Ұлттық теңге

Пәні: қазақ тілі

Мектеп: № 3 ЖОББМ, г. Жезказган

Мұғалімнің аты-жөні: Альмишева Ляззат Шайзаевна

Сынып: 9

Қатыспаған оқушылар саны: ______________________                                                      Қатысқан оқушылар саны: ________________________

 

Сабақ тақырыбы: Ұлттық теңге
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) Білімділік: тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі-теңгемен және оның тарихымен  тереңірек таныстыру, білім деңгейін көтеру, ойды жүйелеп айту дағдысын қалыптастыру;
Тәрбиелік: Отанға, туған жеріне сүйіспеншілік рухында тәрбиелеу, эстетикалық тәрбие беру;
Дамытушылық:  сөздердің мағынасын, қолдану аясын жете білуменен байланысты оқушылардың мүмкіндігін дамыту, шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Сабақтың мақсаттары: Барлығы: тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі — теңгемен және оның тарихымен  тереңірек танысады, эстетикалық тәрбие алады, сөздердің мағынасын түсінеді, қолданады
Көбі: тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі — теңгемен және оның тарихымен  тереңірек танысады, эстетикалық тәрбие алады, сөздердің мағынасын қолданады
Кейбірі: тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі — теңгемен және оның тарихымен  тереңірек танысады, ойды жүйелеп айту дағдысы қалыптасады, эстетикалық тәрбие алады, сөздердің мағынасын, қолдану аясын меңгереді
Күтілетін нәтижелер: Тақырыпқа қатысты жаңа сөздерді толық меңгереді, мәтіннің мазмұнын түсінеді, өз ойын дәлелдеп жеткізеді
Жаңа сөздер: айналым — оборот
ерекшелігі — особенности

тез тозбайды — быстро не изнашивается
безендіру — украсить, разукрасить
әйгілі ұлы тұлғалары — выдающиеся личности
бейнеленген — изображено
ою – өрнектер — национальные узоры

ғимараттар — здания
мүсіндер — скульптура

сарғыш – жасыл – оранжево — зеленый

көкшіл сұр – сине — серый

сарғыш – қоңыр – желто — коричневый

қою — темный

ақшыл — жасыл

күрең қоңыр қызыл – темно – коричнево — красный

күлгін көк – фиолетово — синий

Сабақта қолданылатын материалдар: Интерактивті тақта, плакаттар, маркерлер, карточкалар, стикерлер, смайликтер
Оқыту әдістері: «Шаттық шеңбері» әдісі, «Смотри-закрой-скажи-напиши-проверь» тәсілі, Стратегия: «Своя игра», Стратегия: “Коллаж”, Стратегия: «Последние 5 минут», Рефлексия: «БББ кестесі»
Дереккөздері: Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.

 

Тапсырмалар :

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

 

              Тапсырма      Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу — Топқа бөлу. /Оқушыларды теңге, доллар, евро арқылы топқа бөлу/

Топтың ережесін қайталау:

1.Тыңдай білейік.

2.Біреу сөйлегенде, оның сөзін бөлмейік!

3.Басқалардың пікірлерін сыйлайық!

4.Жеке бастың қасиеттері сыналмай, тек пікірлері ғана сыналады.

5.Әрбір қатысушы өз пікірін келтіруі керек.

6.Мәселе жеңіске жетуде емес, басқалардың пікірін тыңдай білу.

7.Бірлесе жұмыс істеуге ұмтылайық!

8.Жанжалдарды болдырмауға ұмтылайық!

Топтар бір-біріне сәттілік тілейді: топтар ашық хатты оқып, бір-біріне жақсы тілек айтады.

— Балалар, сонымен бүгін біздің сабақтың тақырыбын кім айтады? /Оқушылар сабақтың тақырыбын айтады/.

Оқушылар өздеріне сабақтың мақсатын қояды:

І топ: 1-2 оқушы өздеріне қойған сабақтың мақсатын айтады;

ІІ топ: 1-2 оқушы өздеріне қойған сабақтың мақсатын айтады;

ІІІ топ: 1-2 оқушы өздеріне қойған сабақтың мақсатын айтады

Оқушылар мұғаліммен сәлемдеседі, бір-біріне жақсы тілектер айтады.

Топқа бөлінеді, топтың ережесін еске түсіреді

Өткен сабақты тексеру ІІІ. Үй жұмысын тексеру: «Өзге мемлекеттердің ұлттық валютасы» атты тақырыпқа хабарлама жазып келу. /Оқушылардан үй тапсырмасын сұрау/.

Бағалалу: оқушылар кесте бойынша өздерін бағалайды /кесте таратып беріледі/

Оқылым. Айтылым. Өзге мемлекеттердің ұлттық валютасы туралы мәлімет айтады
Қызығушылықты ояту Сөздікпен жұмыс: «Смотри-закрой-скажи-напиши-проверь» тәсілі

1. Сөздерге мұқият қара;

2. Бір неше рет қайтала;

4. Сөздік дәптеріне жаз;

5. Өзіңді тексер;

айналым — оборот
ерекшелігі — особенности

тез тозбайды — быстро не изнашивается
безендіру — украсить, разукрасить
әйгілі ұлы тұлғалары — выдающиеся личности
бейнеленген — изображено
ою – өрнектер — национальные узоры

ғимараттар — здания
мүсіндер — скульптура

сарғыш – жасыл – оранжево — зеленый

көкшіл сұр – сине — серый

сарғыш – қоңыр – желто — коричневый

қою — темный

ақшыл — жасыл

күрең қоңыр қызыл – темно – коричнево — красный

күлгін көк – фиолетово — синий

/Топтар кесте бойынша өздерің бағалайды/

Жазылым. Жаңа сөздерді жазады, өздерің бағалайды
Мағынаны тану Топпен жұмыс: Мәтінмен жұмыс: Стратегия: «Своя игра»

І топ: Мәтінді мәнерлеп оқу, аудару: «Ұлттық теңге”

Әр мемлекеттің өз ұлттық ақшасы бар. 1993 жылы қараша айынан бастап, өз теңгеміз айналымға енді. Ұлттық теңгеміздің ерекшелігі – мықты, тез тозбайтын қағаздан, арнайы тапсырыс арқылы шетелде дайындалған. Бірінші шыққан ұлттық теңгеміздің шеттері қазақтың ою — орнектерімен безендірілген. Бірінші бетінде қазақ халқының әйгілі ұлы тұлғалары бейнеленген. Екінші бетінде ою — өрнектер, табиғат көріністері бейнеленіп, Елтаңбамыз салынған.

ІІ топ: берілген теңгелерді сипаттау

200 теңге — түсі сарғыш — жасыл

500 теңге — түсі көкшіл сұр

1000 теңге түсі сарғыш қоңыр

2000 теңге — қою және ақшыл жасыл

5000 теңге — күрен қоңыр қызыл

10000 теңге — күлгін көк

ІІІ топ:  мәтін бойынша сұрақ құрастырып, жауап беру:

1. Қазақстан Республикасының теңгесі қашан айналымға енді?

2. Ұлттық теңгеміздің ерекшелігі қандай?

3. Бірінші шыққан ұлттық теңгемізде не бейнеленген?

4. 200 теңгеде не бейнеленген?

/Топтар кесте бойынша бір — бірін бағалайды/

Оқылым. Айтылым. Жазылым. Мәтінді мәнерлеп оқиды, аударады, теңгелерді сипаттайды, мәтін бойынша сұраққа жауап береді, кесте бойынша бір-бірін бағалайды
Танымдық сәт: Қызықты мәлімет. Сен білесің бе?
Как называют человека, пробующий монетку на зуб?

Аргироскоп — человек определявший подлинность денег на зуб. Эта должность была утверждена в Древнем Риме. У пиратов была традиция пробовать золото на зуб. Поскольку золото мягкий металл, на нем оставались следы от зуба. На фальшивке таких следов не остается. За неимением других способов определения подлинности золотых монет, раньше их пробовали на зуб. Этот образ полюбился олимпийцам, и теперь они часто, позируя фотографам, пробуют медали на зуб. Естественно, определить таким способом подлинность медали невозможно, так как она изготовлена не из чистого золота. Но зуб сломать можно вполне реально, что иногда подтверждается на практике.
Тыңдалым. Оқушылар қосымша мәліметті тыңдайды
Топпен жұмыс. Совместное обучение: Талантливые и одаренные. Деңгейлік тапсырмалар. Стратегия: “Коллаж”

1. Каждой группе дается соответствующее слово, идея, фото, картина, которую они должны представить, используя ряд предоставленных материалов.

2. Такие материалы могут включать журналы, газеты, фотографии, картины, изображения.

3. Ученикам раздаются бумаги, маркеры, ножницы и фломастеры.
«Ұлттық теңге тарихы»: ұлттық теңгеде бейнеленген әйгілі ұлы тұлғалар туралы мәлімет жазыңыздар:

1 теңгеде әлемдік философияның атасы, ІХ-Х ғасырларда өмір сүрген ұлы ғалым әрі ақын, музыка танушы Әбу Насыр әл — Фараби бейнесі көрсетілген. Теңгенің екінші бетінде-әл-Фараби ашқан геометриялық сызбаның көшірмесі берілген.

Мұғалім ағылшын тілінде сұрақ қояды: Who will tell about Abu Nasr Al – Farabi (Mokhammed ibn Mokhammed ibn Uzlag Tarkhani) in English?

Оқушы: He is a famous genius, philosopher, scientist – encyclopedist, who is called the second world authority in culture after Aristhotel.

Al – Farabi got primary training in Otrar in Kypchak language (ancient Kazakh). In Bagdad he learnt Arabic language.

3 теңгеде халық ақыны әрі жырау Сүйінбай бейнесі беріліп, екінші бетінде ақбас Алатаудың сұлу табиғаты бейнеленген.

Мұғалім: Who will tell about Suyunbay Aronyly in English?

Оқушы: Suyunbay (1815 – 1898) Aronyly – Kazakh akyn the unsurpassed master of “the aitys”.

5 теңгеде ұлттық музыкамыздың классигі, күйші-сазгер Құрманғазы бейнесі берілген, екінші бетінде-Батыс Қазақстандағы ежелгі сәулет ескерткіштері суреті.

Мұғалім: Who will tell about Kurmangazy Sagirbiauly  in English?

Оқушы: Kurmangazy (1806 – 1879) Sagirbiauly – the greatest Kazakh composer, performer of the kuys (national instrnmental melodies), dombra (the national musical instrument) player, the very famous classic os Kazakh instrumental music.

10 теңгеде қазақтан шыққан тұңғыш ағартушы ғалым, этнограф Шоқан Уәлиханов бейнеленген. Ал екінші бетінде — сұлу Көкшетау көріністері.

20 теңгеде  ұлттық әдебиетіміздің классигі, ұлы ойшыл, философ, ақын әрі сазгер Абай Құнанбаев. Екінші бетінде аңшылықтың бір түрі — саятшылық көрсетілген.

Мұғалім: Who will tell about Abay (Ibragim) Kunanbaev  in English?

Оқушы: Abay (Ibragim) Kunanbaev (1845 – 1904) – the greatest Kazak poet, thinker, philosopher. composer, the founder and classic of Kazakh written literature.

50 теңгеде  жоңғар шапқыншылығы кезінде ел басқарған Әбілқайыр ханның бейнесі көрсетілген. Екінші бетінде — ежелгі түркі жазба ескерткіші.

Мұғалім: Who will tell about Abulhair in English?

Оқушы: Abulhair (1693 – 1748) – one of the famous Kazakh sultans. He came of the junior branch of Kazakh sultans (“a sultsn” – a ruler of some district). On becoming famous for his strength, tactics, organizing ability, he’d got Kazakh Khan’s throne.

100 теңгеде  қазақ хандарының ішіндегі бірегейі, үш жүздің басын қосқан білгір хан — Абылай бейнеленген. Екінші бетінде — Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Иассауи кесенесі.

Мұғалім: Who will tell about Abilay Khan (the true name is Abulmansur) in English?

Оқушы: Abilay Khan (the true name is Abulmansur) is the famous Kazakh Khan and brave commander.

He showed his bravery when he was 15, taking part in the battles against Jungar warrors. Unittles with Abulmambet (the Khan of the Midlle Zhuz) he organized a struggle against the enemies  threatening from  the  east. In 1771 he became a Knan after Abulmsmbet’s death.

/Топтар кесте бойынша бір — бірін бағалайды/

Грамматикалық кезең: Етістіктің шақтары.

І топ:  Осы шақ жайлы мәлімет беру;     

ІІ топ: Өткен шақ жайлы мәлімет беру;      

ІІІ топ: Келер шақ жайлы мәлімет беру.

Оқушылардың қосымша мәліметі:

1-оқушы: Теңгеміз планетаның ең жас валюталарының бірі ретінде әлемдік ақша алаңынан орын тебеді. Қазақстанның ұлттық валютасы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығына сәйкес 1993 жылғы 15 қарашада айналысқа енгізілген болатын. Теңге — Ту, Елтаңба және Әнұран сияқты Қазақстан мемлекеттігінің тәуелсіздігі мен тұрақтылығының белгісі, әлемнің танымал валюталарының бірі. Халықаралық банкнот қоғамдастығы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арнайы шығарылған, құны 10 000 теңгелік ескерткіш банкнотты «2011 жылғы Үздік банкнот» ретінде бағалады. Бұдан басқа үш банкнотамыз үшін халықаралық сыйлықтарға иелендік.

2-оқушы: В мировом денежном ряду наш тенге — одна из самых молодых валют планеты. Национальная валюта Казахстана введена в обращение 15 ноября 1993 года в соответствии с указом Президента Республики Казахстан Назарбаева Н.А. Теперь тенге — такой же символ государственности, независимости и стабильности Казахстана: как Флаг, Герб и Гимн. Недавно выпущенная памятная банкнота номиналом 10 000 ттенге, посвященная 20 — летию Независимости РК, признана Международным банкнотным сообществом «Лучшей банкнотой 2011 года»! Кроме нее, еще три наших банкноты отмечены международными наградами.

3-оқушы: Tht world’s money row involves our tenge as well, being one of the youngest currencies on the planet. In the year 2013 tenge celebrates its 20 teeth anniversary as Kazakhstan’s national currency was circulated on the 15th of November 1993 pursuant to Decree of N.A.Nazarbayev. President of the Republic of Kazakhstan. That was the finale to a long process of attaining sovereignty. Now, the tenge is tne same symbol of statehood. Independence and stability of Kazakhstan as the flag, emblem, and anthem. It is one of the recognizable currencies in the world, namely the International Bank Note Society has recently recognized the 10 000 tenge denomination commemorative bank note devoted to the 20tieth anniversary of the Republic of  Kazakhstan as “The Best Bank Note of the Year 2011”! Another three our bank notes have been distinguished by international awards as well.

Жазылым. Постер жасайды, теңге туралы мәлімет жазады
Бекіту Сабақты бекіту. Стратегия: «Последние 5 минут».

Мәтіннен жауабын табыңдар. Сұрақты осы үлгіде одан әрі дамытуға болады.

Бір теңгелікте, екі жүз және бес жүз теңгелікте Әбу Насыр әл — Фарабидің бейнесі салынған.

— Ол кім?..

Үш теңгелікте Сүйінбайдың белгісі салынған.

— Ол кім?..

Бес теңгелікте Құрманғазы бейнесі берілген.

— Ол кім?.

Он теңгелікте Шоқан Уәлиханов бейнеленген.

— Ол кім?..

Жиырма теңгелікте Абай Құнанбаевтың бейнесі салынған.

— Ол кім?..

Елу теңгелікте Әбілқайыр ханның бейнесі көрсетілген.

— Ол кім?..

— Жүз теңгеде Абылай хан бейнеленген.

— Ол кім?..

Рефлексия: «БББ кестесі»

 

Айтылым. Сұрақ -жау  жауап
Үйге тапсырма Ұлттық теңгедегі ұлы Отандастар туралы мәлімет жазып келу  
Қосымша ақпарат
Рефлексия

Сабақ барысында оқу мақсатына қол жеткізілді ме? Оқу мақсатына қол жетпеудің себебі неде? Бүгін оқушылар не біліп, не үйренді? Сыныптағы психологиялық ахуал қандай болды? Жоспардан ауытқы болды ма? Себебі неде? Өзім жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Уақыт тиімді пайдаланылды ма? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім? Неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңіздлі жазыңыз, сұрақтарға жауап беріңіз (сабақ жүйелі жоспарлағандықтан, сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды.

Оқушылар мәтін мазмұнын түсінеді, сұрақтарға жауап береді, сөздікпен жұмыс жасайды. Сабақ жоғары деңгейде өтеді, өйткені оқу мақсаттары дұрыс таңдалды, уақытты тиімді пайдалану барысында саралау жұмыстары да орындалады).

Қорытынды бағалау:

Қандай екі нәрсе (оқытудың да, оқуды да ескеріңіз) табысты болды? Сабақтың ұнаған 2 түсін анықтап жазыңыз.

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз), жақсарта алды?

1:

2:

Сабақ барысында өзіңіздің көңіліңіз толмаған 2 әрекетті (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз) атаңыз.

1:

2:

Осы сабақ барысында келесі сабағымда сынып не жекелеген оқушының сапалы білім алуы үшін нені жетілдіруге болатынын білдім…