Компьютер ақпаратты өңдеу құралы. Аппараттық және программалық қамтамасыз етудің диалектикасы.

Сабақ жоспары № 3

Оқытушы: Байтемирова Гүлімхан Жаппарқызы

Пән: Информатика

Мамандық:  0112000 — «Исламтану» (011202 3 – Ислам негізінің мұғалімі)

І курс,  топ: 23-9-81, 82, 83

Тақырыбы:  Компьютер ақпаратты өңдеу құралы.

Аппараттық және программалық қамтамасыз етудің диалектикасы.

 

Күні:

Сабақ түрі, өткізу үлгісі;  жаңа білімді, дағдыны және біліктілікті бекіту сабағы

 Мақсаты:

Шәкірттерге информатика пәнін үйрете отырып, программалық және аппараттық қамтамасыз етуді меңгереді. Қазіргі заман талабы ол – компьютер.

Күтілетін  нәтиже:

  1. Студенттер компьютердің программалық қамтамасыз ету туралы түсінеді.
  2. Ойы толығады; өзіндік ойын ортақ пікірге тоғыстыра біледі;

Оқуда қолданылатын әдіс-тәсілдер:  Дамыта оқыту технологиясы

Сабақ жабдығы:  Дербес компьютерлер, ноутбуктер, қосымша құрылғылар, графикалық сызба, плакаттар, слайдтар.

Пәнаралық байланыс: ағылшын тілі, математика, физика.

Негізгі әдебиет: пән оқулығы – информатика 10 сынып – қоғамдық  – гуманитарлық бағыт.

Б.Қ. Сапарғалиева, Н.Е. Масалимова, Г.А. Тезекбаева

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың барысы және уақытының өлшемі

Сабақ кезеңдері Кезең мазмұны Уақыты
1 Ұйымдастыру кезеңі

 

Сергіту сәті : «Тілек білдіру»

Сәлемдесу, студенттердің қатысуын және аудиторияның дайындығын тексеру, сабақ өткізу жоспары.

Студенттермен мұғалім шеңбер құра топтасып тұрып бір-біріне тілектерін білдіру.

5 минут

 

 

5 минут

2 Білімдерін тексеру

 

 

 

Білімді бағалау өлшемі

Берілген түсті қағаздар арқылы екі топқа бөлу. «Кім жылдам» әдісін пайдаланып, ақпараттық жүйе, ресурстар, порталдар туралы түрлі сұрақтарға жарыса жауап беру. Жылдамдықпен бітірген топ жеңіске жетеді.

Бес балдық жүйе бойынша шәкірттер бір-бірін бағалау

30 минут
3 Жаңа тақырыпты жеткізу әдісі

 

 

 

 

Түсіндірілетін сұрақтар тізімі:

«Ой шақыру» әдісі:

Студенттердің ойын бір араға жинақтау арқылы жаңа тақырыпқа назарларын аудару,  конспект арқылы, қысқаша бейне дәріс көрсету. Студенттерге берілген үлестірмелі дөңгелек қағаздар бойынша жаңа тақырыпқа ой шақыру, жаңа сабаққа деген қызығушылығын арттыру.

  1. Ақпаратты өңдеу құралы деген не?
  2. Программалық қамтамасыз ету деген не?
25 минут
4 Оқушылардың өздік жұмысы Компьютерді пайдаланып ғаламтордан мәлімет іздестіру, тақырыпты конспектілеу. 15 минут
5 Тақырыпты бекіту Бірнеше сұрақ қою арқылы 5 минут
6 Сабақ қорытындысы Түсінік бере отырып, студенттерді біліміне қарай бағалау. 3 минут
7 Үй тапсырмасы Информатика 10 сынып. Қоғамдық гуманитарлық бағыт, «Арман-пв» 2014ж.

23- 31 беттер, оқу, тәжірибелік жұмыстар орындап келу.

Компьютерді пайдаланып рефераттар жазу, конспектілеу.

2 минут

 

Оқытушының қолы ___________

 

Әдіскер: _____________

 

                                                         Жаңа сабақты түсіндіру:

Аппараттық қамтамасыз ету перифериялық құралдарға қажетті дербес компьютердің электрондық толтырылымын құрайды. Процессор , электрондық платалар, монитор, пернетақта-бұлардың барлығы аппараттық қамтамасыз етуге жатады.  Мысалы, қазіргі мобильді телефондарда дербес компьютердің процессорлары орнатылған.

Компьютердің құрылғыларына арнайы слайдтар көрсету

Программалық қамтамасыз етудің жіктелуі:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Программалық жүйелер – программалық өнімдерді дайындау және технологиясын қамтамасыз ететін программалар жиынтығы.

Программалық жасақтама: базалық немесе негізгі, жүйелік, қызметтік және қолданбалы деген деңгейлерден тұрады.

 

Жалпы мақсаттағы қолданбалы программалық жабдықтардың құрамына  әртүрлі қолданбалы есептерді шешуге жиі қоданылатын программалық құралдар енеді:

  • Мәтіндік редакторлар мен процессорлар
  • Графикалық редакторлар
  • Электрондық кестелер процессорлары
  • Мәліметтер қорын басқару жүйелері
  • Электрондық тұсаукесерлер және т.б.

Көпфункционалды программалық жабдықтарды бір ресурстық қор негізінде жинақтап, нысандар деңгейінде әсерлесулерін жүзеге асыратын дестелер. Мысалы:  Microsoft Office ортасын алатын болсақ, онда Microsoft Office  Word –мәтіндік процессор, Microsoft Office Excel – электрондық кесте процессоры, Microsoft Office Power Point – тұсаукесер (презентациялар) жасау редакторлары, Microsoft Office Access мәліметтер базасынқұру процессоры сияқты бірнеше қолданбалы программаларды қамтиды.

Қорытынды:  Компьютер- ақпаратты өңдеу құралы

Аппараттық және программалық қамтамасыз ету. Тақырыпты толық түсіндірген соң, сабақты түсінгендігі жайында шәкірттерден сұрақ қою арқылы сұрап тексеру.

Үйге тапсырма: Оқулықтан – 4 параграфты оқып келу.

Бағалау :  Шәкірттердің білімдеріне қарай бағалау