«Қазақстанның қызыл кітабы»

Тірек мектеп (ресурс орталығы) «Киевка №3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

 

 

 

 

 

 

 

Ғылыми жоба

 

Бағыты: Дүниетану

Тақырыбы: «Қазақстанның қызыл кітабы»

 

 

Жобаны дайындаған: 3 «А»сынып оқушысы

Жанғазы Арлан

Жетекшісі: Мадкенова Алма Мажитовна

 

 

 

 

 

 

2016-2017 оқу жылы

 

МАЗМҰНЫ

 

  1. Қызыл кітап туралы жалпы түсінік
  2. Алғашқы қадамдар
  • Қазақстанның қызыл кітабы
  1. Басылымдары
  2. Адамның қырып- жою әрекетінің әсері

 

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ         Қызыл кітап— халықаралық дәрежедегі құжат.

Қызыл кітапқа сирек кездесетін, жылдан жылға азайып не жойылып бара жатқан, сондықтан да айрықша қорғауды қажет ететін жануарлар мен өсімдіктердің түрлері тіркеледі. Жануарларды халықаралық дәрежеде қорғау мәселесі 20 ғасырдың бас кезінде қолға алынды. 1902 ж. Париж қаласында алғаш рет Құстарды қорғаудың халықаралық конвенциясына қол қойылды. 1948 ж. ЮНЕСКО-ның жанынан Халықаралық табиғат қорғау одағы ұйымдастырылды. Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітапбы 1966 ж. тұңғыш рет 2 том болып шықты. Оның 1-томында сүтқоректілердің 211 түрі, 2-томына құстардың 312 түрі туралы деректер берілді. Бұл кітап күнтізбе парақтары тәрізді арнайы жасалды, түрлер 4 категорияға топтастырылды. 1966 — 71 ж. Қызыл кітапқа тіркелетін түрлер туралы мәліметтер қайта толықтырылып, 2-басылымы, 1972 ж. 3-басылымы жарияланды. 1978 — 80 ж. 4-басылымы 5 том болып жарық көрді. Оның 1-томы сүтқоректілерге арналып, оған сүтқоректілердің 226 түрі мен 79 түр тармағы, 2-томында құстардың 181 түрі мен 77 түр тармағы, 3-томында қосмекенділердің 41 және бауырымен жорғалаушылардың 105 түрі, 4-том балықтарға арналып, балықтардың 194 түрі, ал 5-томы жоғары сатыдағы өсімдіктердің түрлеріне арналып, 25000 түрі тіркелді. 1980 жылдары бұрынғы томдар негізінде “Қызыл кітап” қайта шыға бастады. Ерекше қорғауды қажет ететін өсімдіктер  Қазақстанның қызыл кітабына тіркеледі. Олардың  кейбіреуімен суреттер  бойынша  танысуға  болады.

 

Маған  Қызыл кітаптың неге дәл солай аталғаны қызық болып тұр. Неге дәл қызыл түс?

– Бұл жұмысты зерттеуді сол кезден бастадым.

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыптың өзектілігі. Болашақ ұрпақ оқушыларға көбелектің ерекше қасиеттері мен сыртқы түрін,тіршілік ету мекені мен бейнесін ашып көрсету. Көбелектің түрлерін талдап, толық мәліметтер беру. Табиғатпен үйлесімділікте өмір сүре алатын, айналадағы қоршаған ортаға деген өзінің іс-әрекеттерін сезіне білуге қабілетті экологиялық ойлау өрісі дамыған тұлғаның қалыптасуы.

Зерттеудің  мақсаты: Қазақстанның қызыл кітабымен танысу, сирек кездесетін, жылдан жылға азайып не жойылып бара жатқан, сондықтан да айрықша қорғауды қажет ететін жануарлар мен өсімдіктердің түрлерімен танысу,  жалпы сипаттамасын, тіршілік мекені мен бейнесін зерттеу.

Зерттеудің  міндеті: Сыныптастарыма қызыл кітап туралы толық мәліметтер, мағлұматтар беру;

Эстетикалық талғамын дамыту. (табиғат әсемдігін сезіне білу)

Тірі табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Тірі табиғат обьектілеріне деген қызығушылығын ояту және бақылау дағдыларын  қалыптастыру.

Зерттеудің негізгі кезеңдері:

1.Бірінші кезең: киелі  нан туралы, бауырсақ, оның түрлері, пісіру жолдары туралы  материал жинақтау, қосымша материалдар көзін іздеу.

  1. Екінші кезең: Жинақталған материалдарды қорыту, жүйелеу.

3.Үшінші кезең: Зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы нақты нәтижелер алу, жинақталған материалдары дайындап  ұсыну

Зерттеу әдістері: Жинау, талдау.

Алынған мәліметтер негізінде жасалған қорытынды:

Жұмысты орындау кезінде оқушы нанға, бауырсаққа  байланысты  ырымдар туралы түсініктерін қалыптастыра отырып, нанды қастерлеуге деген сезімі оянды. Бұл жоба салт- дәстүр  бойынша ұсыныстар дайындауға бағытталған.

Жинақтау – құрылымдық бөлімінде бауырсақтың құрамы,  жасалу жолдары, әртүрлі  бауырсақ  түрлерін пісіруге арнап жинақ кітапша шығару.

Алынған жұмыстың іс жүзінде қолданылуы:

— тіл  дамыту, қоршаған  дүниемен таныстыру сабақтарында  нан туралы оқыту кезінде пайдаланады;

— Сыныптан тыс тәрбиелік іс-шараларға, тәрбие сағаттарға пайдалануға болады.

Қызыл кітап -халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабы” — халықаралық дәрежедегі құжат.Қызыл кітапқа сирек кездесетін, жылдан жылға азайып не жойылып бара жатқан, сондықтан да айрықша қорғауды қажет ететін жануарлар мен өсімдіктердің түрлері тіркеледі. Жануарларды халықаралық дәрежеде қорғау мәселесі 20 ғасырдың бас кезінде қолға алынды. 1902 ж. Париж қаласында алғаш рет Құстарды қорғаудың халықаралық конвенциясына қол қойылды. 1948 ж. ЮНЕСКО-ның жанынан Халықаралық табиғат қорғау одағы ұйымдастырылды. Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітапбы 1966 ж. тұңғыш рет 2 том болып шықты. Оның 1-томында сүтқоректілердің 211 түрі, 2-томына құстардың 312 түрі туралы деректер берілді. Бұл кітап күнтізбе парақтары тәрізді арнайы жасалды, түрлер 4 категорияға топтастырылды. 1966 — 71 ж. Қызыл кітапқа тіркелетін түрлер туралы мәліметтер қайта толықтырылып, 2-басылымы, 1972 ж. 3-басылымы жарияланды. 1978 — 80 ж. 4-басылымы 5 том болып жарық көрді. Оның 1-томы сүтқоректілерге арналып, оған сүтқоректілердің 226 түрі мен 79 түр тармағы, 2-томында құстардың 181 түрі мен 77 түр тармағы, 3-томында қосмекенділердің 41 және бауырымен жорғалаушылардың 105 түрі, 4-том балықтарға арналып, балықтардың 194 түрі, ал 5-томы жоғары сатыдағы өсімдіктердің түрлеріне арналып, 25000 түрі тіркелді. 1980 жылдары бұрынғы томдар негізінде “Қызыл кітап” қайта шыға бастады. 1983 ж. шыққан Қызыл кітапта омыртқасыз жануарлартуралы мол мәлімет берілген. Жойылу қаупі төнген түрлерді сақтап қалу үшін оларды зоологиялық парктерде қолдан өсіріп, көбейту шаралары қолға алынған. Соның нәтижесінде соңғы Қызыл кітапқа тіркелген сүтқоректілердің 97, құстардың 39, қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың 37 түрі дүниежүзілік зоологиялық парктерде қолдан көбейтілген. Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітабын шығаруға Құстарды қорғау жөніндегі халықаралық кеңес, Су құстарын зерттейтін халықаралық бюро, Жануарларды қорғау жөніндегі бүкіләлемдік федерация, т.б. ұйымдар қатысады. Қызыл кітап табиғат қорғаудың негізгі іргетасы, экологиялық білім мен тәрбие берудің қайнар көзі болып саналады.

Жойылып бара жатқан өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің алғашқы тізімін 1963 жылы Халықаралық табиғат және табиғат ресурстарын қорғау одағының (ХТҚО) арнайы комиссиясы құрастырды. Бұл комиссияға әлемдегі әр түрлі елдердің ғалымдары енді. Тізім жарияланып, «Деректердің Қызыл кітабы» («Red Date book») деген атау алды. Қазіргі кезде көптеген елдерде Қызыл кітап жарық көрді. Қазақстанда Қызыл кітап жасауға құлшынушылардың бірі белгілі ғалым –зоолог    A. А. Слудский болды. Оның еңбектері Қазақстан жануарлар әлемін қорғауға арналды.

Қазақстанның Қызыл кітабында сирек және жойылып бара жатқан түрлердің тізіміне енгізілген жабайы омыртқалылардың 87 түрінің және өсімдіктердік 303 түрінің қазіргі таралуы, санының жай- күйі, биологиясы туралы мәліметтер келтірілген.

Халықаралық Табиғатты Қорғау Одағы 1948 жылы кеудесінде жаны бар тіршілікті қорғауды қолға алды. Бір жылдан соң, сирек кездесетін түрлерді қорғайтын комиссия құрылды. Комиссияның қызметі жойылып кетудің аз-ақ алдында тұрған өсімдіктер мен жануарларды зерттеп, зерделеп, қорғауға алу еді. Және оларды бір кітапқа топтастыру болатын. Комиссия төрағасы Питер Скотт адамдардың қып-қызыл түске назар салып, сәл де болса ойлануы үшін тізімді «Қызыл кітап» деп атауды ұсынды. Ең алғашқы Қызыл кітап 1963 жылы жарық көрді. Бұл адамзаттың табиғатты қорғау үшін жасаған алғашқы қадамдарының бірі болатын.

Қызыл түс әу бастан қауіптің белгісі. Қызыл кітап өмірлері қыл үстінде тұрған тіршілік иелерінің төлқұжаты іспетті.

Қызыл кітапқа енген тіршілік түрлері жойылып бара жатқан түр, сирек кездесетін түр, қысқартылып бара жатқан түр, анықталмаған түр, қайтып қалпына келе жатқан түр деп бөлінеді.

Қызыл кітаптың ішінде Қара кітап бар. Немесе қара тізім. Жер бетінен мүлде құрып, жойылып кеткен тіршілік иелері осы кітапта хатталып қалған.

 

Қызыл кітапқа ресми енгізілген өсімдіктердің 16 түрі Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының аумағында тіркелген. Алайда Алтай ботаника бағының ғылыми қызметкері б.ғ.к. Ю.А. Котуховтың жұмысының нәтижесінде сирек, осалдау және жойылып бара жатқан түр мәртебесіндегі тағы да 50 түр анықталды.
Адамдар мыңдаған жылдар бойы өсімдіктер мен жануарлар дүниесін пайдаланып келді және де өзінің жан- жақты тіршілігінде жануарлар мен өсімдіктердің пайдалы қорын қолданып ғана қойған жоқ, сонымен бірге табиғатты өзгерту арқылы көптеген түрлердің өмір сүру жағдайларына әсер етті. Табиғатқа антропогенді ықпал етудің әсерінен жер бетінде өсімдіктер мен жануарлардың кейбір түрлерінің жойылу процесі басталды.
Ғылыми- техникалық прогресс адамдардың қолына табиғат әлеміне әсер ететін күшті құралдар берді. Бұл құралдар қаншалықты пайдалы болса, соншалықты зиянды. Адамдар көбінесе кейде түсінбей, кейде салақтықтан табиғатты қалпына келтіру үшін ұзақ уақыт қажет болатынын ойламастан, оған қалай болса солай қарайды. Сыңсыған орманның орнындағы жанған түбірлер, су шайып өткен тау беткейлеріндегі жыртылған жерлер, ағаш ағызу кезінде ластанған өзендер. Осының бәрі сирек кездесетін көптеген бағалы аңдар мен өсімдіктердің құруына әкеп соғады.
Табиғатта пайда болған әрбір түр өзінші бірегей және ешқашан қайталанбайды, сондықтан да оның жойылуы — орны қайта толмайтын нәрсе. Және де бұл жоғалту қауымдастықтың бүтінділігі мен табиғаттағы жалпы тепе- теңдіктің бұзылуына әкеп соғады. Сондықтан да қазіргі кезде табиғатты қорғау мәселесі дүниежүзілік мәселеге айналып отыр. Бұл мәселе бүкіл әлемде маңызды мемлекеттік мәселе ретінде қаралады.

“Қазақстанның Қызыл кітабы” – Қазақстан Республикасы аумағында жойылып кету қаупі төнген және сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктердің сипаттамасы берілген арнайы басылым. 1978 жылдан шығарыла бастады. Оның омыртқалы жануарларға арналған бірінші бөлімі жеке кітап болып 1978 ж. жарық көрді. “Қазақстанның Қызыл кітабының” екінші бөлімі 1981 ж. өсімдіктерге арналып шығарылды.

Бірінші басылым. “Қазақстанның Қызыл кітабының” 1991 жылы шыққан бірінші басылымына тіркелген өсімдіктер мен жануарлар түрлері екі категория бойынша: А категориясы – жойылып кету қаупі төнген түрлер; Б категориясы – сирек кездесетін түрлер деп берілді. “Қазақстанның Қызыл кітабының” жануарларға арналған бірінші басылымында омыртқалы жануарлардың 87 түрі:

  • балықтың 4,
  • қосмекенділердің 1,
  • бауырымен жорғалаушылардың 8,
  • құстардың 43,
  • сүтқоректілердің 31 түрі тіркелді 1991 жылы тіркелді.

Екінші  басылым. “Қазақстанның Қызыл кітабының” толықтырылған екінші басылымы 1996 жылы басылып шықты. Кітаптың екінші басылымына омыртқалы жануарлардың 129 түрі мен түр тармақтары тіркелді. Онда

  • балықтардың 16,
  • қосмекенділердің 3,
  • бауырымен жорғалаушылардың 10,
  • құстардың 58,
  • сүтқоректілердің 42 түрі мен түр тармақтары туралы мәліметтер берілген. “Қазақстанның Қызыл кітабының” екінші басылымында алғаш рет омыртқасыз жануарлардың 105 түрі берілді, онда
  • жәндіктердің 96,
  • шаянтәрізділердің 1,
  • ұлулардың 6,
  • құрттардың 2 түрі туралы деректер 1996 жылы тіркелген.

Үшінші  басылым. “Қазақстанның Қызыл кітабының” үшінші басылымы қайта өңделіп, әрі толықтырылып, қазақ тілінде 2006 жылы шықты. Бұл үшінші басылымның бірінші томы “Жануарлар”, оның бірінші бөлімі “Омыртқалылар” деп аталды. Онда омыртқалы жануарлардың 125 түрі мен түр тармағы туралы деректер берілген.“Қазақстанның Қызыл кітабының” үшінші басылымында тіркелген жануарлар түрлері 5 категория бойынша:

  • 1-категория – жойылып бара жатқан;
  • 2-категория – саны жылдан-жылға күрт азайып бара жатқан;
  • 3-категория – сирек кездесетін;
  • 4- категория – ғылыми тұрғыдан толық зерттелмеген;
  • 5-категория – қалпына келтірілген түрлер деп берілген. “Қазақстанның Қызыл кітабының” үшінші басылымында тіркелген омыртқалы жануарлар түрінің қандай отрядқа, қандайтұқымдасқа жататыны және әрбір жеке түрге қысқаша қазақша, ағылшынша деректер берілген. Сонымен бірге әрбір тіркелген түрдің суреті, Қазақстан аумағында таралуын көрсететін карта және сол жануардың түріне қатысты ақпарат көздері (кітаптар, мақалалар) көрсетілген. “Қазақстанның Қызыл кітабының” өсімдіктерге арналған бірінші басылымында өсімдіктердің 307 түрі тіркелген. Онда
  • жабықтұқымдылардың 288,
  • ашықтұқымдылардың 2,
  • қырыққұлақ тәрізділердің 3,
  • мүктердің 3,
  • саңырауқұлақтардың 10,
  • қыналардың – 1 түрі берілген.

Адамның қырып-жоя әсер етуінің тағы бір мысалы ретінде Арал теңізінің экологиялық опатын көрсетуге болады. Соның нәтижесінде теңіздің жартысынан астамы Әмудария және Сырдария өзендерінің ағысын бөліп жібергендіктен, тартылып кетті. Арал теңізі ірі балық кәсіпшілігі орнынан шағын суқоймаға айналып қалды. Теңіздің сорлануының тез өсуі нәтижесінде тұздылығы 60% (промиллеге) дейін көтерілді, сөйтіп суармалы егістіктің ақаба суынан пестицидтер мен нитраттардың жинақталуынан теңіз суынан балықтардың 28 түрі жойылып кетті. Қазақстанда жыртқыш құстардың жағдайы шұғыл нашарлап кетті. Оның негізгі себептері мыналар:

ересек құстарды жаппай аулау, сондай-ақ сату үшін ұядан (ителгі,бидайық, лашын, ақ сұңқар; бүркіт, қарақұс тәрізді қырандардың) балапандарын алу;

қаскерлік;

жабайы тұяқтылардың санының кемуінен қоректік қордың азаюы (құмай, жұртшы, сақалтай);

Суқоймаларды шаруашылықтың игеруі, жағалаудағы ағаштарды шауып алу, балық қорының кемуі (балықшы тұйғын, аққұйрықты субүркіт);

электрберіліс жолында қорғаныш құрылғыларының болмауы, химиялық ластану (жыланжегіш қыран);

тоғайлы орманның құлдырауы (бақалтак қыран);

тіршілік орындарының бүлінуі;

тың даланы жырту;

ірі қараны қайталап жаю.

 

Қорытынды

Адамдар мыңдаған жылдар бойы өсімдіктер мен жануарлар дүниесін пайдаланып келді және де өзінің жан- жақты тіршілігінде жануарлар мен өсімдіктердің пайдалы қорын қолданып ғана қойған жоқ, сонымен бірге табиғатты өзгерту арқылы көптеген түрлердің өмір сүру жағдайларына әсер етті. Табиғатқа антропогенді ықпал етудің әсерінен жер бетінде өсімдіктер мен жануарлардың кейбір түрлерінің жойылу процесі басталды.
Ғылыми- техникалық прогресс адамдардың қолына табиғат әлеміне әсер ететін күшті құралдар берді. Бұл құралдар қаншалықты пайдалы болса, соншалықты зиянды. Адамдар көбінесе кейде түсінбей, кейде салақтықтан табиғатты қалпына келтіру үшін ұзақ уақыт қажет болатынын ойламастан, оған қалай болса солай қарайды. Сыңсыған орманның орнындағы жанған түбірлер, су шайып өткен тау беткейлеріндегі жыртылған жерлер, ағаш ағызу кезінде ластанған өзендер. Осының бәрі сирек кездесетін көптеген бағалы аңдар мен өсімдіктердің құруына әкеп соғады.
Табиғатта пайда болған әрбір түр өзінші бірегей және ешқашан қайталанбайды, сондықтан да оның жойылуы — орны қайта толмайтын нәрсе. Және де бұл жоғалту қауымдастықтың бүтінділігі мен табиғаттағы жалпы тепе- теңдіктің бұзылуына әкеп соғады. Сондықтан да қазіргі кезде табиғатты қорғау мәселесі дүниежүзілік мәселеге айналып отыр. Бұл мәселе бүкіл әлемде маңызды мемлекеттік мәселе ретінде қаралады.

Адам ежелден  өсімдіктерді  өз  қажетіне пайдаланып  келеді, пайдалана  береді.Бірақ адамның шаруашылық  мақсат  үшін  өлшеусіз,  кей  жағдайларда орынсыз  көп  пайдалануынан  жер  бетіндегі  өсімдіктер  дүниесі  қазір  елеулі  зардап  шегуде.

Еліміздің  ормандары  сирей  бастады, соның  ішінде  орман-тоғайлар  азайды. Топырақ  тозды.

Әсіресе  қалалар  төңірегі  күшті  өзгеріске  ұшрады.Қоқыс  пен  қалдықтар  үйіндісі  көбейді.Су  қоймаларындағы  су  ішуге  жарамсыз  болып  қалды.Судың,ауаның,топырақтың  ластауынан  табиғи  тепе-теңдік  бұзылды.  Бұл сияқты зиянды өзгерістер біздің елімізде ғана емес ,барлық елдерде бар.Адам табиғатты зерделеп  терең білген сайын,зиянды өзгерістердің әрі қарай бола беруі жердегі тіршілікке  қауіпті ененін жақсы түсінді .

    Сондықтан табиғатты, өсімдіктер, жануарлар дүниесін қорғау елімізді үлкен мақсат етіп қойылып, елеулі жұмыстар істелуде.

   Өсімдіктер әлемін сақтау, шаруашылық мақсат үшін кесілген ағаштардың орнына жас тал отырғызу, көшелерді, үй маңын көгалдандыру, өрттен сақтап қалу сияқты жұмыстар жүргізілу қажет.

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

  1. Қазақстанның қызыл кітабы
  1. «Қазақ Энциклопедиясы»
  2. «Балалар Энциклопедиясы 6 то

 

  1. Қазақстанның қорықтары мен ұлттық бақтары « Алматыкітап » 2006,

Құрастырушы А.А. Иващенко;

  1. «Балаларға арналған танымдық энциклопедия» . – Алматы: «Аруана» баспасы.– 32 бет.
  2. Жануарлар әлемнің үлкен атласы. – Алматы: ААҚ «Алматыкітап» баспасы.– 63 бет.
  3. Қазақстан Энциклопедиясы
  4. 8. «Биология» Мектеп баспасы 2044-2005жж