«Елбасы жолдауы- халықтың қолдауы» ашық сабақ

 

«Елбасы жолдауы- халықтың қолдауы»

 

Сабақтың мақсаты:  Дамудың 2050 жылға дейінгі стратегиялық жоспарымен танысу. 10 жылда Қазақстанды экономикалық-қуатты, әлеуметтік-тұрақты, саяси-сауатты елге айналдыру жолдарын таныстыру. Елбасының  жыл сайынғы халқына жолдауының талқылау. Студенттерді елін, жерін сүюге, отанны ардақтай білуге тәрбиелеу.

 

Сабақ өтетін орын:

 

Көрнекілігі:   газет материалдары, слайд

 

 

 Кіріспе сөз

 

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына арналған дәстүрлі Жолдауын жариялады. Жалпы тәуелсіздігіне жиырма жылдан астам уақыт болған ел егемендігінің тарихына үңілсек, мемлекетіміздің алуан бағыттағы тыныс — тіршілігінің дамуына бірден — бір ықпал еткен фактор — бұл Елбасымыздың халыққа арнаған Жолдауы екендігіне көз жеткізер едік.

Елбасының «Қазақстан жолы — 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы бойынша Президенттің жалпыұлттық идеясы — болашақ табыстардың негізі екені баса айтылды. Ал ең бастысы — еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жарияланды. «Мәңгілік ел» идеясы — елімізді өз мақсатына талай дәуір сынынан сүріндірмей жеткізетін тұғырлы идея. Осының барлығы дамыған 30 елдің қатарына кіруімізге жаңа серпін беретіні сөзсіз.   Елбасы Жолдауында білім саласы қызметкерлерінің алдына үлкен міндеттер қойды. «Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. 2020 жылға қарай Қазақстандағы 3 — 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту жоспарлануда. Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды. Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс», деп атап көрсетті.

Студенттердің пікірін тыңдау

  1. Қорытынды.

Жолдауды жүзеге асырудың жауапкершілігі жетекші партияға жүктелді.

Бүгінгі тәрбие сағатымыз өз мәрісіне жетті. Сонымен Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында не айтты?

Балалар, елбасымыздың жолдауында еліміздің барлық жағынан дамып келе жатқаны, еліміздің дамуы үшін, халқымыздың жағдайы жақсаруы үшін барлық жағдайлар жасалып жатқанын біз білеміз. Бүгінгі сабағымызды қорытындылай келе еліміз,жеріміз аман болсын!