Калашников автоматтың (пулеметінің) және патронның атқаратын қызметі, бөлшектері мен механизмдерінің құрылысы.

 

 

«М.Әуезов атындағы орта мектебі» КММ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ашық сабақ

 

Калашников автоматтың (пулеметінің) және патронның атқаратын қызметі,

бөлшектері мен механизмдерінің құрылысы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алғашқы әскері дайындық пәнінің

оқытушы ұйымдастырушысы: Ж.Қабдолданов

 

 

 

 

 

 

 

 

Зайсан қаласы

2018 жыл

 

 

 

Мектеп:  «М.Әуезов атындағы орта мектебі»  КММ

Мұғалім: Қабдолданов Жасұлан Айтқабылұлы

Пән:АӘД

Сынып: 10 «а»

Мақсаты: АӘД пәнінен жаңа әдіс тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың қызығушылығын арттыру.

Өткізілген күні:06.12.2018 жыл

 
Тақырыбы: Калашников автоматы және қол пулеметінің атқаратын қызметі, жалпы құрылысы және жұмыс істеу тәртібі
Сілтеме Орта мерзімді жоспар, оқулықтан алынған материал
Дереккөздер АӘД оқулығы; мұғалімдерге арналған нұсқаулық үшінші деңгей
Жалпы мақсаты Оқушыларға тарихты ұластыра отырып автомат пен пулеметтің шығу тарихы, арналу мақсаты және ұрыстық қасиеттерін ұғындыру
Оқушылар үшін оқу нәтижелері және күтілетін нәтиже Калашников автоматының шығу тарихы мен жалпы құрылысын біледі, сабақ барысында басқа да қару түрлерімен салыстыра алады және тесттер құрастыра алады.
Сабақта туындаған түйінді (негізгі) идеялар

 

— Калашников автоматын құрастырған конструктор М.Т.Калашников.

— Автоматтың негізгі бөліктері мен механизмдері қарапайым және

әлем бойынша кең тараған қару түрі.

Қолданылған ресурс және көрнекілік АӘД оқулығы, АК-74 — 2 дана оқу автоматы, экранды тақта (слайдтар, видеолар), 2 плакат қағаз А-3 форматтағы, фломастерлер, бағалау парақтары, үлестірмелі тапсырмалар
Сабақ барысы
Кезеңдері

Әдіс-тәсілдер

 

Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Бағалау
Ұйымдастыру                    (3 мин)

Ынтымақтастық атмосферасын орнату

 

Оқушылармен амандасу, түгендеу, назарын сабаққа аудару. Бағалау парақтары таратылады

 

Кезекші оқытушыға рапорт беріп, оқушылар сәлемдесуды орындап, 3 бөлімшеге бөлініп отырады, сабаққа дайындалады. Бағалау парақтарын талдау арқылы критерийлер-мен және бүгінгі сабақтың бөлімдерімен танысады.
Үй жұмысын тексеру (3 минут)

 

 

 

 

 

 

 

«Жанды хат» (7минут)

 

 

 

 

 

 

 

Миға шабуыл, Жаңа тақырыпты ашу

(5 минут)

    Жұппен экранды тақтадан үй тапсырмасын тексеру

Әр жұпқа тапсырма беру

 

 

 

 

Әр топ конверт бойынша сұрақтарға ауызша жауап береді.Сұрақтарды өткен тақырыптар бойынша үлгерімі жоғары оқушылар дайындап әкеледі

 

 

 

Сұрақтар қою рқылы жаңа тақырыптың аты мен мақсатын анықтау:

 

Оқушылар жұппен дәптерлерімен ауысып, тақтадан үй жұмысын тексереді.

 

Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы өткен тақырыптарды еске түсіреді . Конверттегі әр сұраққа топтың мүшелері  жауап береді

 

Оқушылар топпен сұраққа жауап береді, қорғайды. сабақтың мақсатын айқындайды.

Бағалау кестесі арқылы әр бөлімше командирі  өз топ оқушысын өзі бағалайды.
Жаңа тақырыпты түсіндіру (10 минут)

 

 

АКТ-ны қолдану

 

 

 

 

 

 

2. «Кубизм» стратегиясы (5минут)

 

 

 

 

Сабақты қорытындылау          (2 минут)

 

Мұғалім оқу автоматтык көрсете отырып, бөліктерімен оның жұмыс істеу принциптерімен таныстырады,  түсіндіреді.

 

Мұғалім бейне баян арқылы оқушыларға әлем бойынша 1дыққа кіретін автоматты виновкалармен таныстырады, автомат жайлы қызықты деректермен таныстырады

 

Оқулықпен жұмыс

жаттығу жұмыстарын орындау арқылы өз білімдерін бағдаршам сигналдары арқылы алған білімдерін бекітеді.

 

Әр топтан ортаға оқушылар шақырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңа тақырыпты түсініп, автомат жұмысын өздері қорытады.

 

Оқушылар түсіндірген ақпарат бойынша тақырыпты түсінуді өздігінен жалғастырады

 

 

Оқушылар кітаппен жұмыс істей отырып, жаңа тақырыпты пысықтайды.

 

 

Оқушылар жұмыс дәптерімен жұмыс істейді.

Оқушылар кезекпен кубик лақтырады және сәйкес түскен сан арқылы тапсырма орындайды.

Бағалау кестесі арқылы әр бөлімше командирі  өз топ оқушысын өзі бағалайды.
Үйге тапсырма

(үй жұмысы 2 минут)

«Калашников автоматының жаңа модельдері» — қосымша материалдар жинап келу Күнделікке үй тапсырма жазады  
Рефлексия ( 3 мин)     — Бүгінгі өткен сабақ сіздерге ұнадыма?

— Алдағы уақытта сіздер осы тақырып  жөнінде толығырақ зерттеп білгілерің келе ме ?

Оқушылар кезекпен сабақтан алған әсерлері мен ойларын қорытады. Кері байланыс

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аты — жөні Үй тапсырмасын орындауы Сұрақтар қоя білуі Сұрақтарға жауап беруі Тәртібі, сабаққа зейіні Белсенділігі
1            
2            
3            
4            
5            
6            
7            
8            
9            
10            
11            

 

Миға шабуыл:

  1. Қалай ойлайсыздар қару қашан пайда болды?
  2. Қару алдында не үшін пайда боды?
  3. Алғашқы қарудың түрі қандай?
  4. Неліктен ол қару деп аталды қалай ойлайсыздар?
  5. Орта ғасырда біздің ата бабаларымыз қандай қарудың түрлерімен қаруланды.
  6. Осы қарудың түрлерін қандай қару деп айтамыз?(суық қару.).
  7. Суық қарудан басқа қандай қарудың түрі бар? (отты ату қаруы).
  8. Осы отты қарудың шығуына нені ойлап тапқаннан бастап пайда болды?
  9. Қандай отты қарудың түрлерін сіздер білесіздер?
  10. Ұлы Отан соғысы кезінде майданда Кеңес Одағы әскерлерінің қолында қандай қару түрлері қолданыста болды?
  11. Қалай ойлайсыздар Калашников автоматы Ұлы Отан соғысында қолданыста болды ма?
  12. Қандай автомат әлемде ең әйгілі авомат болып саналады?

Қызықты мәліметтер:

  1. Калашников автоматын ойлап тапқаны үшін 1947 жылы Михаил Калашников I дәрежелі Сталин сыйлығымен және «Қызыл Жұлдыз» орденімен марапатталды. Сыйлық 150 мың рубльді құрады. Бұл ақшаға сол кезде шамамен 10 көлік сатып алуға болатын.
  2. 1947 жылы арнайы комиссия автоматты қабылдап, оған АК-47 («Автомат Калашникова-47») деген ресми ат береді. Бірақ қалың көпшіліктің арасында «Калаш» деп аталып кетті.
  3. Кеңес Одағы кезінде Калашников автоматын шашып жинауға алғашқы әскери дайындықта алған білім жеткілікті болған.
  4. Қарапайым үлгіде жасалғандықтан автомат өте қымбат емес. Тіпті кейбір мемлекеттерде тауықтан да арзан тұрады екен.
  5. Foreign Policy журналының бағалауынша Калаш автоматы Үндістанда 4 мың доллар, ал АҚШ-та 70-350 долларды құрайды.
  6. Калашников автоматы әлемдегі ең көп таралған автомат ретінде Гиннес рекордтар кітабына енген. Қазіргі таңда дүние жүзінде 100 миллионға жуық Калашников автоматы бар.
  7. Африканың кейбір елдерінде жаңа туылған сәбиге Калаш деп ат қояды екен. Калашников автоматының құрметіне.
  8. Калашников автоматын шығаратын Ижевск қаласының тумасы, Ресей боскетболисті Андрей Киреленко  АК-47 деген атқа ие болды. «Юту Джаз» құрамасында 47 нөмірде өнер көрсеткені үшін.
  9. Египетте, Синай аралдарының жағалауында арнайы Калашников автоматына ескерткіш орнатылған. Ал Иракта АК -47 автоматының үлгісінде салынған  дүкендер бар.
  10. 2008 жылы Ресей Федерациясының банктері Калашников автоматының суреті бейнеленген тиындар шығарды.