Құстардың туған жерге қайта оралуы.

3 сынып

Пән: Дүниетану
Сабақтың тақырыбы:
Құстардың туған жерге қайта оралуы.
Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Құстардың түрлері жайлы түсінік беру, қанатты жануарлар — құстардың табиғаттағы тіршілігі, соның ішінде жыл құстарының көктемде туған жерге оралуы, құстардың пайдасы, құстарға қалай қамқорлық жасау керектігін меңгерту.
2. Дамытушылық: Оқушылардың тілін, ой — қиялын ұштау, дүниетанымын қалыптастыру, құстар әлеміне деген қызығушылығын арттыру. Жаңа технологияның әдістерімен жұмыс істей білуге білімдерін арттыру.
3. Тәрбиелік: Табиғаттың жаршысы — құстарды қорғауға, аялауға, қамқоршы болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интербелсенді тақта, слайд, құстардың суреттері. Құстардың мамығы, ұлкен ағаш, ұя, жемсалғыш, желім, парақ, оқулық т. б.
Түрі: Жаңа білімді игерту.
Әдісі: Сұрақ — жауап, ойын түрлері, мәнерлеп оқыту, сипаттау, салыстыру, топтастыру. (СТО), ақпараттық технология.
Типі: Жаңа сабақ.
Пәндік байланыс:
Ана тілі, табиғат және адам, музыка.
Сабақтың жүру барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Психологиялық дайындық.

Жер байлығы көп екен,                                                                                                 Меңгеруді қалайды.                                                                                                     Осының бәрін білдірген,                                                                                           Дүниетану сабағы.

1.Топқа бөлу.
Біз үш топқа жұмбақ жасырамыз, слайдқа қарап жұмбақтарды шешеді, қай топ бірінші шешеді, сол топқа жұмбақтың шешіміндегі құстың аты беріледі, солай жалғаса береді.
Әр топқа тапқан жұмбақтарының жауабына байланысты құстарының суреті мен аты жазылған кесте беремін.
3 — топтың аттары
1 — Қарлығаш
2 — Аққу
3 — Бұлбұл
Осы суреттегі құс жайлы не білесіңдер екі сөзбен айтып кетіңдерші.
Қарлығаш — қанаттары үшкір әрі ұзын, құйрықтары екі айыр. Олардың үлкендігі торғайдай және адам мекеніне жақын жүреді.
Қазақ халқы ертеден аң — құстарды киелі санаған. Сұлуды – аққуға теңеген.
Аққу махаббатпен мейірімділіктің құсы.
Бұлбұл — салмағы жағынан 20 — 25 грамм ғана болғанымен, дауысты әншіні құс.
Әншілерді бұлбұлға теңеген.
2.Үй жұмысын тексеру. Өткен сабақта Жануарлардың күзгі тіршілігімен таныстық.Енді сол бойынша суреттерге қарай отырып,мына жануарлар туралы әнгімелеп беріңдерші.(слайдта суреттері шығып тұрады) — Кірпіні көрдің бе? Ол туралы не білесің? — Борсық жайлы не айтасың? — Аю қандай аң? — Саршұнақ пен аламанды салыстырып әңгімеле. — Тиін туралы не білдің? — Түлкі мен қоян неліктен түлейді?Оларды салыстыр. Электронды оқулық «Хайуанаттар паркі» сөздік жұмысын жүргізу мақсатында тест алынады.

3.Қызығушылықты ояту. Интерактивті тақтада түрлі құстардың дыбыстарын шығару.                                                                                                                                     — Оқушылар көзімізді жұмайық та,құлағымызбен тыңдайық. Көз алдарыңа нелер елестеді? Қандай көңіл-күйде отырсыңдар? Олай болса көзімізді ашайық та ойларыңды әңгімелеп беріңдер.

— Бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз нелер жайлы екенін білу үшін сұрақтарға жауап берейік
— Қазір жылдың қай мезгілі? ( Көктем ).
— Көктемде не жылиды? ( Көктемде күн жылиды).
— Көктемде не ериді? ( Көктемде қар ериді).
— Көктемде не бүршік жарады? ( Көктемде ағаш бүршік жарады).
— Көктемде нелер ұшып келеді? ( Көктемде құстар ұшып келеді).

ІІІ. Жаңа сабақты ашу.
Құстардың суреттері берілген, астында аттары жазылған.Осы құстардың атындағы әріптерді пайдаланып сөз құрастыру.

Қыран    ұзақ   тоқылдақ   үкі   тырна   пингвин

— Қандай сөз шықты?

— Қызыл кітап

— Бұл кітаптың аты “Сирек кездесетін әрі жойылып кету қаупі бар өсімдіктер мен жануарлар кітабы”- Қазақстан Республикасының ”Қызыл кітабы”. Оның мұқабасының түсі қызыл.Қызыл түс қауіп-қатердің белгісі сияқты.Бұл кітап өсімдіктер мен жануарлардың көптеген түрлерінің жер бетінен жоғалып, құрып кету қаупі төнгенін ескертеді.

Қазақстанда құстың 490 түрі бар.Қызыл кітапқа құстың 49 түрі қорғау үшін енгізілген.Сондай құстардың бірнешеуін айта кетейін.Олар: аққу, тырна, қыран, дуадақ, бірқазан, бүркіт.

Қазақстанда құстардың 480 түрі бар. Құстардың жылы жаққа кетуінің себебі қорегінің азаюы. Күн салқындап, құрт — құмырсқа тығылып қалады. Сондықтан құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Көктемде қайта оралу себебі — ол жақ ыстық болғандықтан жұмыртқалары шіріп кетеді. Ұрпақ өрбіте алмайды. Сондықтан құстар көктемде қайта өздерінің туған жерлеріне оралады екен. Ендеше сол қанатты достарымызға қарсы алайық.
— Бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы: «Құстардың туған жерге оралуы»
— Балалар құстарды қалай қарсы аламыз?
— Ағаш отырғызып, ұя салып қарсы аламыз. (оқушылар ағаш отырғызады, жасалған ұяны ағашқа апарып іледі)
— Жақсы ондай болса, біз құстарды қарсы алуға дайынбыз ба?
— Иә
«Жұлдызыңды жақ» ойынын ойнайық.Тапсырмасы жұмбақтар шешу.Кім жұмбақты шешсе, сол оқушы өзінің жұлдызын жағады.

1-жұлдыз. Құйқылжытып дала күйін, Үй ішіне салады үйін. Жауабы:қарлығаш.

2-жұлдыз. Өзге ұяға із тастап, Өз атын өзі айтады. Сөйтіп күнді батырады. Жауабы:көкек.

3-жұлдыз. Сұлулықтың не екенін, Оларға қарап анықтар. Өзге құс оған жетпейді Құс патшасы саналар, Жауабы:аққу

4-жұлдыз.Биікке салған ағаш үй, Сол ғой оның мекені. Жаздай сайран салып ап, Қыста алыс кетеді. Жауабы: қараторғай

5-жұлдыз.Түрі көмірге ұқсайды, Адамға жақын ұшпайды. Жауабы:қарға

6-жұлдыз.Құс көрдім тырна сияқты, Сидиған ұзын сирақты. Шалшықтан бақа ұстауға, Қимылы ерен ширақты. Жауабы:ләйлек

Жұмбақтар шешуін тапқан сайын сол құстардың суреттері шығып тұрады.Сол құстар жайлы мағлұмат беріп отырамын.

Қарлығаш-ол кеш келіп,ерте қайтып кетеді.Себебі,ол шыбын-шіркеймен қоректенеді.Оларды ұшып келе жатып қағып жейді.Ал шыбын-шіркей қар ерісімен шыға қоймайды.Адамға үйірсек,сүйкімді.Өзге құстарға ұқсамайтын құлаққа жағымды үні бар.Ол бір жазда 1 миллион құрт жейді екен

Көкек – өз атын өзі шақыратын,өте тамақсау құс.Өзі балапан басып шығармай,жұмыртқасын басқа бір құстың ұясына туып кетеді.Одан шыққан «өгей» балапан қалғандарын ұядан итеріп құлатып жібереді.

Аққу –мойны ұзын, қардан аппақ құс.Ол 30-40 жыл жасайды.Аққу 3-4 жасқа дейін сұр боп өседі,кейін түлеп нағыз аққуға айналады.Ол 3-4 жұмыртқа басады,38-40 күнде өргізеді.Олар өте тату.Адамдар аққуды ешқашан атпаған. Бір ерекшелігі жұптарын өлгенше жазбайды.Мемлекеттік қорғауға алынған.

Қараторғай – өте кішкентай,өте пайдалы құс.Орман қорғаушысы.Наурызбен бірге қараторғай келеді.Олар келісімен күн ашылып,жылынады.Жаз бойы 4 миллион құрт жейді.

Қарға – олар негізінен қыстап қалады.Оның бір қасиеті-жұт болсын,өрт болсын,аштық –аласапыран болсын туған жерін тастап кетпейді екен.Тек оның ішінде ақ тұмсықты қарға ғана жылы жаққа ұшып кетеді.

Ләйлек – ақ ләйлектің адамға қашаннан бері бауыр басқанын ешкім анық айта алмайды. Адамдар олардың келуін өздеріне жақсылық әкеледі деп есептейтін болған. Алайда адамдарға жақын үйдің шатырына ұя салатын бұл құс қазіргі уақытта өте сиреп кеткен. Олар мемлекеттік қорғауға алынған.

Сергіту сәті:
Үлкен шаңырақ құрайық,
Қазша қанат жазайық.
Аққу мойынымызды созайық.

Құстарша жерге қонайық

Оқулықпен жұмыс — «Құстар туған жерге қайта оралу»- тақырыбын оқыту, әңгімелеу.
Есіңде сақта: Құс ұясын, балапандарды мысықтан және тентек балалардан қорға!

ІV.Ой толғаныс Жаңа сабақты пысықтау:

Қандай жыл құстарын білеміз? Құстар немен қоректенеді? Біздің ауылда осы құстар кездеседі ме? Күзде құстар неге жылы жаққа ұшып кетеді деп ойлайсыңдар? Көктемде жыл құстары қайтып оралады?Себебін айт. Құстар табиғатқа қандай пайда келтіреді?
Дәптермен жұмыс жүргізу үшін «Артығын тап» ойынын ұйымдастыру. Әртүрлі суреттер арқылы берілген тапсырма. 1-сурет. 2-сурет. 3-сурет. 4-сурет. Жылқы Жапалақ Көгершін Шағала Қой Қарлығаш Тоты Шыбын Шағала Бүркіт Тырна Қарға Түйе Аққу Шағала Шегіртке

Практикалық жұмыс арқылы оқушылардың шығармашылығын арттыру.

І топта – бейнелеу сабағы.Құстың суретін салу 4 кезеңнен тұрады. 1-кезең 2-кезең 3-кезең 4-кезең ІІ топта – еңбек сабағы.Геометриялық фигурадан балапан құрастыру. ІІІ топта – әліппе сабағы.Құстар туралы қандай өлеңдер, тақпақтар мен жұмбақтар білесіңдер?

Ойын. «Жалғастыр».

Не істеу керек? Не істеуге болмайды?

  1. Құстарға жем шашу керек. 1. Ұясын бұзуға болмайды.
  2. Ұя жасау керек. 2. Жұмыртқасын жаруға болмайды.
  3. Қамқор болу керек. 3. Зәбір көрсетуге болмайды.

— Топпен жұмыс:
1. Көп құстардың аттары жазылған қағазшалардың ішінен Қызыл кітапқа енген құстардың аттары тауып, таратылған үлкен парақтағы қызыл кітаптың суретінің жан жағына жапсырады.
2. Көп құстардың аттары жазылған жапырақшалардың ішінен жыл құстарының аттары тауып, таратылған үлкен параққа салынған ағаш суретіне жапсырады.
3. Көк бұлт тәрізді, көп жазбалардың ішінен көгершіннің қандай құс екенін тауып үлкен параққа салынған көгершіннің суретінің жан жағына жапсырады.
Қорытынды:
Құстар туралы не білдік?
— Құстар біздің досымыз.
— Құстар дән жейді.
— Құстар ұшады.
— Құстар пайдалы.
Сабақ ұнады ма? Несімен?
Үйге тапсырма: «Құстардың туған жерге оралуы» тақырыпты оқу, мазмұндау.
Бағалау: Оқушылар бір бірін қол соғып бағалайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

.

Әдісі: ой шабуылы,жұппен жұмыс,тестпен жұмыс, «Жұлдызыңды жақ,Ұшты- ұшты, Артығын тап» ойыны. Пәнаралық байланыс:әліппе,математика,еңбек,бейнелеу,ән.

Көрнекілігі:интерактивті тақта,электронды оқулық «Хайуанаттар паркі», «Құстар әлемінде»- слайд. Сабақ барысы. І.Ұйымдастыру. Ой шабуылы. — Балалар,қазір жылдың қай мезгілі? — Күз.

ІV.Мағынаны тану. Балалар, біз бүгінгі сабағымызда құстардың күзгі тіршілігімен танысамыз. Қазақстанда құстардың 480 түрі бар.Жұмбақ шешу арқылы құстардың кейбір түрлерімен танысамыз.

Оқулықпен жұмыс Оқулықтағы мәтінді мәнерлеп оқып беру.Мазмұнына тоқталу. Күзде құстардың жемісі азаяды.Көптеген құстар жылы жаққа ұшып кетеді.Ұшар алдында олар топталып,азық іздеп қоректеніп,күш жинайды.Оларды үркітіп,егістіктен қуалама.Олар ұзақ жолға шыдау үшін күш жинап жүр. Жыл құстары – күн суыта бастағанда жылы жаққа ұшып кететін құстар. Олардың жылы жаққа кетунің себебі – жемінің азайуы.Күн салқындап,құрт-құмырсқа тығылып қалады.Сол кезде құстар топтала ұшып,лек-легімен жылы жаққа кете бастайды.Ал көктемде қайта келу себебі,ол жақ ыстық болғандықтан жұмыртқалары шіріп,ұрпақ өрбіте алмайды.

Сергіту сәті. Құстарға біз ұқсайық, Қане,қанат жазайық. Ұшып-ұшып алайық. Орнымызға қонайық.

Себебі:Шағала-құс. Аққу суда жүзеді Тотының түсі түрлі-түсті. Қарға Қ әрпінен басталған. Артығын тауып,олардың аттарын дәптерге жазу.Шағала,аққу,тоты,қарға.