№ 2 сабақ  «Ақиқатты жолға алып, адалдықпен өмір бастаймыз!»

 

Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектеп:

Мерзімі: .09. 2017 жыл.

Мұғалім:

Сынып: 1 «  »

Оқушылар саны:    Тақырып: № 2 сабақ  «Ақиқатты жолға алып, адалдықпен өмір бастаймыз!»

Құндылық: Ақиқат.

Қасиеттер: Шындықты айту,қайырымдылық,кішіпейілділік.

Сабақтың мазмұны: Ресурстар:
Сабақтың мақсаты:  Ақиқат  құндылығының мәнін ашып, өзін-өзі тану пәні нені  үйрететінін ұғындыру.

Міндеттері:

Білімділік: Оқушыларды шындықты айтуға қалыптастыру.

Дамытушылық:Оқушыларды қайырымдылыққа  баулу.

Тәрбиелік : Кішіпейілділікке тәрбиелеу.

Оқулық, дәптер стикер, видеопроектор дискілер, бояуышар, плакат
Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Тыныштық сәті: Әуен   ойналады. Нұрға бөлену.

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды  шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің  қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз  нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз  тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша  түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын… Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын… Нұр менің ішімде… Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде  отыра тұрыңыз…

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем  сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.

 

2. Үй тапсырмасын  тексеру.

«Түлкі мен ешкі» ертегі

-Түлкінің айтқаны шындыққа жатама?

-Әрдайым шындықты айтқан жөн ба?

-Өз өмірлеріңнен шындықпен жол тапқан мысал келтіріңдер.

 

 
3. Дәйексөз.

                              «Ақиқат – адалдықтың бастауы»         

                                                                        Нақыл сөз

1.Ақиқат дегеніміз не ?

2. Ақиқатты қалай түсінесің ?

3. Ақиқат – адалдықтың бастауы дегенді қалай түсінесің?

Осы сұрақтар айналасында дәйек сөзді талқылаймыз.

 
4. Әңгімелеу. Мұғалімнің сыйы. «Ұсқынсыз үйрек» ертегісі бейне фильм.

—          Үйрек неге ұсқынсыз болып көрінді?

—          Басқалар неге үйректі қабылдамады?

—          Үйрек ақиқатты мойндадыма?

—          Адал болу не үшін қажет?

Басқалардың жауаптарын тыңдаймыз.

 
5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

    8-беттегі  тапсырмаларды орындау.

 Әр топ шығармашылықпен жұмыс жасап,  қорытынды жасайды.

І  топ   Білім

ІІ топ   Қамқорлық

ІІІ топ  Әдептілік

IV топ  Денсаулық

 
6. Топпен өлең айту.

                                      Ризашылық әні                 Сөзі: Л. Хей

                                                                                    Әні:  Л. Хей                 

            Ризамыз бүгінге,

Ризамыз бүгінге!

Ризамыз бүгінге,

Ризамыз қазірге!

Ризамын, ризамын,

ризамын бүгінге!

Ризамын, ризамын,

ризамын қазірге!

 
7. Үй тапсырмасы.

3- сабақ «Сыпайы қоян» ертегісін оқып келу.

Қорытынды:  Ақиқат жолы ешкімді адастырмайды. Ақиқат жолымен жүрген адам адал өмір сүреді. Адалдық – адам бойындағы таза ниет.

 
8. Соңғы тыныштық сәті. Баяу музыка қойылады.

  Ақиқат, ақиқат, ақиқат  бар жерде, ақиқат  бүкіл әлемде.

—          Бүгінгі  сабақта алған жақсы қасиеттерді бойларыңызға  сіңіріп,  жүректеріңізге түйіп алыңыздар.

—          Сау болыңыздар!!!