§ 4,1 . МКТ негізгі қағидалары және оның тәжірибелік дәлелдемелері

 

Күні:

Сыныбы: 10a

Пәні:физика

Сабақтың аты § 4,1 . МКТ негізгі қағидалары және оның тәжірибелік дәлелдемелері
Сілтеме Жоспар
Жалпы мақсаты Ø  МКТ негізгі қағидалары және оның тәжірибелік дәлелдемелері жайлы мағлұмат беру

Ø  МКТ негізгі қағидалары және оның тәжірибелік дәлелдемелерінің формулаларын есептер шығаруда  қолдана білуге үйрету

Ø  Бірін-бірі   бағалай  білуге   баулу

Күтілетін нәтиже Ø  МКТ негізгі қағидалары және оның тәжірибелік дәлелдемелері жайлы мағлұмат алады

Ø  МКТ негізгі қағидалары және оның тәжірибелік дәлелдемелерінің формулаларын есептер шығаруда  қолдана білуге үйренеді

Ø  Бірін-бірі    бағалай  алатын болады

Негізгі  идеялар 1. 1. Барлық денелер микро бөлшектерден тұрады.

2. 2. Денедегі микробөлшектр үздіксіз және хаосты қозғалады.

3. 3. Денедегі микробөлшектер бір-бірімен өазара әсерлеседі.

МКТ негізгі қағидаларын дәлелдейтін тәжірибелік деректерді келтірейік:

1.         Заттардың бөлінгіштігі. Осы кезде заттың физикалық  және химиялық қасиеттері өзгеріссіз қалады.

2.         Газдардың сығылғыштығы. Бұл дене молекулаларының арасында үлкен қашықтықтардың болатынын көрсетеді.

3.         Газдың кез келген көлемді алатыны. Бұл дерек  молекулалардың қозғалыста болатынын, сонымен қатар олардың арасындағы қашықтардың өзгеріп отыратынын білдіреді.

4.         Еселік қатынастар заңы. Бұл заң бойынша кез келген химиялық қосылыстар пайда болғанда реакцияға түсеьін заттардың  массалары өзара қатынаста болады. Бұл денелердің атомдардан тұратынын көрсетеді.

5.         Газдың өзі тұрған ыдыстың қабырғасына қысым түсіруі. Бұл молекулалардың қозғалыста болатынын көрсетеді.

6.         Диффузия – бір заттың молекулаларының екінші заттың молекулааралық кеңістікке еніп кетуі.

7.         Молекулаларды электрондық мкроскопта немесе иондық  проекторда бақылау.

8.         Болат цилиндрге құйылған майды қатты қысқанда май цилиндрдің сыртына тамшылап шағып, ал цилиндрдің өзі болса бүтін күйінде қала берген. Бұл молекулалардың арасында кеңістіктердің барлығын, яғни дененің тұтас болмайтынын көрсетеді.

9.         Беттері әдейілеп тегістеліп, бір-бірімен түйістірілген екі қорғасын цилиндрдің бір-біріне жабыса қалуы. Бұл жағдайда екі цилиндр біртұтас тәрізді көрінеді. Егер цилиндрді бекітіп қойып, екінші цилиндрге жүк ілетін болсақ, онда цилиндр бір-бірінен ажырамайды.

10.     Денелердің беріктігі денедегі микробөлшектердің өзара тартылатынын білдіреді.

11.     Денелердің серпімді деформациялық қасиеттері де дененің микробөлшектерінің арасында өзара әрекеттесу күштерінің бар екендігін көрсетеді.

Броундық қозғалыс дегеніміз – сұйықта немесе газда қалқып жүрген қандай да бір қатты заттың өте ұсақ бөлшектерінің сұйық немесе газ молекулаларының соққыларының әрекетінен бейберекет қозғалуы

 

Тапсырмалар

 

Топтық жұмыс
Жұптық жұмыс
Жеке жұмыс «Блум таксономиясы»

Сабақ бойынша мұғалімнің  жазбалары:  (мұғалім және оқушы  немен айналысады)

І.Ұйымдастыру (2 минут)

  • Сәлемдесу
  • Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу
  • Түгелдеу

1.2. Топқа бөлу (1,2,3 сандарына байланысты 3 топқа бөлінеді)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (5  минут)

  1. Маңдайлық кедергі қалай пайда болады?
  2. Қандай күшті көтергіш күш деп атайды?
  3. Магнус эффектісі деген не?

ІІІ. Талқылау үшін сұрақтар беріледі (4 минут)

  1. 1.  МКТ теорияның негізгі қағидалары.
  2. Қандай мысалдар молекулалардың бар екенін дәлелдейді?
  3. Денедегі молекулалардың үздіксіз, хаосты қозғалыста болатынын дәлелдеңдер.
  4. Броундық қозғалыс дегеніміз не?
  5. Диффузия дегеніміз не?

ІҮ. Топтық жұмыс (15 минут)

Сіздің тобыңызда 5  рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт  сақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:

Берілген тапсырманы   топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы  жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.

Бақылаушының  бағалау парағы

Бағалау өлшемдері Көш

басшы

Хатшы Баяндамашы Уақыт сақшысы
1 Есептің шешуіне  үлес қосу        
2 Міндетін атқару        
3 Топтық жұмысқа атсалысуы        

Ү. Жұптық жұмыс  «Пилот — Штурман» (5 минут)

(Штурман – басқарушы, пилот – орындаушы)

Берілген суреттерді түсіндіреді

 

 

 

 

 

 

 

Жұптың пікірлерін тыңдау,барлық айтылған ой-пікірлерді бағалаудың мақсатына сәйкестендіру

VІ. Жеке жұмыс «Блум таксономиясы» (11 минут)

 

1 Білу МКТ    дегеніміз не?  

 

2 Түсіну Микробөлшектердің массасының формуласын жаз?  

 

 

3 Қолдану МКТ-ны не үшін  қолданамыз?  

 

4 Талдау Макробөлшектер мен микробөлшектерді салыстыр?  

 

5 Жинақтау Микробөлшектердің қозғалысын түсіндір?  
6 Бағалау МКТ-ның біз үшін маңызы қаншалықты?  

 

 

 

Жасаған жұмыстарын 2 жұлдыз, 1 ұсыныспен бағалау.

ҮІ.  Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ.) (3 минут)

Кейінгі тапсырмалар §4,1
Кейінгі оқу § 4.1. МКТ негізгі қағидалары және оның тәжірибелік дәлелдемелері