«Бақытты отбасы ».

Тақырыбы: «Бақытты отбасы ».

Мақсаты:

1.Оқушылардың отбасы, жанұя туралы білімдерін шыңдай түсе, отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу.

2.Оқушылардың  есте  сақтау, ойлау қабілеттерін, тіл байлығын, өз беттерінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту.

3.Оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, ептілікке, өз ойын жеткізе білуге, отбасы  құндылықтарын сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтүрі: сыныптан тыс шара.

Әдісі:әңгімелеу, топтастыру, сұрақ-жауап.

Көрнекі құралдар: отбасы туралы мақал-мәтелдер, нақылсөздер, суреттер.

 

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу назарын аудару, психологиялық ахуал туғыз.

Барысы:
Жүргізуші : -Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар!

Бүгін сіздер «Бақытты  отбасы» атты отбасылық сайысқа қатысқалы отырған 2 ә сыныбының оқушыларының  өнерін тамашалағалы отырсыздар.
Жүргізуші:
Ұстанған салауатты өмір салтын,

Жасқанып, ешқашан да мойымайтын,

Өнерлі оқушылар келді ортаға

Қол соғып қарсы алайық, қане, халқым!
Жүргізуші :
-Олай болса,
Оқушылар отыр сынға түскелі,
Әрбірінің күш-жігері жалындап,
Жеңіс сәтін тағат таппай күткелі,
Жалындайды сайысқанда жанымыз,
Сайысатын  топтарды қошеметпен ортаға шақырамыз.

 

Қане, қане, тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Тұрсақ үлкен шеңберге,

Алақанға ұрайық.

Психологиялық сәт.

«Еркелету» жылулық шеңбері.

(Ата-аналарыңның өздерін еркелеткен сөздерін айту.)

ІІ. Негізгі бөлім.

Жұмбақ жасыру.

Маған да, саған да,

Жақын, туыс адамдар.

Бәрі де өз жұртың,

Айтыңдар, олар, кім ? (Отбасы)

— Ия балалар, бұл жұмбақтың шешуі отбасы екен.
— Олай болса бәріміз тақтаға назар аударайықшы.
Бұл суретте кімдердің суретін көріп тұрсыңдар?

— Иә, бұл суретте сүйіспеншілігі мол, бір — біріне ыстық ықыласпен, аялы сезіммен қарап отырған дастархан басындағы отбасы мүшелерін көріп отырмыз.

Отбасы туралы әңгімелеу.
-Оқушылар жалпы отбасы деген ұғымды сендер қалай түсінесіңдер?
-Отбасы деген не?
-Отбасы құрамы деген кімдер?
-Отбасының адам өміріндегі маңызы қандай

Отбасы – адамзаттың алтын ұясы. Адам баласы дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаға бейімделіп, ықпалына көніп, ер жетеді. Отбасы — адамзат баласының түп қазығы, алтын ұясы. Бала тәрбиесiнде отбасының алатын орны ерекше. Оны қоғамдық тәрбиенiң қандай саласы болса да алмастыра алмайды. Отбасының негiзгi қызметі баланы өмiрге келтiру ғана емес, оның бойына көне заманнан келе жатқан ұлттық тәрбиенің  тағылымдары мен аға ұрпақтың тәжiрибесiн сiңiру, қоғамға пайдалы жеке тұлға етiп тәрбиелеу болып табылады. Ата-ананың өз борышын мүлтiксiз орындауы – үлкен тәрбие мектебi. Осылайша, адамға тән рухани-адамгершілік сапа-қасиеттерді қалыптастырып, дамытудың негізі ең алдымен отбасында қаланады.

Бала отбасында әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке — тірек, ана – жүрек, бала – тілек. Осы бір ғажап тұжырым әке, ана, бала отбасы шағының үш тағаны іспеттес.

Ал енді балалар  топқа бөлінейік

1-топ: Мейірімді балалар

2-топ: Ақкөңіл балалар

Балалар енді сайысымызды бастамас  бұрын сендерге әділ баға беретін әділқазы алқасымен таныстырып өтемін

1.

2.

3.

Сайыссымыздың шарттары

1.Сәлем сөздің анасы –Таныстыру

2.Сөздің көркі мақал-Мақалдың жалғасын табу

3.Сөзжұмбақ шешу

  1. Отбасы туралы өлеңдер айту

5.Жұмбақтар шешу

Ал енді сайысымызда бастаймыз.

Топтық жұмыс ережелерін есте сақтау.

1.Тыңдай білу.

2.Өзара сыйластық.

  1. Белсенділік.
  2. Қол көтеріп сөйлеу.

5.Уақыт үнемдеу.

1-кезең. Таныстыру. Топ ұраны мен мүшелерін таныстыру

2-кезең. Мақалдың жалғасын тап.

1топ.

1.Атаға қарап — ……………,( ұл өсер)

Анаға қарап — ………………(қыз өсер

  1. Ананың көңілі балада, ……………………..(баланың көңілі далада)
  2. Ата-ананың қадірін — ………………………….(балалы болғанда білерсің).
  3. Ұяда не көрсең , ………………………………( ұшқанда соны ілерсің)

2 топ.

  1. Балалы үй базар, …………………………….( баласыз үй мазар)
  2. Ата көрген оқ жонар, ……………………..( ана көрген тон пішер)
  3. Ананың сүті – бал, …………………………..( баланың тілі – бал)

8…………. – ананың бауыр еті, көз нұры. ( бала)

3-кезең Сөзжұмбақ  шешу

4-кезең.  Ән шырқаймыз бірге

5-кезең Бұл кім? Жұмбақ жасырады  соның жауабын суретпен көрсетеді.

Ойын: » Бұл кім?»
Мақсаты: Балаларды тапқырлыққа, есте сақтау қабілетін дамытуға баулу.
Шарты: отбасындағы мүшелердің атын атап, жасырынған отбасы мүшесін табу.

  1. Айтары мол ғұлама,

Көп жасасын бұл адам,

Әкесі ол әкеңнің

Білер оны сұраған.Ол кім? Атаның суретін іледі.

  1. Ертегі айтып береді,

Күнімен саған ереді.

Әкешіңнің анасы,

Әкең оған баласы. Ол кім? Әженің суретін іледі.

  1. Атаңның баласы,

Кей кезде таласып.

Қаласың әжеге

Білгенің асады кәдеге.     Ол кім?  Әкесінің суретін іледі.

  1. Бала бала, бала деп,

Түнде шошып оянған

Түн ұйқысын төрт бөліп

Түнде бесік таянған.

Қолын қатты тигізбей,

Кірлі көйлек кигізбей.

Иісін жұпар аңқытқан.  Бұл кім? Ананың суретін іледі.

ІІІ. Қорытынды.

Шаттық шеңбері: « Шаңырақ»
Ал балалар тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Шаңырақты көтеріп,
Керегені құрайық
Уық болып иіліп,
Бір отбасы болайық.

-Балалар біздер бүгін  кімдермен таныстық?
— Отбасы мүшелерімен.
Отбасы мүшелеріне кімдер жатады екен?
— Ата, әже, әке, ана, аға, апа, іні, қарындас жатады.
Біз қандай отбасымыз?
— Біз бақытты отбасымыз.
Біз қай елде тұрамыз?
— Тәуелсіз Қазақстан елінде.
Өте жақсы, балалар отбасы туралы танысып, білдік. Отбасы кіші Отаның. Сол Отанда тату — тәтті өмір  сүру үшін туысқандардың,  әсіресе, бауырларыңмен бір — бірің мен тату болыңдар. Жеңмпаз топты анықтау, марапаттау.