Ұқыптылық пен зеректік

Жеткізер сендердей өренді

Жеңістің мынау шыңына-дей келе “Полиглот”,яғни жұмбақтар сайысында кім жылдам қол көтерсе сол оқушы жауап береді.Оның шешуін қазақ-орыс, ағылшын тілінде жауап беруге тиіс. Қазақ тіліндегі жауаптарына 5 ұпай,орыс, ағылшын тіліндегі жауапқа 5 ұпай беріледі.Толық жауапқа 15 ұпай.2-ші кезең бойынша ұпайы аз 1 оқушы келесі 3-ші кезеңге өте алмайды.

Олай болса бастайық.

  1. Бар екен дүниеде жалғыз көзді,

Сол көзбен дүниенің бәрін кезді.

Әлемді он сегіз мың киіндіріп,

Дүниеден жап-жалаңаш өзі безді.                   (ине-иголка-)

 

  1. сырт-сырт соғады, уақыт озады. (Сағат-часы-a clock)

 

3.Теңізде батпайды,

Отта жанбайды.                                               (мұз-лед-ice)

 

  1. Өзі кірді ашады

Суға салсам қашады.                                               (Сабын-мыло)

 

5.Еңкейсем еңкейеді,

Шалқайсам шалқаяды.                                                    (көлеңке-тень-shadow)

 

6.Жазда қыдырады,

Қыста тынығады                                                   (аю-медведь-bear)

  1. Аяғы жоқ жүреді

Аузы жоқ сөйлейді.                                             (хат-письмо-letter)

 

8.Мұртымен туады,

Мұртын күнде жуады.                                       (мысық-кошка-cat)

 

  1. Кішкентай ғана бойы бар

Айналдырып киген тоны бар.                                (қой- баран-sheep)

 

10.Біреудің бір ұлы бар және қызы

Біледі ол екеуін дүние жүзі,

Ұйықтайды ұлы түнде,қызы күндіз,

Жүргенде білінбейді басқан ізі.      (күн мен ай-солнце и луна-sun and moon)

 

11.Аяғы жоқ жүреді,

Сылық-сылық күледі                                             (су-вода-water)

 

12.Бар ма,жоқ па оны анық білмейсің,

Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің.                 (су-вода-water)

 

13.Айдалада ақ отау,

Аузы мұрны жоқ отау.                                     (жұмыртқа-яйцо-egg)

 

14.Дүниеде бір кемпір бар тіпті кәрі,

Жіп тігіп,өрмек құрып,тоқыр шәлі.

Алады айламенен ала бүркіт,

Табыңдар немене екен мұның мәні      (өрмекші-паук-spider)

 

15.Парағы бар сөйлейтін

Ол-қазына өлмейтін                                             (кітап-книга-book)

 

  1. Ирең-ирең еткен,

Судан да жолдан да өткен

Оны көрген жерден

Барлық адам безген.                                           (жылан-змея-snake)

 

2-кезең де өз мәресіне жетті.Ұпай саны аз 1 оқушы сайыстан шығады. Сайысымыздың келесі бөлімі “Жеті жұмбақ”деп аталады.Бұл бөлімнің шартын түсіндіріп өтсем,ұпай жазылған ұяшықтар берілген.Сол ұяшықтарда 4 пән бойынша сұрақтар жасырылған. Ұпайы көп оқушы бірінші болып пән таңдайды.

 

Қазақ тілі 10 20 30
Математика 10 20 30
Дүниетану 10 20 30
Әдебиеттік оқу 10 20 30

Қазақ тілі

10  Сөздің одан әрі бөлінбейтін бөлігі ( түбір )
20  Заттың санын білдіретін сөз табы ( сан есім )
30  Сөз мағынасын өзгертетін қосымша (жұрнақ)

Математика

10  120 минутта неше сағат бар?         (2 сағат)

20  Тіктөртбұрыштың ұзындығы 10 см,ал ені 3 см. Тіктөртбұрыштың периметрін тап.   (26 cм)

30  7 санымен аяқталатын сан берілген. Ол 300-ден артық та, 310-нан кем. Берілген санды тап?  (307)
Дүниетану

10 Жер бетінде неше мұхит бар?                              ( 4 )

20 Бастапқы миға не жалғасып жатады?              (Жұлын)

30  Қазақстан жер көлемі бойынша нешінші орында?             (тоғызыншы)

Әдебиет

10  Баланың айласы мәтінінің авторын ата    (Ы. Алтынсарин)

20 «Үш бақытым » өлеңінің авторы кім?  (М. Мақатаев)

30  «Айшылық алыс жерлерден

Көзіңді ашып-жұмғанша

Жылдам хабар алғызды.                                Үзінді қай өлеңнен алынған?

(Өнер-білім бар жұрттар)

Жүргізуші : Бұл кезеңде өз мәресіне жетті.Ұпайы аз 1 оқушы келесі кезеңге өтпейді.Сайысымыздың келесі бөлімі “Сөзмерген” деп аталады.

Ал,балалар,балалар,

Мақал-мәтел айтайық.

Қиындыққа қайыспа

Асулардан асайық-деп берілген мақалдарды жалғастырайық.Бірінші болып қол көтерген оқушы жауап береді.Дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі.

1.Жақсының өзі де жақсы,

Сөзі де жақсы.

  1. Досы көпті жау алмайды,

Ақылы көпті дау алмайды.

3.Атаңның баласы болма,

Адамның баласы бол.

4.Еңбек ерлікке жеткізеді,

Ерлік елдікке жеткізеді.

5.Туған жердің жусаны да тәтті.

6.Дос жылатып айтады,

Дұшпан күлдіріп айтады.

7.Ер жігіт ел үшін туады,

Ел үшін өледі.

8.Ата көрген оқ жонар,

Ана көрген тон пішер.

9.Ерді намыс өлтіреді,

Қоянды қамыс өлтіреді.

10.Көз қорқақ,

Қол батыр.

11.Жас кезімде бейнет бер,

Қартайғанда зейнет бер.

12.Ерлік білекте емес,жүректе.

13.Тоқпын деп тасыма,

Жоқпын деп жасыма.

14.Жері байдың-елі бай

15.Ауру қалса да,әдет қалмайды

Жүргізуші 1: “Сөзмерген” кезеңі де көзді ашып жұмғанша бітті.Ұпайы аз 1 оқушы келесі кезеңге өте алмайды.

Келесі сайысымыз “Дода” деп аталады.Бұл сайысты түсіндіріп өтсем.Интерактивти тақтада 3 тақырып берілген.Ұпайы көп оқушы бірінші болып таңдайды.Мұнда қызықты сұрақтар,тапсырмалар беріледі,дұрыс жауапқа 3ұпайдан қойылады.

Білімнің ұшқырлығын танытып сен,

Асып-тасып асықпа,қалыспа сен.

Уақыт деген зымырап,зулап жатыр

Алғырлық бұл сайыста керек екен-деп  «Дода» сайысын бастаймыз.

Бұл кезең үш тақырыптан тұрады.Біріншісі кезең өнер тақырыбында өнер саласына қатысты сұрақтар қойылады.

Өнер

10.Экранда кімнің суреті бейнеленген?  (Бибігүл Төлегенова)

20.Бұл аспап қалай аталады?   (скрипка)

  1. Суреттегі қос ғашықты ата Бұл қай кинодан үзінді. (Төлеген мен Жібек)

Тосын сый

10.Суретте не бейнеленген?Атауы және анықтама бер.(Ер тоқым)

20.Мұнда жасырын сурет берілген.Ненің суреті жасырынып тұр. (101 мектеп)

30.Мұнда не бейнеленген. 2017 жылы Астанаға әлем халықтары не үшін жиналды?      (Себебі Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі өтпекші)

Салт-дәстүр

  1. Қазақтың ұлттық ойындарын ата.

20.Сәбидің  дүниеге  келу  құрметіне  жасалатын  той?               (шілдехана)

  1. Суырып салма  ақындардың  өлең  түріндегі  сөз  жарысы (айтыс )

 

Өнер

 

10 20 30
Тосын сый

 

10 20 30
Салт-дәстүр

 

10 20 30

 

Жүргізуші 2:Бұл кезеңде аяқталды.Ұпай саны аз 1 оқушы сайыстан шығады.

Келесі кезең “Жорға” деп аталады.Екі оқушы 1 минуттың ішінде сұрақтарға жауап беруі тиіс..Әр жауапқа 3 ұпайдан беріледі.Тез жауап беруге тырысамыз.  Ол үшін бір қатысушы сыртқа шығарылады.

I-нұсқа

1.ҚР президенті кім?    (Н.Назарбаев)

2.Қасиетті кітап?    (Құран)

  1. . «Ұлыстың  ұлы  күні» деп  қандай  күнді  атайды? (22 наурыз)

4.Сөзбен сөзді байланыстыратын қосымша    (жалғау)

5.“Әке” сөзін ағылшын тілінде айт.        (Father)

6.Ұшақтар мен тікұшақтар қонатын аймақ?      (әуежай)

  1. Наурызкөже  қанша  тағамнан  жасалады? (жеті)

8.Өнер алды не?     (қызыл тіл)

9.Киіз үйдің қабырғасын не деп атайды?      (кереге)

10.Қазақтың тұңғыш ғарышкері?       (Тоқтар Әубәкіров)

11.16-шы желтоқсан қандай күн?       (Тәуелсіздік күні)

 

1.Сенің анаңның  анасы?      (нағашы әже)

2.Көлік күтетін жер?         (аялдама)

 

3.Заттың атын білдіретін сөз табы?      (зат есім)

4.Халықаралық әйелдер мейрамы қай күні?     (8 наурыз)

5.Бас әріппен жазылатын сөздер?    (жалқы есім)

6.“Әже” сөзін ағылшын тілінде айт.       (Grandmather)

7.Киіз үйдің төбесі қалай аталады?      (шаңырақ)

8.Күн сайын 5 рет не оқылады?       (намаз)

9.Күн мен түн қай күні теңеледі?    (22 наурыз)

10.Күйдің атасы атанған қобызшы?       (Қорқыт)

11.Қазақстан республикасының мемлекеттік тілі?     (қазақ)

Жүргізуші 1:Бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті.Әділ-қазылар сайыскерлеріміздің ұпай санын есептеп болғанша сыныбымыздың оқушысы Шархан Маржанды ортағашақырамыз.  М.Мақатаев «Үш бақытым»

Жүргізуші : Әділ-қазылар өз төрелігін шығарса сөз кезегін берсек.

(Қазылар алқасы ұпай саны жоғары жеңімпаз оқушыны анықтап,

“Ең білімді оқушы” атағын береді,марапаттайды.I,II,III орын алған оқушыларға арнайы мақтау қағаздары беріледі).

 

Жүргізуші 1:Бүгінгі сайысымызға келіп катысқандарыңызға алғысымызды білдіреміз.Жақсы ілтипатпен жүздескенше күн жақсы болсын!