«Ойындар қаласына саяхат».

Топ: Мектеп алды даярлық топ «Меруерт».

Білім беру саласы: денсаулық, әлеумет, коммуникация.

Ұйымдастырылған оқу қызметі: дене шынықтыру.

Тақырып: «Ойындар қаласына саяхат».

Мақсаты: Дене шынықтыру сабағында физикалық жаттығуларға қызығушылықтары мен қажеттіліктерін қалыптастыру.

Міндеті:

  1. Балалардың зейінін, кеңістікте бағыт таба білуін дамыту, бірлескен ойындарда әрекет жасауды үйрету.
  2. Ойын жаттығулары арқылы қимыл-қозғалыс дағдыларын жетілдіру және балалардың дене қасиеттерін қалыптастыру: ептілік, тепе-теңдікті сақтау, шапшаңдық, көз мөлшерін, икемділік.
  3. Ұлттық ойындар арқылы отан сүйгіштікке тәрбиелеу.

Құрал жабдықтар: шығыршық, асық, ат, экран, проектр, арқан, ою, дидактикалық материал, ұлттық әуен.

 

Дене шынықтыру нұсқаушысы қызығушылықпен «Меруерт» тобының балаларымен ұйымдастыру оқу қызметін бақылайды.

 

Тәрбиеші слайд көрсетеді (қазақ ұлттық ойындар) балалармен бірге әңгімелеседі, қазақ ұлттық ойындарын  еске түсіреді.

 

Дене шынықтыру нұсқаушысы: Жарайсыңдар, мен сендер үшін қуаныштымын. Ал енді ойындар қаласына аттанайық.

 

Балалар дене шынықтыру нұсқаушысымен спорт залына мақал-мәтелдерді айтып барады.

Денсаулық зор байлық.

Шынықсаң шымыр боласын.

Тәні саудың жаны сау.

Дені саудың жаны сау.

Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар.

 

Ұйымдастырылған оқу қызметі

1Мотивациялық қозғаушылық

 

Алдар балаларды спорт залдың алдында қарсы алады.

Алдар көсе: Сәлеметсіңдер ме балалар, сендер көңілді достар боп қай жерге бара жатырсыңдар.

Дене шынықтыру нұсқаушысы балалармен бірге: Біз ойындар қаласына бара жатырмыз.

Алдар көсе: Сендер көп ойындарды білесіңдер ме?

Балалар: Иә.

Алдар көсе: Балалар, сендер ұлттық ойындарды да білесіңдер ме?

Балалар: Иә.

Алдар көсе: Жақсы  менің қолымда сиқырлы сандар бар ( сиқырлы сандардың ішінен 7 санын алып, балаларға 7 ұлттық ойындарды атауға ұсынады).

Балалар атайды.

Алдар көсе: Жарайсыңдар! Нағыз батыр қандай болу керек?

Балалар: Батырдың бойындағы қасиеттерін атайды (күшті, жылдам, батыл, мерген, мейірімді, тапқыр, епті) болу керек.

Алдар көсе: Жарадыңдар, бұл сұраққа да жауап бердіңдер. Сендерді бір тосын сый тосып тұр (дене шынықтыру нұсқаушысына сандық суреті бар карточканы береді). Ал енді мен сендермен қоштасамын (қоштасып кетеді).

Балалар Алдар көсемен қоштасады.

Дене шынықтыру нұсқаушысы балалармен бірге карточканы қарап, әрі қарай жолды жалғастырады.

Дене шынықтыру нұсқаушысы балалармен бірге спорт залына кіреді.

Дене шынықтыру залының ортасында сандық тұр.

Экранда «Жайлауда тұрған сандық» слайд.

Балалар сандыққа жүгіріп келеді.

Дене шынықтыру нұсқаушысы балаларды шеңберге тұрғызады.

Дене шынықтыру нұсқаушысы: Еее, міне бізге Алдар көсе сандық қалдырып кеткен екен ғой. Сандықты ашайын десе құлып тұр, ал құлыптың үстінде конверт тұр. Нұсқаушы конвертті ашады…

Экранда «Есеп» көрсетіледі.

Дене шынықтыру нұсқаушысы: Балаларға есеп шығаруды ұсынады.

Сандық ашылады оның ішінде ойынға және ұйымдастырылған оқу қызметіне арналған атрибуттар болады.

Экранда атрибуттар көрсетіледі (асық, теңге, ою, арқан, ат, шыңырақ, шығыршық).

2Ұйымдастырушылық- ізденістік

Дене шынықтыру нұсқаушысы: Балалар жолымызды жалғастырамыз.

Жүру

Аяқтың ұшымен, қолды жоғары көтеріп жүру.

Өкшемен жүру, қолмен өзіңді құшақта.

Оң және сол жақ бүйірмен секіріп жүру, екі қол белде.

Тізені жоғары көтеріп жүру, екі қол жоғарыда.

Жай жүгіру, жүруге алмастыру.

Тыныс алу жаттығуын орындау. Балалар қалаған жеріне тұрады.

Дене шынықтыру нұсқаушысы: Балалар, міне біз ойындар қаласына келіп жеттік. Бұл жер өте кең және жайлы екен. Сендер осы жерде ойындар ойнап, көңіл көтеруге келісесіңдер ме?

Балалар: Иә.

Жалпы дамытушы жаттығулары «Қара жорға» биі.

Негізгі қимылдар.

Экранда «Бәйге» ойыны

  1. «Бәйге+ асық».

Экранда «Тауық күресі» ойыны

  1. «Тауық күресі».

Экранда «Теңге алу» ойыны

  1. «Теңге алу».

Экранда «Арқан тарту» ойыны

  1. «Арқан тарту».

Экранда «Шаңырақ» ойыны

  1. «Шаңырақ».

Экранда «Ою»

  1. «Ою».

Дене шынықтыру нұсқаушысы: балалар тамаша, ойындардың ойналу ережесін барлығың да  біледі екенсіндер. Онда менің тағы сұрақтарыма жауа беріндерші.

Балалар: Иә.

Дене шынықтыру нұсқаушысы: 7 санына байланысты не білесіндер? Қандай ұлттық ойындар ойнадық?

Балалар: балалар сұраққа жауап береді.

Дене шынықтыру нұсқаушысы: Жарайсыңдар!

Балалар топпен музыка ырғағымен ұйымдаса шығады.