Вирустар және фагтар. ЖИТС-тің (жүре пайда болған иммундық тапшылық синдромы) вирусы. Оның құрылысы мен тіршілігінің ерекшеліктері

                                             Сембаева Зура Көркемқызы        

                                        Қызылорда облысы Шиелі ауданы

                          № 41 М.Шоқай атындағы орта мектептің биология пәнінің мұғалімі

 

 

Мұғалімнің аты-жөні Сембаева Зура Көркемқызы №41  М.Шоқай атындағы орта  мектеп  Шиелі ауданы
   Мерзімі:       § 55. Жануарлар селекциясы. Биология      10- сынып    1-сабақ
Сабақ атауы Вирустар және фагтар. ЖИТС-тің (жүре пайда болған иммундық тапшылық синдромы) вирусы. Оның құрылысы мен тіршілігінің ерекшеліктері
Сілтеме  Білім стандарты, пән бағдарламасы,  «Биология»  -10-  сынып оқулығы,  Интернет материалдары
Жалпы мақсаты

Міндеттері

  Оқушылардың вирус туралы төменгі сыныптан білетіндерін еске түсіре отырып вирус құрылысын, тірі организмдерді уландыру жолдары, бактериофаг және вирус арқылы таралатын ауру түрлері туралы мағлұмат беру, өз бетінше оқып түсінуге және қорытынды жасай білуге үйрету, ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру, салауатты өмір салтын ұстануға үйрету.

1)      Вирустар — тіршіліктің жасушасыз түрі екендігін білу;

2)      Бактериофагтың құрылысын және тіршілік әрекетін ұғыну;

3)      Вирустардың ауру қоздырғыштар екендігін  түсіну;

Күтілетін нәтиже Оқушылар сабаққа белсене қатысу арқылы сыни ойлауға үйренеді, вирустар — тіршіліктің жасушасыз түрі екендігін біледі, бактериофагтың құрылысын және тіршілік әрекетін ұғынады,  вирустардың  ауру қоздырғыштар  екендігін  түсінеді
Негізгі идеялар Материалдарды талдау барысында  оқушылар  вирустар  жайында жан-жақты біледі
Тапсырмалар   Топтық, жұптық, жеке, ұжымдық

 

Сабақ бойынша мұғалім жазбалары Мұғалімнің іс-әрекеті Көрнекілігі Оқушының іс-әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі

 2 минут

а) сәлемдесу

ә) сабаққа дайындығын тексеру

б) оқушылар назарын сабаққа аудару

в) психологиялық тренинг «Ыстық алақан»

г) оқушыларды сан реті бойынша  топқа бөлу

   

 

 

 

Сабақ алдында психологиялық тренингке қатысады.

Оқушылар 4 топқа бөлінеді

Жаңа ұғымдар мен әрекет әдістерін қалыптастыру

«Ой шақыру»

«Білу»

 7 минут

1. Суреттен не байқадың?

2. Ағылшын ғалымы, Нобель  сыйлығының иегері  Медавр Питер Браун  «Бұл (Вирус) нәруыздың түйіршік ішіндегі  жағымсыз  жаңалығы» деп неліктен  айтқан?

Вирустың суреті

 

 

 

 

 

 

 

Болжау, ойын еркін жеткізу, мағынаны әр қырынан тану
«Түсіну»

15 минут

1) Топқа тапсырмалар беру. Оқулықпен жұмыс (Де Бононың қалпақтары бойынша)

1-топ. Қызыл қалпақ: «Вирус- тіршіліктің жасушасыз түрі»

2-топ. Ақ қалпақ: Вирустың құрылысы

3-топ. Жасыл қалпақ: Бактериофагтың құрылысы, тіршілік әрекеті

4-топ. Қара қалпақ: Вирустар арқылы таралатын ауру түрлері

 

2) Проблемалық сұрақ «Құс тұмауы туралы не білеміз?»

2) Рольдік ойын

10- сынып оқулығы, бағалау парағы,

интерактивті тақтадан

слайдтар

 

 

 

 

 

 

Бейнеролик

Оқулықпен жұмыс.

Жұпта және  топта талқылау.

Түртіп алу әдісі бойынша  саралап оқиды.

 

 

 

 

Оқушылар өз пікірлерін айтады

« Қолдану»

5 минут

 Биологиялық диктант Үлестірмелер Бүгінгі сабақта білгенін пайдалана отырып, тапсырманы орындайды
«Талдау»

10 минут

 

Сәйкестендіру тесті

 

Үлестірмелер Бүгінгі сабақта білгенін пайдалана отырып, тапсырманы орындайды
«Жинақтау»

3 минут

Венн диаграммасы

 

  Вирус пен бактериофагты салыстырады
«Бағалау»

2 минут

 

 

 

Рефлексия

«Екі жұлдыз, бір пікір»

 

Де Бононың көк қалпағы

1-топ: Сабақта қандай материал туралы білдіңдер?

2-топ: Сендерге ең пайдалысы не болды?

3- топ: Қандай ақпарат сендер үшін күтпеген болды?

4-топ: Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

Стикерлер

 

Көк қалпақ

Бүгінгі сабаққа баға беру

 

Кері байланыс

 

 

 

Сабақтың жабдықтары Мультимедиа,  интерактивтік тақта, флипчарт, маркер, қарындаш,электронды оқулық,үлестірмелі парақша
Келесі тапсырмалар/портфолио/ Вирустар және фагтар. ЖИТС-тің (жүре пайда болған иммундық тапшылық синдромы) вирусы. Оның құрылысы мен тіршілігінің ерекшеліктері
Келесі оқу «ЖИТС-ғасыр дерті» реферат жазу
Сабақты талдау  

Топ жұмыстарын талдау, жұптық жұмыстарын талдау.

Тәжірибелік сабақты бағалау жұмыстарын формативтік бағалау
Сабаққа өзгертулер енгізу Оқушылардың шығармашылығын жетілдірді.

  

Мұғалімнің қорытынды сөзі:

«Әр бір жаманшылықтың жағасында тұрып, адамның адамдығын бұзатын жаманшылықтан бойын жинақтау, бұл адамға нұр болады»- деп Абай атамыз айтқандай, және:

«Жақсылық көрсем-өзімнен,

жамандық көрсем –көзімнен

тағдыр қылды- деуімді,

шығармын сөзімнен» деп С. Торайғыров атамыз айтпақшы әр адам жеке басының тазалығын сақтау арқылы айналасындағыларға жақсы өмір сүруге мүмкіндік жасайды.

                                                                Қосымша

                             Бағалау парақшасы: Блум токсономиясы бойынша

Р /с Оқушының аты-жөні Білу Түсіну Қолдану Талдау Жинақтау Қорытынды баға
1.              
2.              

 

  1. Білу. «Миға шабуыл» әдісі бойынша орындалған нақты жауапқа- 1 ұпай
  2. Түсіну. «Ой қозғау» сатысы кезеңіндегі жүйелі жауапқа- 1 ұпай
  3. Қолдану. Әрбір дұрыс жауапқа — 1 ұпай
  4. Талдау. Белсенді, ұтымды ой айта білген, тапсырманы аша білуі -1 ұпай
  5. Жинақтау.– 1 ұпай

Бағалау шкаласы: «5»-9 ұпай

«4»-8 ұпай

«3» -7 ұпай

                                           «Түртіп алу» стратегиясы

 

Білемін Қосатыным бар Түсінбедім Мен үшін жаңалық
ü    ? +

 

 

Деңгейлік тапсырмалар:

А  деңгейі.           Биологиялық диктант

Вирустар —  тірі организмдердің  ішіндегі  жасушасыз тіршілік  иесі.

Олар  рибонуклеин қышқылынан немесе  дезоксирибонуклеин

нәруызбен  қапталған қабықшадан –капсидтерден  тұрады.

  1. Вирустар тек тірі жасушаларда өсіп-өніп көбеюге бейімделген.
  2. Қазіргі кезде вирустардың жылықанды омыртқалыларды уландыратын 500-дей, ал

өсімдіктерді уландыратын  300-ден астам түрі белгілі болып отыр.

  1. Бактерияларды зақымдап, ерітіп (лизис) жіберетін вирустарды бактериофагтар деп атайды.
  2. Бактериофагтың денесі-басы, құйрығы және ішіқуыс тармақталған базальді  түтікшелерден

тұрады.

В   деңгейі.        Сәйкестендіру тесті

  1. Д.И.Ивановский А)  Ең алғаш бактериофагтерді сипаттап жазған
  2. Н.Ф.Гамалея Ә) Іш сүзегі бактериясын ерітетін бактериофагтерді анықтаған.
  3. Ф.Туорт Б) Темекі теңбілі вирусын зерттеген.
  4. Д’Эрелль В)  Вирусология ғылымының негізін қалаған адам.
  5. У.Стенли Г) Вирус терминін енгізген ғалым
  6. Бейерник Ғ) Топалаңды қоздыратын бактериофагты анықтады

Жауабы: 1-в, 2- ғ, 3- а, 4- ә, 5- б, 6-г

 

С  деңгейі.    Венн диаграммасы

Вирус                                               Бактериофаг