3-тoқсан бoйыншa жиынтық бaғaлaуға aрнaлған тапсырмалар

А бөлімі

 Бөлім/ ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

Бөлім атауы «Тарихи тұлғaлaр тaғылымы», «Қызым – жағадағы құндызым, ұлым – aспандағы жұлдызым»

3-тoқсан бoйыншa жиынтық бaғaлaуға aрнaлған тапсырмалар

Бөлім «Тарихи тұлғaлaр тaғылымы», «Қызым – жағадағы құндызым, ұлым – aспандағы жұлдызым»

Оқу мақсаты

8.1.2.1 — тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, детальді ақпараттарды анықтау;

8.2.5.1 — пікірталасқа  қатысушылар берілген тақырып бойынша  өз пікірлерін сенімді дәлелдеу және қойылған сұрақтарға еркін жауап беру;

 

Бағалау критерийі

Білім алушы

Мәтін мазмұны негізінде детальді ақпараттарды анықтайды

Тақырып бойынша өз пікірлерін дәлелдейді және сұрақтарға еркін жауап береді.

 

Ойлау дағдыларының  деңгейі                              Қолдану

Орындау уақыты                                                    15-20 минут

 

Тапсырма

  1. Мәтінді мұқият тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

Момышұлы Бауыржан – екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы. 1941 ж. Ұлы Отан соғысы басталысымен, Бауыржан даңқты генерал-майор И.В.Панфиловтың басшылығымен Алматыда жаңадан жасақталған 316 атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанады, батальон, полк командирі қызметтерін атқарады. Соғыстың соңғы жылдарында гвардиялық дивизияны басқарады.
1941 жылғы күзгі, қысқы кескілескен шайқастар кезінде өз батальонын 27 рет шабуылға бастап шықты. 5 рет қоршауды бұзып, негізгі жауынгерлік құрамымен аман-есен дивизиясына қосылды. Оның қолбасшы, терең ойлай білетін әскери маман ретіндегі таланты соғыста полк, дивизия басқарған жылдары кеңінен ашылды.
Оның атақ, даңқы, батырлығы А.Бектің «Волоколамск тас жолы» атты кітабында суреттелді. 1956 жылы полковник атағымен отставкаға шыққан Бауыржан біржола шығармашылық жұмыспен айналысады. Оның қаламынан туған, өмір шындығын арқау еткен тамаша романы мен әңгіме, повестері қалың оқушының іздеп оқитын шығармаларына айналады. Бауыржан бірнеше орден, медальдармен наградталады, Кеңестер Одағының батыры атағын алады. Ел тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың жарлығымен оған «Халық қаһарманы» деген атақ берілді.

(http://bankreferatov.kz/tarihi-tulgalar/1331-bauirzhan-momishli.html)

  1. Мәтіннің мазмұны негізінде тақырып қойыңыз.

_______________________________________

 

  1. Мәтіндегі ақпараттарды ретімен орналастырыңыз.

 

Мәтіндегі ақпараттар реті
1941 жылғы күзгі, қысқы кескілескен шайқастар кезінде өз батальонын 27 рет шабуылға бастап шықты.  
Оның қаламынан туған романы мен әңгіме, повестері қалың оқушының іздеп оқитын шығармаларына айналады.  
Н.Назарбаевтың жарлығымен оған «Халық қаһарманы» деген атақ берілді.  
Ұлы Отан соғысы басталысымен, 316 атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанады  

 

  1. 3. Кестедегі шындық/жалған ақпараттарын белгілеңіз.
Ақпараттар шындық жалған
Момышұлы Бауыржан – даңқты жауынгер, халық қаһарманы, көрнекті жазушы.    
1951 жылы атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанады.    
Оның атақ, даңқы, батырлығы А.Бектің «Волоколамск тас жолы» атты кітабында суреттелді.    
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың жарлығымен оған «Халық қаһарманы» деген атақ берілді.    

 

 

  1. Мәтінді оқып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

Қыз ұзату тойы

Той қонақсыз өтпейді. Қыз ұзату тойын бастамай тұрып, жан-жаққа тойға шақырушылар жібереді. Бұл тойды ауылдың өнерлі жастары қызықты қылып өткізген. Қыз, жігіттер болып бөлініп, екі жақ айтысқан. Түрлі ойындар ұйымдастырылған: балуандар күресі, ат бәйге, қыз қуу, көкпар, арқан тартыс. Кешқұрым ақ отау алдында жиналып, жат жерге кетіп бара жатқан бойжеткен құрбы-құрдастарымен қоштасып, «Жар-жар» жырын айтқан. Қыздың шешесі мен жеңгелері, бауырлары қимай қоштасады. Барған жерінде бақытты болуын айтып, әдепті келін болуын тілейді. Өздерінің игі тілектерін өлең шумақтарымен жеткізген.

(Т.Б.Әділжан «Зердеңізге тоқыңыз» кітабынан, Көкшетау 2011 жыл, 205-бет)

 

Сұрақ Жауап
Той кімдерсіз өтпейді?  
Тойда қандай ойындар ұйымдастырылған?  
Тойда қандай жыр айтылған?  
Игі тілектерін немен жеткізген?  

 

 

 

 

 

 

  1. «Ер бала ата-анаға таяу,

Қыз бала үйге жаққан бояу»  деген пікірмен келісесіз бе? Өз ойыңызды айтыңыз.

 

 

 

 

 

Бағалау критерийі № тапсырма Дескриптор Балл
Білім алушы
Мәтін мазмұны негізінде  тақырып қояды

 

1 Мәтін мазмұнына сәйкес тақырыбын жазады 1
Мәтін мазмұны негізінде ақпараттарды ретімен орналастырады 2 2,3,4,1 мәтіндегі ақпараттарды ретімен орналастырады 1
Мәтін мазмұны негізінде детальді ақпараттарды анықтайды 3 Кестеде « 3 шындық, 1 жалған»

ақпараттарды жазады;

үш шындықты анықтайды

бір жалғанды анықтайды

 

 

 

1

1

 

Тақырып бойынша өз пікірлерін дәлелдейді және сұрақтарға еркін жауап береді 4-5 Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап береді;

1-ші сұраққа жауап береді

2-ші сұраққа жауап береді

3-ші сұраққа жауап береді

4-ші сұраққа жауап береді

 

 

1

1

1

1

Ұсынылған тақырып бойынша өз пікірін дәлелдейді 1
Барлығы 9

 

 

«Тарихи тұлғалар тағылымы», «Қызым – жағадағы құндызым, ұлым – аспандағы жұлдызым» бөлімдері бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)

 

Білім алушының аты-жөні                                                                                                

 

Бағалау критерийі Оқу жетістігі деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Мәтін мазмұны негізінде детальді ақпараттарды анықтайды Мәтін мазмұны негізінде детальді ақпараттарды анықтауда қиналады Мәтін мазмұны негізінде детальді ақпараттарды анықтауда қателеседі Мәтін мазмұны негізінде детальді ақпараттарды дұрыс анықтайды
Тақырып бойынша өз пікірлерін дәлелдейді және сұрақтарға еркін жауап береді. Тақырып бойынша өз пікірлерін дәлелдеуде және сұрақтарға еркін жауап берерде қиналады Тақырып бойынша өз пікірлерін дәлелдеуде және сұрақтарға еркін жауап берерде қателеседі Тақырып бойынша өз пікірлерін орынды дәлелдейді және сұрақтарға нақты, еркін жауап береді