Түсініктеме хат

 

Түсініктеме хат

 

Бұл құрал  1 сынып бойынша үйірме жұмысына арналған. Оқу жылында барлығы – 33 сағат берілген. Үйірме сабағы аптасына бір рет өткізіледі.

1 сыныпта оқушылар табиғат құбылыстары, оның әр түрлі обьектілері- өлі және тірі табиғат жайында танысады.

Бұл бағдарлама оқулықтағы тарауларға сүйеніп құрылған және оқушының тереңірек білім алуын көздейді. Бұл үйірме жұмысы пәндік бағдарламаның құрамын толықтырып, құрылымын пысықтап, мазмұнды білім игеруін жандандырып, дүниетанымын кеңейтеді.   Үйірмеде жоспарында: табиғат, табиғат құбылыстары, жыл мезгілдері, жан-жануарлар,  адам және адамның сезім мүшелері,  отбасы, көлік түрлері,  өсімдік  атаулары т.б. тақырыптар  қамтылған.

Берілген материалдар оқушылардың жас ерекшеліктерін, қабілеттерін, ескере отырып, танымдық қызығушылығын ынталандыру арқылы дамытуға, оқуға деген көзқарастарын қалыптастыру көзделеді.. Оқушылардың ойлау қабілетін арттыруға арналған шығармашылық және  талдау-жинақтауға арналған құзыреттілік тапсырмаларымен ерекшеленеді. Бұл тапсырмалар өздігінен білім алуына бағытталған, үйірме жұмысында  қосымша материал ретінде қолдануға болады. Үйірме жұмысында оқушылар шығармашыл тапсырмалар арқылы өз ойын, пікірін кеңітіп, әр нәрсені танып — біліп қана қоймай, олардың ерекшелігін, келесі затпен байланысын оның себебін білуге үйренеді.

 

Үйірменің  мақсаты мен міндеттері

Мақсаты: оқушылардың дүниеге біртұтас көзқарасын қалыптастыру және ондағы адамның орнын түсінуге көмектесу; тақырыптар мазмұнын табиғатқа жүргізілетін бақылаудың нәтижесінде дамыту; оқушылардың байқағыштығы мен іздемпаздығын арттыру,

Міндеттері:

  • табиғат обьектілері мен құбылыстарының алуан түрлілігі, олардың қасиеттері туралы түсінік қалыптастыру;
  • оқушылар еңбекті бағалауға, еңбек адамдарын құрметтеуге үйрету;
  • өз өлкесінің табиғатын бақылауға дағдыландыру;

Ақпараттық құзыреттілік  айналаны танып біліп  білімді меңгеруде ақпараттық технологияны пайдалана алу.

Коммуникативтік құзыреттілік : нақты өмірлік жағдаяттарда  ауызша және жазбаша түрлі коммуникативтік құралдарды қолдану;

-қарым –қатынас орнату,

өзінің көзқарасын  дәлелдеп жеткізу,

өз  еңбегінің нәтижесін бағалау.

-өзіндік тұжырым жасау, өзіндік бағалауға, өз әрекетін бағалау.

-өз әрекетіне мақсат қоя білу, оны жүзеге асыру, жоспарлау, ұйымдастыру.

 

Үйірме мазмұны әңгімелесу, сахналау, пікір-талас, конференция әдіс-тәсілдері жүзеге асырылады.

Үйірме жұмысының негіздері: балалардың бойында экологиялық сауаттылықтың негізін қалыптастыру. Бала қоршаған ортада өзінің орнын білу және тікелей үздіксіз байланысты түсіну.

 

Күтілетін нәтиже: дүниені танып білудің әдіс-тәсілдері, тәжірибе жасау,  табиғатты бақылау, топсеруен құру, өз бетінше жаңа білімді ұғынуға, табуға үйренеді, білімдерін қорытындылауға, талдауға, бақылауға жетелейді.

 

 

 

Пәнаралық байланыс

Үйірме жұмысында  пәнаралық байланыстар келесі пәндермен жүзеге асады:

«Ана тілімен»

  • ана тілі арқылы сөздік қорын байыту;
  • ойын айтып, мазмұндау,

«Бейнелеу пәнімен»

  • оқушының ой-қиялын дамыту;

—   қыл қаламмен табиғатты бейнелеп жеткізу;

 

 

Үйірме жоспарының мазмұны

33 сағат (аптасына 1 сағат)

 «Айналадағы дүние» (2 сағ)

Табиғаттағы өлі және тірі денелерін бақылау, табиғат құбылыстарын халық болжауларына сүйеніп бақылау жасауға үйрену,табиғаттың адамға берер сыйы туралы дәлелдету,

«Жеке бас гигиенасы»- (2 сағат)

Адамның сезім мүшелерінің маңызы, күтімі, күн тәртібін сақтау арқылы ереже құрастыру. Сахналық қойылым көру

«Денсаулық және қауіпсіздік»-( 1 сағат ) денсаулыққа қауіпті заттарды мысалға келтіре отырып  зияндылығын дәлелдеу.

« Жыл мезгілдері» — (1 сағат)

Әрбір жыл мезгілінде болатын өзгерістерді аңғартып, оның себебін түсінуге жетелеу арқылы оларды бақылауға, салыстыруға, нәтижесін қорытуға дағдыландыру

«Тамшының жыл мезгіліндегі саяхаты» (1сағ)

Ауа мен судың табиғаттағы ,адам  өміріндегі маңызы.Жыл мезгіліне байланысты өлі және тірі табиғат өзгерістерін бақылау, ауаның қозғалысы,жауын –шашын,

 «Күн ,су, ауа –адамның досы»- 1сағ

 Күн мен су, ауаның адамға тигізер пайдасын білу және дәлелдей білуге  үйрену,

«Табиғат сыры» -(1сағат)

Табиғат құбылыстары , жыл мезгілдері  туралы жұмбақтар мен викториналық сұрақтар.

 «Өсімдіктердің пайдасы» (2сағ)

Өсімдіктердің сан алуан түрлілігін ұғындыру,Өсімдік мүшелері мен қызметін білу. Адамның өсімдіктер әлеміне әсерін  түсіну.

«Дәрілік өсімдіктер»—( 1сағ) Дәрігермен кездесу дәрілік шөптердің қасиетін ұғындару.

 «Жануарлар әлемі» (2сағ)

Жануарлар  тобын меңгерту, айырмашылықтрын білу,мұражайларға саяхат жасау арқылы оқушылардың дүниетанымын кеңейту.

«Ойын «Бізді туған  жерімізге қайтарыңдар»-(1 сағ) Әр түрлі жануарлардың  мекендейтін жерлерін табу жарыс.

«Не? Қайда? Қашан?» (1сағ)

Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру

«Қыс қызығы»   (1 сағ)

Қыс мезгіліндегі өзгерістерді бақылау,

«Қысқы орманға саяхат» — 1 (сағ) Қыс мезгіліндегі  өсімдіктер мен жануарлар  тіршілігі жайлы  білімдерін кеңейту , бақылау

«Сен білесің бе?» (1 сағ) Су астындағы тіршілік иесі туралы видео фильм көрсету арқылы оқушы қызығушылығын арттыру,

« Су қауіпсіздігін білеміз бе?» қауіпсіздік ережесін сақтау.

«Табиғат жанашыры»-(1 сағ ) Эколог, тілшілермен кездесу, табиғатты қорғауға үйрету

    «Туған жер тарихын білу парыз» -(1сағ) Тарихшылармен кездесу ұйымдастыру

«Табиғат әлемі балалар көзімен»  -(1 сағ) кітап көрмесін ұйымдастыру

«Жас бағбан»- 1(сағ)- Өсімдік  тұқымын өсіріп, баптауға үйренеді

«Таза болса табиғат,аман болар адамзат»- (1сағ) экологиялық тәрбие беру көзделеді.

«Шығармашылық тапсырма» (1сағ)

Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру

 «Туған ел, Отан»-( 2сағ)

Тәуелсіз Отанымыз жайында жан-жақты мәлімет алу, өз елінің табиғат байлығы  жайлы тереңірек білу,

 «Отбасылық береке» (2сағ)

Қонақжайлылық, сыйластық , отбасындағы береке. Әдептілік, сыйластық туралы мақал-мәтелдер жаттау

«Ауыл мен қала» (2сағ)

Ауыл мен қала өмірі, ондағы еңбек жайлы білу

«Мен жүргізушімін »-(1сағ) Көлік түрлеріне тоқталу, жол ережісін білу, қауіпсіздік ережесін сақтау

Жылдық қайталау (1сағ)

 

Оқушыларға қойылатын талаптар:

Нені білу керек:

«Адам» блогы бойынша:

  • адамның тірі ағза ретіндегі ерекшелігін,
  • сезім мүшелерімен олардың маңызын білу,
  • гигиенасын білу,
  • «Табиғат» блогы бойынша:
  • табиғат денелері мен заттарының көп түрлілігін,
  • ауаның, судың табиғат пен адамның шаруашылық қызметіндегі маңызы туралы,
  • табиғат құбылыстарын бақылауға үйрену,
  • өсімдіктердің тіршілік ортасына бейімделуін,
  • жануарлардың тіршілігіне қажетті жағдайларды , олардың тіршілік ортасына бейімделуін,
  • «Қоғам» блогы бойынша
  • мемлекеттік рәміздер туралы білу,
  • әлемдік қоғамдастықтағы Қазақстанның рөлі туралы білу;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Айналаны танып біл» атты 1 сыныпқа арналған үйірме жұмысының жылдық жоспары (33 сағат)

Сабақтың тақырыбы Сағаты мерзімі ескерту
І тоқсан-9сағат
1  Айналаны танып біл

Тірі және өлі табиғат

1    
2 Табиғат құбылыстары 1    
3 «Жеке бас гигиенасы»

Адамның сезім мүшелері

1    
4 Күн тәртібі 1    
5 Денсаулық және қауіпсіздік 1    
6 Жыл мезгілдері 1    
7 Тамшының жыл мезгіліндегі саяхаты 1    
8 Күн ,су, ауа –адамның досы 1    
9 Табиғат сыры 1    
ІІ тоқсан -7 сағат
1 Өсімдік мүшелері мен қызметі 1    
2 Адамның өсімдіктер әлеміне әсері 1    
3 Дәрілік өсімдіктер 1    
4 Жануарлар  тобы 1    
5 Зообаққа саяхат 1    
6 Бізді туған  жерімізге қайтарыңдар 1    
7  «Не? Қайда? Қашан?» 1    
ІІІ тоқсан- 9сағат
1 Қыс қызығы 1    
2 Қысқы орманға саяхат 1    
3 Сен білесің бе? 1    
4 Табиғат жанашыры 1    
5 Туған жер тарихын білу парыз      
6 Табиғат әлемі балалар көзімен 1    
7 Жас бағбан 1    
8 Таза болса табиғат,аман болар адамзат 1    
9 Шығармашылық тапсырма 1    
ІҮ тоқсан -8 сағат
1 Туған ел, Отан 1    
2 Өз елімнің табиғат байлығы 1    
3 Отбасы .Сыйластық , отбасындағы береке 1    
4 Әдептілікке байланысты мақал- мәтел 1    
5 Ауылым –алтын бесігім 1    
6 Менің сүйікті қалам. 1    
7 Мен жүргізушімін 1    
8 Жылдық қайталау 1    
                            Қорытынды сағат саны: 33 сағат

 

Пайдаланған әдебиеттер:

 

  1. Табиғаттануды оқыту әдістемесі Алматы «Рауан »1998ж
  2. Бағдарламалар дүниетану            Алматы 2003
  3. Айналаны қоршаған орта .Экология дидактикалық материал Алматыкітап 2002

4.Жүнісова К.Ж, Айтмағамбетова Қ.А, Бірмағамбетов Ә.Б. Алматы 2003 ж

  1. Жалпы орта білім беретін мектептің 1-4 –сыныптарына арналған

дүниетану     бағдарламасы.

  1. Г.Танкиева «Қоршаған ортаны қорғау-әркімнің парызы».

7.«Табиғат тағдыры-адам тағдыры» Қазақстан мектебі №13.1992.

  1. Дүниетану әдістемесі. Алматыкітап 2011 .

9..Кругликова С.В. Атлас –хрестоматия. Дүниетану 1-4 сынып.

  1. Мен және қоршаған әлем.

11.Н.Т. Есеналина «Бастауыш мектептегі экологиялық тәрбие» 2008.

12.Сен білесің бе? «Қазақстан қорықтары»

13.Бәтібаева С.Ғ. «Табиғат – адамзаттың өмір нәрі» 2007.