«Медицинадағы биология» үйірмесінің бағдарламасы

«Медицинадағы биология» үйірмесінің бағдарламасы

11 сыныпқа арналған бағдарлама

 (барлығы 17 сағат)

 

Түсінік хат

Қазіргі кездегі мектептерді дамыту бағыттарының бірі — білімді саралау болып табылады. Ол пәнді тереңдетіп оқытуға, арнайы және бағдарды сыныптарды оқытуға негізделген. Базалық деңгейдегі оқу материалдарының мазмұнына болашақ ұрпақтың биологиялық сауаттылығын, биологиялық мәдениетін көтеруге ықпал ететін маңызды білім мен біліктіліктер енгізілген. Бағдарлы деңгейде оқушылардың биологиялық мәдениетін қалыптастырушы білім, біліктіліктермен қатар, олардың білімін ары қарай жалғастыруға және кәсіби мамандыққа даярлауға қажетті білім мен оқушылардың жеке тұлғалық іс-әрекетіне көп көңіл бөлінген.

Бағдарлы білім беру бағдарламасы оқушылардың бойында біртұтас дүниетанымдық ұстанымды дамытуға бағытталған, сондай-ақ оқушылардың жоғары деңгейдегі жалпы мәдениетті және өз бетінше және кәсіби бағытын анықтайтын білім, дағды жүйелерін меңгеруге талпыныс жасауын қолдайды.

Білім беру бағдарламасының мазмұны биологиялық ғылымның негізгі категорияларын қарастыруға, мектептің бастауыш сатысында алған алғашқы биологиялық мәліметтерді теориялар шеңберінде жүйелеуге бағытталған және де оқушыларды биологиялық білімнің дамуымен, оның қазіргі ғылымдағы орнымен және рөлімен таныстырады.

Медициналық биология өз кезегінде оқушылардың салауатты өмір салтын ұстануына және оны болашақта дамытуына арналған оқудың негізгі бөлігі болып табылады.

Медициналық биология адам анатомиясымен тығыз байланысты болғандықтан бұл салада негізінен адамның денсаулығы мен оның ішкі мүшелерінің саулығы және тұқым қуалау ақпараты туралы, сонымен қатар замануи биотехнологияның бір саласы генетикалық инженерия туралы білім беріледі. Бұл курс Елбасының алға қойып отырған бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына ену стратегиясын іске асыру үшін білімді де білікті кадрларды даярлаудың алдыңғы сатысы, яғни бағдарлы оқыту бүгінгі күн талабына сай бәсекеге қабілетті жеке тұлға қалыптастыруда маңызды орын алады.

 

Курстың мақсаты: 

  • Медицина мамандығын таңдап отырған оқушыларға биология, медицина салалары, халық медицинасы, ұлттық емдеу тәсілдері жөнінде мәліметтер беру;
  • Оқытуды қажетті дәрежеде дараландыру, әрбір оқушының қызығушылық қабілетін анықтау үшін тиімді жағдай жасау;
  • Биология пәнін оқыта отырып, оқушыларға кездей — соқ оқиғалар кезіндегі алғашқы көмек түрлерін үйрету;

 

Курстың міндеттері:

  • Медициналық биология ғылымының негізгі қағидаларын, ағзалардың тіршілік әркеттерін, олардың жеке және тарихи дамуы, жүйесі, құрылымы, қызметі, адам әркетінің медициналық биологияда болатын өзгерістерге әсері туралы білімді қамтамасыз ету;
  • Оқушылардың салауатты өмір салтын ұстануы мен алдағы уақыттағы денсаулықтарын нығайтуға бағытталған мәселелерді шешу және тиімді пайдалана білулеріне бағыт — бағдар беру;

Күтілетін нәтижесі:

  • Алға қойылған мақсаттар мен нақты міндеттерге қол жеткізу жолында оқушылардың биология пәнін жетік меңгереді;
  • Оқушының медицина саласына қатысты мәліметтерді толық қанды біледі;
  • Ағзаның күрделі жүйе екендігін ұғынады;

 

Пәнаралық кіріктіру: биология, медицина, химия

 

Оқушылардың дайындығына қойылатын талаптар: 

  • Адамның дене мүшелерін,мүшелер жүйесін анық білу;
  • Қазақстанның дәрілік өсімдіктерін, ұлттық емдеу тәсілдерімен танысу;
  • Оқытудың интерактивті тәсілдерін пайдалану. Оқушы өзінің белсенді пікірінде қаралып отырған мәселені шешудің ұсыныстарын айту;
  • Жеке, топпен ұжымдық жұмыстар атқара отырып, танымдылығын арттыру;
  • Биология, медицина мәселелері туралы ғылыми көпшілікке арналған және ғылыми әдебиеттермен жұмыс жасау, интернет материалдарын пайдалану;
  • Биологияда адамның даму ерекшеліктері, ұрықтану, ұрықтың дамуы, нәрестенің дүниеге келуі, мүшелер жүйесі құрылысымен және дәрілік өсімдіктермен танысу;
  • Медицинада адамның ұрпағын жалғастыруы, өзінің баласын дүниеге келтіріп, өсіруі, мүшелер ауруларын анықтау т.б.

 

Кәсіпке бағдарлау

  • Медицина мамандығы және биология пәні мұғалімі

мамандығын таңдап отырған оқушыларды диагностикалау нәтижесінде іріктеп, оқушылардан арнайы топ құрып, мамандыққа баулу бағытында оқыту.

 

Оқушылардын дайындықтарына қойылатын талаптар:

 

  • Физиологияның даму кезеңдерін қалыптастыру;
  • Жасушаның құрылысы, қызметі туралы түсінік қалыптастыру;
  • Орталық жүйке жүйесінің қызметі туралы білімін кеңейту;
  • Ағзаның ішкі құрылымына қатысты тұрақтылық, иммунитет, жылу қалпы, зат алмасу процесін түсіндіру;
  • Адамның мақсатты іс — әрекеті туралы көзқарасын қалыптастыру.

Оқушылар білу керек:

  • Негізгі ұлпалардың мүшелердің құрылымы мен жүйелері, олардың жүйке және гуморальдық қалпы адам ағзасының құрылымы мен оның құрылысындағы өзгерістер мен ұқсастық ерекшеліктерін түсіну;
  • Ағзаның ішкі құрылымына қатысты тұрақтылық, иммунитет, жылу қалпы, зат алмасу, катаболизм мен анаболизм арасындағы өзара байланыс, рациональды тамақтануды білу керек;
  • Жасанды тыныс алу, жылулық және күн өткенде, үсік шалғанда алғашқы көмек беру, қан кеткенде алғашқы медициналық көмек көрсету;
  • «Адам ағзасының дамуын » білу керек;

Оқыту түрі: Дәрістік

Дәрістер: Медицина саласына жалпы шолу және маңызды мәселелік дәрістер.

Дәрістің негізгі түрлері:

  • лекция

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Медицинадағы биология» үйірмесінің мазмұны

(барлығы — 17 сағат)

 

І. Медициналық биология (3 сағат)

Кіріспе. Медицинаның даму тарихы. Медицина ғылымын зерттеген Қазақстандық ғалымдар.

 ІІ. Медициналық генетика (5 сағат)

Медициналық генетика. Қазақстанда генетика ғылымының дамуы. Жыныс генетикасы. Адам генетикасы . Денсаулықтың генетикалық негіздері.

ІІІ. Жұқпалы аурулар (3 сағат)

Адам мүшелері ауруларының алдын-алу. Жыныстық жолмен берілетін жұқпалы аурулар. Адам ағзасының жеке дамуындағы физиологиялық өзгерістер.

ІҮ. Тұқым қуалайтын аурулар (6 сағат)

Тұқым қуалайтын аурулар. Хромосомалық аурулар. Тұқым қуалайтын ауруларды емдеу. Туыстық некенің тиімсіздігі. Генетикалық есептер шығару.Қорытынды сабақ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Күнтізбелік сабақ жоспары

«Медицинадағы биология» үйірмесінің бағдарламасы

(барлығы 34 сағат)

 

Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі     
Медициналық биология (3 сағат)
1 Кіріспе 1  
2 Медицинаның даму тарихы 1  
3 Медицина ғылымын зерттеген Қазақстандық ғалымдар 1  
Медициналық генетика (5 сағат)
4 Медициналық генетика 1  
5 Қазақстанда генетика ғылымының дамуы 1  
6 Жыныс генетикасы 1  
7 Адам генетикасы 1  
8 Денсаулықтың генетикалық негіздері 1  
Жұқпалы аурулар (3 сағат)
9 Адам мүшелері ауруларының алдын-алу. Гигиена 1  
10 Жыныстық жолмен берілетін жұқпалы аурулар 1  
11 Адам ағзасының жеке дамуындағы физиологиялық өзгерістер 1  
Тұқым қуалайтын аурулар (6 сағат)
12 Тұқым қуалайтын аурулар 1  
13 Хромосомалық аурулар 1  
14 Тұқым қуалайтын ауруларды емдеу 1  
15 Туыстық некенің тиімсіздігі 1  
16 Генетикалық есептер шығару 1  
17 Қорытынды сабақ 1  

 

 

 

 

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

Оқушылар үшін:

1.Васильева Г.Д. «Общая биология», -М., Айрис-пресс, 2004.

  1. 2. А.Р.Рахышев. «Адам анатомиясы» -А.2005.1-2 тт.
  2. 3. Сәтбаева Х.Қ.,Өтепбергенов А.А., Нілдібаева Ж.Б. «Адам физиологиясы» . (Оқулық). -Алматы «Дәуір», 2005.
  3. 4. Гайворонский,  И. В. «Анатомия и физиология человека» . Учебник для сред. проф. Образования. И. В. Гайворонский, Г. И. Ничипорук, А.И.  Гайворонский.-6-е изд., перераб. и доп. -М.:Академия, 2011.-496с.- (Среднее  профессиональное образование).

 

Мұғалімдер үшін:

Негізгі:

  1. Сүйіндіков Ж.Т. «Адам және жануарлар физиологиясы бойынша практикум».
  2. 2. Воробьев В .П. Атлас анатомии человека , тт 1-3 ; М-Л ., Мегдиз , 1938-1942.
  3. 3. Бруновт Е.П. Малахова Г. Я. Основы анатомии, физиологии и гигиены . А .1970.
  4. 4. Иваницкий М. Ф. Анатомия человека. М 1965.
  5. 5. Кабанов А. Н. Чарбовская А.П. Анатомия , физиология и гигиена детей дошкольного возраста. М. Просвещение. 1969.

Қосымша:

  1. Қонақбаева А.А. Биология сабақтарында ICT-технологияларын қолдану.
  2. 2.Беленов Н. Ю. Условный рефлекс и подкорковые оброзования мозга . М. 1965.
  3. 3. «Биология салауаттылық негіздері» журналдары. №2, №4 2011 ж.
  4. 4. «Биолог анықтамалығы» журналдары. №1 (27), №2 (28) 2012 ж.
  5. 5. Интернет желісі материалдары.