Білім беру үрдісінде қолданыс тапқан жаңа педагогикалық технологиялар
Білім беру үрдісінде қолданыс тапқан жаңа педагогикалық технологиялар
- Білім беруді ізгілендіру технологиясы
(Ш.А.Амонашвили бойынша)
Мақсаты:
-баланың жек қасиетін аша отырып, азамат етіп тәрбиелеу
-баланың жаны мен жүрегіне жылылық ұялату, танымдық күшін қалыптастыру және дамыту, білімін кеңейтуге, тереңдетуге жағдай жасау;
Ерекшеліктері:
-ынтымақтастық педагогикасы тұжырымдалады;
-бала психикасы дамуға, есеюге және еркіндікке құштарлығын қалыптастыру
-әсемдікті, әдемілікті сезіну, қабылдау
-рухани жетілдіру
-ізгілікті, жеке қарым-қатынас жаса
-ата-анамен бірлесіп жұмыс жасау
-оқыту мен тәрбиелеудің бірлігі
- Тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы
(В.Ф.Шаталов)
Мақсаты:
-білім,білік, дағдыны қалыптастыру
-жеке ерекшеліктерін ескере отырып, барлық балаларды оқыту, жеделдете оқыту
Технологияның мазмұндық ерекшелігі
Материалдар ірілендіріп беріледі, блоктық түрде беріледі, оқу материалын тірек-сызбалары, конспекті арқылы берілетін ақпаратты, ойды айқын бейнелейтін тірек конспектісі
Технологияның принципі
-Үздіксіз қайталау, кезеңдік бақылау, ірі блоктар бойынша оқылып, тірек сигналдарын пайдалану, әрекет негізіне бағыттау
-жекелей әрекет жасау, ізгіліктік
-күш түсірмей оқыту
-түзету, жетістікке жетелеу, болашағын ашу, өсуге ұмтылдыру