«Менің алғашқы Президентім»

Тақырыбы: «Менің алғашқы Президентім»

Мақсаты: қазақ халқының тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың өмір жолы туралы мағлұмат беру. Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, еліміздің нышандарына құрметпен қарауға тәрбиелеу. Балалар жүрегінде Елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту.

Әдіс-тәсілдері:  көрсету, әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап,  сергіту жаттығуы, мақал-мәтелдер.

Керекті құралдар: Елбасының портреті, рәміздердің суреті, Елбасы туралы слайд,электронды киіз үй.

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың

іс-әрекеті

 

Мотивациялық қозғаушылық

 

Шаттық шеңбері:

Достарды біз қорғаймыз,

Қиын шақта қолдаймыз

Біздің топта ұл-қыздар,

Тату тәтті ойнаймыз.

Әлемдегі бар адамға,

Тек жақсылық ойлаймыз.

 

-Рахмет,балалар

Қазақстан-туымен тұғырлы,

Елтаңбасымен еңселі,

Әнұранымен айбатты

-Олай болса тақырыптық оқу қызметімізді Қазақстан Республикасының Әнұранымен бастайық,электронды киіз үй

 

Балалар шаттық шеңберге тұрып, қимылмен орындайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әнұран орындалады

 

Ұйымдасқан-ізденушілік

— Бүгінгі біздің тақырыптық оқу қызметіміздің тақырыбы: «Елбасы жолы-өнеге»  

1-желтоқсан-Қазақстанның тұңғыш Президенті күні, ресми мереке.

— Балалар сендер білесіңдер ме, біздің Отанымыз қалай аталады?

— Біздің Отанымыз –Қазақстан.

Қазақстан деп аталу себебі – Қазақстан жерін ежелден қоныстанып келе жатқан ел-қазақ халқы. Қазақ халқы ержүрек, бауырмал, қонақжай халық.

 

-Отан дегенді қалай түсінесіңдер?

Дұрыс айтасыңдар!

 

-Ал ендеше Отан туралы жыр-шумақтар білесіңдер ме?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мақал-мәтелдер:

 

 

 

 

 

 

-Жарайсыңдар, балалар! Рахмет!

 

-Балалар біздің елімізді кім басқарады?

-Еліміздің президенті  кім?

Н.Ә.Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Шамалған ауылында туған. Балалық шағы таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды. Өзі еске алғандай, өсірген аз-маз өнімдерін сатып, үй-ішіне қажетті заттар алу үшін ересек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған. Кішкентай кезінен бастап, түрлі қиындықтарды басынан кешірген. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата-анасын қатты құрмет тұтты. Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастаған. Өзінің тынымсыз еңбегінің, ізденімпаздығының арқасында Қазақстан Республикасының Президентіне дейін көтерілген. 1991 жылы

1 желтоқсанда республика жұртшылығы Н.Ә.Назарбаевты президент етіп сайлады. 1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін алды. Содан бері біздің үлкен мемлекетімізді Н.Ә.Назарбаев басқарып келеді. Біздің Отанымыз үлкен, яғни көптеген ауылдар мен қалаларда көп адамдар өмір сүреді. Осындай көп адамдарды басқару үшін қандай болу керек?

-Ал біздің Елбасымыз қандай?

 

-Жарайсыңдар, балалар!

-Біздің елбасымыз Астана қаласында тұрады және сонда жұмыс жасайды.

-Еліміздің астанасы қай қала?

-Астанаға кім барды? Онда нені көрдіңдер?

-Дұрыс. Еліміз бәйтеректей биіктен көрініп, алтын жұмыртқадай күніміз жарқын болсын, елімізде татулық, бірлік болсын деген мағынамен осындай ой білдірген елбасымыз.

-Балалар, Елбасымызға, Астанаға арналған жыр-шумақтарымызды арнайық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

— Балалар қане  бойымызды сергітіп алайық:

Сергіту сәті:

Біз Отанды сүйеміз, (қолдарын жоғары көтеріп, екі жағына жаяды)

Біз Отанға адалмыз. (қолдарын кеуделеріне қояды)

Көгілдір ту иеміз, (сол қолмен туды көрсетеді)

Қалай жасық боламыз. (жұдырықтарын түйіп, иықтарына қояды)

-Біздің Елбасы саясаткер болумен қатар жан-жақты дамыған тұлға. Сондай-ақ өнерге де көп көңіл бөлетін адам. Ол кісінің «Елім менің», «Үшқоңыр» деген әндері бар. Көптеген кітаптардың авторы екен.

-Ал сендер еліміздің рәміздерін білесіңдер ма? Кім атап береді?

-Дұрыс айтасыңдар,балалар!

-Бізде алда Тәуелсіздік мерекесі келе жатыр екен, тәуелсіздік мерекесіне орай білетін жыр-шумақтарың бар ма?

 

Біздің Отанымыз –Қазақстан

Нұрасыл: Қазақстан деп аталу себебі – Қазақстан жерін ежелден қоныстанып келе жатқан ел-қазақ халқы. Қазақ халқы ержүрек, бауырмал, қонақжай халық.

Б.Арлан: Отан дегеніміз-отбасы, адамның туып өскен жері, біз тұратын атамекен.

 

Айша:

Отан-елдің анасы,

Отан-жердің анасы.

Бақытты ғой дәл мендей

Тәуелсіз ел баласы!

Мерей:

Тыныш менің, Отаным,

Ырыс менің, Отаным.

Ардақтайтын Отанын,

Мен Отаншыл баламын.

Мадина: Отан оттан да ыстық.

Айару: Отан-елдің анасы. Ел-ердің анасы.

Т.Санжар: Отан-қуат, отбасы-шуақ.

Диляра:Отан отбасынан басталады.

Адель:Отаны бардың, оты өшпес.

Айдос: Отансыз адам ормансыз бұлбұл.

 

Президент басқарады

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Ақылды, білімді, білікті

-Жауапты, еңбекқор, көп ізденеді.

 

 

 

 

-Астана

 

-Бәйтеректі.

 

 

 

 

 

 

 

Е.Арлан: Ел болдық, ерік алдық астаналы,

Енді кімнен қазағым жасқанады.

Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,

Елбасының атымен басталады.

Ханшайым: Тәуелсіз қазақ елім,

Бақ қонған ғажап елім,

Нұрсұлтан Назарбаев

Артамыз сізге сенім

Мәди: Ісімен жаққан жалпыға,

Аман болсын Елбасы

Танылсақ әлем халқына,

Елбасының арқасы

Аман болсын Елбасы!

Аружан: Гүлдене бер, Отаным

Көтерген туын Нұр ағам!

Көбейткен достың қатарын

Нұр аға біздің ұлы адам

 

 

 

Бойларын сергітіп қайталап, қимыл-қозғалыспен жасайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Білеміз. Еліміздің рәміздері: Ту. Елтаңба. Әнұран

 

 

 

 

 

Айзия: Көк байрақ, көк аспан

Алтын күн нұр шашқан,

Әлемге танылған

Тәуелсіз Қазақстан!

Бейбатыр: Өзіңдікі елің де,

Өзіңдікі жерің де

Өзіңдікі еккен бақ,

Тәуелсіздік төріңде!

Рефлексивтік-түзетушілік -Балалар мен сендерге қазір тапсырма бермекшімін, Қ.Р ның рәміздеріміздің бірі Туымызды бәріміз де білеміз бе? Көрдікпе?

Білсек онда қазір туымыздың суретін әдемі қылып жабыстырайық.

-Рахмет балалар! Жарайсыңдар! Өте әдемі жабыстырған екенсіңдер!

 

-Қандай мерекені атап өттік?

-Еліміздің Президенті кім?

-Ендеше елімізді көркейтіп, Қазақстанымызды әлемге танытып отырған, біздің бақытты балалық шағымыз үшін Елбасына не айтуымыз керек?

-Дұрыс айтасыңдар!

-Егеменді Қазақстанның болашағы да, келешегі де-сендерсіңдер. Сол себепті, Қазақстан байрағын биік ұстаңдар. Алдағы келе жатқан Тұңғыш Президент күні құтты болсын дей отырып

ұйымдастырылған тақырыптық оқу қызметімізді аяқтаймыз. Бәріңде өте жақсы қатысып отырдыңдар!

 

 

 

 

Білеміз,көрдік

 

Жұмыс жасауға кіріседі.

 

 

 

-Президент күнін

-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

 

 

 

-Рахмет!

 

 

 

 

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: Президент күнін;

Қандай түсініктерді игерді: Мақал-мәтел, жыр-шумақтарды;

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:Суреттер бойынша әңгімелеуді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Целиноград ауданы білім бөлімінің

«Әсем-Ай» Экологиялық балабақшасы

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұйымдастырылған тақырыпты оқу қызметі

«Менің алғашқы президентім»

«Гүлдер» ересектер тобы

 

 

 

 

 

 

 

Тәрбиеші: Г.М.Акниязова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2018 — 2019 оқу жылы