Спорт залда сақталатын қауіпсіздік ережелері

 

 

 

Спорт залда сақталатын қауіпсіздік ережелері

 

 

  1. Спорт залға мұғалімнің басшылығымен ғана кіруге рұқсат етіледі

 

  1. Спорт залға міндетті түрде  спорт  формасымен,  саппен бару.

 

  1. Мұғалімнің нұсқауынсыз спорт зал ішінде дене қимыл әрекеттерін орындауға (жүгіруге, жарысуға, ойнауға т.б.) тыйым салынады.

 

  1. Мұғалімнің рұқсатынсыз залдағы спорт жабдықтарын пайдаланбау

 

  1. 2 – 3 оқушы қатарласа, бірден барып кермеге асылуға болмайды.

 

  1. Секіру, жүгіру кезеңінде кісінің жолына бөгет болма, бөгет ету әрекетін жасама

 

  1. Жүгіріп бара жатқан қарсыласыңды артынан итермеу, аяқ шалмау

 

  1. Акробатикалық жаттығуларды орындау барысында мұғалімнің нұсқауын қатаң сақтау.

 

  1. Ойын барысында даурығып, айқайламау

 

  1. Спорт зал ішіндегі қауіпсіздік ережесін сақтау – әр оқушының міндеті.

 

Тиянақты, әрі мәдениетті бол!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Еңбек сабағында сақталатын қауіпсіздік ережелері

 

 

 

  1. Қайшыны, бізді екінші адамға бергенде ұшынан ұстап беру.

 

  1. Жұмыс кезінде артына оқыс бұрылып қарамау

 

  1. Инені аузына (салып, тістемеу) салмау

 

  1. Қағазбен жұмыс кезінде желімді көзіне жақындатпау

 

  1. Ермексазбен жұмыс кезінде партаға арнайы дайындалған тақтайша қою

 

  1. Жұмыс алдында алжапқыштар тағып, жеңқаптарын кию

 

  1. Қауіпсіздік ережесінің тақтаның жанында ілулі тұруы

 

  1. Сыныпта қағаз қалдықтарын салатын арнайы ыдыстың тұруы

 

  1. Ұсақ моншақтарды ауызға салуға болмайды. Арнайы ыдыстарға салу.

 

  1. Сыммен жұмыс кезінде ұшына сақтықпен қарау

 

 

 

 

 

 

Мектептен тыс шараларға (мұражай, топжорық, саяхатқа) шыққан кезде сақталатын қауіпсіздік ережелері

 

  1. Топжорыққа шығар кезде оқушылардың қауыпсіздік ережесін жоспарға сай таныстырылуын жетекшісі қадағалайды.

 

  1. Мектептен тыс шараларға мектеп директорының рұқсатымен босатылады. Оқушыларды көлікпен қамтамасыз ету, мектеп әкімшілігіне хабардар ету.

 

  1. Сынып жетекшісі алдын ала топжорықтың қайда, қай уақытта, қандай мақсатпен баратындықтарын таныстырады, ата – аналарына хабардар етеді.

 

  1. Топжорыққа арнайы жолдан өтер кезде алда тұрғаны қызыл жалау ұстау керек.

 

  1. Мектептен тыс шараларға баратын оқушылардың алдын алу тізімі, сұранысы мектеп директорына тапсырылады.

 

  1. Сынып жетекшісі балалардың ережемен таныстырылуын қадағалай отырып, оларға ережемен таныстырылғаны туралы қол қойдырылып, құжатталуын қадағалауы тиіс.

 

  1. Мектептен тыс шараларға (мұражайға) болған кезде балалардың тыныштықты, тәртіпті сақтауын қадағалау тиіс.

 

  1. Сынып жетекшісі мектептен тыс шараларға мектеп директоры рұқсат еткен жағдайда ғана бара алады.

 

 

 

 

 

 

Асханада сақталатын қауіпсіздік ережелері

 

  1. Асханаға шуламай, саппен кіру

 

  1. Әр сынып оқушылары өздеріне белгіленген орындарына отыру

 

  1. Тамақ ішіп отырғанда сөйлемей ішу

 

  1. Оқушылар үстел үстінде жан – жақтарына қарамай, дұрыс отыру

 

 

  1. Тамақты төгіп – шашпай, асықпай ішу

 

  1. Тамақ ішу кезінде қасық пен ыдыстың түбін тарсылдатпау

 

 

  1. Тамақ ішер алдында ыдыстың жиегін мұқият қарау, сынық болған жағдайда басқасына ауыстыру

 

  1. Тамақ кезінде ыдыстағы өзіне ұнамайтын (пияз, сәбіз т.б.) тағамдарды тәрелкеден шығарып салмау

 

 

  1. Тамақ ішу барысында таусылмаған нан, тоқаш т.б. тамақ түрлерін лақтырып тастамау, шама келгенше тауысатындай етіп алып жеу

 

  1. Тамақ ішу кезнде ыстық тағамдарды ішу барысында ыссылай ішпеу, күйіп қалмау т.б. мұқият болу

 

 

 

 

 

 

 

Мәдени орындарда сақталатын қауіпсіздік ережелері

 

  1. Театрға немесе басқа да мәдени орындарға барған кезде мұғалімнің қасынан қалмау

 

 

  1. Мәдени шаралар кезінде тәртіптік сақтау. Өткізіліп отырған шараларды түсініп қабылдауға, меңгеруге тырысу

 

 

  1. Барған жерде танымайтын бөтен адамдарға ілесіп жүре бермеу

 

 

  1. Барған жерде мұғалімнің рұқсатынсыз басқа жерге (әжетқанаға, буфетке т.б.) кетіп қалмау

 

 

  1. Лифтіге рұқсатсыз мінбеу

 

 

  1. Адасып кеткен жағдайда үлкендерге өзіңнің қай мектепте, сыныпта оқитынын айту. Сынып жетекшісінің аты – жөнін айтып беру.

 

 

  1. Мәдени орында тәртіп сақтау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мектеп ішінде сақталатын қауіпсіздік ережелері

 

 

  1. Мектепте киім үлгісін сақтау

 

  1. Киімді ілу кезіндегі тәртіпті сақтау, қалтада  бағалы заттарды қалдырмау

 

  1. Мектеп ішінде жүгірмеу

 

  1. Сынып бөлмесіндегі тәртіпті сақтау

 

  1. Мектеп мүлкін қорғау

 

  1.   Баспалдақтың оң жағымен  жүру

 

  1. Мектепте ұялы телефон ұстамау

 

  1. Жауын – шашын күндері екінші аяқ киім ауыстыру

 

  1. Баспалдақпен түскен кезде, ұстап түсетін жеріне отырып сырғанамау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өрт қауіпсіздігі

 

  1. Түтіннің иісін сезген бойда тез шығып кету. Егер шыға алмаса, кез келген сулы шүберекпен ауыз бен мұрынды жауып, еңкейіп (өйткені түтін жоғары көтеріледі) шығып кету

 

  1. Егер өрт шағын ғимаратта болса, есік пен терезені ашпаңыз: өйткені таза ауа

мен желдің кіруі жалынды күшейтеді.

 

3.Жанып жатқан ғимараттан лифтімен түспеңіз ол жалын жайылға қабаттта ашылып кетіп, кісі өліміне алып келуі мүмкін; сонымен қатар электр тоғы ажыратылып қалуы мүмкін

 

4.Егер баспалдақ алаңы от пен түтін құшағында қалса, төбеге шығуға және сізді өрт сөндірушілер түсіргенше күтіңіз

 

5.Егер от дәлізді қауласа, есікті нығыздап жауып барлық саңлауды су шүберекпен нығыздаңыз

 

6.Өрт сөндірушілерді 101 телефонымен шақырғанда оған мекен – жайыңызды, телефоныңызды, тегіңізді, қай жерде ненің жанғандығын және өрт сипаттамасын анық хабарлау қажет

 

7.Өрт кезінде түтіннен шкафта т.б. жерде тығылмай жұрт көзіне

түсуге тырысу керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

           Суға түсу кезінде сақталатын қауіпсіздік ережелері

 

1.Табиғат аясындағы су айдындарында ересек адамдарсыз өз бетімен бармау

 

2.Суға жүзуді бастағанда судың температурасы 22 — 250с болуы керек.

 

3.Мектеп оқушылары тек таза суда жүзу керек.

 

4.Судың тереңдігі кеудеден аспау керек

 

5.Судан шыққан соң жақсылап сүртіну керек

 

6.Аса терең емес суда ойнауға болмайды

 

7.Таза суда шомыл, суға лас заттарды тастама

 

8.Судың түбі тегіс және таза болуы тиіс

 

9.Тамақтанғаннан кейін 1 – 1,5 сағ соң ғана түсу

 

10.Суда жүзіп, белсенді қимылдау

 

11.Шомылып болған соң міндетті түрде тынығу

 

12.Су мен ауа температурасын ескеру (Температура төмендеген сайын уақыт

да қысқа болуы тиіс)

 

13.Мұз айдынға үлкендердің рұқсатымен, мұғалімдердің жетекшілігімен ғана

баруға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ауа — райы бұзылған кездегі сақталатын қауіпсіздік ережелері

 

 

 

  1. Егер ашық жерде жел қатты тұрса, тез арада тығылу қажет

 

 

  1. Тауда – болған жағдайда, шың басынан, асудан аулақ кеткен абзал

 

 

  1. Қыста боран мен қардан кейінгі мұз үстімен жүруге болмайды. Өзендердің

үстіндегі мұзбен жүргенде абай болу қажет

 

  1. Аязды күндері сыртта көп жүруге болмайды

 

 

  1. Аязды күндері бетке крем жағып шығуға болмайды. Крем жаққанда детский

мороз деген бар

 

  1. Егер тоңған жағдайда үйге келгеннен кейін бірден ыссыға басуға болмайды.

 

 

  1. Егер боран болған жағдайда ашық жерлерді (бет, қол т. б.) жабу керек

 

  1. Егер аяз – 250С тан төмен болған жағдайда қажет болмаса сыртқа шықпаған

абзал. 0 – 4 кл мектепте сабақ болмайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4 – сынып оқушыларына барлық қауіпсіздік  ережелері айтылып, ескертілді.

Төмендегі ережелермен танысқандығын растай отырып, қолдары қойылды

 

Оқушының аты – жөні Қолы
1    
2    
3    
4    
5    
6    
7    
8    
9    
10    
11    
12    
13    
14    
15    
16    
17    
18    
19    
20    
21    

 

 

 

Сынып оқушыларына қауіпсіздік ережелері оқылып, талданды,

түсіндірілді.

 

 

Сынып жетекшісі:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сынып  оқушыларына арналған

қауіпсіздік   ережелері