Әсемдікке ұмтылайық

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

 

Мектеп:

Тақырып    Әсемдікке ұмтылайық

Құндылық  сүйіспеншілік   Қасиеттер шынайылылық,риясыз қызмет,кешірімшіл.

Мұғалiм

 

Сабақ мақсаты: адамның сыртқы тұлғасы мен ішкі жан-дүниесінің үндестігі,сезім мен ой тазалығы, сүйіспеншіліктің мәні туралы  түсінік беру.

Міндеттері:

-адамдардың бір-біріне деген риясыз, мейірім-шапағатының мән-мағынасын түсіндіру ;

— оқушыларды ізгі істерге жетелейтін шынайы адамгершілік қасиеттерін ашуға ықпал ету;

— оқушыларды рухани-адамгершілік қағидаларды дұрыс қолдана білуге,өмірді бағалай білуге,кешірімшіл болуға тәрбиелеу

 

Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)
Сабақ барысы:

1.     Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.(баяу әуен)

2.     Үй тапсырмасын тексеру.

М.Жұмабаев «Сұлулық сезімдері»

-Табиғат сұлулығы неде?

-Адамның көру,есту сезімдерін тудыратын сұлулық дегенді қалай түсінесіңдер?

-Адамға сұлулық қаншалықты қажет?

Сабақ барысын талқылау:
3.     Дәйек сөз.

Сырты сұлуға көз қызығады,іші сұлуға жүрек қызығады.

Ғ.Мұстафин

 
4.     Әңгiмелеу (сұхбат).

Аңыз әңгіме: Сүйіспеншілік пен Өмір

Баяғы өткен заманда бір аралда түрлі сезімдер өмір сүріпті. Олар:Бақыт, Мұң және Сүйіспеншілік. Бір күні  аралды су басатын болып, олар кемеге отыруға әзірленіпті. Барлығы кемемен кетіп, аралда тек сүйіспеншілік қана қалыпты. Сүйіспеншілік мәңгі қалғысы келеді. Бірақ, аралды су түгел басқан шақта Сүйіспеншілік Байлықты көмекке шақырады. Сүйіспеншілік одан кемесіне отырғызуын өтінді.Байлық әдемі кемемен келіп:-Менің кемемде ақша мен алтындарым көп,саған орын жоқ,сені ала алмаймын ,-деді

Сүйіспеншілік енді Тәкаппардан көмек сұрады.Тәкаппар әдемі кемесімен өтіп бара жатып: -Сүйіспеншілік, мен саған көмектесе алмаймын.Сенің үстің малмандай су, кемемді бүлдіресің,- дейді.

сүйіспеншілік Мұңнан көмек сұрайды.Мұң айтады:

— Ooо…Сүйіспеншілік, менің мұңым жетерлік, жалғыздықты қалаймын,-дейді.

Сүйіспеншілік арал жанынан Бақыттың өтіп  бара жатқанын көрді. Бақыттың  бақытты болғаны сонша ,Сүйіспеншілікті естімеді.

Бір кезде бір дауыс естілді: «Сүйіспеншілік,кел,мен сені бірге алып кетемін»-деді.Мұны айтқан қария еді.Сүйіспеншілік өзін қуанышты сезінгені сонша,қарияның атын сұрауға да ұмытып кетті.  Олар жерге жеткен соң,қария кетіп қалды. Сүйіспеншілік Білімнен оған көмектескен адамның кім екенін сұрады.Сонда Білім: Ол-Уақыт,-деді.

— Уақыт? – деді Сүйіспеншілік, — Онда маған Уақыт неге көмектеспеді?-деді.

Білім күліп,ақылмен жауап берді: -Тек Уақыт қана Сүйіспеншіліктің Өмірге аса қажет екенін біледі-деді.

— Сүйіспеншілік Өмірге неге аса қажет деп ойлайсыңдар?

— Байлық, Тәкаппар, Бақыт Сүйіспеншілікке қалай көмектесті? Сүйіспеншілік құндылығы неде?

-Адамға өзара сүйіспеншілік қаншалықты қажет?

-Адамда өзімшіл сүйіспеншілік сезімі болмаса, не болар еді?

— Риясыз сүйіспеншілік адамға қандай артықшылық береді?  Өмір мен сүйіспеншілік бір бүтін екен. Адам сұлулыққа сүйсіну арқылы ізгіліктің, әдеміліктің көркем галереясын жасайды.

 

 
5.     Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Үш топқа берілген мәтінді талдай отырып, риясыз сүйіспеншілік түріне айналдырыңыз.

І топ-өзімшіл сүйіспеншілік,ІІ топ-өзара сүйіспеншілік,ІІІ топ-өзімшіл және өзара сүйіспеншілік.

Жер бетіндегі әдемілік —  адам баласының тіршілігінің мәні мен мағынасы.Ал мән-мағынасы- риясыз Сүйіспеншілік.

 

 

 
6.     Топпен ән айту.

«Әдемі» Сөзі А.Шаяхметовтікі

Әні Ғ.Наурызбаевтікі

 

 
7.     Үй тапсырмасы. «Тістелген алма» (ел аузынан) 37 бет

 

 
8.     Соңғы тыныштық сәтi.Көзімізді жұмып,баяу әуен толқынымен сұлулық мен сүйіспеншілікті үйлестіре отырып,жүрегімізден өткізейік.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша

Дәйек сөз. Сұлулық – адам жанын марқайтатын, көзін қуантатын, тамсантатын, тәнті ететін, сүйіндіретін көрініс, қимыл-әрекет, пішін немесе ой-қиялдың жемісі.

Адам анадан сырт бейнесі, пішіні сұлу болып туылуы мүмкін, ал ішкі жан сұлулығы өзінің мінез-құлқы, қылығы, ісі. Басқа адамдарға деген байланысы арқылы қалыптасады. Әдетте, біз қыздың немесе жігіттің сұлулығы, көркемдігі жайында айтқанда оның бойының сымбаттылығына, үнінің назды, әуезділігіне, шырайының таза, балғын, қалың шашының толқындай төгілгендігіне қарап баға береміз. Бұл – адамның сыртқы сұлулығы. Ал, адамдағы басты сұлулық – ішкі жан дүниесі, мінезі, қалыптасқан әдептілігі.

Адам сұлулыққа сүйсіну арқылы ізгіліктің, әдеміліктің, көркем галереясын жасайды. Жер бетіндегі әдемілік жойылса, адам баласындағы тіршіліктің мәні мен мағынасы да қалмас еді.Ал мән-мағынасы- риясыз Махаббат.

Махаббат – бұл …

Махаббат дегеніміз – шын жүректен жақсы көру сезімі. Махаббат – бақыт, шаттық, қуаныш, сүйіспеншілік, елігу, жақсы көру, құштарлық, сезім, түсінісу, өзара сыйластық, ізгілік, адамгершілік, жаны ашу, қайырымдылық, нәзіктік, шыдамдылық, төзімділік,сұлулық және т.б. түсініктерге тән адамның барлық сезімдері мен іс-әрекеттерін, қасиеттері мен сапаларын қамтиды.

Ол үш түрге бөлінеді: риясыз, өзара, өзімшіл

Аңыз әңгіме.  Баяғы өткен заманда бір аралда түрлі сезімдер өмір сүріпті.Олар:Бақыт,Мұң және  Махаббат болыпты.Бір күні олар аралды су басатын болып, кемеге отыруға әзірленіпті. Барлығы кемемен кетіп,тек аралда махаббат қана қалыпты. Махаббат мәңгі қалғысы келді.Бірақ,аралды су түгел басқан шақта Махаббат Байлықты көмекке шақырады. Махаббат одан кемесіне отырғызуын өтінді.Байлық әдемі кемемен келіп:-Менің кемемде ақша мен алтындарым көп,саған орын жоқ,сені ала алмаймын ,-деді

Махаббат енді Тәкаппардан көмек сұрады.Тәкаппар әдемі кемесімен өтіп бара жатып: -Махаббат,мен саған көмектесе алмаймын.Сенің үстің малмандай су, кемемді бүлдіресің,- дейді.

Махаббат Мұңнан көмек сұрайды.Мұң айтады:

— Ooо… Махаббат, менің мұңым жетерлік,жалғыздықты қалаймын,-дейді.

Махаббат арал жанынан Бақыттың өтіп  бара жатқанын көрді. Бақыттың  бақытты болғаны сонша ,Махаббатты естімеді.

Бір кезде бір дауыс естілді: «Махаббат,кел,мен сені бірге алып кетемін»-деді.Мұны айтқан қария еді.Махаббат өзін қуанышты сезінгені сонша,қарияның атын сұрауға да ұмытып кетті.  Олар жерге жеткен соң,қария кетіп қалды. Махаббат Білімнен оған көмектескен адамның кім екенін сұрады.Сонда Білім: Ол-Уақыт,-деді.

— Уақыт? — деді Махаббат, — Онда маған Уақыт неге көмектеспеді?-деді.

Білім күліп,ақылмен жауап берді: -Тек Уақыт қана Махаббаттың Өмірге аса қажет екенін біледі-деді.

Тұжырым:Міне,сонда өмір мен махаббат бір бүтін екен.