Мұғалімнің сабаққа психологиялық дайындығы.

Мұғалімнің сабаққа психологиялық дайындығы.

 

         Баланың жан дүниесін білмеген адам мұғалім бола алмайды.Мұғалімде тәуіптің көзі,ақынның жүрегі,суретшінің қиялы болсайшы.                              Шәкіртіне «екі» қою арқылы тәрбиелеуге болмайды. «Екілік» — өзіңе қойған бағаң.Өзіне талап қоюға ерінген мұғалім балаға талап қойғыш болады.Алдымен ұстаз талапты өзіне,содан соң оқушыға қоюы керек.                  Шәкірттің сеніп айтқан сырын сыртқа шашпа,бетіне баспа.                    Тәрбие адамшылдыққа құрылуы керек.Адамшылдық негіздері қай қоғамда да өзгермейді,ешбір саясатқа тәуелсіз.                                                     Оқушылары тым-тырыс отыратын мұғалімнің сабағынан қажетті жерде шулата білген сабақ қызық.                                                                                     Әр шәкірттің өз мінезіне қарай бабын таба алмасақ,онда мұғалім емес,сабақ беруші ғана болып қаламыз.                                                                   Шәкіртін сыйламайтын мұғалім ғана онымен дауласып,ұрысуға барады. «Сыйлы боламын десең,сыйлай біл» деген мақал мұғалімге де арналған.                                                                                                                          Сабақтағы ақпараттық әдістің күні өткен.Шәкіртке болған жайдың жиынтығын айтып берумен қанағаттанбай,білімді қайдан,қалай алатынын ұқтырып,өмірлік мәселелерге көз қарасын қалыптастыру керек болады.           Ең жақсы өткен сабақтың қай жерден,қалай аяқталатынын күні бұрын білмейсің.Бұл сабақты шәкіртпен ұстаздың бірлескен ізденісі деуге болады.Сабақтың барлық жағдайын алдын- ала жоспарлап қою,шәкірттің еркіндігіне шідер салумен бірдей.                                                                                Мұғалім мен бала арасындағы түсініспеушілік әр адамның туғаннан жаратылысы бөлек,өзіне ғана тән мінезі табиғаты бар екенін мойындамаудан шығады.Баланың мінезін өзгертемін деуге болмайды,мінізінің жақсы жақтарын байқап,дамытуға ғана болар.            Пор-Роял шіркеуі мектебінің логикасы: «Әр бала – ханзада ,ханша».                  Әр бала – өзінше жұмбақ,өзінше байлық.                                                                 Шәкірттің өз пікіріммен келіспегеніне қуанамын.Ол өз ойын дәлелдеуге тырысса,пікірін қысылмай жеткізе алса,сабақтың жетістігі сол.             Нағыз мұғалімнің еңбегі – суреткердің еңбегі сияқты шығармашылық еңбек.                                                    

 

Педагог-психолог:  Алимбетова Д