Бастауыш сыныпта патриоттық сезімді ояту.

Павлодар облысы

 

Ақсу қаласы, 2012 – 2013 оқу жылы

 

Тақырыбы: Бастауыш сыныпта патриоттық сезімді ояту.

Номинация: Педагогикалық  үміт

Орындаған: Бастауыш сынып мұғалімі

Жагипарова Майгуль Болатхановна

Зерттеудің  көкейкестілігі. Патриотизм — өте күрделі ұғым. Бір жағынан, ол ізгілікті саяси үрдіс, яғни жеке тұлғалық, қоғамдық сана элементтерінен тұрса; екінші жағынан, Отанды қорғауға, сақтауға, нығайтуға бағытталған сезім. Патриоттық сезім жалпы адам баласына тән, сүйіспеншіліктен туған тиіс қасиет, оның еліне, туған жеріне, өз ана тілі мен мәдениетіне, ұлттық құндылықтарына жеке қатынасын, өзіндік бағасын, қуаттап — қолдауын пайымдайтын сезім көрсеткіші болып табылады.

Қазақстандық патриотизмнің қайнар көзі – халықтың береке бірлігінде, ынтымақ ықыласында, елдігі мен ерлігінде және мемлекетіміздің күш-қуатынын беріктігі мен ұлан байтақ жерінің біртұтастығында.

Зерттеудің  объектісі: Бастауыш сынып.

Зерттеу мақсаты:Оқушылардың патриоттық сезімін ояту. Отан сүйгіштікке, елін, жерін сүюге  тәрбиелеу.

Зерттеу болжамы: Егер мектептерде патриоттық тәрбиеге байланысты іс – шаралар, тәрбие сағаттары, диспут, дебат өткізілсе жиі өткізілсе, оқушыларда патриоттық сезім, патриоттық рух оянармеді.

Зерттеудің әдіс — тәсілдері: жинақтау, талдау, жүйелеу, анализ, синтез, сұрыптау, құрылымдық — логикалық. Бастауыш сынып оқушыларымен сауалнама  жүргізу, әңгімелесу, бастауыш  сынып  оқушыларының  оқудағы және сабақтан  тыс  оқу  әрекеттеріндегі  іс – әрекет   нәтижелерін  бақылау.

Зерттеу  базасы: Павлодар  облысы Ақсу  қаласының   № 1 қазақ орта   мектебі.

Патриотизм – тарихи, әлеуметтік ұғым. Ол гректің parties – Отан, ел – деген сөзінен шыққан. Бұл термин Отанға, елге, туған жерге, халыққа деген сүіспеншілікті білдіретін ұғым.

Патриоттық идея, отаншылдық сезім – адамға туа біткен қасиет емес. Ол бірте — бірте адамның саналы өмірімен бірге қалыптасатын саяси -әлеуметтік құбылыс.

«Қазақстандық патриотизм» ұғымы адам бойына өздігінен қалыптаса қоймайды.

Ол ұғымды қалыптастыратын алғы шарттарға мыналар жатады:
— Ең алдымен тарихымызды – Қазақстан халықтарының тарихын білу;
— Туған халқымыздың тілін ардақтап, оның кәусар бұлағынан сусындау;
— Атадан балаға, баладан немереге, немереден ұрпаққа жалғасып келе жатқан салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды жалғастыру.

— Өткен тарихымыздың жақсылықтары мен тәрбиелік мәні бар жақсы қасиеттерін сақтап, одан әрі жан-жақты дамыту, оның өркендеуі үлес қосу;
— Абай атамыз айтқандай, ұлттық қадір-қасиетімізді арттыру, ұлт атына кір келтіретін жат пиғылдан аулақ болу.

Сондықтан да патриоттық сезімді менің ойымша бастауыш сыныптан бастаған жөн. Бастауыш сыныптағы оқушы ол таза тақтай демекші бастауыш сыныптан баланың жан дүниесіне қоршаған орта көп әсер етеді. Сондықтанда жас кезінен бастап баланың ойына  патриоттық сезімді ұялату керек. Бастауыш сыныптан бастап сен Қазақстан азаматысың, сен қазақсың, сен Қазақстанның болашағысың алдағы халықтың өмірі жастарда яғни сенде деп, жас оқушыға ой тастау керек. Оған елін, жерін, Отанын сүю керек деп, Қазақстанның рәміздерімен таныстырып, тәуелсіздіктің қандай термен келгендігін түсіндіру арқылы патриоттық сезімдерін ояту керек. Сонда ғана нағыз патриот, Ер жүрек, қайсар Қазақстанның азаматы өседі.

Ұлтына қарамастан Қазақстанда тұратын әрбір азамат Қазақстанды туған Отаным деп түсінуі қажет. Сонда ғана адамның жүрегінде қазақстандық патриотизм сезімінің, өз Отанына деген перзенттік мақтаныш сезімнің өркен ғажайып тамырлануына негіз қаланады. Яғни, этносаралық интеграцияның базасы емес, адамдардың өзін-өзі азаматтық билеуі, Қазақстан халқының бір бөлшегі ретінде сезімі дамып қалыптасады.
«Өткен уақыт үнсіз мүлгиді, келер уақыт баяу жылжиды, ал бүгінгі күн құйындай ұйтқиды», деген қанатты сөз бар.

Президент стратегиясының түпқазығы, басты арқауы – адам тағдыры. Бүгінде өзгерген адам, келешек ұрпақ, олардың сапасы – Елбасы назарында. Стратегияны жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, алғышартының өзі – Қазақстан халқы, оның жоғары сапасы, жасампаздық істерді орындауға мүмкіндігінің жеткіліктігі және қабілеттілігі.

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2030 жылға арналған стратегиялық бағдарламасында, міне,осы згі мақсатты көздейді.
Өткенін білмеген – халықтың қадірін білмейді, халық қандай жайды бастан кешірді, бүгінгі заманға қалай қол жеткізді? Халық өз тарихын жасау үшін тер төгіп, қанын сарп етті, азап шекті, тар жол, тайғақ кешуден өтті, жерін қорғап, елін сақтады – осының барлығын бүгінгі ұрпақ білуге, қастерлеуге тиіс. Бұл талап Қазақстан халқына, олардың ерік-жігеріне, күш-қуатына, табандылығына, білімділігіне сенгендіктен туындаған.
Қазақстан халқының отаншылдық сезімін тәрбиелеу – осы бағыттағы негізгі шаруалардың бірі. Хылықтың патриоттық сезімін қалыптастыру үшін мына алғышарттар пісіп жетілуі тиіс.
1.Елбасы Қазақстанды мекендеген халықтардың тіліне, дініне, қанына, аз-көптігіне қарамастан, тең құқықтығын, іс-жүзіндегі теңдігін жария етіп, ешкімге де артықшылық жасамайтынын атап көрсетеді.
Қазақстан халықтарының ұлтына, жынысына, тегіне, дініне қарамастан, заң алдындағы теңдігі, бірдей құқықтағы қоғамдағы саяси тұрақтылық ғана емес, қазақстандық патриотизмді қалыптастырудың бірден-бір негізі. Бұл Қазақстанды барша жұртшылықтың сүюіне жетелейтін бірінші саяси фактор, конституциялық негіз.
2.Қазақстандық патриотизмді қалыптастырудың екінші арнасы – экономикалық негіз. Жұмыссыздық пен күйсіздік. Сондықтан да Елбасы ұзақ мерзімді мақсаттардың бірі ретінде – экономиканың өсіп-өркендеуіне басты назар аударып отыр.
Ана тілі — әділет пен шындық тілі, күрес пен тартыс тілі, ізгілік пен инабаттылық тілі, иман жүзді парасат тілі, досыңа жылы, қасыңа қаһарлы тіл, қажырлы қайрат тілі, жылы лебіздер тілі, тәңірін таныған тіл, періштелер мен пәк жандар тілі, еркіндік пен теңдіктің тілі, «бостандық» деп жар салған тіл, «тәуелсіздік» деп тебіренген тіл, тәңір тілі – ана тілінен халқының исі мен рухы аңқиды, ана тілдің әдет пен әдеп тілі, тәрбие тілі, жастықтың тілі, болашақтың тілі, жас кезінде меңгеретін, игеретін тіл.
Ана тілі – халқын тура жолдан тайдырмаған көсемдер тілі, елдің беріктігін сақтаған билер тілі. Сондықтан тіл еркін болмай – ой еркіндігі жоқ, санаңда салмақ болмайды, ойын ортаяды, ақылың азаяды, тілің күрмеледі, рухың, елің азаяды!Яғни, қазақ мемлекетінің патриоты ана тілін жете меңгерген және қосымша тілдер білетін, өз бетімен шешім қабылдай алатындай көзқарасты қалыптастыратын жеке тұлға болмақ.
Отаншылдық сезімді қалыптастырудың тағы бір шарты – халық пен мемлекет арасындағы өзара сенімді нығайту «Береке бас — бірлікте», «бірлікте болсаң – биікте боласың», деген халық. Ата-бабамыз Отанға деген пәк сезімнен, өршіл патриотизмнен әсер алған жандар.
Бір сөзбен айтқанда, елінің, жерінің өткенін сезінбей, оның ерлікке, адамгершілікке толы тарихын, өнерін жете ұғынбай отаншылдық сезімді ояту мүмкін емес. Сондықтан да өткен тарихты объективтік тұрғыдан саралап зерделеуге ұмтылу – заман талабы.
Тәуелсіздік – қазақ халқының сан ғасырлық арманы. Отанымыздың көгінде көгілдір туымыздың мәңгілік желбіреуі – тәуелсіздігіміздің арқасы.
Тәуелсіздіктің туы өздігінен тігілген жоқ. Осы жолға жету үшін қанша тер төгілді?

Тәуелсіз елдің еркін ұлты ретінде бойын түзеп, өзгелермен терезе теңестіру үшін, патриоттық, намысшылдық, сезімдерін қалыптастыру керек.Әр нәрсені өз атымен атай білетін деңгейге жеткен ұлт қана алыс ертеңдерге аптықпай жетеді. Сондықтан ұлы Желтоқсан оқиғасының тарихи мәні өте зор.

Бұл 1986 жылғы — әлемді дүр сілкіндірген қасіретті желтоқсан оқиғасы болатын. Сол желтоқсан оқиғасында ту еткен ұлттық намысымызды әрқашан жоғары ұстай білсек, өз жерімізге, елімізге ие болып, халқымызға жақсы өмір орнату жолында еш нәрседен тайынбай күресе білсек, қол жеткенімізді баянды етсек, әрбір жеткіншекке ұлттық сана дәнін себе білсек, мақтаныш деген сол ғой.

Патриоттық сезім жалпы адам баласына тән, сүйіспеншіліктен туған тиіс қасиет, оның еліне, туған жеріне, өз ана тілі мен мәдениетіне, ұлттық құндылықтарына жеке қатынасын, өзіндік бағасын, қуаттап-қолдауын пайымдайтын сезім көрсеткіші болып табылады.
Патриотизм — өте күрделі ұғым. Бір жағынан, ол ізгілікті саяси үрдіс, яғни жеке тұлғалық, қоғамдық сана элементтерінен тұрса; екінші жағынан, Отанды қорғауға, сақтауға, нығайтуға бағытталған сезім

Қазақстандық патриотизмнің қайнар көзі – халықтың береке бірлігінде, ынтымақ ықыласында, елдігі мен ерлігінде және мемлекетіміздің күш-қуатынын беріктігі мен ұлан байтақ жерінің біртұтастығында.

Қазақ халқының тұңғыш ағартушысы Ыбырай Алтынсарин тәрбиенің басты құралы етіп – дінді алған да, оның тиімді жақтарын өмірмен ұштастыра білгеннің артықшылығы жоқ деген.
Ата-баба салтының Жер-Анаға деген ыстық сезімі бірінші кезеңде тұрады. Сондықтан да бұл әр адамның ойындағы қасиеті, дарыны ата-баба жерімен тығыз байланысты.
Міне, осылардың барлығы жалпыадамдық педагогиканың бір бөлігі ретінде ұлттық тәрбие жүйесінің ізгілікті де игі бастауларын құрайды. Республикадығы ұлттар мен ұлыстардың ешқайсысын алалмай, бәрінің де толыққанды дамуына нақты жағдайлар туғызып, көп этносты елдегі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету қазақстандық патриотизмнің туындауына негіз бола алады.
Ұлтына қарамастан Қазақстанда тұратын әрбір азамат Қазақстанды туған Отаным деп түсінуі қажет. Сонда ғана адамның жүрегінде қазақстандық патриотизм сезімінің, өз Отанына деген перзенттік мақтаныш сезімнің өркен ғажайып тамырлануына негіз қаланады. Яғни, этносаралық интеграцияның базасы емес, адамдардың өзін-өзі азаматтық билеуі, Қазақстан халқының бір бөлшегі ретінде сезімі дамып қалыптасады.
«Өткен уақыт үнсіз мүлгиді, келер уақыт баяу жылжиды, ал бүгінгі күн құйындай ұйтқиды», деген қанатты сөз бар. Бұл үшін де парық-парасат, білім-білік, ерік-жігер керек емес пе? Ұрпағын сүйген баба ғана қасиетті,     Отанның болашақ азаматына: «Тарихыңды зерделе, аға ұрпақтың саған деген аманаты – ерлік, тәрбие алар сәтіңді бос жіберіп, қапы қалма», — деген. Тарихты зерделеу арқылы біз ұрпағымызға Отанымыз бен халқымызға шексіз берілгендік, қаһармандық патриотизмнің шынайы сабақтарын аламыз.
Патриоттық сезім – ұлттық рух деңгейінің айнасы, өлшемі. Сол себептен Ел басы өзінің халыққа жолдауында азаматтардың отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйспеншілігін дамытуды ұлттық қауыпсіздікті сақтаудың негізгі элементтерінің бірі ретінде таниды.

Қазір біз ғасырлар тоғысында өмір сүріп отырмыз, яғни XXI ғасыр табалдырығын аттаған сәтіміз. Көш басын өркениет жолына біржола бұрған екенбіз, сол ұлы көшті адастырмай алға апарар ұрпағымыздың нұрлы болашағы мен бағыт бағдарын айқындап алғанымыз жөн.
Адам махаббаты қандай мәңгі болса, оның патриотизмі де сондай мәңгілік. Адамзат махаббатсыз, мұратсыз өмір сүре алмайды, оны теріске шығару еш нәтиже де, жеміс те бермейді Олай болса, қазақстандық патриотизмсіз біз де өркениетті ел бола алмаймыз. Сол үшін азаматтардың биік отаншылдық сезімі бүгінге ғана емес, ертеңге керек, болашаққа да керек.      Жалын жүректі, асқақ рухты жастарды  ел тірегі деп айтсақ, еліміздің бүгінгі абыройы мен мәртебесін өз биігінде сақтап, бірлікті нығайтып, елдіктің рухын асқақтату өскелең ұрпақтың еншісінде. Сондықтан да жастарға берілетін тәрбие мен тәлімнің де маңызы зор. Өскелең ұрпақты еліміздің патриоты етіп тәрбиелеу мен сапалы білімін, салауатты өмірін қалыптастыруда соңғы жылда айтарлықтай іс-шаралар жүзеге асырылып жатыр. Соның бірі  Алматы облысындағы  облыс әкімінің қолдауымен,  ішкі  саясат басқармасының ұйымдастыруымен  қолға алынған жастар форумы.  Форум маңыздылығы – жастар саясатын іске асырумен бірге келешек жас ұрпақты білімге, отансүйгіштікке баулып, олардың патриоттық сезімдерін ояту. 2009 жылдан бастау алған бұл  форумға  80 мыңнан аса жас қатысып белсенділіктерін көрсетсе, биыл да  жастар саясатын өз аумағында айрықша насихаттап жүрген аудандар мен қалаларда Жастар фестивалі өз жалғасын тауып отыр. Айта кету керек,  биылғы фестиваль  таңдап алынған тақырыптың өзектілігі және нақтылығымен ерекшеленуде.

Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақстанның отаншылдық сезімін тәрбиелеу білім берудің мектепке дейінгі жүйесінен жоғарғы оқу орындарына дейінгі орталықтарда барлық ұйымдарда көкейкесті болып табылады. Балаларды Отанды , туған жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу-мұғалімнің аса маңызды, аса жауапты да қадірменді парызы»-деген еді. Әр дәуірдің тарихи кезеңдерінде Отансүйгіштікке тәрбиелеудің өзіндік мүдделері болады. Ол ең алдымен, «ұлтжандылық», отансүйгіштік», » патриотизм», ұғымдары сол заманның ақиқаты — наным — сенімінен туындайды. Еліміз егемендік алғаннан бері жас ұрпақ тәрбиесінің темірқазығы-қазақстандық патриотизм болды.
«Қазақстандық патриотизм» ұғымы біздің тәуелсіздігімізбен қоса туған жаңа сөз болып, еліміздегі саяси-әлеуметтік ахуалдың ерекшелігін көрсетеді. Елімізде жүзден аса ұлттар мен ұлыстардың өкілі өмір сүруде. Қазақстан олардың көпшілігінің туған отаны және бұдан былай да мәңгі тұрақтап қалар мекені болмақ. Сондықтан олардың әрқайсысы Қазақстанды ата-жұртым деп танып, оның тәуелсіздігін қорғауға және материалдық байлығын арттыруға еңбек етуі тиіс. Сол себепті қазақстандық патриотизм ұғымы күнделікті өмірде жиі қолданылып, кеңінен қалыптасып келеді.
Бұл ұғымның педагогикалық жүгіне келер болсақ, ол болашақ Қазақстан азаматтарын тәрбиелеумен тығыз байланысты. Қазақстандық патриотизм — Отан-анаға деген сүйіспеншілік пен азаматтық ерлік, өнеге көрсетушілік, бойдағы білім пен білікті, ақыл-парастатты ел игілігіне жұмсау, ата-мекен мүддесіне арнау болмақ. Өз елінің өткенін, тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін құрметтей білу де осы қазақстандық патриотизм құрамына кірсе керек.
Патриотизм идеясының дамуы Аристотель, Платон, Цицерон есімдерімен де байланысты. Цицерон Отанға деген қатынасты патриоттық санадан іздестіреді. “Ең мәртебелі ой- толғамдар Отанның игілігі жайында болмақ”, -дейді Цицерон “Мемлекет туралы диалогінде”.
Патриоттық сезімді қазақ ағартушылары Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин , Абай шығармаларынан да байқауға болады.
Отаншылдық сезім – адамға туа біткен қасиет емес. Ол адамның саналы өмірімен қабаттас қалыптасатын психологиялық , саяси -әлеуметтік құбылыс. Патриоттық сезім жалпы адам баласының еліне, жеріне, өз тілі мен мәдениетіне , ұлттық құндылықтарына жеке қатынасын , өзіндік бағасын түйсінуін, қуаттап қолдауын пайымдайтын сезім көрсеткіші болып табылады. Осыған орай Н.Ә.Назарбаев, — патриотизмді «әр этностың ұлттық сезімін сыйлап, бірде-бір ұлтпен қарама-қайшылық туғызбау»- деп белгілеген.
Егемендік алған бастапқы күндерден-ақ патриотизм ұғымы, оның мазмұны төңірегінде пікірталас жүріп келді. Одан, «ұлттық патриотизм», «қазақстандық патриотизм» — деген екі ұғымның туындағаны белгілі. Бірақ, өсіп келе жатқан жас буындарды отаншылдыққа тәрбиелеуде бұл екі ұғымның қайсысын ұстанған жөн; олардың мазмұндық құрылымы қандай ой-тұжырымдар жүйесінен тұрады; бұдан былайғы кезде жастарды патриотизмге бұрыннан қалыптасқан әдіс-тәсілдері, формалары мен мазмұнын қолдануға бола ма?, — деген сияқты көптеген проблемалар туындап отыр.
Бүгінгідей демократиялық бағыт ұстанып отырған қоғамда, балалар мен жастардың тағдыры өздеріне, отбасының материалдық ахуалына байланысты болып отырған жағдайда патриотизмнің маңызын айқындау басты мәселелердің бірі екені даусыз.
Біздің пікірімізше, өсіп келе жатқан жас буындардың бойында қазақстандық патриотизм сезімін қалыптастыру үшін :әр ұлттар мен ұлыстар тек өз мәдениетін ғана танып білуі жеткіліксіз , сонымен қатар олар бір — бірін танып біліп, құрметтеуі тиіс.       Мектеп оқушылары қазақ халқының тарихы мен мәдениетін, өз болмысында еш бұрмалаусыз танып, білуі шарт. Бастауыш сынып оқушыларының бойында патриоттық сезімді қалыптастыруда ана тілі пәндерінің алатын орны ерекше. Отанын сүйген, елін жаудан қорғау үшін қасық қаны қалғанша аянбай шайқасатын Қобыланды, Қамбар, Ер Тарғын, Алпамыс тұлғалары, ақын — жыраулардың, билердің татулыққа, адамгершілікке, елін сүюге шақырған өлең жырлары , шешендік сөздері бастауыш сынып оқушыларының бойында патриоттық сезімді қалыптастыруда маңызы өте зор. Патриоттық сезімнің объектісі мен қайнар көзі — Отан десек, оның мазмұны: туған жер, табиғат, оның байлықтары, тіл , дәстүр, тарихи ескерткіштер, туған өлкедегі тамаша киелі орындар. Олардың адам көкірегіне жылылық, жақындық, туысқандық сезімдерді ұялатып, ізгі де ерлік істердің қайнар көзіне айналуы патриотизмге тәрбиелеудің арқауы. Қасиетті сезім ананың сүтімен бірге өзінен — өзі келмейтін баланың бойында біртіндеп қалыптасатын құдіретті сезім. Бұл сезім әркімде әр кезеңде оянып, кейін кәмелетке келгенде біржола буыны қатып , тәжірибемен, уақытпен, біліммен, қоршаған ортаның ықпалымен, балабақша, отбасы, мектеп, жоғарғы оқу орындары, бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар әсерімен қалыптасады. Патриоттық сезім тұлғада тәрбие арқылы өсіп жетіліп патриоттық сана түрінде қалыптасады. Сондай-ақ жеке адам өз ұлтының қасиеттерін бойына сіңіруі керек. Мектеп оқушыларын патриотизмге тәрбиелеу мәселелерін зерттеген: С.Ешімханова, Е.Жұматаева, А.К.Ахметов, Д.С.Құсайынова, т. б. ғылыми — педагогикалық, психологиялық, мектептегі іс-тәжірибелерін зерттеп бақылау нәтижесінде мектеп оқушыларын патриотизмге тәрбиелеудің бағыттары төмендегідей мәселелерді көздейді: педагогикалық практикадағы мүмкіндіктерді барынша толық қамтып біртұтас түрде оқушының жеке тұлғасына ықпал етудің жүйесін жасау; әртүрлі пәндерді оқытуда және тәрбиелік жұмыстарды ұйымдастыруда тірек болатындай сипатқа ие болу, бұл бағытта жас буынды патриотизмге тәрбиелеудің теориясы мен практикасына қатысты қазақстандық, ұлттық тәжірибелермен қоса шетелдік жаңа идеяларды үнемі ашып іс жүзінде қолдану жолдарына көмектесуі керек.
“Қоғамда Қазақстан — біздің Отанымыз, бұл ұғымға өте көп нәрсе кіреді деген қарапайым ойды қалыптастыру керек” – деген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сөзі терең ойдан туындаған пікір екенін әрқайсымыз жақсы түсінуіміз қажет. Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіз мемлекет екендігін  бүкіл әлемге дәлелдеді. Енді басты міндет – осы мемлекеттің өркендеп өсуі,халықтың әлеуметтік, экономикалық жағдайын көтеру. Қазақстанды –Отаным деп таныған әрбір азаматтың осыған өз мүмкіндігінше үлес қосуы тиіс. Мұның басты шарттарының идеяларын Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан- 2030» Жолдауында «біздің балаларымыз бен немерелеріміз бабаларының игі дәстүрін сақтай  отырып қазіргі заманғы нарықтық экономика өркендеу үстіндегі  күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады» деп нақты көрсеткен болатын. Отанымыз аумағының бүтіндігін сақтау,халықтың тыныштығын  алатын лаңкестермен қарсы ұйымшылдықпен күрес,  мемлекеттерге қауіп  төндіретін кез келген сыртқы және ішкі күштерге қарсы тұрудың өзі жастардың отаншылдық рухта тәрбиелеу міндетін жүктейді.

Қазіргі уақытта қоғамның дамуына байланысты оқушыларға білім беру, оларды тәрбиелеу және дамыту міндеттері барған сайын күрделеніп бара жатыр. Басты міндеттің бірі: орта мектепті бітірген оқушы өмірге белсене   араласа отырып, ғылымның  шапшаң дамуына ілесуі, ашылған жаңалықтарды өздігінше оқып меңгеру, оларды өзі қызмет ететін салаларына қатыстыларын іс жүзіне асыра  білуі,  өмірде қолдана алуы. Сонымен  қатар оқушылар мектеп қабырғасында жүріп –ақ әлемдік құрылым  қалыптасуының негізгі ғылыми ұстанымдарын, ойлаудың әдіс-тәсілдерін,Отан  деген сүйіспеншілік, патриотизм, танымның заңдылықтарын  игеруі тиіс.

Оқушыларға патриоттық тәрбие беру барлық пәндердің үлесіне  жатады. Сондықтан пәнге оқушылардың   ынта- ықыласын, қызығушылығын арттыру үшін әр түрлі жаңа әдістемелік  технологияларды қолданып сабақ өткізу тиімді. Бұл  оқушылардың сабақтан жалықпауын, жөнсіз әрекетке  бармауын, әр іске назар аударып жауапкершілікпен қарауды, ой елегінен өткізіп ойлануды қалыптастырады, бағдарламалық материалдарды жеңіл, тез меңгеруге септігін тигізеді. Осы мақсатпен оқу  материалының күрделі және жеңіл түрлеріне қарай ерекшеліктерге    тоқталайын.

«Патриотизм   дегеніміз -Отанға деген сүйіспеншілік, жеке  адамның аман-саулығының қоғамдық–мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну, ал мемлекетті нығайту дегеніміз-жеке адамды күшейту екенін мойындау, қысқасын  айтқанда, патриотизм мемлекет  деген ұғымды жеке адаммен, яғни оның өткенімен, бүгінгі күнімен  және болашағымен қарым-қатынасты білдіреді.» Осыған байланысты сабақ берудің ең негізгі  мақсаттарына төмендегілер кіреді.Бірінші –танымдық,  екінші — тәрбиелік, үшінші — дамытушылық. Осы мақсаттарды орындау үшін мемлекеттік  стандартты басшалыққа ала отырып, өз тәжірбиемде балалар әдебиетінен, негізінен, оқушылардың өз бетімен  білім алу дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту, ізденіс жұмыстары  мен алған   білімдерін іс жүзінде  пайдалана  білеуге үйрету бағытында жұмыс жүргізіп келемін.

Балаларға ел сүйгіштік,  ата-ананы сүю, Отанды сүю, мәселесінде қандай шығармалар оқығанын, қандай шығармаларды оқуды ойлап жүргендігі жайындағы пікірлері жөнінде  әңгімелер өткіздім.Бұл әңгіменің барысында шәкірттер өздерінің оқыған шығармаларын атады.Ауыз әдебиетінен мысалы: « Қобыланды батыр», «Алпамыс батыр» т.б.шығармаларын атап көрсетті.Ал Махамбеттің шығармалары, әсіресе, «Баймағанбет Сұлтанға айтқаны»,        «Ереулі атқа ер салмай», «Ұл туса», «Әй, Махамбет жолдасым». Ал мұндай туған елді, ұлтын сүю тақырыбында ХІХ ғасырдың жазушыларының шығармаларынан Абайдың «Қайран елім, қазағым қандай жұртым» т.б. М.Жұмабаевтың елді сүю, оған қызмет ету тақырыбында көптеген шығармалар жазған. Мысалы, «Мен сүйемін». Осындай тақырыптарда С.Торайғыровтың «Туған еліме»,  «Шәкірттерге» т.б. атты шығармалары оқығандығы жөнінде сөз болды.Патриоттық тақырыпқа оқыған шығармаларынан І.Есенберлиннің «Көшпенділер», Т.Ахтановтың  «Күткен күн», М.Мақатаевтың өлеңдерінде атап өтті

Балаларды патриотизмге тәрбиелеу рухында оқырмандар конференциясын өткізудің де мәні зор.Ғ.Мүсіреповтың « Қазақ солдаты» романы, Ә.Нұршайықовтың « Ақиқат пен аңыз» Қ.Қайсеновтың « Ажал аузынан», « Жау тылында», « Партизан соқпақтары». Оқушыларды патриоттық ел сүйгішітк туралы шығармаларды жай ғана емес, мәнерлеп оқумен қатар жатқа айту тәсілін қолданамыз. Мысалы, Б. Бұлқышевтың « Шығыс ұлына хат» , І.Жансүгіровтың «Ағынды менің Аксуым», « Жетісу суреттері» атты өлендерін жаттап, мәнерлеп айтты.

Отансүйгіштік  сезімі   туа бітті пайда болатын қасиет. Сәбидің бойында ең  алдымен анасына, өз отбасына, өз үйіне, туған жеріне деген  жылы сезімнен бастау алатын, тұлға есейген сайын біртіндеп ұлт, халық  , әлеумет, мемлекет деңгейіне көтеріле беретін бұл сезім адамның бүкіл ғұмырына жалғасып жатады.

Осыған  орай патриоттық тәрбие мәселесі адамзат тарихының  өн бойындағы ұрпақтан –ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлы мақсат болғандықтан, мектеп оқушыларының бойындағы Отанға деген сүйіспеншілігін, яғни патриоттық санасын дарытуда халқымыздың біртуар ұлы, ержүрек қолбасшы,жазушы, Қазақстанның Халық Қаһарманы батыр Б.Момышұлы ағамыздың кейінгі ұрпаққа үлгі етіп қалдырып кеткен өсиеттерінің және ерлікке толы шығармаларының алатын орны ерекше. Сондай-ақ, Бауыржан ағамыз  артына жетпіске жуық мақал- мәтелдер қалдырған.Ол мақал-мәтелдеріне «Үлкенді ізетте, кішіні күзетте көр», «Ерлік білекте емес, жүректе», «Отанда опасызға орын жоқ»,  «Тізе бүгіп тірі жүргеннен, тік тұрып өлген артық» деп халық атынан ащы да әділ үкімін пайымдайды.Біз жазушы, тәлімгер Бауыржан Момышұлының еңбектерін оқи отырып, оның шығармашылығы патриоттық тәлім- тәрбиенің қайнар көзі екенін байқаймыз. Қазақстандық патриотизмнің арқауы қазақ мемлекетіне деген  сүйіспеншілік, ұлтына сенімі, нанымы,саяси көзқарасы, т.б. қарамастан, әрбір қазақстандық өзі өмір сүріп, күн көріп отырған мемлекетін-«Отаным» деп тануы, оның  негізін салып отырған қазақ ұлтына сыйластық,оның заңдарында бас ию, рәміздеріне құрмет, жетістігіне сүйсініп, мақтану, кемшіліктерін болдырмаудың жолын қарастыру қазақстандық патриотизмнің белгілері болуы керек деген ой келіп туады.Туған халқымыздың өткен тарихына көз жіберсек, отансүйгіштіктің керемет үлгілерін көреміз. Бүгінгі күні егеменді ел болып, қазақ деген ұлт болып отыруымыздың өзі ата-бабаларымыздың теңдесі жоқ ерлігінің арқасы.Тарихи мәліметтерден байқайтынымыздай, жоңғар шапқыншылығы кезі мен одан бертіндегі  ұлт азаттық көтерілісін   алып қарасақ , ондағы батырлардың ешқайсы бүгінгідей (кеңес дәуірдегідей) жүйелі патриотизмге тәрбиелеудің тезіне салынбаған.Бірақ елін, жерін, Отанын қорғауда жанын, тәнін аяп қарап қалмаған. Осындай көптеген тарихи тәжірибелерден, сол кездегі отбасы тәрбиесіндегі отансүйгіштік сезімнің қалыптасуына отбасындағы тәрбиенің ықпалын елемей қоюға болмайды.

Қорыта айтқанда, оқушылармен осы жоғарыда баяндалғандай тағы да басқа әдістерді қолдана отырып, оқушының көкейіне осындай іс -әркеттерімен ой сала білсек, үлгі көрсетсек заманға сай, қоғамға керекті азамат отансүйгіш, елсүйгіш азамат елге қызмет ететін қайраткер тәрбиелейміз.

Әдебиеттер:

  1. Назарбаев Н. Қазақстан -2030:Барлық қазақстандықтардын өсіп-өркендеуі ,қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы.Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. –Алматы: Білім,1997-176 б.
  2. Нысанбаев Ә., Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы, -Алматы: Жазушы, 1909-720 б.
  3. Қалиұлы С., Қазақ энциклопедиясының теориялық негіздері мен тарихы ( Оқу құралы). –Алматы: Білім, 2003-280 б.
  4. Бегалин С., Шығармалар жинағы, -Алматы: Жазушы,1966
  5. «Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы». Қ.Р. Президентінің Жарлығы Астана, Ақорда, 2006 ж. қазанның 10-ы. №200
    6. А.Құсайынов Білім және Реформа . Алматы 2006.