«ҚАЗАҚТЫҢ ЖЕТІ КЕРЕМЕТІНІҢ БІРІ –  КИЕЛІ  ДОМБЫРА» 

Маңғыстау облысы         Қарақия ауданы       Қашаған орта мектебі

 

 

Зерттеу жобасы
Тақырыбы:
«ҚАЗАҚТЫҢ ЖЕТІ КЕРЕМЕТІНІҢ БІРІ –  КИЕЛІ  ДОМБЫРА»

Бағыты: тарих-өлкетану секциясы

Зерттеу жобасын әзірлеген:
Нұркенұлы  Рауан
Маңғыстау облысы Қарақия ауданы
Қашаған орта мектебінің 3 «а» сынып оқушысы

Зерттеу жобасының жетекшісі:
Қанатова Ақмарал қазақ тілі мен әдебиеті
пәні мұғалімі

 

 

 

 

2018 жыл

 

  Жобаның мазмұны: 
1. Кіріспе:
1.1. Таңдауға негіздеме.
1.2. Жұмыстың мақсаты.
1.3. Міндеттері.
1.4. Жұмыстың кезеңдері.
1.5. Қажетті ресурстар.

2. Негізгі бөлім.

2.1. Қазақстанның жеті кереметі

2.3.Домбыра құрылымы

2.4.Домбыра туралы  қызықты 5 дерек

2.5.   1 шілде-Ұлттық домбыра күні

  1. Қорытынды.

    4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

    5. Қосымша.

 

 

 

 

 

 

 

Аннотация

«Қазақтың жеті кереметінің бірі – Киелі домбыра» деген тақырыпта

3 сынып оқушысы әзірлеген жобаның негізгі мақсаты – мәдени мұраларымызды аша отырып, Қазақстанның жаңа кереметі–   «Домбыраның»   пайда болу тарихына тоқталу.
Жобаның негізгі бөлімінде автор қазақтың жеті кереметін атап өтіп, шығу тарихымен қысқаша таныстырып өтеді. «Киелі домбыра» тақырыбына кеңінен тоқталып, мол мағлұмат береді.
Тақырыбы түрлі әдебиеттерде жазылып, ашылған дүние болса да, бастауыш сынып оқушысын қызықтыратын, дүниетанымын тереңдете түсетін және отансүйгіштікке баулитын жоба. Мақсат-міндеттерін іске асыру үшін көп ізденуді қажет етеді. Оқушы барлық материалдарды дұрыс пайдалана білген, практикалық бөлімінде «домбыра» макетін жасап, қызығушылық тудырады. Ізденіс нәтижесінде өзінің «Сыр сандық» арман-жобасын ұсынып, бала қиялын дамыта түседі.
«Қазақтың жеті кереметінің бірі – Киелі домбыра» тақырыбында презентация сәтті дайындалған. Пайдаланылған әдебиеттер мен ақпарат көздері тақырыпты ашуға сәйкес келеді. Патриоттық тәрбие беру үшін маңызы зор, барлық оқушыларға арналған жоба.

 

 

 

 

  1. Кіріспе 
    1.1. Жобаның тақырыбын таңдауға негіздеме:
    «Ойлау таңданудан басталады».            

                                                                                                       Аристотель
Мен,  Нұркенұлы Рауан таңданудан жалықпаймын. Таңдану арқылы түрлі ойлар пайда болады, сұрақтар туындайды. Қоршаған ортаны, әсем ғимараттарды,ұлттық аспаптарды  тамашалағанды ұнатамын. Балаға бәрі қызық болып көрінеді. Құпиясы көп, ерекше әдемі заттарды қызықтап, жасалуын, құпия-сырын білгім келіп тұрады. Кітаптардан, теледидардан көріп жүрген керемет ғажайыптарға таңдана отырып, сырын зерттеп, тереңірек білгім келді. Әлемнің әйгілі жеті кереметі бар екенін білдім және қазақтың да жеті кереметі туралы тереңірек зерттегім келді. Біздің елімізде де тамаша кереметтерге жататын дүниелеріміз бар. Тарих тереңінен бастап, қазіргі монументтерге дейін оқып таныстым. Менің өмір сүріп жатқан кезімдегі ең ғажайып музыкалық аспап – домбыра  туралы көп сырды ашып, білгім келді. Сондықтан «Қазақтың жеті кереметінің бірі – Киелі домбыра» деген тақырыпты таңдап, жоба әзірледім. Жобаның негізі – мәдени мұраларымызды аша отырып, жаңа кереметке тоқталу. Бұл еңбегімді орындауға анам, қазақ тілі пәні мұғалімі  Қанатова Ақмарал апай жетекшілік жасады.
1.2. Жұмысымның мақсаты:
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың “Мәдени мұра” бағдарламасында ұлттық құндылықтар мен этникалық ерекшеліктерді қолдау ерекше орын алғандығы белгілі. Олай болса, халқымыздың мәдени мұраларының біріне айналған “Домбыра” құпиясын зерттеп, сырына қанығу.

 

 

1.3. Жұмысымның міндеттері: 
1. Әлемнің жеті кереметі және қазақтың кереметтері туралы әдебиеттермен танысу.
1. Қазақтың жеті кереметі саналатын заттардың тарихын зерттеп, терең оқып-білу.
2. Домбыраның шығу тарихы құрылысы, ішкі және сыртқы көрінісі туралы мағлұмат жинау.
3. «Киелі домбыра»  макетін жасау және осы негізде өзімнің арман-жобамды құру.
1.4. Жұмыстың кезеңдері.
1. Әдебиеттермен және ақпаратпен жұмыс жасау.
2. Материалды өңдеу, дайындау.
3. Макет әзірлеу.
4. Жобаны қорғау.
5. «Қазақтың жеті кереметінің бірі – Киелі  домбыра» тақырыбына презентация дайындау.
1.5. Қажетті ресурстар:
1. Анықтамалық әдебиеттер, энциклопедиялар.
2. Ақпараттық-компьютерлік техника.
3. Интернет-ресурстар.
4. Макет жасау үшін материал.
5. Жобаны жинақтау папкасы.

 

 

 

 

  1. Негізгі бөлім. 

2.1. Қазақстанның жеті кереметі

Әрбір халық өз жерінде пайда болған адамзат мәдениетінің асыл да бағалы құндылықтарына жататын ескерткіштерді түгендеп, ардақтауы тиіс. Жоғарыда аталған кереметтерден еш кем түспейтін қазақ жерінің де жеті кереметі бар.  Олар: Таңбалы тас суреттері, домбыра, киіз үй, «Алтын адам», Маңғыстау жер асты мешіттері, Қожа Ахмет Иасауи кесенесі, Астана-Бәйтерек кешені. Енді осыларға қысқаша тоқталып өтсек.

Таңбалы тас суреттері – дәуірінен бастап орта ғасырға дейінгі аралықта қазақ жерін мекендеген қауымдардың барша таным-түсінігінен хабар беретін аса көрнекті археологиялық ескерткіш. Бұл адамзаттың  рухани мәдениетін, анық дүниетанымын білдіретін аса маңызды деректер жиынтығы саналады.

Алтын адам – әлемге әйгілі сақ тайпалары өмір сүрген кезең мен олардың әдет-ғұрыптары, мәдениетін көрсететін тарихи мұра. Есік қорғанынан табылған олжа бүгінде  әлемге  әйгілі. Алматыдағы Тәуелсіздік монументіне де негіз болып отыр. Осы күнге дейін сақталып келген Алтын адам да қазақтың жеті кереметіне енді.

Маңғыстау жер асты мешіттері – Оңтүстік Үстірттің Маңғыстау ойысына тірелген тұмсығының үзіліп қалған Оғыланды шоқысына қашалған тарихи-сәулет ескерткіші.

Қожа Ахмет Иасауи кесенесі – Түркістан қаласында орналасқан шығыс халықтарының тамаша сәулет өнері жұлдыздарының бірі. Жылда 100-150 мыңнан астам адам келіп тамашалайды.

Астана-Бәйтерек кешені – Есіл өзенінің жағасындағы Қазақстанның астанасы Астана қаласында орналасқан заманауи монумент.

Киіз үй – қазақ тарихындағы ең бірінші сәулеттік құрылыс

Домбыра – «нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра» бекер айтылмаса керек. Қазақ өнеріндегі асыл мұраларымыздың бірі және бірегейі.

2.2. Теориялық негіздеме: 

«Домбыра бар жерде қазақ халқының тілі, өнері, тарихы бірге жүреді. Домбыра аспабының философиясын ашуда аңыз — әңгімелердің желісіне сүйенуге болады.
«Ертеде бір хан қызының кедей жігітпен көңіл жарастырғанын сезіп қалады да жігітті дереу дарға астырады. Екі қабат болып қалған қыз мезгілі жетіп босанады. Оны аңдыған мыстан кемпір егіз баланы көз көрмес, құлақ естімес, алыс жерге апарып, жап — жасыл үлкен бәйтерек басына ұлды батысқа, қызды шығысқа қаратып іліп кетеді. Сәбилердің көз жасы тамған бәйтерек солады, жүрегі тоқтаған нәрестелермен бірге ағаш та қурайды. Қаңқу әңгіме халық арасында жата ма, оны естіген қыз егізін іздеп, жолға шығады. Жолдан шаршаған қыз бала ағаш түбіне келіп, демалады. Құлағына күмбірлеген сарын естіледі. Қайдан шығатын әуен екенін білгісі келіп ағаш үстіне шығып тыңдаса, жаңағы бәйтерек сынып кетеді. Ағаш, түбінен басына дейін іші қуыс екенін көреді. Екі басында бұтақтан – бұтаққа керіліп қалған ішектерді көреді. Екі ішек самал желмен тербеліп, одан әуен шығады екен. «Егіз құлынымнан қалған жұрнақ осы болар» деп сол ағаштан аспап жасап алады. Батысқа қараған ішегі бостау, шығысқа қараған ішегі қаттылау керілген екен.»

“Астыңғы ішек – жіңішке дауысты қызым Зарлық, ал үстіңгі ішек – бос қоңыр дауысты ұлым Мұңлық болсын” деп екі ішекке ат қойып, домбырасын тартып, күй шығарып кеткен екен” дейді аңыз – әңгіме туралы еңбегінде этнограф Өзбекәлі Жәнібеков.

 

 

 

 

2.3.Домбыра құрылымы
Домбыра аспабында да үш құрылым бар: бас, мойын, шанақ болып келеді. Шанақ жер қойнауына ұқсас. Ол өмірден өткен бабалар үні мен сөзінің қоймасы. Мойын арқылы белгілі бір сазға түседі. Бас ішек бұрауының сақшысы. Музыкалық әуендер мойыннан құралады, шанақтан шығады.
Домбыраның басы — Аспан,
Домбыраның мойны — Бәйтерек,
Домбыраның шанағы — Жер. Үш әлем домбыра бойында да бар екен. Демек
«біз ортада, жер бетінде тұрамыз» деуінде негіз бар. Домбыраның мойны арқылы әуендер шашылады. Бәйтеректің бұтақтары жайылып, өнімін шашады. Жер құнарын беріп тұрады. Шанақ әуенін шашып тұрады. Домбыраның басы ретінде қарап тұрады, аспан да өмір ретін қарап тұрады.
Үш әлемді байланыстырған «Бәйтерек», одан пайда болған «Домбыра», адам қажетіне жарап, байланысу арқылы тәрбие мен білім көзін ашуға ықпал еткен. Үш әлеммен байланысқан құдірет иесі — домбыра өнері ұлттық идеологияны дамыту үшін де керек. Ұлттық идеологияда домбыра әуенін ұстанбай, ұлттық құндылықтарды сақтап жалғастыру қиын болмақ.
Жерден өскен ағаш адамға пайдасын ( жеміс, жапырақ ) береді. Ал домбыра қоңыр әуен арқылы құлаққа еніп, ықпал етеді. Жерден өнген өнімдер адам қорегіне қажет болса, домбырадан шыққан күй – адамның рухани жан азығы. Демек, айналаны қоршап тұрған дыбыс екен, ал оны жағымды әуендерге айналдырып жеткізетін – домбыра аспабы. Егер, қоршаған айналаның дыбыстары түгел жойылатын болса, онда адамдардың өмір сүру қабілетіне нұқсан келген болар еді. Мысалы, қазіргі үлкен қалаларда құстардың табиғи сайрауының жоқтығы үлк1 шілдеде Қазақстан тұңғыш рет Ұлттық домбыра күнін атап өтеді Бір қарағанда қарапайым болып көрінетін осынау аспап бір сәт тыңдаушысының жүрегіне қуаныш ұялатып, дархан даланы еске салса, енді бір сәтте көзіңе жас үйіртіп, көкірегіңе мұң ұялататын әуен шығара алады. Әр қазақстандық қазақ домбырасының төңірегіндегі аңыз-әңгімелерді естімеуі мүмкін емес

 2.4.Домбыра туралы  қызықты 5 дерек

1.Домбыраның прототипінің тамыры көне замандарға кетеді. Алматы облысында билеп жүрген адамдардың тасқа қашалып салынған суреті және қазіргі домбыраға ұқсайтын аспаптың суреті табылған. Суреттер неолит дәуіріне жатады. Яғни, домбыраның 4 мыңжылдық тарихы бар!

2.. Белгілі ғалым әл-Фараби музыканың тек қана сауық үшін еместігін, сонымен қоса, музыканың бала жастан бастап, жанды тәрбиелеуге арналған құрал екендігін атап айтады. Әл-Фарабидің өзі де бірнеше аспапта ойнаған, солардың ішінде домбырада да ойнай алған.
3. Биыл белгілі қазақ және совет әншісі, музыкант Әміре Қашаубаев туралы фильм жарыққа шықты. Ол өз даусымен, табиғи дарынымен және де экзотикалық аспап – домбыраның үнімен Еуропаның талғампаз жұртшылығын баурап алды.
4. Қадыр Мырза-Әлидің «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» деген сөздері домбыраның қазақ халқы үшін маңыздылығын көрсетеді.
5. Домбыра Гиннестің рекордтар кітабына енген. Рекорд қоюға он мыңнан астам адам қатысқан. Олардың бәрі бірге «Кеңес» күйін орындаған. Бұл оқиғаның Қытайда орын алғанын айта кету керек. Қазақтың ұлттық мәдениеті мен салт-дәстүрі шетелде осылайша сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа таратылып келеді.  Бір қарағанда қарапайым болып көрінетін осынау аспап бір сәт тыңдаушысының жүрегіне қуаныш ұялатып, дархан даланы еске салса, енді бір сәтте көзіңе жас үйіртіп, көкірегіңе мұң ұялататын әуен шығара алады.

Әр қазақстандық қазақ домбырасының төңірегіндегі аңыз-әңгімелерді естімеуі мүмкін емес.

 

 

 

 

2.5.   1 шілде-Ұлттық домбыра күні
Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев елімізде жаңа мереке, яғни Ұлттық домбыра күні енгізілгенін жариялаған болатын.

2018 жылдың 1 шілде  кұні  Қазақстан тұңғыш рет Ұлттық домбыра күнін атап өттті

Ұлттық домбыра күнінің белгіленуі қазақ халқын ерекше қуантты. Менде менің отбасымда ерекше қуандық. Домбыра күнінің мерекеге айналуы — көнеден жеткен асыл қазынамызға, ұлттық мұрамызға берілген лайықты баға деп білемін

Ұлттық домбыра күнін тұңғыш рет лайықты түрде атап өту үшін елордадағы Астанадағы Қазақ елі монументі алдында  3 мың күйші бірнеше күйді бір уақытта орындағанын теледидардан қуана да қызыға да тамашаладым.

Қазақ халқының жан серігі, рухани азығы болып келген киелі домбыраны биыл бүкіл ел болып тойлады. Ұлттық кодымызды қайта жаңғыртуға бағытталған айтулы мерекенің әр қазақ баласына берері мол екені айтпаса да белгілі. Құрманғазы, Тәттәмбет, Дәулеткерей, Қазанғап, Дина, Сүгір сынды бабаларымыздан мирас болып қалған күй өнерін де жандандыруда да бұл күннің алар орны ерек болмақ.

Домбыра — көшпелі елдің көнекөз шежіресі, көпті көрген қарияның көкірек  күйі. Ол халықтың тарихи тағдырымен тамырлас. Тарихтың хатқа түспеген талай беттерін паш етіп, халқымыздың тарихнамасына айналады.

Қазақ жерінен жеті ғана емес, жетпіс керемет табылатына сенемін.

Тек оны кейінгі ұрпаққа жеткізу, жастар, біздің еншімізде.

 

 

 

  1. Практикалық бөлім 
    Домбыраға қатысты кез келген ақпаратты жинадым. Кітаптарды оқып, теледидардан сан рет тамашаладым. Қолына қалам-қарындаш ала бастағаннан-ақ домбыра суретін салмаған бала жоқ шығар.

Оқушылар суретін салады, ермексаздан немесе сымнан макетін жасап шығарады. Мен де өлең айтуды, өзім  домбыра тартып үйренуді  алдыма мақсат етіп қойдым. Жетекшілерімнің көмегімен «Домбыраның» макетін жасап шығардық.

Бұл менің бала қиялымдағы кішкентай  домбыра  болып шықты.

Осы жұмыс кезінде мен өзімнің шағын ауылымда да бір ғажайып керемет болса деп армандадым. Сол үшін «Сыр сандық» деген қиял-жобамды ойға алдым, макетін жасап көрдім.
Жеті жетекші
Адамның басшысы – ақыл,
Жетекшісі – талап,
Жолаушысы – ой,
Жолдасы – кәсіп,
Қорғаны – сабыр,
Қорғаушысы – мінез,
Сынаушысы – халық.
Басқа балалар сияқты менің де армандарым көп. Бүгін мен Сіздерге өзімнің арман – жобамды ұсынамын.
Мен киелі, де қасиетті Маңғыстау облысы Қарақия ауданының Сенек  ауылында тудым. Мен әліде сол ауылда тұрамын.

Ата-анаммен қалаға келгенде көрмеген нәрселерімді көріп таң қалатынмын. Сол кезде біздің ауылда да балалар демалатын орындар болса ғой деп армандайтынмын.

Қазір де «Бәйтерек» сияқты алып ғимарат болмаса да, мектеп қасында ауыл балалары демалатын, қызықтайтын пішіні сандыққа ұқсас ғимарат болса деп армандаймын. Себебі, қалаға балаларын апаруға барлық ата-аналардың мүмкіндігі бола бермейді. Кейде уақыт та болмайды.
Пішіні сандық сияқты дейтінім: сандыққа әжелер неше түрліні салып қояды ғой. Бұл ғимарат ішінде де балалар таң қалатын нәрселер болса. Ғимарат екі қабаттан тұратын болса. Оның ішінде бірінші қабатта ойын бөлмесі, күлкі бөлмесі, демалатын орын, оның жанында субұрқақ (фонтан) тұрса, асхана, спорт залы болса. Екінші қабатта қорқыныш бөлмесі, 3D көретін бөлме, караокемен ән айтатын бөлме орналасса. Мектеп жанында осындай ғимарат болса, ол ақылы болса да ауыл балалары оған күнде келер еді.
Қария мен жас жігіт арасындағы әңгіме.
— Арман деген не? – депті қария.
— Ата, арман дегеніміз ақыл-ойдың шындығы. Құс – ұшсам дейді, бала – өссем дейді, қыз – көрікті болсам дейді, жігіт – бақытты болсам дейді, қарт – жүзге жетсем дейді, ұстаз – шәкіртіне үлгі болсам дейді.
— Арманына адаспаған жетеді, адасқан арманына жете алмайды. Арманына ақылды жетеді, ақымақ бұл өмірден түңіліп өтеді, – депті қарт.
Менің армандарым өте көп. Соның бірі – ауылымызда осындай  болса деген арман.

 

 

 

 

 

 

  1. Қорытынды.
    Жоғарыда айтылғандардан мынандай қорытынды жасауға болады:
    1. Мен өзімнің зерттеу жұмысымда еліміздің ғажайып заттарының, асыл мұралардың тарихымен таныстым.
    2. Отанға деген сүйіспеншілік, ұлттық патриоттық тәрбие алдым.
    3. Ақпарат жинақтап, қажеттісін пайдалануды үйрендім, өз бойымдағы шығармашылық белсенділікті, қиялдау және әсемдікті қабылдау қасиеттерімді дамыттым.
    4. Мен сияқты оқушыларды таңдандырып жүрген талай сұрақтарға жауап табуға болатынын түсіндім және өзім білгенімді мектепте бірге оқитын басқа балаларға жеткіздім.
    5. «Сыр сандық» атты өзімнің арман – жобамды жасадым.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

    1. «Әлемнің ұлы кереметтері», Энциклопедия, Рассел Эш
    2. Н.Ә.Назарбаев «Еуразия жүрегінде».
    3. «Ежелгі Қазақстан», Энциклопедия, Т. Жұмаханов және т.б.
    4. “Зерек”, Алматы, “Өнер” баспасы, 1991 ж.
    5. Халық мұрасы, Сәбит Мұқанов, Алматы «Жазушы», 2005
    5. Интернет беттерінен ақпараттар, суреттер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                              Жетекші маман рецензиясы: 

3 «а» сынып оқушысы Нұркенұлы Рауан таңдаған «Қазақтың жеті кереметінің бірі – Киелі домбыра» тақырыбы кез келген баланы қызықтыратын өзекті тақырып.
Жобаның мақсаты: «Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың “Мәдени мұра” бағдарламасында ұлттық құндылықтар мен этникалық ерекшеліктерді қолдау ерекше орын алғандығы белгілі. Олай болса, халқымыздың мәдени мұраларының біріне айналған “Домбыра” құпиясын зерттеп, сырына қанығу». Қойылған мақсат-міндеттерінің ерекшелігі, оқушының оқулықта берілетін ықшамдалған материалды одан әрі оқып-білуге қызғушылығы мен ізденушілік қабілеті болып табылады.
Оқушы ең алдымен жобаның теориялық негізін түсіну үшін қазақтың жеті кереметін анықтап алып, олардың тарихын оқып, суреттерін тауып танысты. Бұл жобаның тақырыбы тарих саласымен және қоршаған дүниені тану саласымен тығыз байланысты болғандықтан оқушының ой-өрісін кеңейтіп, дүниетанымын дамытуға тигізер пайдасы зор.
Жобаның практикалық бөлімінде мұғалімнің кеңесімен жұмыстың мазмұнын түсініп, өздігінен ізденуге ұмтылды. Қорғау кезінде материалды жеңіл меңгергенін көрсетті, мәнін түсінікті жеткізе білді.
Жобаның тиімділігі — баланы туған өлке тарихын құрметтеуге, әсемдікті бағалауға, заманға сай жаңашылдыққа баулиды. Рауан   осы жоба бойынша жұмыс істеу барысында өз арман-тілектерін білдіріп, бала қиялын ашып көрсете бастады. Әр түрлі ұлттық аспаптарға қызығып, домбырамен ән айтуды алдына мақсат етіп қойды.
Баланың заманауи білім алған, жан-жақты дамыған тұлға болып өсуі үшін тигізер әсері көп, мазмұны терең, ашылар құпиясы мол, шығармашылық дағдысын дамытатын аса тиімді жоба деп санаймын.

Жоба жетекшісі:

Қашаған орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Қанатова Ақмарал Баймурзақызы

 

 

 

 

 

                             Сынып  жетекшісінің пікірі: 
Нұркенұлы  Рауан – алға қойған мақсатына үлкен еңбекпен, шығармашылықпен жете білетін ерекше талантты оқушы. «Домбыра» тақырыбын қорғауға оқушы өзі талпыныс білдірді. Оның мақсаты: «Мәдени мұра» бағдарламасына сәйкес халқымыздың мәдени мұраларының біріне айналған «домбыра» құпиясын зерттеп, сырына қанығу. Жоба барысында оқушы домбыра  жайында қысқаша мәлімет беріп, оның құрылымы және оның ерекшелігі туралы терең мағлұмат жинады.  Қазақстандағы  жеті кереметтің бірі екенін атап көрсетіп, оны өзге мемлекеттердің кереметтерімен салыстыра отырып, оның қазақ тарихынан ойып орын алатындығын дәлелдеді.
Рауан жобаны өзінің шеберлігімен жасаған  Домбыраның  тіпті гүлдендіріп жіберді. Макетте домбыра  нобайы өте тамаша көрсетілген.
Жобаны қорғау барысында, ол өзінің «Сыр сандық» атты арман жобасын ұсынды. Аталған жобада оқушы өз қолымен жасалған «Сыр сандықтың»  оның құрылымымен таныстырды. Оқушы арманы бойынша «Сыр сандық» — тек балаларға арналған ойын-сауық орталығы болмақ.
«Қазақтың жеті кереметінің бірі – Киелі домбыра » тақырыбындағы жобасын   Нұркенұлы  Рауан  жоғары деңгейде қорғайды деген пікірдемін.

 

Сынып жетекшісі —  Матикова  Роза