«Мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеу тәртібі «

 

 

 

«Гуманитарлы-экономикалық колледж» мекемесі

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы

«Гуманитарлы-экономикалық колледж» мекемесі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  Ашық сабақ

Пән: «Мемлекеттік қызметтегі    

                 менеджмент»                                 Тақырыбы: «Мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеу тәртібі «

 

Мамандық: 0515000 «Менеджмент                                                                                                       Топ:  2 МК

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Семей қаласы

2018-2019 оқу жылы

 

 

Сабақ жоспары  № __36_

 

Пән:  «Мемлекеттік қызметтегі менеджмент»

Топ:   2 МК

Сабақ тақырыбы: «Мемлекеттік қызметшілерге енбекақы төлеу тәртібі»

Сабақтың мақсаттары: Білім алушыларға мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы  туралы толық мағлұматтар беру.

Оқыту стандарттары:

Білім алушылар білу керек:  Қызметшілерге еңбекақы есептеу,еңбекақы есебін банктердегі  шоттарға аудару, есеп беруге, еңбекақы  құрылымын және қолдану бағыттарын толық меңгере білуге.

Білім алушылар жасай білу керек: еңбек кодекстермен жұмыс істей білуі.

  • оқытушылық: білім алушыларға мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеу, оның түрлері мен нысандарын қарастыру, еңбек шартын толтырып, кестемен жұмыс істеп, еңбек шарттарын дұрыс толтыруға көмектесу.
  • дамытушылық: білім алушылардың аналитикалық ойлау, түсінгенін мазмұндау және есту қабілеттерін дамыту;
  • білім алушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін жан – жақты дамыту;
  • логикалық ойлау арқылы толық және ұтымды жауап беруге дағдыландыру, ойларын дұрыс тұжырымдап сұрақтарға қорытынды жасай білуге үйрету;
  • ақпараттық- коммуникативтік технологияны дамыту;
  • тәрбиелік: уақытты тиімді пайдалануға, жүйелі ойлауға, ұқыптылыққа, сауаттылыққа, жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;
  • отансүйгіштік, патриоттық тәрбие беру;
  • «Еңбектің наны -тәтті», — еңбекті сүйе білуге,өз уақытын дұрыс пайдалана алуға тәрбиелеу.

Сабақтың типі:  аралас

Сабақтың түрі:   тәжірибе

Сабақта пайдаланатын әдістер: көрнекілік құжаттар, репродуктивтік, іскерлік ойын,СТО технологиясын тәжірибеде қолдану.

Жұмыс формасы: жеке, жұппен, топпен жұмыс.

Сабақтың жабдықталуы:

  • көрнекілік құралдар: еңбек кодексі,еңбек шарттары
  • үлестірмелі материалдар: , еңбек шарттары,есептер
  • оқытудың техникалық құралдары: ноутбук,  проекторлық тақта,

Пәнаралық байланыстар:

  • қамтамасыз ететін: экономикалық информатика, қаржы және несие, аумақтар экономикасы мен қаржысы.

 

 

 

 

 

 

Қамтамасыз етелетін әдебиеттер:

  1. Мемлекеттік қызмет-2006 ж
  2. Еңбек кодексі-2016 жыл

 

Сабақтың барысы:

 

  Сабақтың элементтері, оқу мәселелері, оқыту әдістері мен формалары
1 Ұйымдастыру кезеңі (2 мин)

·        Сәлемдесу

·        жоқ балаларды түгендеу

·        аудиторияның дайындығын тексеру

·        журнал толтыру

·        Сабақ  мақсатымен және құрылымымен білім алушыларды таныстыру

·

2

 

Үй жұмысын тексеру (20 мин)

Білім алушыларды шақыру, презентация түрінде дайындалған  ізденіс жұмыстарын қорғайды,  пән бойынша жауап береді.

Слайд бойынша

1.Демалыс уақытының ұғымы және белгілері

2. Демалыс уақытының түрлері

3. Әлеуметтік бағыттағы демалыстар

4.Оқу демалыстары

5. Мемлекеттік қызметшілердің демалысы

 

3 Жаңа тақырыпты түсіндіру.  (20мин.)

Қазақстан Республикасының Конституциясы еңбек үшін қандай да бір кемсітусіз жəне заңда көзделген ең төмен мөлшерден кем емес ақы алу құқығын бекіткен. Еңбекақы жүйесінде ҚР Президенітінің 1995 жылғы 19 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасы халқының өмірінің əлеуметтік жағдайларын жақсарту туралы» жарлығының, 1997 жылғы 1 сəуірдегі «Мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын ҚР органдарының қызметкерлерінің еңбек ақысының бірыңғай жүйесі туралы» жарлығының, ҚР Үкіметінің 1997 жылғы 6 ақпандағы «Қазақстан Республикасында еңбекке ақы төлеуді ұйымдастыруды жетілдіру туралы» қаулысының жəне т.б. актілердің маңызы зор.

Жалақы – бұл еңбек шарты бойынша нақты еңбек функциясын атқару үшін, жұмыс үшін төленетін, тараптардың келісімімен белгіленетін, алайда, заңдарда белгіленген шектен кем болмауы тиіс ай сайынғы ақы, төлем. Қазақстан Республикасының заңдарында еңбек үшін қандай да бір кемсітусіз жəне заңда белгіленгеннен төмен емес ақы төлеу қағидасы белгіленген. ҚР Конституциясы жəне ҚР еңбек заңдары бірдей еңбек үшін, яғни, бірдей ұзақтықтағы, күрделіліктегі еңбек үшін жыныс, нəсіл, жас, ұлт жəне т.б. белгілері үшін кемсітусіз бірдей ақы төлеуді кепілдейді. Ең төмен жалақы мөлшері меншік нысанына қарамастан, ұйымдарда жалданып жұмыс істейтін адамдарға ақшалай төлемдердің Қазақстан Республикасының Конституциясы кепілдік берген ең төмен мөлшері. Ең төмен жалақы мөлшері шектелмеген, тек ол салықтармен реттелуі мүмкін. Нақты қызметкердің еңбегіне ақы төлеу жұмыс берушімен арадағы өзара келісімнің негізінде жүзеге асырылады. Əрбір қызметкердің еңбектегі табыстары оның жеке салымына жəне еңбегінің соңғы нəтижелеріне байланысты болады. Еңбекке ақы төлеудің нысандары, жүйелері жəне тарифтері ұжымдық шарттармен жəне келісімдермен белгіленеді. Бұл ретте ескеретін жайт, заңда белгіленген ең төмен мөлшерден кем емес ай сайынғы жалақы алу құқығын айлық кезеңге есептелген еңбек нормасын орындайтын қызметкерлер ғана иеленеді. Ең төмен жалақы мөлшеріне қосымша ақылар мен үстеме ақылар, сыйақылар жəне өзге де көтермелеу төлемдері енбейді. Бұл дегеніміз, қосымша ақылардың, үстеме ақылардың, сыйақылардың жəне өзге де төлемдердің барлық түрлері негізгі жалақының құрамына енеді, ал бұл жалақының мөлшері заңда белгіленген ең төмен мөлшерден кем болмауы тиіс.  Жалақыны құқықтық ұйымдастырудың екі əдісі бар: орталықтандырылған (мемлекеттік) жəне орталықтандырылмаған (локальдық).

Еңбекке ақы төлеуді орталықтандырылған мемлекеттік реттеу еңбекке ақы төлеудің тарифтерін, қызметкерлердің барлық санаттары үшін еңбекке ақы төлеуде Бірыңғай тарифтік жүйені қолданудың негізгі ережелерін, қызметкерлердің біліктілік топтары арасында түрлерге бөлінген разряд аралық тарифтік коэффиценттерді жəне т.б. мемлекеттің белгілейтінін білдіреді. Жалақыны орталықтандырылған реттеу мемлекеттік нормалау əдісін білдіреді. Жалақының жүйесі жəне еңбекті нормалау – бұл еңбек үшін ақының мөлшерін оның нақты шығындарымен немесе нəтижелерімен өлшеудің белгіленген тəсілі. Еңбекке ақы төлеудің əр түрлі жүйелері бар, алайда, негізгілері ретінде екі жүйені атауға болады: мерзімді жəне кесімді. Еңбекке ақы төлеудің мерзімді жүйесі жұмыс істелінген уақыт үшін ақы төлеуді тарифтік ставканың негізінде жүргізуді көздейді яғни бұл жүйеде қызметкердің жалақысы оның тарифтік ставкасына жəне іс жүзінде жұмыс істелген уақытқа байланысты болады. Мұндай жалақының мөлшерін келесі формула бойынша анықтауға болады: Жм = Тс х У Бұл жерде: Жм– мерзімді қызметкердің жалақысы; Тс – тарифтік ставка; У – қызметкердің іс жүзінде жұмыс істеген уақыты (күндер, сағаттар, айы). Еңбекке ақы төлеудің кесімді жүйесі қызметкерлер үшін айлық лауазымдық еңбекақы мөлшері түрінде белгіленеді, сонымен қатар, еңбекті ұйымдастыру нысаны сағаттық (айлық) тарифтік ставка немесе лауазымдық еңбекақы мөлшері ретінде жеке жұмыс нормасын белгілеуге мүмкіндік беретін қызметкерлер үшін дебелгіленуі мүмкін. Кесімді жүйеге негізделген жалақының мөлшерін мына формуламен анықтауға болады: Жк = R х Ө Бұл жерде: Жк – қызметкердің кесімді жүйеге негізделген жалақысы; R — өнімнің (орындалған жұмыстың) бірлігінің кесімді бағасы; Ө — өндірілген өнімнің (орындалған жұмыстың) белгіленген өлшемдерге сəйкес саны. Кесімді жалақы іс жүзінде өндірілген өнім үшін алдын-ала белгіленген кесімді бағаға сəйкес жүргізіледі. Жалақының кесімді жүйесі жалақының еңбек нəтижелеріне тікелей тəуелділігін белгілейді, сол арқылы қызметкердің еңбек өнімділігін арттыруға материалдық мүдделілігін арттырады.

Мемлекеттік қызметшілердің еңбегіне төленетін ақы қызметтік міндеттерін сөзсіз жəне тиянақты атқару үшін жеткілікті материалдық жағдайды қамтамасыз етуге, мемлекеттік органдарды білікті жəне тəжірбиелі кадрлармен жасақтауға жəрдемдесуге, олардың адал да бастамашыл еңбегін ынталандыруға тиіс.

Мемлекеттік саяси қызметшілердің еңбегіне ақы төлеу жүйесін Қазақстан Республикасының Президенті белгілейді. Мемлекеттік əкімшілік қызметшілердің еңбегіне ақы төлеу Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен Еңбекке ақы төлеудің бірыңғай жүйесі негізінде жүзеге асырылады.

Мемлекеттік əкімшілік қызметшілердің жалақысы республикалық жəне жергілікті бюджеттердің қаржылары есебінен не Ұлттық Банк қаржысынан төленеді. Бюджет қаржысының қысқаруы жалақыны, сондай-ақ осы Заңда көзделген өзге де кепілдіктерді, жеңілдіктерді жəне өтемақыларды қаржыландыруды азайту үшін негіз бола алмайды.

Мемлекеттік əкімшілік қызметшілердің жалақысы мен оларға төленетін басқа да төлемдер заңдарда белгіленген тəртіппен индекстелуге тиіс.

Басшылық қызметкердің келісімінсіз жалақыдан мыналарды ұстап қала алады: 1) зейнетақы қорына салықтар мен салымдарды; 2) сот шешімдерін жəне өзге де атқарушылық құжаттарды, соның ішінде, айыппұлды орындау үшін; 3) жалақы есебінде берілген жұмсалмаған авансты қайтару үшін, қате есептің нəтижесінде артық төленген сомаларды қайтару үшін; 4) қызметкерді кінəсі бойынша қызметтен босатқан кезде жұмыс істемеген күндері үшін; 5) егер зиянның мөлшері айлық жалақыдан аспаса, қызметкердің кінəсі бойынша өндіріске келтірілген зиянды өтеу үшін.

Қызметкердің жалақысынан ұстап қалудың жалпы мөлшері əр жалақыны төлеу кезінде 20 %-дан, орындау қағазы кезінде – 50 %- дан аспауы тиіс. Бірнеше орындау қағаздары бойынша жалақыдан ұстап қалу кезінде қызметкердің жалақысының 50 %-ы сақталуы тиіс.

4

 

Тәжірибелік жұмыс. 

Білім алушылар мемлекеттік орган басшысына демалысқа шығуына байланысты өтініш, еңбек ақыдан ұсталынатын ұсталымдар туралы көрсету және келісім шарттар толтыру.

5

 

Викториналық сұрақтар бейнепроектор қолдану арқылы өтеді.

(15мин.)

Сұрақтар:

1.     Келісім шарт неше данада толтырылады? (2 дана)

2.     Неше тарифтік жүйе бар? (3)

3.     Қаржы министрі кім? (Бақыт Сұлтанов)

4.     Тарифтік жүйе деген не? (қызметкерлердің біліктілігіне байланысты еңбекақы төлеу жүйесі)

5.     Бейне сұрақ ( 30 күнтүзбелік)

6.     Қазақстан Республикасының Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі кім? (Тамара Дүйсенова)

7.     Еңбекақы төлеу түрлері? (негізгі және қосымша)

8.     Жұмыс уақыты қандай құжатпен рәсімделеді? (табель)

9.     Жалақыдан ұстап қалулардың жағдайлары қандай? (зейнетақы қоры, жеке табыс салығы)

10.                       Бейне сұрақ

11.                       Жалақы төлеу мерзімдері? (белгіленген кәсіпорын шартында).

 

6

 

Сабақты қорыту (15 мин)

Ситуациялық есептер.

№1 Есеп.

Жұмысшылардың (қызметкерлердің) еңбекақыларының барлық бөлігі өз шоттарына аударылады ма?
Сұрақ: Егер еңбекақы толық аударылмаса онда қайда аударылады?

№ 2 Есеп

Аталған қорларға аударулар неғұрлым көп болса, алынатын еңбекақы мөлшері қалай болады.
Жауабы: Аталған қорларға аударулар неғұрлым көп болса, алынатын еңбекақы да аз болады, бірақ тегін немесе жеңілдіктер игіліктер мен қызметтер көп болады.

 

№3 Есеп.

Айгүл жүкті болған соң ол демалысқа шықты. Ол жалақсынан 20%- н алады.

Сұрақ: Бұл дұрыс проценттік жалақы ма?

 

№4 Есеп.

Арай мемлекеттік жұмыс орынында хатшы болып істейді. Оның таңертен 9.00-де жұмыс орнында болуы керек еді,бірақ отбасы жағдайына байланысты жарты сағатқа кешігіп келеді. Оның басшысы айғайлап жұмыстан қуып шығады.

Сұрақ:  Басшысы жұмыстан шығармай не істеу керек еді?

 

№5 Есеп.

Азамат пен Бағдат екеуі мемлекеттік жұмысқа орналасамыз деп бет бұрады. Бірақ  Азамат өзінің туысы арқылы конкурстан өтіп кетеді.

Сұрақ: Бұл қандай бапқа кайшы келді?

 

 

 

 

 

 

Рефлексия. «Бақылаушы, сарапшы, сыншы» (12 мин.)

Тақырыбы:   «Осы бүгінгі ашық сабақтың сіздің мамандығыңыздағы ролі»

Сыншы: Мамандығына маңызды еместігін дәлелдейді.

Сараптаушы: Мамандығына қаншалықты маңызды екендігін дәлелдейді.

Бақылаушы: Ортақ келісімге келуге шақырады.

 

7

8

 

 

 

 

Бағалау: Білім алушыларды  пән бойынша бағалау  (4мин).

Үй жұмысы (2 мин)

·        Мемлекеттік қызмет  —  44-51бет