Таза ауа

Пәні: қазақ тілі

Мектеп: № 3 ЖОББМ, г. Жезказган

Мұғалімнің аты-жөні: Альмишева Ляззат Шайзаевна

Сынып: 9

Қатыспаған оқушылар саны: ______________________                                                      Қатысқан оқушылар саны: ________________________

 

Сабақ тақырыбы: Таза ауа
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) Білімділік: қарпайым сөйлеу үлгілерін қолдану арқылы судың тіршілік көзі екендігін түсіндіру. Лексикалық тақырып аясында сан есімді меңгерту.
Дамытушылық: жаңа тақырып бойынша әртүрлі тілдік тапсырмаларды орындату негізінде ақпараттық-танымдық құзыреттілігін қалыптастыру.
Тәрбиелік: тілдік қатынас барысында оқушыларға рухани-мәдени тәрбие беру, табиғатты аялау, қамқорлық көрсету
Сабақтың мақсаттары: Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): қазақша таза ауа тіршілік көзі екендігін түсінеді, достарымен сөйлеседі.
Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): тақырыпқа қатысты жаңа сөздерді сөйлесім барысында тиімді қолдана алады, табиғатты аялау керектігін түсіндіреді.
Оқушының жоғарғы жетістігі (ОЖЖ): тақырып аясында өзінің сыныптастарымен сұхбат құрады, мәтін құрайды.
Күтілетін нәтижелер: Тақырыпқа қатысты жаңа сөздерді толық меңгереді, мәтіннің мазмұнын түсінеді, өз ойын дәлелдеп жеткізеді
Жаңа сөздер: қазына, шөп, топырақ, жер, үсті, орман, орман іші, ауа, хош иісі, қылқан жапырақты орман
Сабақта қолданылатын материалдар: Интерактивті тақта, плакаттар, маркерлер, карточкалар, стикерлер, смайликтер
Оқыту әдістері: «На что похоже мое настроение?» әдісі, «Смотри-закрой-скажи-напиши-проверь» тәсілі, «Бағдаршам» әдісі, Стратегия: “Своя игра”, «Синквен» әдісі, «Голосование точками» әдісі
Дереккөздері: Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.

 

Тапсырмалар :

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

 

              Тапсырма      Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу Метод: «На что похоже настроение?»

Игра проводится в кругу. Участники игры по очереди говорят, на какое время года, природное явление, погоду похоже их сегодняшнее настроение.

Начать лучше ведущему: «Мое настроение похоже на белое пушистое облачко в спокойном голубом небе, а твое?»

Упражнение проводится по кругу.

— Топқа бөлу. /Оқушыларды геометриялық фигуралар арқылы топқа бөлу/

Топтың ережесін қайталау:

1.Тыңдай білейік.

2. Біреу сөйлегенде, оның сөзін бөлмейік!

3. Басқалардың пікірлерін сыйлайық!

4. Жеке бастың қасиеттері сыналмай, тек пікірлері ғана сыналады.

5. Әрбір қатысушы өз пікірін келтіруі керек.

6. Мәселе жеңіске жетуде емес, басқалардың пікірін тыңдай білу.

7. Бірлесе жұмыс істеуге ұмтылайық!

8. Жанжалдарды болдырмауға ұмтылайық!

Топтар бір-біріне сәттілік тілейді: топтар ашық хатты оқып, бір-біріне жақсы тілек айтады.

— Балалар, сонымен бүгін біздің сабақтың тақырыбын кім айтады? /Оқушылар сабақтың тақырыбын айтады/.

Оқушылар өздеріне сабақтың мақсатын қояды:

І топ: 1-2 оқушы өздеріне қойған сабақтың мақсатын айтады;

ІІ топ: 1-2 оқушы өздеріне қойған сабақтың мақсатын айтады;

ІІІ топ: 1-2 оқушы өздеріне қойған сабақтың мақсатын айтады

Оқушылар мұғаліммен сәлемдеседі, өздерінің көніл-күйлері туралы айтады.

Топқа бөлінеді, топтың ережесін еске түсіреді

Өткен сабақты тексеру Үй жұмысын тексеру: жұмбақтар мен тақпақтарды мәнерлеп оқу.

Ұшан теңіз қалың қар,

Жерді басып жабады.

Мұздай демі бет қарып,

Аяз аузын ашады.

                                (Қар)

Мамықтай ұлпа, қанттай ақ:

Қыста жер бетін басады,

Жазда сайға қашады.

                               (Қар)

Ақ сиыр тұрып кетер,

Қара сиыр жатып қалар.

                              (Қардың кетуі)                     

Қанаты жоқ-ұшады,

Аяғы жоқ-қашады.

                           (Жел)

Аспандағы алып доп,

Жарқырайды жарық боп.

                          (Күн)                              

Жазда болмайды,

Қыста  болады.

Терезеге қонады,

Әсем ою ояды.

(Қырау)

«Табиғат»

Табиғат, сен-тіршілік, тұнып тұрған:

сен — күнсің, көтерілген күліп қырдан,

сен — көлсің,

сен — ормансың,

сен – бұлбұлсың,

Адамға сұлулықты шын ұқтырған.

(М.Әлімбаев)

Ағаш өзін қиғанды

Ат сияқты тебе алмас.

Гүл де жұлқып, жұлғанды

«Неге өйтті!» – деп сөге алмас…

Түйіп айтар сөзіміз:

Табиғаттың панасы –

Біздің мына өзіміз,

Адамзаттың баласы.

Оқылым. Айтылым. Жұмбақтар мен тақпақтарды мәнерлеп оқиды
Қызығушылықты ояту Сөздікпен жұмыс: «Смотри-закрой-скажи-напиши-проверь»

1. Сөздерге мұқият қара;

2. Бір неше рет қайтала;

4. Сөздік дәптеріне жаз;

5. Өзіңді тексер;

қазына — сокровище

шөп — трава

топырақ — почва

жер — земля

үсті — поверхность

орман — лес

орман іші — внутри леса

ауа — воздух

хош иісі — приятный запах

қылқан жапырақты орман — широколиственные леса

Бағалау: «Голосование точками» әдісі, өздерің бағалау

Жазылым. Жаңа сөздерді жазады, өздерің бағалайды
Мағынаны тану Стартегия: «Своя игра»

І топ: Мәтінмен жұмыс: мәнерлеп оқу, аудару

Алтай ормандары

Алтай жерінің асты қандай қазыналы болса, үсті де сондай бай ғой. Орманның өзі бір байлық емес пе жатқан?

…Ең алдымен, орман ішінің ауасын айтсаңызшы! Оған жақындай бергенде — ақ шөптің, жапырақтың, топырақтың, ағаштың, гүлдің бір сөзбен айтқанда, бүкіл табиғаттың хош иісі мұрынды жарады…

(Ә. Нұршайықов)

Мәтін бойынша сұрақ-жауап:

1.      Алтай жері қандай?

2.      Орманның ауасы қандай?

ІІ топ: Мәтіннен асты сызылған сөздерге сұрақ қойып, қай септікте тұрғанын анықтаңдар.

Шөптің, жапырақтың, топырақтың, ағаштың, гүлдің.

1-карточка: Жақшадағы сын есімдерді аударып, сөйлемдерді көшіріп  жаз.

1. Қоршаған ортаның ауасы (чистый).

2. Таулы жердің бұлақ суы (прекрасный).

3. Ағаш басындағы құстардың ұясы (большой).

4. Табиғат аясындағы демалыс (интересный).

5. Табиғаттың берер байлығы (много)

2 карточка: Орман  сөзін септеңдер.

Бағалау: «Бағдаршам» әдісі, бір — бірін бағалау

Оқылым. Айтылым. Жазылым. Мәтінді мәнерлеп оқиды, аударады, сұраққа жауап береді, кесте бойынша бір — бірін бағалайды
Танымдық сәт. Сен білесің бе? Қызықты мәлімет. Познавательная минутка. А знаешь ли ты?

Ең үлкен орман қайда екенін білесіңдер ме? Біздің Жер шарымыздағы ең үлкен және қалың орман солтүстік жарты шарда, яғни Солтүстік Тундрада орналасқан. Ол Еуропа мен Азияға дейін созылып жатыр. Ол тайга деп аталады. Тайга — қылқан жапырақты ағаштар өсетін орман түрі.

Тайгада қоңыр аю мен қасқырлар тіршілік етеді.

Тундрада қыста қатты суық болады. Осы кезде солтүстік бұғылары тайганы паналайды.

Сұрақ-жауап:

1.      Ең үлкен орман қайда орналасқан?

2.      Ол қалай аталады?

3.      Тайгада қандай аңдар мекендейді?

4.      Сотүстік бұғылар тайганы қашан паналайды?

5.      Тайга орманының қандай түріне жатады?

Сен білесің бе? Қызықты хабарлама.

Тайгада қоңыр аю мен қасқырлар тіршілік етеді.

Тундрада қыста қатты суық болады.

Осы кезде солтүстік бұғылары тайганы паналайды.   

Тыңдалым. Оқушылар қосымша мәліметті тыңдайды, сұраққа жауап береді
Совместное обучение. Талантливые и одаренные. Деңгейлік тапсырмалар. Сын тұрғысынан ойлау мен жазу технологиясы.

І топ: сұрақ-жауап бойынша өз оларыңды айтыңдар

1. Ауа қалай ластанады?

2. Табиғи ластану деген не?

3. Адамның іс-әрекеті нәтижесінде ауа қалай ластанады?

4. Үлкен қалалар ауасында қандай улы заттар кездеседі?

5. Барлық адамзат алдына қойылып отырған қандай міндет?

ІІ топ: мәтінге сұрақ құрастыру.

«Қазақстан ормандары».

Қазақстан жерінде орманның үш түрі бар. Олар: жапырақты, қылқан жапырақты және аралас жапырақты ормандар.

Ұсақ жапырақты ормандар. Ұсақ жапырақты ормандарда қайың мен көктерек өседі. Жапырақтарын тастайтын ағаштар күзде жапырақтарын түсіреді. Осы арқылы ағаштар көктемге дейін өн бойына суын сақтап, қоршаған ортаға бейімделеді.

Қылқан жапырақты ормандар. Қылқан жапырақтылар қатал климатта өседі. Олар осындай қатал қлиматқа өздерінің қылқандарының арқсында бейімделген. Ине тәрізді қылқандар суды аз мөлшерде ғана буландырады. Сөйтіп ағаш қатал қыста өз бойында жеткілікті мөлшерде суды сақтап тұрады. Қылқан жапырақтар-мәңгі жасыл өсімдіктер.

Аралас жапырақты ормандар. Солтүстік Америка мен Батыс Еуропада қылқан жапырақ ормандармен қатар жапырақтарын тастайтын ағаштары бар ормандар да кездеседі. Мұнда жапырақтарын тастайтын емен, үйеңкі және шамшат өседі. Қазақстанның орманды аймақтарында жапырақты ормандар кездеседі.

Айтылым. Жазылым. Деңгейлік тапсырмаларды орындады
  Оқушының қысқаша мәліметі:

Бүгінде экология ғаламшар халқының ең үлкен проблемасына айналды. Табиғи ресурстар азайып барады. Бізді қоршаған орта ластанған. Үлкен қалалар ауасында адам ағзасына зиян көптеген улы заттар кездеседі. Мысалы, күкіртті сутек, күкірткөміртек, қорғасын, сынап, т.б. Мұның бәрі-өнеркәсіп өдірістерінің қалдықтары мен автокөліктердің пайдаланылған газы. Бұл — келешекте зор апатқа әкелуі мүмкін.

Табиғат-тірі дүние. Біз табиғаттан тек алуды ғана білеміз. Оның бар байлығын пайдаланып жатырмыз. Ал табиғатқа қамқорлық жасауды ұмытып кетеміз.

Табиғаты сақталған халық ұзақ өмір сүреді. Олардың ұрпақтарға қалдыратын мұрасы бар.

Еуропа елдері қоршаған ортаны қорғауға көп мән береді. Олар ормандарын күтеді. Оңтүстік Корея еш уақытта ормандарын кесіп, өндіріске пайдаланбайды екен. Орман-оттектің жер бетіндегі бірден-бір көзі. Ол-атмосфералық ауаны тазартушы. Бір гектар жерді алып жатқан қарағай жыл сайын он тонна оттек шығарады екен. Ал өзі сонша мөлшерде көмірқышқыл газын жұтады.  Академик К.А.Темирязев: «Өсімдік жақсы өссе — адам да жақсы өмір сүреді». Қалай дәл айтылған сөз!

Түсініктеме:

күкіртті сутек — сероводород

күкірткөміртек — сероуглерод

қорғасын — свинец

сынап —  ртуть

көмірқышқыл газ — углекислый газ

Оқушының қосымша мәліметі:

Адамға табиғат берген байлықтың бірі-атмосферадағы ауа. Өзге табиғи байлықтармен бірге ауаның тазалығын сақтау өте маңызды. Ауа табиғи және адамның іс — әрекеті нәтижесінде ластанады. Ауаның табиғи жолмен ластануы вулкандар атқылағанда, тау жыныстарының үгітілуінен, шанды даулдан, орман өрттерінен болады.

Адам қызметінің нәтижесінде ауаны ластау атмосфера үшін ең қауіпті. Оған өндіріс, транспорт және тұрмыс қалдықтары жатады.

Ауаның көбірек ластанатыны — төменгі қабаты. Өйткені оған өндіріс орындарының жаңа шаң-тозандары қосылып отырады. Сондықтан да атмосфералық ауаны ластамау таза үстау — бүгінде барлық адамзаттың алдына қойылып отырған түбегейлі міндет.

 
Бекіту Синквен. /Бес жол өлең стратегиясы/.

1. Орман.

2. Әдемі, жасыл

3. Қорғаймыз, күтеміз, аялаймыз.

4. Орман — оттектің жер бетіндегі бірден-бір көзі.

5. Табиғат

 

Айтылым. Сұрақ -жау  жауап
Үйге тапсырма «Табиғат», «Орман» тақырыптырға шағын шығарма жазып келу, жаңа сөздерді жаттау

 

 
Қосымша ақпарат
Рефлексия

Сабақ барысында оқу мақсатына қол жеткізілді ме? Оқу мақсатына қол жетпеудің себебі неде? Бүгін оқушылар не біліп, не үйренді? Сыныптағы психологиялық ахуал қандай болды? Жоспардан ауытқы болды ма? Себебі неде? Өзім жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Уақыт тиімді пайдаланылды ма? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім? Неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңіздлі жазыңыз, сұрақтарға жауап беріңіз (сабақ жүйелі жоспарлағандықтан, сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды.

Оқушылар мәтін мазмұнын түсінеді, сұрақтарға жауап береді, сөздікпен жұмыс жасайды. Сабақ жоғары деңгейде өтеді, өйткені оқу мақсаттары дұрыс таңдалды, уақытты тиімді пайдалану барысында саралау жұмыстары да орындалады).

Қорытынды бағалау:

Қандай екі нәрсе (оқытудың да, оқуды да ескеріңіз) табысты болды? Сабақтың ұнаған 2 түсін анықтап жазыңыз.

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз), жақсарта алды?

1:

2:

Сабақ барысында өзіңіздің көңіліңіз толмаған 2 әрекетті (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз) атаңыз.

1:

2:

Осы сабақ барысында келесі сабағымда сынып не жекелеген оқушының сапалы білім алуы үшін нені жетілдіруге болатынын білдім…