№10 сабақ  «Менің үйім»

Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектеп:                   Мерзімі:    11. 2017 жыл.

Мұғалім:                Сынып: 1 «            »

Оқушылар саны:      Тақырып: №10 сабақ  «Менің үйім»

Құндылық: Сүйіспеншілік.

Қасиеттер: Жақсы көру,достық,  татулық.

Сабақтың мазмұны: Ресурстар:
Сабақтың мақсаты:  Оқушыларға ар-ұжданына сүйеніп өмір сүрудің маңыздылығын жеткізу арқылы сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

Білімділік: Оқушыларды жақсы көруге қалыптастыру.

Дамытушылық:Оқушыларды отбасын қадірлеуге дамыту.

Тәрбиелік : Татулыққа  тәрбиелеу.

Оқулық, дәптер стикер, в идеопроектор дискілер, бояуышар, плакат
Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Тыныштық сәті: Әуен   ойналады. Нұрға бөлену.

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды  шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің  қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз  нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз  тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша  түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын… Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын… Нұр менің ішімде… Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде  отыра тұрыңыз…

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем  сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.

2. Үй тапсырмасын  тексеру.

«Ғажайып» өлең. Ә. Ысқабай

— Ғажайып дегенді қалай түсінесіңдер?

— Өз отбасыларыңда қандай адамгершілік қағидалар бар?

— Сендердің  отбасыларында сен үшін не ғажайып?

Тәртіп,талап,тыныштық тазалық, татулық
3. Дәйексөз.

                            Отан- отбасынан басталады.

1. Отан деген не?

2.Отбасы  деген не?

3. Екеуі қалай байланысты?

Осы сұрақтар айналасында дәйек сөзді талқылаймыз.

 
4. Әңгімелеу. Мұғалімнің сыйы.

                «Ақ  қасқыр» ертегісі бейне фильм.

—          Патшаның бойында сүйіспеншілік бар ма?

—          Жігіт жақсылықты не үшін жасады?

—          Қыз неліктен қасқырға айналған?

—          Адамгершілік қасиеттер жақсылыққа айналды ма?

 
5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

    49-беттегі 1-ші, 2-ші тапсырманы орындау. 50-беттегі 2-ші тапсырма, ашық хаттың суретін салу. Әр топ шығармашылықпен жұмыс жасап,  қорытынды жасайды.

І  топ    Білім

ІІ топ   Қамқорлық

ІІІ топ  Әдептілік

IV топ  Денсаулық

 
6. Топпен өлең айту.

                                      Мен әдепті баламын        Сөзі : Ә. Асылбеков

                                                                      Әні : И. Нүсіпбаев

Мені үлкендер әдепті деп мақтайды,

Мінезімнен теріс қылық таппайды.

Ал егер сен жалқау болсаң тілазар,

Ондай әдет жақсылыққа жатпайды.

Қ-сы

Айтқан тілді аламын,

Айтқан жерге барамын.

Мен әдепті, мен әдепті баламын.

 
7. Үй тапсырмасы.

11-сабақ «Достар» әңгімесін оқып келу.

Қорытынды: Күнделікті өмірде отбасында бір-бірімізге үлгі болуымыз керек.Отбасының әр бір мүшесі ондағы татулық пен бірлікке жауаптыРиясыз сүйіспеншілік – асыл құндылық. Сүйіспеншілік адамнан адамға берілетін қуат. Адамның шынайылығы  оның ақ ниеті, таза ойы, жылы сөзі және игі ісінен  көрінеді. Риясыз сүйіспеншілікпен қызмет ету – әрбір адамның парызы. т

 
8. Соңғы тыныштық сәті. Баяу музыка қойылады.

  Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік бар жерде, сүйіспеншілік бүкіл әлемде.

—          Бүгінгі  сабақта алған жақсы қасиеттерді бойларыңызға  сіңіріп,  жүректеріңізге түйіп алыңыздар.

—          Сау болыңыздар!!!