«Тіршіліктің биологиялық негіздеріне кіріспе» қолданбалы таңдау курсы

«Тіршіліктің биологиялық негіздеріне кіріспе»

қолданбалы таңдау курсы

(барлығы 34 сағат аптасына 1 сағат)

 

Түсінік хат

Негізгі орта білім деңгейінде «Биология» пәнін оқыту табиғат заңдылықтары туралы және адамның  табиғатпен үйлесімді қарым-қатынасы туралы білім қалыптастыруға, тіршіліктің пайда болуы мен жердегі тіршіліктің дамуы және экологиялық мәселелерді танып білуге бағытталған.

Тірі организмдердің тіршілік етуіне мүмкіндік беретін және оларда жүретін процестердің негізділері – органикалық заттардың химиялық реакциялары. Демек, органикалық химия – тіршілік химиясы.

Оқытудың мақсаты органикалық әлемінің құрылысы мен тіршілік әрекеттерінің ерекшеліктері туралы алғашқы көзқарасты дамыту, органикалық дүниенің көптүрлілігі орта жағдайларына бейімділіктің нәтижесі екенін ұғындыру, эволюциялық теорияның және экологиялық ойлаудың негіздері туралы, тірі оганизмдердің жасушалық құрылысының негізге алынатын түсініктері туралы, организм және биоценоз тіршілік деңгейінің негізгі формалары екендігі туралы көзқарас қалыптастыру, Жер табиғатындағы биологиялық әртүрлілік оның тұрақты дамуының негізі екендігі туралы, тірі организмдердің жасушаға дейінгі құрылысы туралы негізге алынатын түсініктер қалыптастыру, тірі табиғаттағы көптүрлілік эволюцияның нәтижесі екендігін оқушыларға ұғындыру, өсімдіктер мен жануарларды жүйелеп жіктеу туралы ұғым қалыптастыру, тірі организмдердің өзара және тіршілік ортасымен қарым-қатынасын, өсімдіктер, жануарлар, микроорганизмдер, саңырауқұлақтар дүниесінің ерекшеліктерін, олардың табиғаттағы, адам өміріндегі және жалпы тіршіліктегі жоғары мәні туралы білімнің құндылығын ұғыну.  Сонымен  қатар  табиғаттағы өзара   байланыстылықты  тірі  жүйелердің   тіршілік  әрекеттерінің  негізі  ретінде  қабылдауға  және осы процестердегі  адамның  рөлін  түсінуге бағыт береді.

Курстың мақсаты: Биология пәні бойынша оқушыларға қажетті теориялық білім мен тәжірибелік біліктілік, дағды қалыптастыруда заман талабына сай, жоғарғы деңгейде білім беру, сонымен бірге оларды өзін қоршаған ортаны сүюге, тірі табиғат дүниелерін қорғауға, табиғатты аялауға, табиғат ресурстарын тиімді пайдалануға үйрету.

Курстың міндеттері:

— оқушыларды жалпы тіршілік  негіздерімен таныстыру: оларға ағзалардың әртүрлі ортада әртүрлі өзара байланысын,бейімдеушілік формаларын және өмір ырғақтарын көрсету;

— популяциядағы ағзалардың өзара байланыс түрлерін (түрішілік) және бірлестіктердегі (түраралық) қатынастарын; демографиялық құрылымын және популяция динамикасын көрсету;

— тіршіліктің  заңдылықтар құрылымының ұйымдастырылуын және оның биологиялық  өнімділігін (продуктивтілігін), экожүйенің өздік дамуын, популяцияның тұрақтылығы оның биологиялық жағынан биоценоз бен экожүйенің әртүрлілігіне байланыстылығын;

— тіршіліктің құрылымдық деңгейлері және тіршіліктің түпкілікті қасиеттері туралы жүйелі білімдерін қалыптастыру;

Күтілетін нәтиже:

  • Оқушылар жұмысты орындау барысында маңыздыларын таңдап алып , өздері ізденіп жинақтаған матаериалдық деректерін жинақтау арқылы курстар бойынша өздерінің тақырыптық жұмыстарын қорғайды, білімдерін тексереді.

 

Оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

¨ Берілген курс бойынша тапсырмаларды орындау барысында көптеген ақпараттарды қолдану (ғылыми деректер , қосымша әдебиеттер , интернет желілері)

¨жер бетінде тіршіліктің пайда болу процесін материяның эволюциялық түрөзгерістері тізбегіндегі табиғи оқиға ретінде материалистік тұрғыда түсіндіре алуы;

¨экологиялық жүйелерде түрлердің бірлесіп тіршілік етуге бейімділік белгілерін айқындай алуы;

 

 

Пәнаралық байланыс:

¨ Цитология , химия , экология , гография , ботаника , медицина.

 

Күтілетін нәтижені тексеру әдістері:

¨ Курсты қорытындылау барыснда оқушылар өз нәтижелерін тексеру және бақылау үшін түрлі формалардың әдістері қолданылады. Ғылыми және көпшілікке арналған әдебиеттермен жұмыс істеуде пәндік және атаулық көрсеткіштерді пайдалану;

1) Мәтін тезистерін конспектілерді, рефераттар жазу, баяндамалар, жобалар дайындау, презентациялар, тестік жұмыстар, бақылау түрлері және т.б дайындауда кеңейтілген жоспар құрып дағдылану;

2) Электрондық материалды интернетті пайдалану;

3) Оқулықпен жұмыс істеу барысында мәтіндерінің мазмұнына сай кестелер сызбанұсқалар құрастыру;

4) Жер бетінде тіршіліктің дамуы мен адам эволюциясының кезеңдерін бейнелейтін кестелер құрастыруда оқулықтың және басқа оқу құралдарының мәтіндерін пайдалану;

5) Биологиялық нысандармен жұмыс істеу үшін оқулықтың мәтінін пайдалану;

 

Ұйымдастыру формалары:

Ауызша түсіндіру, лекция, семинар сабақтар, шығармашылық жұмыстар дайындау.

Курстың мазмұны мен құрылымы

Кіріспе. (1 сағат) Жер экожүйесіндегі адамзат.Экологиялық демография.
Ағзаның құрылымдық деңгейлері және негізгі қасиеттері (5 сағат)

Ағзаның негізгі тіршілік қасиеттеріне: көбею, өсу, даму, қалыптасу, зат алмасу, қоректену,тітіркену, т.б. Зерттеу әдістері және олардың басқа биологиялық ғылым салалары, медицина, ауыл шаруашылығы өндірісі үшін маңызы. Жасушаның ашылу тарихы. Жасуша барлық тірі организмдердің құрылымдық-функциялық бірлігі. Тірі материя химиялық құрамының бірлігі. Өсімдіктер, жануарлар, саңырауқұлақтар мен бактерия жасушаларының химиялық құрамы. Химиялық элементтер, су және басқа бейорганикалық қосылыстар, олардың жасуша тіршілігіндегі рөлі. Органикалық заттар: көмірсулар, нәруыздар, нуклеин қышқылдары, АТФ, липидтер, олардың элементарлық құрылысы, жасушадағы рөлі

Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы және дамуы (3сағат). Тірі ағзалардың пайда болуы көбінесе екі жолмен: өліден (судан, тастан, ағаштан немесе оттан) немесе рух қалауымен пайда болу ретінде түсіндірілді. Жердегі органикалық дүниенің дамуы (2сағат): Жүйелеудің ұстанымдары. Жүйелеудің шығуы. Жасанды және табиғи жүйелер. Организмдерді жіктеу. Тіршіліктің жасушалық емес формалары — вирустар, фагтар. Тіршіліктің жасушалық формалары. Прокариоттар. Эукариоттар;

Ағзалардың және орта жағдайлары (10 сағат)

Организм және ортаның өзара қарым-қатынастары.Тірі организмдердің табиғи бірлестіктері. Биогеоценоздардың құрамдас бөліктері: тпродуценттер,консументтер,редуценттер. Организмдер арасындағы қарым-қатынастар. Организмдер арасындағы қарым-қатынастың формалары.Биосфера. Биосфераның – біртұтас

қағидалары.Биосфераның құрамы: тірі зат,түрлік құрамы. Биосферадағы биохимиялық процесстер. Биосфераның пайда болуы мен дамуы Адамның биосферадағы рөлі. Биологиялық ырғақтар.Тіршілік формалары.Биотикалық қатынастар.

Қазақстанның қазіргі эколгиялық жағдайлары (13 сағат)

Ауа алыбының экологиялық жағдайы. Су ресурстары. Топырақ экологиясы. Топырақтың ластану көздері. Топырақ жәндіктері мен микроағзалары. Өсімдіктер экологиясы. Жылу өсімдіктер тіршілігіндегі қажетті жағдай. Өсімдіктер тіршілігіндегі қажетті температура.Жануарлар экологиясы. Жануарлардың тіршілігі үшін күн радиациясының маңызы; жарықтың жылулық және фотохимиялық әсері.

 

 

 

 

Күнтізбелік – тақырыптық жоспары

(барлығы 34 сағат , аптасына 1 сағат)

 

Тақырыбы Сағат саны Мерзімі
Кіріспе. (1 сағат)
1 Жер экожүйесіндегі адамзат.Экологиялық демография 1  
Ағзаның құрылымдық деңгейлері және негізгі қасиеттері (5 сағат)
2 Ағзаның құрылымдық деңгейлері мен сипаты 1  
3 Ағзаның негізгі қасиеттері 1  
4 Жасуша – тіршіліктің құрылымдық және қызметтік бірлігі 1  
5 Жасушаның химиялық құрамы 1  
6 Тіршіліктің қалыптасу негіздері. 1  
 

Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы және дамуы (3 сағат)

7 Тіршілік эволюциясы 1  
8 Тіршіліктің пайда болуы туралы түсініктердің қалыптасуы 1  
9 Тіршіліктің пайда болуы және таралуы 1  
Жердегі органикалық дүниенің дамуы (2 сағат)
10 Өсімдіктер және жануарлар эволюциясының негізгі келбеті 1  
11 Жер тарихының оның зерттеу әдістері 1  
Ағзалардың және орта жағдайлары (10 сағат)
12 Ағзаның негізгі тіршілік орталары 1  
13 Ағза мен орта.Ағзаға әсер етуші фактолар мен олардың әрекеті. 1  
14 Биосфера. Биосфераның — біртұтас қағидалары. 1  
15 Биосфераның құрамы. Биосферадағы биохимиялық процесстер. 1  
16 Биосферадағы тірі организмдердің қызметі 1  
17 Биосфераның пайда болуы мен дамуы 1  
18 Тіршіліктің негізгі ортасы: (сулы, жер үсті-ауалы, топырақ, ағзалар) және оларға ағзаның бейімделуі. 1  
19 Биологиялық ырғақтар.Тіршілік формалары.

Биотикалық қатынастар

1  
20 Популяция. Демографиялық құрылым, популяция саны және табиғаттағы оның тұрақтылығы 1  
21 Ағзалар арасындағы қарым-қатынастар. 1  
Қазақстанның қазіргі эколгиялық жағдайлары (13 сағат)
22 Ауа алыбының экологиялық жағдайы 1  
23 Су ресурстары 1  
24 Топырақ экологиясы 1  
25 Топырақтың ластану көздері 1  
26 Топырақ жәндіктері мен микроағзалары 1  
27 Өсімдіктер экологиясы 1  
28 Жылу өсімдіктер тіршілігіндегі қажетті жағдай 1  
29 Өсімдіктер тіршілігіндегі қажетті температура 1  
30 Жануарлар экологиясы 1  
31 Жануарлардың тіршілігі үшін күн радиациясының маңызы; жарықтың жылулық және фотохимиялық әсері 1  
32 Жер атмосферасының жануарлардың тіршілік ортасы ретіндегі ерекшеліктері: газдық құрамы, тығыздығы, күн радиациясы үшін мөлдірлігі және т.б. сипаттамалары. 1  
33 Рефераттар қорғау 1  
34 Қорытынды 1  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұсынылған әдебиеттер тізімі:

 

 

Оқушылар үшін:

1.Вернадский В.И.Биосфера.М., «Мысль» 1967.

2.Наумов Н.П.  Жануарлар экологиясы..  М.: Высшая школа, 1963.

3.Горышина Т.К. Өсімдіктер экологиясы.  М: Высшая школа,1979.

4.Бейсенова А.С.,Шілдебаев Ж.Б.,Саутбаева Г.З. «Тіршіліктің биологиялық    негіздері» Алматы,Ғылым,2001.

 

 

Мұғалімдер үшін:

 

Негізгі:

1.Риклефе Р. Жалпы экология негіздері.М.:,Мир,1979.

2.Чернова Н.М. «Тіршіліктану негіздері».М.: Просвещенние, 1995.

3.Тарасаов А.О.Экология және табиғатты қорғау, М..,1990.

4.Алексеев С.В. және басқалар. «Тіршіліктану», М..АО МДС,1996.

5.Новикова Ю.В.Адам және қоршаған орта экологиясы, М.,1998.

 

Қосымша:

6.Саданов А.К.,Сванбаева З.С.Экология,М.,Алматы,Агроуниверситет,1999.

7.Плешаков А.А.Төменгі сынып оқушыларына арналған экология,