Ерекше білімді қажет ететін балаларға инклюзивті білім беру жүйесінің ролі

Ерекше білімді қажет ететін балаларға инклюзивті білім беру жүйесінің ролі

 

      Қазіргі таңда бүкіл әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның,  отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру. Дефектология ғылымда жаңадан тұсауын кескен сәбидей алғашқы қадамын елімізде енді бастап келеді.Ананың денсаулығынан ба,әлде әке қанының улануы ма, ауаның ластануы шығар мүмкін жазмыш болар әйтеуір күні бүгінде мүмкіндігі шектеулі балалардың саны азаймай отыр. Санаға салып сараласақ бұл біздің еліміздіе бей-жай қалдырмайтын үлкен мәселе.Инклюзивті білім беру-ерекше мұқтаждықтары бар балалар мен қалыпты балаларды тең оқыту болып табылады.Демек, инклюзивті білім беру  негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету,сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр.Осы бағыт балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру жағдайын  қалыптастырады.Қазіргі уақытта даму мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасаудағы өзекті мәселе-инклюзивтік білім беру болып табылады. Инклюзивтік білім  беру мүмкіндігі шектеулі балаларға өзінің құқықтарын іске асыруға мүмкіндік береді. Инклюзивті білім  беру мүмкіндігі шектеулі балаларға балабақша,мектеп,институт,мектепке дейінгі және мектеп өміріне толық көлемде қатысуына мүмкіндік береді. Инклюзивті білім беру мүмкіндігі шектеулі балаларды теңдікке, тең құқылыққа ынтыландыру қорына ие болып табылады.

Инклюзивті білім беру жүйесінің мақсатын атайтын болсақ:

-Қалыпты балалармен тең ұстау

-Баланың өз-өзіне сенімін арттыру

-Қоршаған тортаға бейімдеу

-Тең дәрежеде білім алуын қарастыру

-Жолдастарымен тіл табыса білуге үйрету

Жүзеге асу жолдары:

-Дефектолог жұмысы

— Логопед жұмысы

— Педагогикалық-психологиялық коррекциалық кабинет

— Педагогикалық- психологиялық консилиум

-Техникалық құралдар мен жабдықтар

Дефектолагтың мақсаты:

1. Мүмкіндігі шектеулі балаларға уақтылы көмек көрсету жүйесін ұйымдастыру;

2. Балалардың дүниетанымын кеңейту,қоршаған орта туралы түсініктерін қалыптастыру;

3. Әдіс-тәсілдерді дұрыс пайдалана білу;

4.Балалардың жас ерекшелігіне қарай тапсырмалар беру;

5. Ата-анамен байланыс жасау;

Міндеті:

1. Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту, тәрбиелеу, түзету жөніндегі шешімдерді жас ерекшеліктеріне  қарай қолдану;

2. Мүмкіндігі шектеулі балаларға ерте коррекциялық көмек көрсету жүйесін ұйымдастыру;

Күтілетін нәтиже:

1. Баланың психофизиологиялық  мүмкіндігі  жедел дамиды.

2. Оқудағы,өз ойларын жеткізудегі  қиындықтары жойылады, өз ойларын жеткізе алатын болады.

3. Жағымды мінез- құлық қалыптасады.

Инклюзивті білім беру даму мүмкіндігі шектеулі балаларға қоршаған орта мен жалпы қоғам алдында тең құқылы болуға қолдау көрсетеді.Мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік- тұрмыстық өмірге бейімделуін толық қалыптастырып, қоғам өміріне толыққанды енуіне мүмкіндік беретін адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруымыз керек.Балаға аяушылық, мүсіркеушілік факторлары керек емес,ол балаларға адамгершілік, еңбексүйгіштік, өмірге құщтарлық, қоршаған ортаны сүю,адамдарға өшпенділікпен емес,махаббатпен қарап,өз-өзіне өызмет етуді,тіл табыса алуға үйретуіміз қажет.Басқа дені сау балалар қол жеткізе алатын мүмкіндік ол балалардың да қолынан келетінін балаға түсіндіруіміз қажет.Сондықтан да мұғалім-дефектолог мүмкіндігі шектеулі балалардың қалыптасуына,өз бетімен өмір сүруіне бағыт-бағдар беруі тиіс.Баланың танымын  қалыптасытаратын ойын әрекеті болып саналады. Қай ғалымды алмайық өздерінің ойын туралы еңбектерінде өз пікірлерін қалдырған: «Ойын баланың жетекші әрекеті» деген сипаттама береді, өйткені ойын баланы ақыл-ой жағынан да, дене жағынан да алға жетелеп, дамытады, баланың ойын өрбітіп, бойын өсіреді,адамгершілік қасиеттері дамиды. Инклюзивті білім беру  мәселесі шет елдерде 1970 жылдан бастау алады, ал 90 жылға қарай АҚШ пен Еуропа өздерінің білім беру саясатына осы бағдарламаны толық енгізді. Ал, біздің елімізде инклюзивті білім беру жүйесінің дамуы туралы ресми дерек «Қазақстан Республикасының Білім  беруді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік  бағдарламасында» көрсетілді. Осы бағдарлама төңірегінде инклюзивті білім беруді жетілдіру мәселелері қарастырылып, 2015 жылға мына міндеттерді шешу көзделген:

-мүмкіндіктері шектеулі балаларды біріктіріп оқытудың модульдік бағдарламалары жасалады;

— мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім беретін ортада біріктіріп оқыту ережесі әзірленеді;

— түрлі кемістігі бар балалар үшін бірігу нысандары анықталады;

-мүгедек балаларға қашықтықтан білім беруді ұйымдастыру қағидалары әзірленеді. Мемлекеттік бағдарлама негізінде 2020 жылға қарай мектептерде мүгедек балалар үшін көтергіш жабдықтар, пандустар, санитарлық бөлмелерде арнайы құралдар орнату, тұтқалармен, арнайы парталармен, үстелдермен және басқа да арнайы компенсаторлық құралдармен жабдықтау арқылы «кедергісіз аймақтар» құруы жоспарланған. 3030 мектепте мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытуға және тәрбиелеуге тең қол жеткізу үшін жағдайлар жасалу міндеті  (мектептерде педагог-дефектологтардың, балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің, арнайы жеке техникалық және компенсаторлық құралдардың болуы) алға қойылған.

Инклюзивті білім беру дегеніміз- балалардың жынысына, жас ерекшеліктеріне, географиялық тұратын жеріне, қимыл-қозғалыстық және ақыл-есінің жағдайына, әлеуметтік-экономикалық жағдайына қарамастан, сапалы білім алу және өздерінің потенциалдық дамыту мүмкіндігіне ие болу.

Инклюзивті білім беру- барлық балаларға қоғам өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді.
Инклюзивті білім беру-балалардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс — әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді.

Инклюзивті білім беру-адамдармен қарым — қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді.

Инклюзивті оқытудың негізгі принциптері:
1.Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен анықталады.
2.Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті.
3.Әрбір адам қарым — қатынасқа құқылы.
4.Барлық адам бір — біріне қажет.
5.Білім шынайы қарым — қатынас шеңберінде жүзеге асады.
6. Барлық адамдар құрбы — құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді.
7.Әрбір оқушы үшін жетістікке жету — өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру.
8. Жан — жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.

«Бала дамуының  алға жылжуы неғұрлым жоғары болса,мұғалімнің білімі одан да жоғары болуы керек»,деп неміс психологі  П.Шуман айтқандай,өз мамандығымды қаншалықты жақсы көрсем,соншалықты еңбек етуді үйреніп келемін.Мүмкіндігі шектеулі балалармен ұйымдастырылған ойын түрлері,балалардың сөйлеу тілінің қалыптасуына зор ықпалын тигізеді.

Қорыта айтқанда,инклюзивті оқыту-балалардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға,адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді.Инклюзивті білім беру жүйесіне енгізу арқылы балалардың бойына адамгершілк, ізгілік,жауапкершілік қасиеттерді қалыптастыра аламыз.